Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ел тарихын білуде оқушылардың танымдық іс-әрекетш белсендірудегі педагогтың шығармашылығы

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».

Н. А. Назарбаев

Кез келген өркениетті мемлекет өз елінің азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын іс-әрекеттерін дәл анықтай алады. Сондықтан да Отан тарихын мектеп курсында оқытудың мән-мағынасына әрқашан көңіл бөлініп отыратыны белгілі.

Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу - тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс - шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт - дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді қүрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Қазақстандық патриотизм дегеніміз - қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа ұлттың қазақ халқына сый - құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай, туған жерін көркейтуге, қорғауға дайын болуы. Жалпы патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен бастау алып, өсе келе мектепте әрі қарай дамып, жүзеге асады. Сондықтан орта мектептің бағдарламалары мен оқулықтарының ұлттық және қазақстандық патриотизм мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнды болуы қажет.

Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар- жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды.Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым. Қазақстандық отансүйгіштікке келеек, ол тек қазақтың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл үлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, қүдіреті күшті. Ол өз мазмүны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бүл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртүтас сезімге үласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет - егеменді еліміздің жас үрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш - мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас үрпақтың еншісінде. Ал жас үрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы - оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мүғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік - бүл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, қүндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күні білім нәрін себетін бейне тек шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашыл мүғалім - ол жан- жақты тұлға:

зиялы тұлға

Оның сыртқы келбеті үқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, қүрметтей біледі, үстамды. Өз білімін түрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жүмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады.

рухани бай тұлға

Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махабатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен үяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға үмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым -қатынастағы сүлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған.

жаңашыл тұлға

Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны қүмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру , жасап көру —оның күнделікті кәсіби жағдайы.

еркін тұлға

Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойынына алады. Өзінің өмірлік позициясы, үстанымы бар.

 

ізгілікті гүліа

Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен бабаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, жалпы балалрға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз.

азаматтық белсенді тұлға

Ол айналасында (ауылында, қаласында, елінде) айналасында болып жағдайларға бей жай қарамайды, ол жағдайларға үнемі өзінің қатысын білдіріп отырады.Қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық ролін дүрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман.

бәсекеге төтеп беретін тұлға

Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл мүғалім өзініңғ шеберлігін үнемі арттырып отырады,өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшінозық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар кешенінен қалмауды басты назарда үстайды.Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады.

мәдениет адамы

Ол белгілі әлеуметтік мәдени ортада өмір сүріп, еңбек етіп жатқандықтан сол ортаның өнерін тұрмыс салтын, мәдениетін бойына сіңірумен қатар оны құрметтеп басшылыққа алады. Өзінің жалпы мәдениетін көтеру оның айнымасөмірлік қағидаларының бірі.

М.М. Поташник мұғалімнің шығармашылығы мына жағдайларда көрінеді деп есептейді:

  1. мәселені шешудегі тапқырлықта;
  2. жаңа формалар әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, оларды тиімді қолдана алуда;
  3. белгілі тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;
  4. жаңа міндеттерге сәйкес белгіліні жетілдіре, өзгерте алуда;
  5. жоғары интиуциямен нақты есеп негізіндегі сәтті импровизацияда;
  6. бір мәселені шеше алудың бірнеше жолдарын коре алуда;
  7. нақты педагогикалық іске әдістемелік әдістемелік нұсқаулар мен теориялық ережелерді трансформация жасай алуда [1, 26 б.].

Әрине теориялық идеялар негіздеме бола тұра, практикалық іс-әрекеттерге маңызды арқау бола алады. Себебі, заманауи оқу үрдісінде оқушының өз бетімен білім алғаны талап етіледі. Олай болса, сабақ жүзінде баланың өзінше танымдылық белсенділігі болғаны қажет. Сол себептен жаңа формация мүғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады: бақылаудың орнына ынталандыру; мәжбүрлеудің орнына кеңес беру; ауыстырудың орнына сенім білдіру; үгіттеудің орнына түсіндіру; жоюдың орнына тегістеу; басқарудың орнына қатысу; айғайлаудың орнына әзілдеу; кіналаудың орнына қоргау; бүйрық беріп тексерудің орнына көмек көрсетіп, қолоау жасауга у.мтылу [2, 47 б.].

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Халықаралық Кембридж Университетінің емтихан кеңесімен өзара жинақтаған тәжірибесін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге тарату туралы Елбасының тапсырмасын (2011 жылдың 18-сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы) жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы құрылғаннан бері өлкеміздің үстаздары деңгейлі курсты өтуде. Үшінші (базалық) деңгейде мүғалімдер біліктілігін артта отыра, білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер, сыни ойлауға оқыту, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктері қарай білім беру және оқыту, оқытудағы жетекшілік пен көшбасшылық модульдерімен танысады. Олардың мазмүны ұстаздың жеке басты өсуіне көптеген жолдарды ашады. Соның негізінде ол іс - әрекеттер оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығы жетіледі, жан - жақты ізденеді, өз ойын еркін жеткізеді [3, 95 б.].Үздіксіз жүргізген жұмыстар нәтижесінде оқушылар оқу мен оқытуға шынымен сыни тұрғыдан қарай білуге дағдыланады, үйренеді, қалыптасады, яғни, оқушы өзінің білім нәтижесін өзі бағалап. Сабаққа деген қызығушылығы, танымдылығы ерекшеленеді. Сонымен қатар, эр педагог өз жұмысына талдау жасайды: Here жеттім ? Here ұмтыламын ? He кедергі жасайды ? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс. Яғни, егер мүғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендетін болса, оның шығармашылығының мазмұнында келесісі болады:

  1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
  2. Кезіккен проблемаларды. ситуацияларды сезіну;
  3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін қүру;
  4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.
  5. Кез келген оқу жүйесінде оқушы өзінің сабаққа деген танымдығы білінуі.

Ал, мұның барлығы мүғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің, шығармашыл педагогтің өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Кембридж бағдарламасы модулдерінің әдістерін қолдана жүре, үстаз оны «бір орында тұрып қалмай» әлде де жетілдіруге бет алады немесе пайдаланған әдістерді түрлендіреді. Мәселең, ел тарихын тануда оқушылардың танымдық жүмыстары келесі бағытга болу мүмкін:

  1. Өлке туралы аңыздар, әңгімелер.
  2. Өлке табиғаты жайлы өлеңдер, әндер.
  3. Родословные учащихся класса.
  4. Өлкенің қызықты жерлері туралы баяндамалар, рефераттар.
  5. Өлкеміздің атақты адамдардың өмірі мен еңбегі жайлы материалдар.
  6. Туған жеріңнің ескерткіштері.
  7. Т.б.

Осы тұста оқушылардың танымдығына жол беру мақсатында жоғарыда тізбектелген бағыттарды міндет етпей, яғни, олардың таңдау еркіндігіне жол беру қажет және ұсынылғаннан басқа қандай тарихи деректерге танымдығына назар аударылады. Педагогтың шығармашылығына қарай туған өлкесін оқыту арқылы танымдығы артады келесі іс-әрекетте:

Жрмыс багыты

Мақсаты

"Отбасың -жылы мекенің"

Жанұялық қарым-қатынас мәдениетімен танысу. Жанүяның тарихы.

"Менің кіші Отаным"

Мектеп, аудан, қала, облыс тарихын оқу.

"Біздің дәстүрлер"

¥лттық мәдениетке икемделу. ¥лттық мерекелерді, фольклорды оқу.

"Біз және табиғат"

Табиғатқа деген мәдениетті қалыптастыру. Адам және табиғаттың өз-ара қарым-қатынас дәстүрлерін оқу.

Аталған мысалдарға сәйкес Бағдарлама модулдерін негізіне ала отыра, оқушылардың тынымдығын әлде қайда арттыруға болады. 2014 ж. 17 қаңтадың ел Президент! Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» делінген.

Олай болатын болса, әр үстаз - XXI ғасыр мүғаліміне сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның үйытқысы болу керек. Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас үрпаққа үйретері мол аға үрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

«Мұғалім. Бүл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...

Бар ғалым, барлық қоғам мүғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін,» -деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке түлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жүмыстардың алар орны ерекше.

Әдебиет:

  1. Қоянбекова С. Танымдық іс - әрекетті белсендіру ерекшеліктері. A., 2002. 69-78 б.
  2. Мұханбетжанова А. Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін артгыру. // Бастауыш мектеп, 2005. №1.25-27 б.
  3. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін артгыру курстарының Бағдарламасы, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББ¥, 2012.95 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.