Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған мамандарды даярлау қажеттілігі жиі-жиі байқалуда. Мемлекеттің осызаманғы кезеңіне өнегелі, рухани бай және өнерпаз адамдар қажет. Жоғары оқу орнының түлегіне сәйкесінше мамандықты алудан басқа кәсіби жоғары дәрежеге және жеке тұлға мәдениетіне ие, еліміздің өзгеруі үдерісіне іс жүзінде қатысуға белсенділік танытатын кадрларды талап етуде туындайтын қосымша талаптар қойылады. Жастар ісі жөніндегі комитет бүл - студенттер ортасында өзін-өзі басқаруды танытудың мейлінше қызықты түрі болып табылады.
Студенттердің өзін-өзі басқару органы ретіндегі жастар ісі жөніндегі комитеттің қызмет тәжірибесі айтарлықтай елеулі. Отбасы мен мектеп жас адамның жеке түлға ерекшелігінің негізін қалайды және оның болашақтағы іс- әрекетінің стереотиптерін қалыптастырады. Студенттер дегеніміз - бұл ықпал жасауға қабілетті және перспективаға бағытталатын жастардың мейлінше белсенді бір бөлігі.
Заманауи жағдайларда әкімшілік пен студенттер қауымының қызметтестігі жоғары білім беру жүйесіндегі басқарудың демократиялық нысаны дамуының маңызды факторы болып табылады.
Аталған қызметтестік аясында жастар ісі комитетінің мына түрлері де іске асырылады;
- факультетті басқарудың барлық деңгейінде студенттердің мүддесін білдіру;
- студенттердің мүддесін әлеуметтік-құқықтық қорғауды жүзеге асыру;
- студенттердің проблемасын талдау, перспективаларды және оларды шешу жолдарын айқындау;
- мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
- студенттерді ақпаратпен қамтамасыз ету, факультеттің жастар ісі жөніндегі комитетінің жүмысы жөнінде студенттерді хабардар ету;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- оқу үдерісін жетілдіруге, ғылыми-зерттеу және тәрбие жүмысын ұйымдастыруға және қолдауға бағытталған студенттердің шығармашылық бастамасын тудыру;
- факультеттің жастар ісі жөніндегі комитетінің ҚР өзге ЖОО-ның және шетелдің осындай құрылымдарымен байланысын ұлғайту.
Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен
Проблемалары мәнмәтінінде студенттердің өзін-өзі басқару органы 51
ретіндегі жастар ісі жөніндегі комитеті
толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс» деп атап өткен болатын.
Студенттер қауымы қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын алып отыр. Студент жастар тұлғалық-кәсіби өзін-өзі танытуға ұмтылудың жоғары дәрежесімен, шығармашылық потенциалымен, республиканың әлеуметтік өзгеруіне іс жүзінде қатысуға белсенділік танытуымен, еліміздің қоғамдық жұмысының әр тарапына деген өзінің қарым-қатынасымен, өзінің әлеуметтік бағыт-бағдарымен ерекшеленеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуы үшін мейлінше маңызды кезең болып табылатын жастық шаққа шығармашылық ұмтылыс, бастама, ынта, қабілетін белсенді көрсетуге талаптану тән. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оның орындалуының нәтижесі көбіне жастардың әр санатымен жүмыс істей білуге байланысты.
Осыны назарға ала отырып, студенттерге тән негізгі сипатты белгілерін атап өткен жөн:
- олар қоғамның әлеуметтік құрылымын бейнелейтін түрлі әлеуметтік топтарының өкілдерінен қалыптасады;
- олар сансыз көп және алдағы онжылдықта айқын көрінетін өсу тенденциясына ие;
- оған еңбек түрінің, мақсаттардың, моральдық және адамгершілік құндылықтардың ортақтығы тән.
Осыған негізделе отырып, жастар құрамында жоғары оқу орнының студенттері дербес әлеуметтік топты құрайды деп айта аламыз.
Заманауи жағдайлардаға студенттер қауымы қызметтің қоғамдық-саяси саласында да өзін әлеуметтік топ ретінде корсете алады. Мемлекет студенттерге кең құқықты және ЖОО-ның жұмысының барлық мәселелерін, қоғамдық және мемлекеттік істерді шешуге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуде. Жастар ұйымының қызметі үлгі болып отыр - «Жас Отаг», «Қазақстан студенттерінің альянсы», жастар ісі жөніндегі комитеттер, студенттердің өзін-өзі басқару органдары; CCO, «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» қозғалыстары мен бағдарламаларын іске асыруға қатысу.
Жоғары оқу орнында оқу мерзімі бұл - адамның интеллектуалдық және адамгершілік күш-қуаты мен мүмкіндіктерін мейлінше қарқынды дамыту уақыты. Дәл осы жылдары маман, оның дүниеге көзқарасы, өмір мүраттары мен пікірі қалыптасады.
Жас адамның өміріндегі аталған мерзім - өзін-өзі байқау және бағалау, жеке тұлғасының қалыптасу уақыты. Жастардың барлық осы ерекшеліктерін жоғары мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде ескеру қажет, онсыз студенттің жеке тұлғасының дамуын тиімді басқару мүмкін емес.
Білімді ойдағыдай меңгеру көбіне студенттің жалпы даярлығынан, оның қабілеті мен іске қарым-қатынасына байланысты болатындығы белгілі. Ғылым, техника және мәдениеттің заманауи шыңына баянды жету үшін жас адам өз бетінше білім алу жүйесін жасауға қабілетті, жігерлі, талапкер болуға тиіс.
Үшінші мыңжылдықта өмірге тұлғаның принципті өзгеше қасиеті, қүнды мақсаты, өмірлік бағыт-бағдары бар студент жастардың жаңа буыны енді. Сонау кеңес дәуірінде педагогикалық қызмет жолын бастаған профессор-оқытушы құрамы шын мәнінде жаңа жастарға тап болуда. Осызаманғы студенттерді тәрбиелеудің кейбір көнерген амал-тәсілдері қолданылмауға тиіс. Студенттерді тәрбиелеудің сапалы жаңа концепциялық моделі, буындар арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа парадигмасы қалыптасуда.
Оқытушылардың сапалы құрамын жасау мәселесін шешкен кезде студенттерді заманауи оқыту және тәрбиелеудің әдістемелік және ғылыми- практикалық міндеттеріне негізделу қажет және осыған сәйкес жастарды тәрбиелеу жоғары мектеп жүйесіндегі білім берудің маңызды функциясы болып табылады. Университет оқытушыларының міндеті - бірдей шеңберде маман, тәрбиеші әрі тәлімгер болу. Оқытушының жеке үлгісі мен беделі және ЖОО дәстүрінің күші тәрбиелеудің негізгі құралы болып саналады. Сондықтан жоғары білім берудің педагогика және психология саласындағы оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеру университет басшылығының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
«Үздіксіз білім беру концепциясы» аясында жүзеге асырылатын ЖОО-ның тәрбие жұмысы нысанының бір түрі бүл - студенттердің өзін-өзі басқаруы. Студенттердің өзін-өзі басқару органының қызметін жетілдіру және дамыту тәрбиелеу үдерісін іске асырудың пәрменді механизмінің бірі болып табылады.
Университетті басқаруға студенттердің қатысуы студенттердің қабілеті мен іскерлігін қолдану аясын кеңейтеді, әрбіріне дарынын дамытып, ынтасын білдіруге, өзіне ұнамды кәсібін табуға мүмкіндік туғызады. ЖОО-да жұмыс істейтін түрлі тәрбие құрылымдарын (жатақханалардағы мүдделер жөніндегі орталықтар, қызметтер, кеңестер, клубтар, жастар ісі жөніндегі комитет, ғылыми- техникалық қоғамдар, сапжасақтар, студенттік құқықтық тәртіпті сақтау жасақтары, студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі комиссиялар және т.б.) басқаруды студенттердің өзін-өзі басқару органдарына тапсырған жөн. Студенттердің өзін-өзі басқаруындағы тәрбие жұмысының мейлінше толық тиімділігі студенттердің өзін-өзі басқару «мектебінен» өткен студенттер мен түлектерді әлеуметтендіру өлшемдерін сипаттайды. Студенттердің өзін-өзі басқаруында алынған білім мен тәжірибе университеттің түлектерін икемді, мемлекеттік басқару саласында, әкімшілік-шаруашылық жұмыста, саясатта және қоғамдық маңызды қызметтің өзге де салаларында қажетті етеді. Жастар ісі жөніндегі комитеттің қызметін дамытуға ҚР Білім және ғылым министрлігінің шынайы қолдау көрсетіп отырғандығын атап өткен жөн. Көптеген ЖОО-ның басшылары жастар мәселесін шешуге демократиялық амалдарды қолдана отырып, әріптестік принципінде студенттермен қарым- қатынас орнатып келеді.
Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамытудың өзекті мәселелері:
- оқу-тәрбиелік және ғылыми үдерісті жетілдіру үшін кері байланыс алуда, барлық үдерістерді ұйымдастыруды жақсарту бойынша студенттердің пікірлері мен ұсыныстарын зерделеуде;
- университетке деген патриоттық қарым-қатынасын қалыптастыруда, студенттің оқудағы потенциалын іске асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық бөлімшелердің жұмыс істеуінде, студенттердің мәдениетін және бос уақытын ұйымдастыруда, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуде, ғылыми-зерттеу жұмысына және спортқа қатысуда;
- университеттің қоғамдық жүмысына студенттерді араластыру жүйесін әзірлеуде айқындалады.
Университеттегі тәрбие жүмысының негізгі бағыттары мен бағдарламаларын ойдағыдай іске асырудың шешуші шарты бүл - тәрбиелеу үдерісін басқаруды жетілдіру (мақсатты айқындау, талдау, жоспарлау, орындауды ұйымдастыру, нақты нәтижелерді бақылау және бағалау).
Сөйтіп, студенттердің өзін-өзі басқаруы ЖОО-ны басқару жүйесіне енген оның бір бөлігіне айналуда. ЖОО-ның студенттік өмірін ұйымдастыру саласындағы әкімшіліктің серіктесінің рөлін атқару студенттердің өзін-өзі басқару қызметін ұстауға және оның нысанына белгілі бір талаптарды артады. Тиімді және мақсатты жүмыс үшін өз қүрылымына сүйеніп және жақсы дамыған корпоративтік мәдениетін құра отырып, проблеманы анық көретін және оны шеше білетін активистердің бірлестігі қажет.
Студенттердің өзін-өзі басқаруы бүл - өз көңілін білдіру еркіндігіне және өзін- өзі жетілдіру үшін адамның жүмыс жасауға саналы еркіне негізделген спецификалық тәрбие механизм! болып саналады. Жас адам ұйымдасқан студенттер үжымында жүмыс істей отырып, шешім қабылдап, дербес болуға, субординация сақтауға үйренеді. Қызметтегі осындай практика ұйымдастыру және басқару жүмысының бастапқы дағдыларын меңгеру үшін жағдай жасайды.
Әдебиет:
- Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы.
- Боер В.М., Горшков А.С., Платова Е.Э., Фортунатов В.В., Студент болу оңай ма? СПб, 2002.
- Фокин Ю.Г., Жоғары мектепте сабақ беру жэне торбие беру: Әдіснама, мақсат және мазмұн, шығармашылық. M.: «Академия», 2002.