Адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым - оқыту болса, кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына эсер етеді. Қазіргі кезде жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалы дэрежеде дамуы қажет [1].
Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дэлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Жеке тұлғаның дамуына бағыт бағдар беріп, белсенділігін арттырады, балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым- қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге дағдыланады [2].
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тэрбиелеудің соңғы эдіс - тэсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тэжірибелік іс-эрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мұғалімнің міндеті - ұлттық мэдениетті көтеру, эдет- ғұрып, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылықты ояту [3].
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тэрбие үрдісінде жаңа инновациялық эдіс - тэсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс - тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл - ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дүрыс бола бермес. Дегенмен эр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
- түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
- оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
- олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
- оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
- оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
- оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
- жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типол огиясы:
- оқу міндетін қою сабағы;
- модельдеу сабағы;
- түсінікті нақтылау сабағы;
- нақтылау сабағы;
- бағалау сабағы.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
- Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
- сабақтың мазмүны;
- оқу жағдайын ескеру;
- әдістемелік тәсілдерді қолдану.
- Келесі сабақтың моделін жоспарлау
- сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары);
- сабақтың әр кезеңіндегі оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау;
- оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.
- Сабақты жүргізу.
- әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру;
- оқушымен жанама қарым - қатынас;
- жүмыс барысын бақылау жүмысы.
- Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)
- қойылған мақсатқа жету;
- тақырып бойынша өзгерістер енгізу;
- оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тәжірибесінде қалай қолданады?
- Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік қалыптарын меңгерту.
- Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
- Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл белу.
- Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл белу.
- Оқушының сезіміне эсер етіп, логикалық ойын дамыту.
- Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Әдебиет:
- А. Асқарбаев, М. Жазыбаев, С. Рахметова. Бастауыш оқудың тиімділігін артгыру. - Алматы, 1995. - 178 б.
- Айдосова 3. Дамыта оқыту технологиясының мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2010,- Б.23-25.
- А. Адильбекова. Дамыта оқыту технологиясы арқылы жеке тұлғаны калыптастыру//Бастауыш мектепте оқыту, 2014. - Б.8.
- Рахметова С. Қазақ тілін окыту методикасы. - Алматы: Ана тілі, 1995. - 253 б.