Гельминтоздар-адам ағзасындағы тіршілік әрекеті нәтижесінде гельминттер тудыратын паразиттік аурулардың үлкен тобы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша,жер шарының 4,5 миллиардтан астам халқы гельминтоздармен ауырады. Паразиттік аурулардың зақымдануының нақты деңгейі ресми сандардан әлдеқайда жоғары деп есептеледі[1].
Бұл экологиялық жағдайдың нашарлауымен,көші-қон процестерінің, адамның топырақпен, жануарлармен және басқа да факторлармен байланысының артуынан, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің осы ауруға қатысты сақтығының төмендігіне байланысты. Гельминтоздар адам денсаулығына, әсіресе балалар ағзасына айтарлықтай зиян келтіреді: асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына механикалық әсерден басқа, улы-аллергиялық реакциялар туғызады, вакцинацияның тиімділігін төмендетеді, баланың физикалық және нейропсихикалық дамуына теріс әсер етеді. Токсокороз секілді,тіндік гельминтоздар ауыр аллергиялық патологияның қоздырғышы болып табылады, қабыну процестерінің созылуына ықпал етеді және личинкалардың миграциясы жүретін органдардың қызметін бұзады [2, 3].
Қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген гельминттер (энтеробиоз, гименолепидоз, эхинококкоз, трихинеллез және т.б.) эндемикалық ауру болып саналады. Бүгінгі таңда әр түрлі жастағы балалар арасында гельминтоздардың таралуы өзекті мәселе болып табылады. 14 жасқа дейінгі балалардың зақымдануы 83,8% құрайды. Гельминтоздар құрылымында энтеробиоз (91%) жетекші орын алады. Барлық инвазияланған балалар арасында энтеробиоз жағдайларының тіркелуі 92,3% құрайды. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде балалардағы энтеробиоз және аскаридоз ауруы қалаларға қарағанда едәуір жоғары, бұл санитарлық-гигиеналық жағдайлармен, сондай-ақ қоршаған ортаның гельминт жұмыртқаларымен ластану дәрежесімен байланысты.Балалар арасында гельминтоз- бен сырқаттанушылық мектепке дейінгі мекемелерде сонымен қатар білім беру мекемелерінде әлі күнге дейін өзекті проблема болып саналады.Осы жағдайға байланысты декреттелген топтар арасында,яғни мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды жоспарлы профилактикалық тексеру қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне санитарлық ағарту іс-шараларын жүргізу қажет. Республика бойынша 2019 жылдағы 10437 тіркелген жағдайға қарсы 2020 жылы 6490 жағдай тіркелген болатын.14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы басым - 67%-ды құрайды. (2019ж.-72%).Паразитозбен ауыратын науқастардың жас құрамын талдау науқастардың ең көп зардап шеккен жасы – 4-6 жас (26%), 7-10 жас (19%), 0-3 жас (13%) және 11-14 жас (11%), яғни олар мектепке дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы балалар екенін анықтады. Балалардың паразиттік аурушаңдығы құрылымында бірінші орында ЖБМ оқушылары (41%), бұдан әрі –бала-бақша тәрбиеленушілері (36%), мектепке дейінгі мекмедегі балалар (19%), қалғандары – 1-3%. Соңғы жылдары осы саладағы сырқаттанушылық көрсеткішінің ауытқуы жағдайларды есепке алу мен тіркеуді бақылау шараларының жеткіліксіздігі туралы қорытынды жасауды көздейді.
Осыған, орай біздің мақсатымыз балалар арасындағы гельминтозбен сырқаттанушылықты динамикалық талдау және де профилактикалық шаралар ұсыну болып табылады.Ал,негізгі міндеттеріміз бұл әдеби дереккөздер мәліметтері шеңберінде гельминтоздың таралуын зерделеу және де балалар арасында гельминтозбен сырқаттанушылықтың деңгейіне статистикалық талдау жүргізу. Сонымен қатар ата-аналардан балалар арасында кездесетін гельминтозбен сырқаттанушылық туралы ақпараттануы бойынша сауалнама жүргізу арқылы олардың қаншалықты деңгейде бұл ауру туралы хабардар екенін білу. Жүргізілген әдеби дереккөздерге сүйене отырып мынадай ұйғарымға келуге болады, гельминтоздар адам денсаулығына, әсіресе балалар ағзасына айтарлықтай зиян келтіреді: асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына механикалық әсерден басқа, улы-аллергиялық реакциялар туғызады, вакцинацияның тиімділігін төмендетеді, баланың физикалық және нейропсихикалық дамуына теріс әсер етеді.
Қорытындылай келе,балалар арасындағы гельминтоздардың таралуын зерттеу бізге бұл сырқаттанушы- лықты азайтуға сонымен қатар осы аурудың алдын алуға жол береді.Сонымен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы біз гельминтоздың сырқаттанушылығының себеп-салдарлық байланыстарын анықтайтын боламыз.
Әдебиеттер
- Давыдова И.В. Гельминтозы, регистрируемые на территории Российской Федерации: эпидемиологическая ситуация, особенности биологии паразитов, патогенез, клиника, диагностика, этиотропная терапия. Consilium Medicum 2017; 19(8): 32–40.
- Лысенко А.Я., Владимова М.Г., Кондрашин A.B., Майори Дж. Клиническая паразитология: руководство. Женева: ВОЗ 2002; 752.
- Jill E. Weatherhead , Peter J. Hotez ,Rojelio Mejia. The Global State of Helminth Control and Elimination in Children. Pediatric Clinics of North America 2017; 64(4): 867–877.