Қоғамдағы үздіксіз және түбегейлі өзгеріс білім беру жүйесінде байыпты реформаларды жасау қажеттілігін туындатты.
«Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін және өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаттары айқын көрсетілді.
Қазіргі таңда педагогтардың ғылыми-әдістемелік жұмысы оның шеберлігімен ғана емес, жаңашылдығымен, шығармашылығымен, ғылыми-зерттеушілік жүмыс мақсатының айқындылығымен, педагогикалық үрдісті модельдеуімен ерекшеленеді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облысымыздың білім беру жүйесінің әдістемелік орталығының бірі болып табылады. Біліктілік арттыру институтының басты мақсаты - педагогтар құзыреттілігінің дамуына көзделген және диагностикалық негізде қүрылған курстық және курсаралық кезеңде оқу үдерісін, кәсіби дамудын жеке жолына шыға отырып, өздерінің үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының көбінде шағын жинақты мектептер қазіргі уақытта ең өзекті әлеуметтік мәселелердің және білім беру саласының басты ерекшелігінің бірі болып отыр. «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» шағын жинақты мектептерді сапалық тұрғыда дамытуға мән беріліп отыр. Осы бағдарлама негізінде ШЖМ проблемасын шешуде ресурс орталығы моделі қолға алынған.
Сонымен қатар шағын жинақты мектептердің, әсіресе шағын жинақты бастауыш мектептердің, проблемасын шешу үшін мұғалімдерге қажетті әдістемелік тұрғыдан да көмек беру қажет.
ШЖБМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
өздік жұмысты мұғалім эр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
сабақтың екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жүмыстың оқушының өздік жүмысымен алмастырыла жүргізілуі;
Сыныптар қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап орта мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мүғалім ПІЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мүғалім ШЖБМ математика, қазақ тілі, ана тілі, дүниетану сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
ШЖБМ практикасында оқу құралдарын қолдануда негізгі қарама-қайшылық - толық, тұтас сыныпты оқытуда қолданылатын оқыту әдістемесінің шағын мектепте оқытуда қолайсыздығы. ПІЖБМ өзіндік ерекшелігін ескеріп, онда қолданылатын оқу қүралдары мен дидактикалық материалдар ауыл балаларының тәжірибесіне бейімделіп, бастауыш сынып балаларының өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік берілетіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Бірақ қазіргі қолданылып жүрген оқулықтардың ПІЖМ-да балалардың өз бетінше жүмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әдістемелік мүмкіндігі аз. Сондықтан да курс барысында мұғалімдер, практик-әдіскерлерді жұмылдырып, шағын жинақты мектеп ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың шығармашылығы мен ойлау қабілеттерін дамыту үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша тәжірибелік жүмыстар жүргізілуде.
ШЖБМ оқушылардың оқу-танымдық әрекетін басқару - мүғалімнен зор интеллектуалдық қабілет пен физиологиялық күш-қайратты қажет ететін өте күрделі міндет. Бір уақытта екі-үш сыныпқа қатар сабақ беру мұғалімнен кәсіптік шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеуде әдіс-тәсілдерді қолдануда икемділікті талап етеді. Мүғалім сабақтың әрбір кезеңін тұгас және жекелей басқара білуі керек, бір мезгілде бір сыныпқа сабақ жүргізе отырып, екінші бір сыныптың өз бетінше жүмысын бақылай алуы керек. ШЖБМ-тің мүғалімі екі-үш сынып балаларына бірдей 2-3 сабақтан екі есе артық дайындалады, сонымен бірге бұл сабақты шашыратпай жүргізіп, жүйелі болуы үшін біртұтастықты сақтауы тиіс.
ШЖБМ-ның оқу үдерісінде интеграциялық сабақтарды қолдану әдістері мен тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Интеграция - пәндік білімдердің тоғысуынан жаңа түсінік қалыптастырудың қүралы. Интеграция - оқушының мектептегі алғашқы қадамынан бастап әлемді тұтас деп тануға, ондағы барлық дүние бір-бірімен тығыз байланыста деген көзқарас қалыптастыру мақсатын көздейді.
Шағын жинақты мектеп педагогтарының кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылығын шыңдау жауапкершілігі, әдістемелік тұрғыдан көмек беру біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының құзырында. Осы орайда біліктілік арттыру және қайта даярлау институты білім мен біліктіліктің ұлағатты үясына лайық өз қызметін атқарып келеді.
Бастауыш сынып мүғалімдерінің біліктілігін арттыру ісі мынадай міндеттерді жүктейді:
- педагогтарды сапалы оқыту курсымен және курсаралық даярлықпен қамтамасыз ету;
- 12 жылдық білім беруге даярлық кезеңінде білім беру мазмұнын жаңғыртудың басым бағыттарын айқындау;
- бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың жолдарын нақтылау;
- қазіргі білім беру ісінің өзектілігіне сай және Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сай біліктілікті арттыру жүйесін жаңа бағдарламалық - әдістемелермен қамтамасыз ету;
- жаңа формация педагогын қалыптастырудың негіздемесін жасау, моделін құру;
- жаңа оқыту курсын қамтамасыз етуді көздейтін модульдық-жинақтау әдістемелік жүйесін іске асыру;т.с.с
Осы аталған қызмет жүйесі институтта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын құрайды. «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының негізгі жоспары ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде нақты қадамдардан бастау алатын, өзара тығыз байланысқан іс-шаралар кешенінен тұрады. Олар ғылыми-теориялық жағынан негізделіп, бастауыш сынып мүғалімдерінің санатына, сүранысына қарай бірыңғай жүйеде қүрылған.
Педагогтардың кәсіби дамуын ғылыми тұрғыдан қамсыздандыру дигностика негізінде іске асырылады. Соңғы нәтиженің немесе курс жүмысының тиімділігін білу үшін оны тыңдаушылардың курс тақырыбы бойынша жалпы ақпараттану деңгейлері мен кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерінің бастапқы деңгейін анықтауға тура келеді. Курс барысындағы бастапқы және соңғы бағалаулардың айырмашылығы курстың тиімділігін айқындайды. Тәжірибе жүмыстары, тренинг, семинар үдерісінде білімді жақсы меңгеру мен икемділіктерді қайта даярлау курстарының мониторинг! көрсетеді.
Тыңдаушыларды қызықтыратын тақырыптар жоспарға жеке дәрістер, семинарлар, арнайы курстар түрінде енеді. Педагогтардың ақпараттық сүраныстары курсқа дейінгі мерзімде қарастырылады. Мазмұнның құрылымы оқу-тақырыптық жоспары құрылымының өзгеруі мен курс бағдарламаларының кеңейтілуін қарастырады. Курстық дайындықтың тиімділігінің маңызды шарты оның кәсіби-практикалық бағытын күшейтуде болып табылады.
Шағын жинақты мектеп педагогтарының ғылыми-зерттеушілік қызметін қамтамасыз ету мақсатындағы тәжірибелік-эксперименттік жүмыстар білім берудің деңгейлік тұрғыдағы әдістемелік мазмүны, қызметтік-құндылық тұрғысында біліктілік, желілік кеңес беру, мүғалімдерді шығармашылыққа белсендіру, педагогтардың инновациялық тәжірибесін қолдау бағыттарын қамтиды.
Сонымен қатар,инновациялық қызметпен айналысушы педагог кадрлардың кәсіби дамуына ықпал ету, зерттеу жұмыстарын, бағдарламалар мен озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында түрлі шаралар нәтижелі қызмет атқаруда. Дәстүрлі «Инновациялық жобалар фестивалі», «Жүзден жүйрік», «Жыл мұғалімі» шаралары педагогтардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жол ашады. Жыл сайын мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылар жобаларының «Н¥РЛЫ КӨЖЕК» және «Болашағы мол бастауыш мектеп» атты дәстүрге айналған облыстық және аймақтық байқаулар өтіп тұрады. Байқау мақсаты - жобалау іс-әрекеті құралдары арқылы мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылардың жеке тұлғалық шығармашылық әлеуетін дамыту және әр баланың жетістігі жайында түсінікті қалыптастыру, педагогтарды жобалау іс-әрекетіне белсенді қатыстыру жэне бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын қарастыру. Байқауларға ұсынылған жұмыстардың тең жартысы шағын жинақты бастауыш мектеп оқушылары жіберген жүмыстар. Бұл көрсеткіш ШЖМ зерттеу жұмыстарын жүргізу, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру оң жолға қойылғанын көрсетеді.
Педагогикалық тәжірибені таратудың ең көп тараған түрі - оқу-әдістемелік жинақтарды, әдістемелік құралдарды басып шығарып, мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау,насихаттау, тарату. Институттың баспа орталығы шығаратын журнал педагогикалық инновациялардың жолсерігі және ғылыми-бұқаралық ақпараттардың облыстық жаршысы болып табылады. Шағын жинақты мектеп мұғалімдерін ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға тарту, жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындау, ШЖМ арналған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және олардың электрондық, мультимедиялық нұсқасын дайындап, шығару және қашықтан оқытудаға мүмкіндіктерді ұйымдастыру- шағын жинақталған мектеп мүғалімдері және келешек мамандарға білім беруге, кәсіби деңгейінің өсуіне үлкен септігін тигізері сөзсіз. Болашақта шағын жинақты мектеп тәжірибесіне енгізу мақсатымен, біріктірілген бастауыш сыныптарында бір пәндік, бір тақырыптық жүйедегі мазмұны ұқсас тақырыптарды оқытуға арналған оқу- әдістемелік құралдар (бағдарламалар, оқу-күнтізбелік жоспарлар, әдістемелік қүралдар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар) шығару жоспарланып отыр.
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатындағы жоғарыда аталып өткен жұмыстар біліктілік арттыру жүмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізуді, маманның кәсіби құзырлы болуын қамтамасыз ететін оқыту модельдері негізінде білім көтерушінің өзін-өзі өзгертуге әкелетін әлеуетіне эсер ететін біліктілік арттырудың жаңа дидактикасының кезек күттірмейтін істердің бірі.
Мұғалім еңбегі - ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұрады. Заман талабына сай жолмен жүруге бағытталу, басқаны ойлап табу, тудыру, жасап көру - жаңашыл мүғалімнің іс - эрекеті.
Әдебиет:
- Қазақстан Pecny бликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.
- ҚР «Қазақстандағы шағын жинақты мектепті дамыту» тұжырымдамасы (Жоба)-Астана, 2009.
- Құлмағаебетова Б. Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру.-А,»Мектеп», 1974
- Баймолдаев Т.М.Шағын жинақталған мектептерде пэндерді оқытуда жаңа педагогикалық эдістерді пайдалану жолдары.-Алматы, 2002.
- Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер:- Алматы, 2002.
- Қараев Ж.А.. Ушуров Е.А.. В помощь малокомплектной школе.-Астана, 2000.
- Шамшидинова К.Н..Малокомплектна школа:проблемы. поиски, решения. Издательство ВКТУ, 2002.
- Әлдібаева Т. Күтілетін нәтижелер және жетістіктер. «Қазақстан мектебі» журналы, № 6, 2007.
- Тойбазарова Н.А. Инновациялық білім беру кеңістігінде креативтілікті қалыптастыру,- Ақтөбе, 2008.