Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Вакцинация: ата-аналардың көзқарасы

Өзектілігі. Вакцинопрофилактика - дамыған және дамушы елдер халқының барлық әлеуметтік топтарындағы инфекциялық ауруларды бақылаудың неғұрлым қолжетімді және экономикалық тиімді құралы. Бұрын жаппай вакцинациялаудың мақсаты балалардың инфекциялық аурулармен сырқаттану- шылығын төмендету және олардың салдарынан болатын өлімді азайту болса, қазіргі уақытта қол жеткізілген эпидемиялық салауаттылықты сақтау болып табылады[1]. ДДҰ-ның пікірінше, қазіргі уақытта иммундау жылына шамамен 2-ден 3 миллионға дейін өлімнің алдын-алуға мүмкіндік береді [2]. Жиі ауыратын балаларда вакцинациядан бас тартудың себебі ата-аналардың вакцинацияға деген теріс көзқарасы болып табылады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша вакцинациямен қамтудың тиісті шамасына қол жеткізілмегендігін айтып өткен жөн Көрсеткіштің төмен болуы Коронавирус пандемиясының әсерінен 2020 жылғы наурыздан мамырға дейін төтенше жағдай режимін енгізумен байланыстыруға болады. Биыл өңірлерде жоспарлы контингентті иммундаумен қамту, сондай-ақ өткен жылы вакцинацияны өткізіп алған адамдарды вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцинамен қамтылатындардың қатарынан 24 976 адам профилактикалық егуден бас тартты, олардың 58% – жеке сенімдері бойынша, 23,2% – діни сенімдері бойынша, 12,8% – вакциналарға сенімсіздіктен, 6% – БАҚ-тағы теріс ақпарат нәтижесі бойынша. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында вакцинациядан бас тартудың 3417 жағдайы тіркелген[2].

.Халықтың вакцинацияға деген теріс көзқарасы көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарында мақсатты тақырыптық медициналық-әлеуметтік жарнаманың болмауына және санитариялық ағарту жұмысының жеткіліксіздігіне байланысты екенін атап өткен жөн [3].

Мақсаты: ата-аналардың вакцинация туралы және егуден бас тартудың ықтимал салдары туралы пікірлері мен білімдерін анықтау, иммундау туралы ақпарат алудың барынша қолжетімді әдістерін анықтау.

Міндеттері: 1. Вакцинацияға көзқарасты және вакцинациядан бас тарту себептерін талдау. 2. Вакцинопрофилактика туралы ақпарат алудың ең танымал әдістерін анықтау.

Материал және әдістер. Балаларды вакцинациялаудан бас тарту қауіп факторларын зерттеу үшін 18 жастан 44 жасқа дейінгі 3 жасқа дейінгі балалардың 150 ата-анасы қатысты. Зерттеуге қатысқан балалардың орташа жасы - 17,16±17,59 айды құрады. Балалардың көпшілігі қыздар болды (n=52 – 78%).

Нәтижелер және оларды талқылау. Сауалнамаға қатысқандардың ішінде қала тұрғындары 60% (n=90), ауыл тұрғындары – 40% (n=60) құрайды. Респонденттер олардың тұратын жерінен емханаға дейінгі орташа қашықтық 3,25 км, ал қабылдау кезегінде күту уақыты – 17 минут екенін атап көрсеткен. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне балалардың аз бөлігі барады – 20% (n=30).

Қазіргі заманда вакцинациялаудан бас тартуы аясында вакцинациялауға сенімі туралы сұрақтардың маңыздылығы артуда және тұрғындардың вакциналау туралы ақпарат көзін алу туралы білімі, әрине, санитариялық ағарту жұмысына әсер етуі мүмкін. Респонденттердің білім деңгейлерінің сипаттамасы 1- суретте көрсетілген.

1-суреттен көріп отырғанымыздай, респонденттердің көпшілігі, әкелердің 43,5% - ы және

аналардың 37,9% - ы орта-арнаулы білімі болған. Респонденттердің аз бөлігі бастауыш (1,4% әкелер және 3,7% аналар) немесе аяқталмаған жоғары білімі (5,2% әкелер және 1,5% аналар) болған.

Ата-аналардың сауалнамаларын талдау негізінде сұралғандардың 88%-ы балаларды вакцинациялауға оң пікір, 12% - ы теріс пікір білдірді. Егуден бас тарту себептерінен 1-ші орында жанама әсерлер, вакцинациядан кейінгі асқынулардан қорқу (50,1%), 2-ші орында - "екпелер иммундық жүйені қорғамайды" (17,3%) деген пікір және егудің өзіндік теріс тәжірибесі (14,7%), 3-ші орында - "егілмеген балалар дені сау" (17,9%) деген пікірлер болды (2-сурет).

"Вакцинацияның асқынуы" ұғымын түсіну кезінде ата-аналардың 24,6%-ы бұл терминді түсінбейтіні анықталды. Ата - аналардың 22,5%-ы "вакцинацияның асқынуы" баланың жалпы жағдайының нашарлауы (әлсіздік, ұйқышылдық, летаргия және т.б.) деп санайды. Ата-аналардың 17,8% - ы

вакцинацияның асқынуы вакцинаның жанама әсерлері болуы мүмкін деп санайды, ал 15,6%-ы температураның жоғарылауы, дақтар және аллергия орын алады деп санайды. 11,1%-ы вакцинация қызба, әлсіздік, құрысулар, салдануға әкелуі мүмкін деп санайды, ал ата-аналардың 4,7% - ы вакцинациядан кейін ауру пайда болады деп ойлайды. 3,7% ата-аналар жауап беруге қиналған.

Вакцина туралы ақпарат алу әдістерін талдай келе, ата-аналар егу туралы мәліметтерді учаскелік педиатрдан – 36,4%, интернет – форумдар мен медициналық сайттардан – 30,2%, БАҚ-тан (газеттердегі, журналдардағы мақалалар, радио, теледидардағы хабарлар) - 23,6%, үгіт-насихаттың әртүрлі көрнекі құралдарынан (буклеттер және т.б.) - 9,8% алатындығы анықталды (3-сурет).

Вакцина туралы қосымша ақпарат алу үшін, респонденттер қосымша кеңес сұрап жеке дәрігер- педиатрға (52 % - 78 респондент), таныс дәрігерден кеңес алуға (32% - 48 репондент), құрбыларының кеңесін тыңдауға (40 % - 60 респондент), теледидар хабарларына (44 % - 66 респондент) және ғаламтор ақпараттарына сенуге (53 % - 78 респондент) жүгінулері мүмкін екендіктері анықталды.

Қорытындылар:

66

1. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың басым бөлігі (88%) вакцинацияны қолдайды. Вакцинациядан бас тарту көбінесе ата-аналардың вакцинация туралы білімінің жеткіліксіздігімен байланысты, бұл ата-аналарға вакцинацияның маңызы мен қажеттілігін ұғынуға мұқият қарау қажеттілігін көрсетеді.

2. Екпе туралы анағұрлым сенімді дереккөз ретінде басқа зерттеулерде расталғандай, емханадағы дәрігер- педиатр (36,4%) болып табылды. Емхана/ОДА педиатрына сенімнің жоғары көрсеткіші АМСК деңгейінде вакциналаудың пайдалылығына қатысты алдын-алу жұмыстарын белсендіру қажеттілігін дәлелдейді.

Жалпы алғанда, біздің еліміздің түрғындарында, бүкіл әлемдегі секілді, профилактикалық егулердің қажеттілігі туралы жеке пікір негізінен, БАҚ-тан, ғаламтордан, қоғамдық пікірталастардан қалыптасатындығын ескере отырып, вакцинациямен қамту деңгейін жоғарылатудың бір жолы – халыққа үгіт-насихат жұмыстарын дұрыс жүргізу арқылы осы үрдіске оң көзқарас қалыптастыру болып табылады[4]. Вакцинацияға оң көзқарас қалыптастыру функциясын қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне жүктеуге болады. Балаларды иммундау саласында бірыңғай стратегиялық саясат құру және вакцинопрофилактикаға қолайлы, оң көзқарас қалыптастыру үшін тәжірибелі маркетологтарды, компьютерлік технологтарды және PR мамандарды тарту қажет. Осылайша, ғаламтор кеңістігінде дәлелденбеген түсініксіз деректерді ғылыми негізделген ақпараттарға, жақсы суреттелген және көпшілікке қолжетімді әдеби тілде жазылған материалға немесе көрнекілігі жоғары креативті бейнероликтерге алмастыру керек.

Бұдан бөлек, халықпен ғана емес, медицина қызметкерлерімен де, ең алдымен, бастапқы буын медбикелерімен, акушерлермен, гинекологтармен және педиатрлармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту ұтымды болып табылады. Психолог пен СӨС дәрігерін санитариялық-ағарту жұмысына белсенді тарту, бұл нақты адамның бас тарту себептерін анықтауға және санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуге, ал одан әрі тіркелген халықта вакцинациядан бас тарту себептерін талдауға мүмкіндік береді. Психологпен және СӨС дәрігерімен әңгімелесу бас тартушыларды вакцинациялау қажеттілігіне сендіруге және вакцинацияға сенімді қатынасты орнатуға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер

  1. Байбусинова А.Ж., Мусаханова А.К., Шалгумбаева Г.М. Қазіргі уақытта вакцинопрофилактиканың мәселелері және кедергілері, көз-қарас: әдебиетке шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №3. Б. 123134.
  2. Личные и религиозные убеждения: почему в Казахстане отказываются от вакцинации — Новости — Forbes Kazakhstan. 11 октября 2021.
  3. ИнформационныйбюллетеньВОЗN°378Ноябрь2014г.Режимдоступа:http://www.who.int/mediacentre/factsheets/ fs378/ru (дата обращения 10.01.15).
  4. Байбусинова А.Ж., Мусаханова А.К., Шалгумбаева Г.М. Шығыс Қазақстан облысының әйелдердің вакцина енгізу туралы ақпарат алу және сенімі туралы сауалнама бойынша нәтижелері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №1. Б. 156-165.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.