Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепке дейінгі ересек топ балаларының сөйлеу тілін дамыту ерекпіеліктері

Елбасы Н. Ә Назарбаев білім берудің жэне тэрбиелеудің сапасын уақыт талабы деңгейінде жогарылату, эр пэнді ғылыми деңгейде, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту жэне тілдік қатынастарды дамыту талаптарын қойып отыр. Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі - бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды мэселелердің бірі болып отыр. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, оны балабақшада жүйелі түрде оқыту қазір күн тэртібіндегі маңызды мэселеге айналып отырған кезде баланың тілін байыту өте қажет болып отыр [1].

Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтанда сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты. Тіл-тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық тұрмысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашанда тұйық өмір сүрмейді, өзге халықтармен эконимикалық, саяси мәдениетте байланыста болады. Ал бүл қатынас тілге әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске түсетін лексика болады.

Тіл тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі жаты болады. Оның бірі - тілдің грамматикалық және фонетикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінің тұтас тіл қүралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас туралы ретінде қызмет ете алады. Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі біллікте жұмсалады. Олардың қайсынының өзіне тән ерекшіліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан, тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрлысын грамматика ғылымы зерттейді.

Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы тұрғыда қарап тексереді. Мысалы: сөздің дыбыстық жағының сыр сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы қүлаққа естілінін айтамыз. Белігілі әдіскер ғалым Ш. X. Сарыбаевтың зерттеген мәселесенің бірі - баланың сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым балаға үйретілітін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым балаларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым балаға үйреткен сөздер сен сөз тірекстері бір - бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді баланың сөздік қорын молайтудың амал - тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлеледенген бір сыпыра қүнды пікірлері бар [2].

Ш. К. Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін тәрбиеленуші сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда баланың есту, кору, сезіну, сияқты қабілеттерін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелелдеген. Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе. Сабақ оқылатын бөлме, оның ішіндегі заттар, бала, тәрбиеші оқу құралдарының аттарын үйрету табиғи жағдайда үйрету қиын.

Ғалым дәлелденген келесі қүнды пікір баланы сөз мағынасына мән беруге баулу. Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама - қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшелкітерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін ғалым арнайы сөз еткеен. Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды. Әрине, бұл қағиданың тілін саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.

Сөздік қорды байытудың мазмүны мен жүйесі тармақшасында сөздік қорды байытудың бала тілін дамытудағы маңызы, алатын орны және тіл дамыта оқыту жүйесі мен қалыптастыралтаын имекділіктер мен дағдылар қарастырылды. Тіл оқытуда тіл туралы білім берумен бірге баланы тілдік қарым - қатынасқа дарялау міндеті қойылады. Ол баланың тілін дамыта оқыту, сөздік қорын молайту, сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы мен ұғымы, ойы және мазмүны арқылы балалардыц ойында ұлттық танымды қалыптастыру.

Баланың сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі мен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым - қатынастың түрткісіне мақсат - міндеттерні орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғни тіл мәденитенің негізінде ұйымдастыру болып табылады.

Баланың сөздік қорының қалыптасу ерекешеліктері және сөздік қор психикалық үрдістер арасындағы байланыстар мен олардың ара қатынасы сипатталады. Баланың таным үрдістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отыр. Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан, балалардың сөздік қорын молайту жүмыстырында сөздік қор мен психикалық қаситтерның арасындағы қатынастар анықталды. Мәселен,сөздік қор мынадай психикалық қаситттермен байланысты:

  1. сөздік қор және ойлау;
  2. сөздік қор және сөйлеу;
  3. сөздік қор және ұғым.

Игертуге тиісті материалдар мен оқу амал - әректінің бірлігін қамтасыз ететін ойлауды дамыту тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан баланың сөздік қорының баюда да ойлау әрекетіне байланысты болады.

Сөйлеу әрекетінің дүрыс жүргізіліуі балада психолгиялық категориялардың қалыптасуына негізделеді. Өйткені сөйлеумен бірге ой дамиды. Сондықтан оқу материалдарын ұғынуда талдау мен жинақтау маңызды роль атқарады. Өйткені ойлау дегеніміз - түйсік пен қабылдаудағы талдау мен жинақтаудың жаңа мазмүнға ие болған түрі. Талдау дегеніміз - ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлшектерге ажырату арқылы тану деп есептеледі.

Тұжырымдай айтқанда, адамға қоршаған ортадағы шындықты дүрыс тануға көмектесетін, әр түлі қүбылыстардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілерін анықтайтын ұғымдар логиклық ойлау амалдары негізінде жасалып, ойлау мен сөйлеуді жетілдіреді, нәтижесінде сөздің мағынасы, ұғымы игеріледі.

Тіл игеру тәрбиешінің сөздерін немесе оқулық материалдарын құрғақ сөздер ретінде есте сақтау емес. Ол күрделі ақыл - ой еңбегі, балалардың санасында шындық дүниедігі заттармен құбылыстардың туралы елестерді, ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың үрдісі, қүбылыстардың өзара байланыстары дамуға байланысты жүмыстарда балалардың жас ерекшеліктерін мен жеке ерекшеліктері, олардың зейін, ес, ойлау, қабылдау, сезім, қиял ерекшеліктерін ескеріледі.

Сөздік қүрам тілдегі лексиканың тілдегі лексиканың барлығын қамтығанмен де ол тілдің негізі бола алмайды, өйткені құрамдағы лексиканың бір бөлігі өзгеріске ұшырап отарды. Тілдің негізі - сөздік қор.

Үнемі өсудің нәтижесінде тілдің сөздік құрамы молая береді, өйткені ескіріп шығып қалатын сөздің саны көп болады. Солай бола тұрса да тілдің сөздік қоры бүкіл негізмен сақталады және тілідің сөздің құрамының негізі ретінде пайдаланылады.

Тілдің сөздік құрамының гөрі негізгі сөздік қорының көлемі кемірек, бірақ сөздік қор өте ұзақ ғасырлар бойы өмір сүреді және тілде жаңа сөздермен жасалуына негіз бойы өмір сүреді және тілде жаңа сөздер жасалуына негіз болады. Сөйтіп негізгі сөздік қор баянды, тұрақты болды.

  1. Негізгі сөздік қор талай ғасырдың басынан кеміргендіктен, көбінесе көне дәуірден келе жатқан сөздер болады. Бірақ тілдің даму процесінде кейбір сөздер негізгі сөздік қордан шығып қалып отырса, кейбір сөздер оған қосылып отырады.
  2. Негізгі сөздік қорға енетін жеке сөздер сол бір тілдің ішінде жаңа сөз жасауға негізінен ұйытқы және икемді болады.
  3. Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің жалпы халықтың мәні болады, көпшілігі бір буынды болып келеді. Мысалы, ас, от, op, мал, бар, кез, он, кун, т.б.
  4. Қазақ тіліндегі сөздік қорға енетін сөздердің көпшілігі өзге түркі халықтарының тілінідегі сөздермен түбірлес, мәндес болып келеді. Мысалы; қазақ, қырғыз, қарақалпақ.
  5. Сөздік қорға кіретін сөздер күнделікті өмірге қажетті сөздер болады. Сөздік қорға енетін сөздердің саны тілдің сөздік құрамындағы сөздерге қарағанда аз болады [3].

Балалардың сөздік қорларындағы заттық сөздер көп кездеседі. Әсіресе тұрмыстық сөздер көбінесе жалқы сөздерді көп пайдаланады. Жалпы атауларды өз сөздереінде қолданбайды. Интеллектісі бүзылған балалардың сөйлеу тілінде арнайы терминдерді өте сирек пайдаланады. Мәселен, балалары өз сөздерінде «ыдыс», киім кешек т.б. терминдерді қолданбайды. Оның орнына жеке атауын атайды. Жалпы атаулы сөздерді өздеренің белседі сөздік қорныда пайдаланту үшін тек мақсатты бағытталған жұмыстың арқасында ғана іске асыруға болады. Барлық оқыту кезеңінде балалар көп қиыншылық көреді. Мәселен, зат есімнің жеке атауы, жалпы атауы таныс емес атаулар т.б.

Балалардың белсенді сөздік қорларын арттыру үшін сын есімді білдіретен сөздермен толтыру керек. Ол үшін сабақта мағынасы бір - біріне үқсас, қарама - қарсы жиі сынды білдіретін сөздермен жүмыс жасау керек. Сын есімді сөздермен жүмыс жасаған кезде көбінесе логикалық жаттығулар пайдаланған жөн. Мағынасы қарама - қарсы сөздермен жүмыс жасау кезінде балалары әр түрлі көп қателер жібереді.

Мағыналас сөздермен жүмыс жасаған кезде міндетті түрде сөздердің мағынасының түсінгенін білу керек. Балалар жанама сөздерді өте қиын меңгереді. Балалардың сөздерінде бейнелеп, суреттеп айқындау мүлдем кездеспейді. Жанама сөздермен жұмыс жасаған кезде міндетті түрде сөздердің мағынасын ашып түсіндіру керек: ауыр жүмыс, қиын, көп күшті қажетететін жумыс, ауыр сөмке, ішінде салмағы ауыр заттың болуы; ауыр жүріс шаршап жүру, жүрген кездегі қиналыс т.б.

Балалардың іс-қимылды білдіретін сөздерін өте аз қолданады. Интеллектісі бұзылған балалардың енжар сөз қорларында өте көп және әр түрлі іс - қимылды білдіретін сөздері пайдаланбайды. Осыдан қортынды шығаруға болады, балалардың енжар сөз қорында пайдалануға жағдай жасау. Бас, ми қабығының зақымдалуына байланысты есту және сөйлеу аппараттарының зақымдауынан инттелектісі бұзылған балалар қиыншылықпен меңгереді. Ары қарай сөйлеу тілдері өте баяу және өзінше дамиды. Сондықтан балалар бала бақшаға ешқандай дайындықсыз келеді [4].

Сөйлеу тілінің бүзылыуы адамдармен қарым - қатынасқа түсуіне кедергі келтіреді, ол сөйлеу тілінің тұйықталуына, өз - өзіне сенімсіздігіне әкеліп соқтырады. Сондықтанда дер кезінде одан айырту керек. Сөйлеу тілі баланың ақыл - ойының дамуына негізгі себебін тигізеді. Осы қарым - қатынастың арқасында балалар жалпылау жасай алмайды. Инттелектісі бүзылған балалардың практикалық және сөйлеу тілдерінің арасында байланыстылық болмайды. Олар жасаған іс - әрекеттерін толық және дүрыс жеткізе алмайды. Сонымен бірге инттеліктісі бүзылған балалардың сөйлеу ережелері мен іс - әрекеттері сәйкес келмейді. Ақыл - ойы арттақалған балалардың жалпы интеллектуалдық қызметтерінің бұзылуынан, көбінесе есту сөйлеу анализаторларына эсер етеді соның салдарынан сөйлеу тілін меңгеру қиындыққа соғады. Қалыпты дамыған балалар сөйлеу тілін меңгеру процесінде тек сөзді ғана есте сақтап қалмайды, сонымен бірге жеке морфемаларды да естеріне сақтайды. Тіпті екі жастың өзінде қалыпты дамыған бала сөйлем құрлымын дұрыс құрып сөйлей алады.

Ендеше, біз қазақ тілінің байлығын, көркемдігі мен бейнелігін жас ұрпаққа таныта отырып, сөзге тапқыр, сөздік қоры мол, тіл байлығы жетілген етіп тэрбиелеуде әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын оқу-тәрбие ісінде тиімді қолдана білуіміз қажет.

 

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүддс. бір болашақ. - Астана, 2014. - 35 б.
  2. Жапбаров A.Тілеубердиев Б. Балаларға мәтін қурастыру мен ауызша айттыру әдістемесі. - Алматы: Рауан, 2002. - 216 б.
  3. Федоренко Л.П. Методика развития речи детей дошкольного возраста. - Москва: Просвещение, 2004. - 296 с.
  4. Асанова Ж.М. Сәби тілінің шыгуы // Отбасы жэне балабақша. - 2013. - №2. - Б 3-4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.