Жатыр мойының қатерлі ісік ауруын ерте анықтау үшін скринингтің тиімділігі

Кіріспе. Жатыр мойны обырына (ЖМО) шалдығу жыныстық белсенділіктің ерте басталуы мен, бір- неше жыныстық серіктестермен, темекі шегумен, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендігімен, дұрыс тамақтанбағандықтан, контрацептивтерді қолданбағандықтан және иммуносупрессиямен байланысты.[1].

Репродуктивті жастағы әйелдердің гинекологиялық ауруларының арасында жатыр мойны патологиясы 35-40% жағдайда кездеседі. (ЖМО) -бұл қазіргі уақытта ең жиі кездесетін онкологиялық ауру болып табылады [2]. Бұл барлық қатерлі ісіктердің шамамен 58% құрайды. Жатыр мойны обыры көп әйелдер арасында кең таралған қатерлі аурулар. Құрылымында репродуктивті жүйенің қатерлі ісіктері (ЖМО) 46% - ды құрайды. (ЖМО) таралуы бойынша, әлемдегі онкологиялық аурулар және әйелдер өлімінің себептері арасында бірінші орында турады [3-4].

Қазақстанда 2019 жылға дейін нысаналы топ жас әйелдер болды, олар 30 - 60 жас аралығындағы жатыр мойны обырына байланысты диспансерлік есепте тұрмаған әйелдер. 2020 жылдан бастап жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер скринингтен өте алады. Жатыр мойны обырын ерте анықтауға скрининг кезеңіде қамтиды: 1) дәстүрлі әдіспен немесе Бетесда терминологиялық жүйесі бойынша интерпретациялай отырып, сұйықтық цитология әдісін пайдалана отырып, жүргізілетін Папаниколау бойынша бояумен жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу (Рар –тест), 2001; 2) Бетесда терминологиялық жүйесі бойынша цитологиялық қорытындылар кезінде тереңдетілген диагностика (кольпоскопия, биопсия, гистологиялық зерттеу) [4].

Жатыр мойны обырының жоғары әлеуметтік маңыздылығы, жүргізілетін жатыр мойны скринингінің кемшіліктері осы аурудың диагностикасын жетілдіру саласындағы зерттеулердің алғашқы шарты болып табылады [5].

Зерттеу мақсаты: «Шымкент қ., №6-қалалық емханасында» жатыр мойнының қатерлі ісігі ауруын алдын алуда сауалнама жүргізу.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу «Шымкент қ., №6-қалалық емханасында» тіркелген 48 әйелдерден алынды. Науқастардың жасы, жынысы, әлеуметтік-этникалық, клиникалық көрсеткіштері есепке алынды. Зерттеуге қатысқандар 30-60 жас аралығындағы әйелдер. Науқастардың ортақ жасы 48 жастағы әйелдер болды. Зерттеуге өмір сапасына әсер ететін аурулары бар науқастар (созылмалы ауырлары, жатыр мойында «Эрозия» аурулары) енгізілмеді. Скринингтің тиімділігін талдау кезінде деректер базасы мен мұрағат материалдары пайдаланылды зертханалар, бұл жылдам іздеуге мүмкіндік берді алынған нәтижелерді салыстыру материалды қайта алу және патологиялық динамикадағы процесстер жүргізілді. Зерттеуге келген әйелдер мейіргердің бақылауында және психологиялық қолдауында болды.

Әйелдерге сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама 15-сұрақтан турады. Сауалнамамен қоса науқастың шағымдарының динамикасы (бел тусының, қасағаның, жатыр аймағының ауруларында) объективті деректер (қынаптан жағымсыз, иісті биологиялық суйықтықтардың бөлінуімен) талданды. Сауалнама деректерін нәтижесі 0-ден 100 дейінгі баллдық жүйе арқылы шығарылды.

Нәтижелері. Сауалнама нәтижесінде скрининг жүргізілетін уақыттың әйелдердің күн тәртібіне сәйкес келмеуі. Скрининг туралы мәліметтерді мейіргерлер әйелдерге дұрыс жеткізбеуі.

Сауалнамадан кейінгі деректер: сауалнамаға 10 әйел 30-40 жас аралығындағы 20,8%, 18 әйел 40-50 жастағы 37,5%, 20 әйел 50-60 жас аралығында 41,7%, Сауалнама сұрақтары бойынша қатерлі ісік ауруы емделеме деген сұраққа: 27 әйел ия 56,2%, 16 әйел жоқ 33,4%, 5 әйел 10,4% жауап беруге қыйналамын деп жауап берді. Қатерлі ісікті алдын ала анықтау емдеуге көмектесеме деген сұраққа: 35 әйел ия 72,9%, 10 әйел жоқ 20,9%, 3 әйел 6,2% білмеймін деп жауап берді. Қатерлі ісік ауруын ертерек анықтау үшін скринингтен өтуі керек пе деген сұраққа: 27 әйел ия 56,2 %, 13 әйел жоқ 27,1%, 8 әйел 16,7% жауап беруге қыйналамын деп жауап берді.

Жатыр мойны ауруларын алдын алу, емдеу және оңалту үшін әйел өзінің ауруы туралы белгілі бір білімге ие болуы керек. Білімі бар мейіргер Скринингтің тиімділігін әйелдерге оқыту әдістері арқылы қол жеткізіледі. Скринингтің тиімділігі науқасты емдеу және оңалту принциптерін саналы түрде қолдау үшін науқасты оқыту және одан әрі бақылау қажеттілігі, созылмалы аурулары бар науқастар жағдайын жақсартқан кезде емдеуді жиі тоқтататындығына және дәрігердің ұсыныстарын орындамайтындығына байланысты.

Қорытынды. Сауалнама нәтижесінде скринингке 50-60 жас аралығындағы әйелдер жиірек келеді. Қатерлі ісік емделеме деген сұраққа: 27 әйел ия 56,2% деп жауап берді. Қатерлі ісікті алдын ала анықтау емдеуге көмектесеме деген сұраққа: 10 әйел жоқ 20,9%, 3 әйел 6,2% білмеймін деп жауап берді

Әлеуметтік қызмет нәтижесінде өсу байқалды эмоционалдық бұзылулардың ауырлығын төмендету, эмоционалды тұрақтылықты қамтамасыз ету және мүмкіндіктерді арттыру отбасында да, жұмыс ұжымында да пациенттің әлеуметтік бейімделуі. Жалпы алғанда, талдау қолданудың клиникалық тиімділігін айқын көрсетеді арнайы және адоптивті әдістерді жатыр мойнының қатерлі ісіктерін алдын алу үшін скиринг жүргізу. Деректермен бірге емдеу тиімділігінің артуын және мерзімдердің ұлғаюын куәландыратын клиникалық бақылау.

Әдебиеттер

  1. Семиглазов В.Ф., Семиглазов В.В. Скрининг рака шейки матки// Практическая онкология. -2020. -Т. 11, № 2. -С. 60–65.
  2. Стенсволд Э., Магельсен Х., Оскам И.С. Меры по сохранению фертильности для девочек и молодых женщин, больных раком. 2019; 131: 1429—32.
  3. Волошина Н.Н., Волошин Н.А. Скрининг и профилактика рака шейки матки. Запорожье. 2019. С. 81-113.
  4. Мусина Д.С. и др. Административные барьеры реализации скрининговых программ на раннее выявление онкологических заболеваний // Наука и здравоохранение. - 2019. -Т. 5. -С. 57–67.
  5. Ковчур П.И., Бахидзе Е.В. Эффективность применяемой модели скрининга и ранней диагностики рака шейки матки в Карелии. Вопросы онкологии. 2019. T. 60. № 3. С. 298-305. Kovchur P.I., Bakhidze E.V. Effektivnost’ primenyaemoy modeli skrininga i ranney diagnostiki raka sheyki matki v Karelii. Voprosy onkologii. 2019. T. 60. № 3. S. 298-305.
Жыл: 2021
Қала: Шымкент
Категория: Медицина