Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы азаматтық қоғам мəселелері

Мақала Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу мен даму бағыттарына арналған. Қазіргі кездегі еліміздегі азаматтардың құқығы, еркіндігі мен бостандығы жəне заңның үстемдік етуі тақырыпқа тірек болып табылады. Азаматтық қоғам ұғымы туралы анықтамалар, мақсаттары мен міндеттері жəне олардың Қазақстандағы қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы мəліметтер келтірілген. Азаматтық қоғамда азаматтарға берілетін мүмкіндіктер мен олардың заң аясындағы əрекеттері көрсетілген. Мақалада еліміздегі азаматтық қоғам институттарының тиімділігін арттыру мəселелері қарастырылды. Кеңестік жүйе кезінде билік халықтың алдында есеп бермейтін, қоғам биліктің қызметінің насихатталу жағынан ғана хабардар болып, оған ықпал ету жағынан мүмкіндігі шектеулі болатын. Ал, қазіргі кездегі Қазақстандағы демократиялық жағдайдағы жаңа саяси жүйенің қалыптасуы мен даму мəселелері еліміздегі қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынастарды зерттеудің пісіп-жетілгендігін көрсетеді. Саяси жүйедегі біржақты байланыс біртіндеп екіжақты қарым-қатынасқа орын береді, яғни, мемлекеттік билік органдары мен халықтың ашық жұмыс істеу жағдайында, олардың өзара байланысын тудырады. Заң үстемдік еткен қоғамда ғана азаматтық қоғам ұйымдары толыққанды жұмыс жасайтындығы анықталады.

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан посткеңестік мемлекеттердің ішінде өзінше дамудың жаңа үлгісін қалыптастырып келе жатқан жас мемлекеттердің бірі. Жас мемлекеттің дамуы да экономикалық- саяси, əлеуметтік жəне мəдени т.б. жағынан жаңаша бағыттармен қалыптасатыны белгілі. Демократияны қалыптастырып келе жатқан біздің мемлекетіміз үшін, нақты саяси қадамдар жасау оңай болған жоқ. Дегенмен, Қазақстан дербес мемлекет ретінде əлемдік саясатта өзінің саяси позициясындағы демократиялық ұстанымдарымен ерекшелене алады. Қазір əлем елдерінде адамдардың өздері құрған бірлестіктері олардың теңдік, əділеттілік, еркіндік сияқты құндылықтарымен астасып жатыр. Азаматтық қоғамда негізгі басымдық — заңның үстемдік етуі. Осы тұста тұлғаның еркіндігі, оның көзқарасы мен əртүрлі мүдделеріне мемлекеттің қол сұқпауы, азаматтық қоғамның ұстанымдарын көрсетеді. Күннен күнге азаматтық қоғам институттарына қажеттілік артып келе жатқандығының өзі тақырыптың өзекті екендігін көрсетеді. Демек, адамның жеке дара құқығы мен оның ар-ождан бостандығы басты орынға қойылатын құқықтық мемлекет ұғымымен тығыз байланыстылығын айтып өту орынды. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, саяси жүйедегі жаңа сайлау жүйесін қалыптастыру қоғам мен билік арасындағы қордаланған мəселелерді тиімді де нəтижелі шешуге болатындығына бағыт берді. Ал, оның саяси мəні саяси мəселелердің өзіндік ерекшелікте болуынан, билік пен қоғамның өзара бейімделуіне қажеттіліктің туындауынан, азаматтық қоғам қалыптастырудағы алғышарттардың негізделуінен, жеке тұлғаның рөлінің артуынан, ортақ мүдде үшін əлеуметтік-саяси институттар қызметінің бірлесіп əрекет етуінен айқындалды.

Зерттеу əдістері

Зерттеу барысында, салыстырмалы, тарихи, жүйелеу, талдау, əлеуметтік, болжамдық, ғылыми объективтілік тəсілдері қолданылды. Теориялық тұрғыдағы зерттеулермен қатар, тəжірибеде орын алып жатқан əлеуметтік-саяси құбылыстармен байланыстыра отырып, соның негізінде зерттеу жұмысы орындалды.

*Хат-хабарларға арналған автор. E-mail: imanbayeva1804@mail.ru (А.А Иманбаева)

Нəтижелер жəне оларды талқылау

Ең алдымен азаматтық қоғам ұғымына анықтама беріп өтсек: Азаматтық қоғам — саяси үкіметке тəуелсіз жұмыс істейтін жəне оған ықпал жасауға қабілетті əлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен əлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мəні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын жəне маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дəлме-дəл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, əлеуметтік дамудың талаптарына сəйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы əртүрлі көзқарастар, əртүрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен əлемдік əлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды əлеуметтік əмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық-демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады [1].

Азаматтық қоғамның кең жəне тар мағынасы бар. Кең мағынасында азаматтық қоғам ұғымы мемлекетке тəуелді емес ұйымдардан тұрады. Яғни мемлекетке тəуелсіз ұғымды білдіреді. Ал, тар мағынасында құқықтық мемлекет ұғымымен тығыз байланысты болып келеді [2; 255]. Демек азаматтық қоғам деп біздіңше, адамдардың өздері құрған əртүрлі ұйымдарымен олардың мемлекетке бағынышты емес, керісінше өз позициясының дұрыстығымен мемлекеттің адамдар алдында есеп беруін қадағалайтын жəне талап ететін, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына түрткі болатын бағыт- бағдардан тұратын бірлестіктер деп айтуға болады. Жалпы азаматтық қоғамның міндеті, мақсаты, институттары жəне олардың тиімділігін арттыру жолдарын төмендегі келтірілген мəліметтерден көреміз.

Азаматтық қоғамның мiндетi — жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның əр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау əрi оның iшкi жəне сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады. Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кəсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық жəне ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.

Сонымен қатар, тұжырымдамада мынандай мəселелер қамтылған: үкiметтiк емес ұйымдар сегментiнде мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру тетiгiн жетiлдiру мен оның ашықтығын қамтамасыз ету, оны iске асыру тетiгi мен рəсiмдерiн жақсарту, үкіметтік емес ұйымдардың басым əлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларды айқындауға қатысуы мəселелерiн көздеу қажет. Алда халықаралық стандарттарды ескере отырып, азаматтардың бейресми бiрлестiктерiнiң мəртебесi туралы мəселенi шешу, оның iшiнде тiркеу тəртiбiн жетiлдiру тұр. Елдiң коммерциялық секторы мен iрi бизнесiн үкіметтік емес ұйымдар жобаларын қаржыландыруға ынталандыратын нормативтiк құқықтық база жасаудың маңызы зор. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара iс-қимыл процесiн тұтастай тереңдету, əсiресе өңiрлер мен ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдар бөлiгiн дамытуды қолдаудың институционалдық жəне ұйымдық базасын нығайту қажет.

Саяси партиялардың алдында мiндеттердiң сапалы жаңа дейгейi тұр. Олардың қоғамдық-саяси өмiрдегi жəне мемлекеттiк басқарудағы рөлiнiң артып келе жатқанын ескере отырып, əсiресе олардың өкiлеттiктерiн кеңейту, мемлекеттiк тiркеу процесiн оңайлату, тiркеу құжаттарын тексерудiң ашық тетiгiн əзiрлеу мен енгiзу, бiрiктiру, қосылу жəне басқаларын заңнамалық реттеу тетiктерiн жетiлдiру бөлiгiнде тиiстi заңнаманы жетiлдiру қажет.

Кəсiптік одақтар мемлекеттiң əлеуметтiк-экономикалық саясатын əзiрлеуге жəне iске асыруға белсене қатысуға тиiс. Бұл үшiн ұлттық заңнаманы Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық конвенцияларын ескере отырып дамыту маңызды. Тұтастай алғанда, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер еңбекшiлер құқықтарын қорғаудың пəрмендi тетiгiне айналуына, ал еңбек заңнамасының меншiк нысанына қарамастан, барлық кəсiпорындарда сақталуына жəне қажет болған жағдайда кəсiподақтардың өз құқықтарын наразылық нысанында iске асыра алуына қол жеткiзу қажет.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласы отандық теледидар мен радионың, газеттер мен журналдардың бəсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн экономикалық ынталандыруды көздейтiн тиiмдi заңнама жасауды талап етедi. Ақпараттық саясатқа мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде бюджет қаражатын орналастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, ақпараттық сала үшiн кадрлар даярлаудың, журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық қорғалу деңгейiн арттыруға, ақпарат алуға құқықтың сақталу ахуалын жақсартуға байланысты мəселелер кешенiн шешу қажет.

Дiни бiрлестiктер бөлiгiнде құқыққа қайшы iс-əрекет жасау үшiн дiндi пайдалануға жол бермеу мақсатында бұдан əрi де қажеттi жағдайлар жасау қажет. Алда дiни бiрлестiктердiң ерекшелiктерi ескерiлетiн жəне дiни экстремизмнiң алдын алуға, жастардың, əсiресе шетелде дiни бiлiм алуын мемлекеттiк бақылаудың тиiмдi жүйесiн құруға, өз қатарына отандастарды мəжбүрлеп тартып, күш қолдану жəне психологиялық қысым көрсету жолымен алаяқтықпен айналысатын сектанттық ұйымдар қызметiнiң жолын кесуге бағытталған ұйымдық жəне құқықтық шаралар кешенiн қабылдау керек [3]. Байқағанымыздай, азаматтық қоғам институттарының ауқымы өте кең. Қабылданған тұжырымдамада үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жетілдіру жəне олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мəселелері көзделген. Көрсетілген мəселелер кезең-кезеңімен күні бүгінге дейін жүзеге асырылып келеді.

Ал, еліміздегі азаматтық қоғам мəселесіне келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабының 1-пунктінде: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [4;10] деп нақтылы көрсетілген. Демек, мемлекет аумағында өмір сүріп отырған азаматтардың сөз бостандығы мен еркіндіктерінің болуы, жеке тұлға ретінде кез келген кəсіппен айналысуға жəне билікпен өзара байланысқа түсуге толыққанды құқылы екендігін көрсетеді. Яғни, бұл дегеніміз заң үстемдік еткен қоғамда тұлғаның мүмкіндігінің мол екендігінің көрсеткіші.

Шындығына келгенде, Қазақстанда 1990 жылдардың алғашқы кезеңінде азаматтық қоғам ұғымын азаматтар толыққанды түсінген жоқ. Оған бірінші кезекте түсіндіру жұмыстары мен ғылыми зерттеулердің жеткіліксіздігі себеп болды деп есептейміз. Яғни, насихатталу мен ақпараттандыру жағы аз болды. Көбінесе шетелдік ғылымнан келген бұл ұғым бірден Қазақстанға тарала кеткен жоқ, дегенмен оның бастапқы қадамдары сол кездерден бастап елімізде іргетасын қалады.

Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тəуелсiз кəсiподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық жəне дiни бiрлестiктер, саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. «Невада—Семей» қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды. 1990 жылдардың басында əлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негiзде шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28 түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi. 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентi əлеуметтiк-экономикалық жəне еңбек қатынастары саласындағы əлеуметтiк серiктестiк жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға жəне əлеуметтiк серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы болды.

Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi жəне тиiсiнше, елдiң партиялық жүйесiнiң одан əрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» жəне «Саяси партиялар туралы» Заңдарының қабылдануына ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мəдени орталықтар белсендi дами бастады. Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн iргетасқа айналды [5]. Азаматтық қоғам институттарына — жоғарыда көрсеткендей саяси партияларда жататыны белгілі. Жақында ғана елімізде 2021 жылдың қаңтар айында өткен ҚР-ның Парламентінің төменгі палатасы Мəжіліске депутаттыққа партиялық тізім бойынша сайланған болатын. Сайлауға елімізде танымал 5 партия қатысып, депутаттық мандат үшін саяси күрес жүргізді. Олар: «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Адал» партиясы, Қазақстан Халық партиясы. Біздіңше, сайлауға түскен саяси партиялардың көпшілігінің жеңіліске ұшырауы, саяси бағдарламалары мен мақсаттарының айқын еместігінде немесе ұқсастығында. Халық саяси партиялардың аттарын есте сақтағанымен, олардың бағдарламалары нақты болмағандықтан, оларды қолдауға аса мəн бермейді. Сол себепті саяси партиялар халық арасында саяси қолдауды жоғалтады.

Біздіңше, Қазақстандағы саяси партиялар арасындағы саяси бəсекелестік əлі де жоғары дəрежеге жете қойған жоқ. Себебі, саяси партиялар біздің мемлекетімізде қоғаммен байланысқа тек, сайлау алды науқан кезінде ғана байланысқа түседі де, одан кейін халықпен байланыс азаяды. Сондықтан, халықта саяси партияларға сеніммен емес, күдікпен қарап сенімсіздік танытатыны белгілі. Сондай-ақ, сайлау алды науқан кезінде ғана саяси партиялардың бағдарламаларымен таныс болады да, басқа уақыттарда қандай партиялардың бар екендігінен мүлдем хабарсыз қалады. Азаматтық қоғамда азаматтар нақты таңдау жасау үшін, өзіне қажетті саяси партиялардың өз мүдделеріне сай келетіндігінен алдын ала хабардар болып, дұрыс таңдау жасау мүмкіндігіне ие болады.

Біздің еліміздегі саяси партиялардың қоғаммен қарым-қатынасын сайлау мерзіміндегі дауыс беру процесінен де байқауға болады. Қазақстан азаматтарының сайлауға қатыспауын анықтау күрделі мəселе екені ғалымдарды толғандыруда. Сайлауға қатыспау процесі басқа да елдердің тəжірибелерін де орын алатын қалыпты жағдай. Сол себепті сайлауға қатыспаудың нақты бір анықтамасы мен дəлелі жоқ. Дегенмен, сайлауға қатыспау арқылы біріншіден, мемлекет азаматтары өздерінің билікке деген қарсылығын көрсетсе, екіншіден, өз дауыстарының саяси шешім шығаруға ықпал ететіндігіне сенімсіздікпен қарайтындығын да анықтайды. Демек, сайлауға қатыспау демократиялық ұстанымдарды нығайтуға бет бұрған елдер үшін қауіп тудыратын жағдай деуге де тұрарлық. Заң шығару процесіне де азаматтық қоғам ұйымдары ықпал ете алуы тиіс. Тек сол кезде қоғам мен билік арасындағы екіжақты тиімді өзара байланыс орнайтындығына сенім қалыптастырады.

Дəл қазіргі таңда еліміздегі азаматтық қоғам институттарына жататын тағы бір ұйым — Қазақстан азаматтық альянсын айтуға болады. Қазақстан азаматтық альянсы еліміздегі 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіріп отырған республика деңгейіндегі үлкен бір бірлестік болып табылады. Ұйымның мақсаты — қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың мүдделерін қорғау жəне білдіру, түрлі деңгейде — бизнес құрылымдар, əкімшіліктер, Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдарға олардың мүдделерін жеткізу. Сонымен қатар еліміздегі жемқорлықпен күрес, үкіметтік емес ұйымдар желісін көбейту, Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың байланыстарын күшейту жəне үкіметтік емес ұйымдардың корпоративтік этикасын дамытумен шұғылданады. Бұл ұйымның қызметі соңғы кезде жанданып келе жатқандығын күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарының мəліметтерінен байқауға болады. Мəселен, Қазақстан азаматтық альянсының əр қалаларда өткізген форумдары мен ондағы күн тəртібінде көтерілген өзекті мəселелер, азаматтық қоғам мүдделерін білдіреді. Дегенмен, ұйымның қызметін əліде болса жандандыру шаралары қажет. Сонда ғана бізде азаматтық қоғам ұйымдарының тиімді жұмыс нəтижелерін көреміз. Үкіметтік емес ұйымдардың ішінде, елімізде қоғам мен билік арасындағы мəселені көтеретін қоғамдық-саяси бағыттағы ұйымдар аз деуге болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда танымалдыққа ие болып тұрған əлеуметтік бағыттағы ұйымдардың қызметі екені жасырын емес, соның ішінде қайырымдылық қорлары мен еріктілер одағы екендігі мəлім. Əсіресе, бүкіл əлемді пандемия жайлаған кезде, бұл ұйымдардың қызметтері жандана түсті. Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың өзі 2020 жылды «Волонтерлер жылы!» деп жариялауының өзі, азаматтық қоғам ұйымдарына елімізде басымдық беріп келе жатқандығының нақты бір дəлелі екендігін көрсетті.

Мемлекетіміздегі азаматтық қоғам институттарының қызметін келешекте де белсенділігін арттыру мақсатында Тұжырымдамалар қабылданды. Онда мынадай мəселелер нақты көрсетілді:

Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес Қазақстан халқы өзін еркіндік, теңдік жəне келісім мұраттарын ұстанатын, əлемдік қоғамдастықта лайықты орын алуды қалайтын бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғынады.

Қазақстанның негіз қалаушы қағидаттары — қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, патриотизм жəне мемлекет əмірінің аса маңызды мəселелерін демократиялық əдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы əзірленді.

Тұжырымдамада азаматтық қоғамды жəне оның институттарын дамыту үшін жағдайлар жасау, идеологиялық жəне саяси əр алуандылық пен бəсекелестікті, пікірлердің плюрализмі, азаматтық белсенділік нысандары мен əдістерінің əртүрлі болуын ескере отырып, мемлекет пен қоғамның түйінді міндеттерін толыққанды шешу мақсатында оларды талқылауға азаматтарды тарту жөніндегі шаралар бекітіледі.

Азаматтық қоғам Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде бекітілген пікір білдіру жəне бейбіт жиналыстар еркіндігі құқықтарын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, құқықтық, демократиялық, əлеуметтік мемлекет құрудың негізгі шарттарының бірі бола отырып, мемлекетпен жəне бизнеспен тең құқылы əрі сындарлы əріптестікке негізделуге тиіс [6]. Сондықтан, еліміздегі азаматтық қоғамды дамыту мақсатында əртүрлі шаралар жүргізілуі қажет. Ол еліміздегі реформалармен қатар жүргізілсе тиімдірек болып табылады. Қоғамдағы азаматтардың билікке ықпал ете алатындығына жəне билікті қоғамның пікірімен санаса отырып қалыптастыра алатындығына сенімді қалыптастыру үшін еліміздегі азаматтық қоғам институттары дұрыс қызметтер атқаруы тиіс. Азаматтық қоғам бір кезеңде қалыптасып кететін процесс емес, оның қалыптасуы мен дамуы ұзақ кезеңдерден тұратын күрделі процесс. Осыған орай, еліміздегі азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуын біз мынадай кезеңдерге бөліп қарастырамыз:

Бірінші кезең, 1991–2000 жылдар азаматтық қоғам ұғымының Қазақстандағы алғашқы қадам басқан кезеңі. Демократиялық принциптерді ұстана отырып, жаңаша бағыттардың заңдық базасының қалыптасуы.

Екінші кезең, 2000–2010 жылдар аралығы. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын жандандыру кезеңі. Əртүрлі қайырымдылық қорлары мен бизнесті дамытуға бағытталған бірлестіктер мен ұйымдардың қалыптасуы.

Үшінші кезең, 2010–2021 жылдар аралығы. Азаматтық қоғамды дамытудың жаңаша бағдарламалары мен тұжырымдамаларын қамтиды. Мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарды қолдауы, бірлестіктер саны мен сапасының арту кезеңі.

Билік пен азаматтық қоғам бірін-бірі өзара толықтыратындықтан, олардың ынтымақтастығы мынадай өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделуге, бірақ олармен шектелмеуге тиіс:

  • қоғамның экономикалық, саяси жəне идеологиялық плюрализмін мемлекеттің тануы;
  • мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын ең қымбат құндылық деп тануы жəне оны қорғауы, мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы.
  • мемлекеттік органдар азаматтардың жəне олардың бірлестіктерінің конституциялық тəртіп шеңберінде өз алдарына дербес мақсат қою жəне өз қызметін басқару құқығын құрметтейді;
  • азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара міндеттері мен жауапкершілігінің болуы. Қоғамдық мүдделер пайдасындағы қызмет азаматтар бірлестіктерінен де, мемлекеттік органдар институттарынан да ашықтықты, жауапкершілік сезімін жəне өз қызметі мен оған жұмсалатын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп беруге əзірлікті талап етеді;
  • қоғам мен мемлекеттің зорлық-зомбылық жəне заңсыз іс-əрекеттерді пайдаланудан өзара бас тартуы;
  • азаматтар бірлестіктері мен мемлекеттік органдардың орынды ынтымақтастықты жүзеге асыруға жəне қоғам мүдделеріне сəйкес іс-қимылдарды жақсарту үшін міндеттерді бөлуге мүмкіндік беретін əріптестігі;
  • азаматтық бастаманың саяси тəуелсіздігі. Азаматтардың бірлестіктері өз қызметі бойынша заң шеңберінде еркін жəне тəуелсіз болып табылады. Бюджеттер жəне жария сектор қорлары есебінен азаматтық бастаманы қолдау кезінде саяси сипаттағы шектеулерден аулақ болу керек;
  • сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, мемлекеттік органдар азаматтардың бірлестіктері қатарынан ынтымақтастық бойынша шарттық əріптестерді таңдаған, сондай-ақ жария қызметтер көрсеткен жəне азаматтар бірлестіктеріне өзге де міндеттерді берген кезде сыбайлас жемқорлық тəуекелін жоққа шығаруға ықпал етеді [6]. Биліктен халықтың шеттетілуі, билікке деген қоғамның сенім артпайтындығын көрсетеді. Сол себептен, билік қоғаммен арақатынасты қалыпқа келтіруде кері байланыс құралдарын жеткілікті түрде пайдалануы тиіс деп ойлаймыз. Яғни, сөзден іске көшетін кезең жетті. Саясат сахнасындағы субъектілердің халықтың талап-тілектерін ескеріп, нақты шешімдер қабылдауы заңды құбылыс болып қалыптасуы тиіс. Билік пен қоғам арасындағы арақатынас тең дəрежеде өрбіген кезде ғана, біз демократиялық принциптерді нығайтуға, азаматтық қоғамды дамытуға бет бұрдық деп айтуға болады деген ойдамыз.

Сонымен азаматтық қоғам демократиялық принциптерді ұстана отырып, мемлекеттің дұрыс бағытта дамуына ықпалын тигізеді деп нақты айта аламыз. Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамаларында көрсетілген мəселелер біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Өйткені, азаматтық қоғамды бір күнде орнату мүмкін емес мəселе. Дегенмен, азаматтық қоғамның қалыптасуы өте ұзаққа да созылмауы керек, оның дұрыс қалыптасуына əр азамат үлес қосқанда ғана тиімді нəтижелер болады. Келмеске кеткен кеңестік ұстанымдарды қолданудың қазіргі таңда еш маңызы жоқ, яғни мен билікте менің айтқаным болады емес, керісінше мемлекеттің азаматы бола отырып, оның билікке заңды түрде ықпал ете алатындығының көрсеткіші болуы керек. Қоғамдағы кез келген азамат азаматтық қоғамның қалыптасып, дамуына ықпал ете алатындығына сенімді болуы керек. Себебі, заң үстемдік ететін мемлекетте бірінші кезекте тұлғаның еркіндігі мен бостандығы, пікір алуандығы, ашықтық сияқты ұстанымдар алға шығады.

Қорытынды

Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасып, одан əрі дамуына ықпал ету үшін қарапайым азаматтардың билікке деген сенімін қалыптастыру қажет болып табылады. Билік азаматтардың пікірімен санаса отырып тиімді заңдар шығарып, шешімдер қабылдайтын болса ішкі саясатта кері байланыс дұрыс бағытты қалыптастыра алады. Азаматтық қоғамда оның мүшелері мемлекеттен тəуелсіз болады деген сөз заңға қайшы келу дегенді білдірмейді. Керісінше заң үстемдік ете отырып екі тараптың бірлесе отырып жұмыстар атқаруы, азаматтық қоғамның тиімді нəтижелерін көрсетеді деп білеміз. Қазақстанда азаматтық қоғам мəселесі ғылыми жағынан құқықтық, тарихи- философиялық тұрғысынан зерттелу үстінде, саяси тұрғыдан əлі де болса да ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Отандық ғылымда азаматтық қоғам мəселесі тақырыптарына қатысты шешілмеген мəселелер өте көп. Солардың бірі, үкіметтік емес ұйымдардың əрқайсысын жеке зерделеудің өзі өзекті мəселелерден тұрады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Азаматтық қоғам [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://kk.wikipedia.
  2. Пугачев В.П. Введение в политологию / В.П. Пугачев, А.И. Соловьев. — М.: Аспект Пресс, 2005. — 477 с.
  3. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығы. — [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Жеті Жарғы, 2005. — 192 б.
  5. Турлаев А.В. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы / А.В. Турлаев, А.Б. Шакирова. — [Электрондық ресурс] — Қолжетімділік тəртібі: https://articlekz.com/.
  6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 341 қаулысы. «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы — [Электрондық ресурс] — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.