Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш мектепте экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдары

Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмүны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Білім алудың бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында, «Білім» мемлекеттік бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда негізделген.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз қүқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз [1].

Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. “Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету: олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастықтық тәрбиесінің берік дағдыларын меңгерту”, - делінген Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында [2].

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі “Білім туралы” заңының қабылдануы. Президент Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан - 2030” атты Қазақстан халқына жолдауында болашақта білім беру жүйесін баса дамытуға оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беріп, осындай-ақ аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеруі, оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды [3].

Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтеріміз. Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Erep әр тақырыпты тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша [4].

Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Айналдыра ортаның қолайлы болуы адамның дүрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бүлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарастары қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы зор [4].

Экологиялық мәдениет ұғымы педагогика саласында экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне айналады. Бұл педагогикалық мәселеге тұлғалық тұғырына сәйкес адамды табиғаттың ажырамас бөлігі, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің, тарихи процестің дамуының субъектісі ретінде қарастыруды талап етеді. Сонымен қатар тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы оның жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық байланыстар жүйесіндегі әрекетіне тәуелді болғандықтан, халық педагогикасының құралдарын пайдаланудың қажеттігін туғызады.

Бастауыш мектептерде экологиялық мәдениеттің қалыптасуы қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіне бағытталған мемлекеттік білім стандарты негізінде жүргізіледі. Білімді ақапараттандыру, компьютерлік оқыту элементтерін қолдану рқылы жаңа экологиялық оқу пәндерін енгізуде жаңа типтік бағдарламаларды жасауды қажет етеді. Мектепте алатын экологиялық мәдениеттн әрі дамытып, тереңдетіп, ғылыми негіздерін қалыптастыратын оқу жоспарын жасау міндеті тұр.

Экологиялық мәдениетті бастауыш мектептерде берудің әр түрлі әдіснамаларын, әдістемесін жасап, оқытудың тиімді әдістерін қолдану қажет:

  1. Бастауыш мектептерде экологиялық мәдениетті үнемі жетілдіріп отыру.
  2. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, адам қызметінің табиғатқа тигізетін әсерін нақтылап деректермен түсіндіру, оның болашақтағы зиянды жақтарын алдын ала ойластыру, экологиялық сапалы тәрбие беру (қоршаған ортаның өзгерістеріне талдау жасау, бағалау, бақылау).
  3. Өзіндік ізденістер, шиеленіскен экологиялық мәселелерді дүрыс шешуге бағыт беру, өзіндік жүмыстар барысында талдау, жіктеу, тұжырымдар жасай білуге дағдыландыру.
  4. Оқушылардың оқу-тәжірибелі, практикалық іс-әрекеттерін жергілікті экологиялық мәселелерді шешумен байланыстыру (дүниетану жорықтарын ұйымдастыру, экологиялық соқпақ, іскерлік ойындар ұйымдастыру, экологиялық үйымдар қүру).
  5. Оқытудың белсенді әдістері, формаларын қолданып, бастауыш мектептерінің экологиялық мәдениеті мен тәрбиесінің сапасын арттыру, экологиялық мәдениетті топтастырып оқыту, экологиялық фактілер, құбылыстар, адамның табиғатқа әсері, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мәселелері [5].

Жануарлар бойынша "Сүтқоректілер", "Жорғалаушылар", "Балықтар", "Құстар", "Бунақденелілер", "Төрт түлік" деген сабақтарда мынадай даналық сөздер қолдануға болады:

"Түз тағысы - табиғатпен тілдес", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады", "Шегірткеден қорыққан егін екпес", "Шегірткелер егін жер, екпей- сеппей тегін жер", "Көл жағалағанның өзегі талмас", "Ep жігіт - еліне, көлбақа көліне", "Ep қанаты - ат", "Алты айлық жолға арымас атан деген көлік бар", "Екі сиыры бар кісінің айраны бар", "Мал өсірсең, қой өсір - өнімі оның көл көсір", "Ешкі тұқымы - егіз лақ". Сонымен қатар халқымыз аңдарды қалай болса, солай аулауға рұқсат бермеген. Бұл тыйым кез келген уақытта емес, дәл сол жануарлардың буаз кездерінде "киесі атады", "обал болады" деп қорғанған.

Қүстардың қалай сайрап, өзендердің қалай сылдырлап ағатынын естімей өскен, көк шөптің жер қыртысын жарып шығып келе жатқанын көрмеген, гүлдердің сүлулығын тамашаламаған, шығып келе жатқан күннің шапағын қызыға қарамаған, табиғаттың төрт мезгілін біліп, таңырқамаған ұрпақтың ой- өрісі тар, қиял-сезімі қанатсыз болатыны белгілі. Сол себепті халықтық педагогикалы оқу-тәрбие жұмысына енгізудегі басты мақсат -оқушыларды биік, рухани қайырымдылыққа, жоғары жауапкершілікке, өзінің үлтын, халқын, отанын қастерлеп оған қалтықсыз қызмет етуге, білімге деген ынтасын, қызығушылығын көтеру, алған білімін табиғат, тұрмыс, өмір заңдылықтарымен байланыстырып, тәжірибеде қолдана білуге, ойлау қабілетгерін дамытуға, тапқырлыққа, әдемілік пен әсемділікке, алғырлық пен ептілікке, ерлікке, тұрмыс қажеттерін өздері өндіретіндей кәсіптің түрін таңдай білуге, еңбекқорлыққа баулу. Демек халықтық педагогика - теңдесі жоқ даналық мектеп. Оның мөлдір бастауының әрбір оқушының сусындауына мейлінше ықпал жасау - біздің, үстаздар міндеті [6].

Отан туралы алғашқы қарапайым түсінік сәби дүниеге келе салысымен-ақ қалыптаса бастайды. Ана және емшек сүті бейнесінде санаға үялай бастаған Отан ұғымы күн өткен сайын, жыл өткен сайын толығып, отбасы, достар, көше, ауыл, қала түсініктері арқылы молайып, терең және байсалды сезімге айнала бастайды. Мектепке алғаш келген сәби отбасынан, балабақшадан алған адам туралы небары объективті және субъективті түсініктермен келеді. Мұғалім жас сәбидің осы білімін Отан ұғымын ашатын базалық білім ретінде пайдаланып, оны ары қарай дамыта, тереңдете түседі.

“Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні” егеменді еліміздің ертеңгі болар жеткіншектерді жаңа заман талаптарына сай оқытып, тәрбиелеу, өмірге әзірлеу сияқты жауапты міндетер үлкендердің қолындағы іс қоғамның, ой сананың биіктеп өсуі, жаңа сапалық деңгейде, шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, жаңа заманның жастарынан өзіндік таланты мен табиғи қабілетін жетілдіріп қана қоймай, олардың жаңашыл болуын үнемі шығармашылық ізденісте болуын талап етеді.

 

Әдебпет:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. - Астана. 2007. - 130 б.
  2. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасы
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауы // Солтүстік Қазақстан. - 2011. - 28 ақпан.
  4. Қазақстан Республикасында бастауыш білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. - Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы қазақ Академиясы білім беру кабинеті, 2003.-223 б.
  5. Асырова Е.Экологиялық мәдениет берудің креативтік технологиясы. //Дүние-2002.-№7,- 456
  6. Жанузақов А.З Экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы білім беру процесінің алатын орны // Білім-2004-1-39-40 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.