Балалардың күйік жарақатына шалдығуы, қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. ДДСҰ мәліметі бойынша, Еуропа елдерінде күйік барлық жарақат алған балалар өлімінің 3 орын алады. Балалардың күйік жарақаты медициналық қана емес, әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселе болуда. Зерттеуде, 2020-2021 жылдары күйік жарақатымен ОКБА 0-14 жас аралығында, әр түрлі дәрежеде күйік жарақатына шалдығып, ем қабылдаған 843 балалар алынып, онда ауруға шалдығудың себеп-салдары талданды. Нәтижесінде, орын алған күйік жарақатының басым бөлігі тұрмыстық жағдайда, 0-2 жастағы балаларда ыстық сұйықтық, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда ашық от жалыны мен химиялық заттар әсерінде, ата-аналар мен жауапты қызметкерлердің қарауынсыз қалған мерзімінде орын алатыны айқындалады.
Кілт сөздер: күйік жарақаты, термиялық күйік, жас балалар
Жұмыстың өзектілігі: Күйік – бұл терінің немесе басқада органикалық тіндердің жоғарғы температура және сәулеленудің, радиацияның, электр тоғының, сондай-ақ химиялық улы заттардың денеге тию әсерінде орын алған жарақат. Бүгінге, әлемдік қоғамның индустриализация- сы барысында, сәбилер мен балалардың абайсызда күйік жарақатына шалдығуы, жаңа медицина- лық-әлеуметтік маңызға айналуда. Онда қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдарының негізгіде және күрделі мәселесінің бірі ретінде, 0-14 жасқа дейінгі балаларда орын алатын күйік жарақатының профилактикалық іс-шаралары ұстанымдарын қарастыру болмақ [1,2].
ДДСҰ мәліметінше, әлемде күйік жарақаты әр жылда 180 мың. жағдайда адам өлім-жітімі себепшісі болып, орын алған жарақаттардың шамамен 6% тек, термиялық күйік жарақатының үлесіне тесілі [3]. Еуропада күйік барлық жарақат алған балалардың өлім-жітім себебі ретінде 3 орынды болса [3,4], Ресейде балалардың күйіктен өлім-жітім көрсеткіші 1,2-10% құрайды [5,6]. Адам өлімсіз орын алған күйік жарақаты, ауруға шалдыққан науқастың ұзақ мерзімде емделуінің, тәнге сүйкімсіз дене тыртықтарының, тіптен науқастың мүгедектікке шалдығуы негізгі себептері болмақ [7,8].
Дүниежүзілік ДСҰ ұсынған, «Күйік жарақатын алдын алудың әлемдік стратегиясы» аясында, елімізде балалар мен жасөспірімдер арасында күйік жарақатының нақты орын алуы мүмкін қауіп-қатер факторларын алдын алуға және болдырмауға, қауіпті топ қатарындағы халықты күйік жарақаты, ондағы алғашқы кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету қағидалары жөнінде ақпараттандыру шараларын енгізу қарастырылған. Аталған іс-шараларды тәжірибе жүзінде енгізу алды, Шымкент қаласы 0-14 жасқа дейінгі балалар арасында күйік жарақатының тіркелуінің әлеуметтік-тұрмыстық себеп-салдарын, ондағы ата-аналарының іс әрекеттеріне сипаттама беру, оған талдау жасау маңызды болмақ және бұл осы зерттеу жұмысының мақсаты болды.
Зерттеу нысандары мен әдістері: Шымкент қаласында 2020-2021 жылдары аралығында, 014 жастағы балалардың күйік жарақатынан зардап шегу жағдайында медициналық көмекке жүгінген 2342 науқастың, оның ішінде ОКБА «реанимация» және «күйік» бөлімшесінде ем қабылдаған 843 науқастың медициналық құжаттары бойынша клиника-статистикалық және науқас балалардың ата-аналарына арнайы дайындалған сауалнама бойынша әлеуметтік-статистикалық зерттеулер жүргізілді. Зерттеудің нәтижелері вариациялық статистика және корреляциялық әдістерінде бағаланды.
Зерттеу нәтижесі мен оны талдау: Зерттеуіміздің, 2020-2021 жылдары, Шымкент қаласының 0-14 жас аралығындағы күйік жарақатына шалдыққан балалардың абсолюттік саны 2342 науқасты құраған. Онда алған жарақатың ауырлығына байланысты 1499 (64,1%) науқасы
амбулаториялық емді және 843 (35,9%) науқасы ОКБА реанимация және күйік бөлімшесінде стационарлық емді қабылдаған. 2020 жылы күйік жарақатын 1356 науқас алса, оның 878 (37,6%) амбулаториялық емді және 478 (20,4%) стационарлық жағдайда, сәйкесінше 2021 жылы 986 балалар жарақаттанса, оның 621 (26,5%) амбулаториялық, 365 (15,5%) стационарлық жағдайда ем қабылдағандар болып қалыптасқан (кесте 1).
Кесте 1 – 2020-2021 жылдары күйік жарақатын алған 0-14 жастағы балалардың ем қабылдау көрсеткіші
Зерттеу жылдары |
Науқастар саны |
Тағайындалған емнің түрі (абс. жағдай) |
|
Амбулаториялық |
стационарлық |
||
2020 жыл |
1356 |
878 (37,6%) |
478 (20,4%) |
2021 жыл |
986 |
621 (26,5%) |
365 (15,5%) |
Барлығы |
2342 |
1499 (64,1%) |
843 (35,9%) |
Науқастардың басым бөлігі 2149 (91,7%) дененің термиялық күйік жарақатын және кемінде 193 (8,3%) химиялық күйік жарақатын алған. Ондағы 2342 науқас балалардың топтық құрылымы бойынша, 1028 (43,9%) үйде тәрбиеленетін ұйымдаспаған топтың балалары, 592 (25,3%) ұйымдасқан топтың, яғни бала-бақшаға баратын және 722 (30,8 %) жалпы білім беру ұйымында тәрбиеленетін балаларды құраған. Амбулаториялық ем қабылдап жүрген балалардың 681 (45,4%) ұйымдаспаған топтың, ал 423 (28,2%) бала бақшаға және 395 (26,4%) мектепке баратын балалар болып, ал стационарлық ем қабылдаған балалардың 347 (41,2%) ұйымдаспаған топтың және ұйымдасқан топтың 169 (20,0%) бала бақшаға, 327(38,8%) мектепке баратын балалар болды.
Күйік жарақатына шалдыққан науқастарға көрсетілетін кезек күттірмейтін алғашқы медициналық көмек (диагностика, емдеу тәсілін қолдану) науқастың ерте айығуына, оң әсерін туғызатыны мәлім. Зерттеуімізде жарақат алып, амбулаториялық ем тағайындалған 1499 науқастың ішінде; 6 сағат аралығында - 77,2%, 6-12 сағатта - 12,1%, 12-24 сағатта - 9,5% және 2448 сағатта - 1,2% науқасқа медициналық көмек көрсетілген, ал стационарлық ем қабылдаған 843 науқасқа; 6 сағат аралығында – 56,3%, 6-12 сағатта – 9,8%, 12-24 сағатта – 3,2%, 24-48 сағатта – 17,4% және 2 тәуліктен аса мерзімде - 13,3% мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген.
Зерттеуімізде, балалар арасында орын алған күйік жарақаты, жылдың мезгілдеріне сәйкес балалардың сабақтан тыс демалыс мерзімдерінде тіркелген және ондағы аурушаңдық 31,3% жаз мезгіліне, 25,6% күз мезгіліне және 24,5% жылдың көктемгі мезгілінде, ал ең кемі 18,6% жылдың қыс мезгілінде орын алған. Бұл жағдайлар балалардың демалыс мезгілінде, ата-аналар мен үлкен кісілердің қарауынсыз қалуымен байланыстыруға болады. Сондай-ақ, орын алған жарақаттардың тәуліктік сағаттарда, яғни күндізгі сағат 12.00-18.00 аралығында - 1096 (46,8%) науқаста, ал 824 (35,2%) науқаста сағат 6.00-12.00 аралығында және кемінде кешкі сағат 18.00-24.00 аралығында - 171 (7,3%) және түнгі сағат 24.00-6.00 аралығында тіркелуі, оған дәлелді жағдайды айқындайды.
Күйік жарақатына шалдыққан 2342 балалар арасында, ұл балаларының жарақаттануы 57,3% болып, қыз балаларына (42,7%) қарағанда анағұрлым артық тіркелуі, ұл балаларының зеректілігі мен белсенділігімен сипатталады. Жарақаттанудың ауырлығы, оның көлемі мен күйіктің орналасуы, тіндердің жарақаттану тереңдігі көбіне балалардың жасына байланысты болып келуде. Оған науқастардың жасына байланысты жүргізілген талдау көрсетеді, онда ерте жастағы сәбилер мен балалардың, яғни 0 жастан 2 жасқа дейінгі балаларда термиялық күйік жарақатының орын алуы - 41,1% құраған және 24,1% мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушылары 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар арасында, сәйкесінше 20,0% 3 жастан 6 жас аралығындағы балаларда және төменгі көрсеткіште мектеп жасындағы жоғарғы сынып 11 жастан 14 жас аралығындағы оқушылар арасында - 14,8% тіркелуі байқалды.
Күйік жарақатының орын алу себебін талқылауда, науқас балаларда химиялық күйік жарақатынан қарағанда, алдыңғы қатарда термиялық күйік тіркелу жағдайы орын алады. Бұл келеңсіз жағдайлар жаңа туылған сәбиден 2 жасқа дейінгі балаларда - 93,3% ыстық сұйықтық, ал қызып тұрған заттар - 6,2 % және қондырғылардағы электр тоғы - 0,5% себепкер болған (сурет 2).
2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларда - 89,2% ыстық сұйықтық, қызып тұрған заттар - 5,5%, ашық от жалыны - 4,8% және қондырғылардағы электр тоғы - 0,5% себепкер болған, ал 4 жастан 7 жасқа дейінгі балаларда - 54,6% ыстық сұйықтық, қызып тұрған заттар - 11,6%, ашық от жалыны - 24,6% және қондырғылардағы электр тоғы - 6,1%, сондай-ақ тұрмыстық химиялық заттар - 0,8% себепкер болған. Сәйкесінше, 7 жастан 10 жасқа дейінгі мектептің балаларда - 28,6% ыстық сұйықтық, қызып тұрған заттар - 6,4%, ашық от жалыны - 37,4%, ыстық бу - 3,4%, қондырғылардағы электр тоғы - 7,4% сондай-ақ тұрмыстық химиялық заттар - 2,5% және қышқылдар мен сілтілер - 14,3% себепкер болған. 10 жастан 14 жасқа дейінгі мектептің балаларда - 22,6% ыстық сұйықтық, 3,2% қызып тұрған заттар, ашық от жалыны - 42,8%, ыстық бу - 4,8%, қондырғылардағы электр тоғы - 4,1% сондай-ақ тұрмыстық химиялық заттар - 15,3% және
79
қышқылдар мен сілтілер - 7,2% себепкер болғаны анықталады және топтағы балалардың жастық психофизиологиялық ерекшеліктерімен тікелей байланыста болатыны анықталады.
Науқастарда орын алған күйік жарақатының орналасуы, басымдылықта бір мезгілде түрлі дене мүшелерінің тері жабындыларының жарақаттануы - 64,8%, аяқ пен табанның жарақаттануы - 16,4% және қол мен алақанның жарақаттануы - 12,3%, оның ішінде жеке саусақтардың жарақаттануы - 67,5% құрайды. Сәйкесінше, дене мүшесінің тері жабындысының жарақаттануы 4,1% және бастың түкті терісі, бет пен майын мүшелерінің жарақаттануы - 2,4% орын алғаны айқындалады.
Күйік жарақатының ауырлығы мен орналасуына, ішкі тіндерді зақымдау тереңдігіне т.б. байланысты, 4 дәрежеге бөлінеді, Зерттеуімізде, І дәрежелі күйікке шалдыққан 75,2% науқас балалар анықталып, денеде (эпидермиялық күйік) қысқа немесе төмен қарқынды экспозицияның салдарынан беткі тері қабатының зақымдалуы орын алады. ІІ дәрежелі күйікке шалдыққандар саны 22,3% құрады, онда клиникалық белгісі ретінде беткейлік терінің күйдіруі, эпидермиялық некрозбен жалғасуы, сұйықтық жинақталған бөртпенің, тері жабындысының ісінуі орын алған. Ал, ІІІ дәрежелі күйікке шалдыққандар саны 2,5% құрап, оның ішінде III a дәрежесі - 1,5% науқаста, терінің базальды қабатын зақымдалуымен және III b дәрежесі - 1,0% науқаста, терінің бүкіл қалыңдығына және тері асты қабатының некрозы орын алуымен сипатталды. Алайда, күйік жарақатын алған науқас балалар арасында, IV дәрежелі күйік немесе субфассиялық күйіктің орын алмауы, бізге қуантарлық жағдай болды.
Қорытынды: Шымкент қаласының 0 жастан 14 жасқа дейінгі балалары арасында орын алған күйік жарақатының басым бөлігі, тұрмыстық күйікпен сипатталады. Ауруханаға жатқызылып ем тағайындалған балалардың көбінде (41,1%) төменгі жастағы балаларды құрайды. Күйіктің себебі, зақымдаушы агенттің түрлері балалардың жасына тікелей байланыста болады. Сәбилер мен 2 жасқа дейінгі балаларда, бірінші орынға ыстық сұйықтықтан орын алған күйік, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда ашық от жалыны мен химиялық агенттер әсерінде алынған күйіктер саны артады.
Зерттеуде алынған нәтижелер, 0-14 жастағы балаларға арналған «күйік жарақатын алдын алудың» кешенді іс-шараларын қарастыруды қажет етеді. Мәселені шешуде ата-аналарды, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарын бірге жұмылдырып, жұмыс атқаруын ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігі болады.
80
- Нуштаев И.А., Нуштаев А.В. Социально-медицинские аспекты ожогов у детей // Детская хирургия, – 2019, – №2, – С.22-24.
- Глуткин А.В., Ковальчук В.И. Термический ожог кожи у детей раннего возраста (опыт эксперимента и клиники). Гродно: ГрГМУ, – 2016, – 180 с.
- Сахаров С.П. Эпидемиология детского ожогового травматизма // Детская хирургия, – 2013, – №2, – С.29-31.
- Ханенко О.Ф. Причины ожоговой травмы у детей // Здравоохраение, – 2019, – №2, – С.7880.
- Занина И.А., Раздорская И.М., Чембарцева И.В.2 Медико-социальные аспекты ожогового травматизма у детей // Здоровье и образование в XXI веке, – 2018, – № 3, – Т.10, – С.1449-1450.
- Ожоги мирного времени, источники опасности / В.А. Соколов, Н.А. Ефименко, А.Л. Адмакин, С.А. Петрачков, А.А. Степаненко // Клиническая медицина, – 2015, – №6, – С.30-35.
- Интенсивная терапия при обширных термических ожогах у детей / Т.А. Джумабеков, У.Е. Маханова, У.С. Солтанбекова, К.Д. Стыбаев // – Медицина, – 2018, – №4 (190), – С.7-9.
- Шайдебеков Д.Р. Медицинская помощь детям с химическими ожогами пищевода // Бюллетень наука и практика, – 2019, – №3, – С.81-85.