Жүректің туа біткен даму ақаулары кезінде хирургиялық көмек көрсету шараларын жақсарту

Жұмыстың өзектілігі: Заманауи жағдайда балалар хирургиясы мен кардиохирургиясының дамуының негізгі міндеттерінің бірі- жүректің туа біткен даму ақаулары кезінде хирургиялық көмек көрсету шараларын жақсарту болып табылады. Қазіргі кезде жүрек-қантамыр жүйесінің қалыпты, патологиялық және туа біткен құрылымдық ерекшеліктерін нақты ажыратып көрсететін критерийлер қарастырылмаған [1]. Бүгінгі таңда әлем бойынша жүрек-қантамыр жүйесінің туа біткен даму ақауларымен айналысатын хирургия саласының жеткен жетістіктері өте жоғары деңгейде. Заманау медициналық технологиялардың көмегімен шамамен 10 жыл алдын мүмкін емес ауыр күрделі даму ақауларына хиургиялық көмек көрсетілуде. ДДСҰ сарапшылары ЖТБДА кезінде оңтайландырылған медициналық көмек көрсетуді былайша түсіндіреді: «Қоғамға қауіпсіз, тиімді және өлім, аурушаңдық, мүгедектік көрсеткіштерге әсер ете алатын мүмкіндіктері бар (стандарттар негізінде) іс-шаралар жиынтығы». Стандарттар Донабедиан триадасы негізінде 3 топқа бөлінеді : стандартты ресурс, стандартты үрдіс және стандартты нәтиже [2]. Стандартты ресурсты анықтау үшін кардиохирургиялық араласулардың түрлеріне қажеттілікті білу керек. Қажеттілікті анықтау үшін, хирургиялық түзетулердің мүмкіндіктері мен мақсаттарына негізделген, ЖТБДА-мен туу көрсеткіші және жеке нозологиялық түрлерінің таралуы туралы ақпарат болу қажет [3]. ЖТБДА бар балаларға кардиохирургиялық көмек көрсетуді жақсарту болып емдеу сақтандыру мекемелерінде мониторинг жүйесін енгізу болып табылады [4]. ЖТБДА бұл даму ақауларының таралуын, құрылымдық ерекшеліктерін және олардың дамуына сырттай бақылау жасайтын, бағалайтын, сыртқы орта жағдайының қауіп факторларының әсер ету нәтижесін дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін және алдын алуға бағытталған әдістер мен жүйелік іс-шаралардың жиынтығы. ЖТБДА мониторингі ерте жастағы балаларға хирургиялық көмек көрсетудің жақсарту жолдарының алғашқы қадамы болып табылады. Оның көмегімен ЖТБДА болатын өлім көрсеткішінің деңгейін төмендетіп, ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік туады [5].

Жұмыстың мақсаты: Жүректің туа біткен даму ақауларының мониторингін жүргізу.

Материалдар мен зерттеу әдістері: Жүректің туа біткен даму ақаулары бар балаларға хирургиялық көмек көрсетуді жақсарту тактикасы болып, назарға хирургиялық емдеу жолдарының тиімділігі алуы тиіс Жоғарыда келтірілген көптеген авторлардың пікірінше ЖТБДА мониторинг жүйесінің міндеттерін шешу барысы келесідей: 1. ЖТБДА бар балаларды ерте анықтау; 2. ЖТБДА негізгі қауіп-қатер факторларын зерттеу; 3. ЖТБДА хирургиялық емдеу жолдарын жақсарту. ЖТБДА ерте жастағы балалар мен нәрестелер арасында ерте анақтауда ЭХО-КГ,ЭКГ, кеуде сарайының рентгенограммасы сияқты аспаптық зерттеу нәтижелерін дұрыс талдау жасай білу қажет.

Зерттеу нәтижесі: Зерттеу нәтижесі ЖТБДА бар балаларға ЭХО-КГ,ЭКГ, кеуде сарайының рентгенограммасы сияқты аспаптық зерттеу нәтижелерін дұрыс талдау жасалыну қажет.

Қорытынды: Жүректің тума даму ақаулары – балалар арасында кең таралуы және олардың денсаулығында шектеулер мен өмірінде елеулі бұзылыстар салдарынан ерте хирургиялық түзету қажеттілігіне сәйкес педиатрия мен балалар кардиохирургияның маңызды мәселесі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуі бойынша, жүректің туа біткен даму ақауы кез-келген елде әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен медицинаның даму деңгейіне қарамастан нәрестелердің 1%-да кездеседі Жүректің туа біткен даму ақауы таралу жиілігінің диапазоны 1000 нәрестеге есептегенде – 2,4– 14,15 аралығында кездеседі. Қазіргі таңда нәресте өмірінің алғашқы айларында қауіпті асқынулар мен өлім жағдайларына соқтыратын, жүректің туа біткен даму ақауының ауыр, қосарланған түрлерінің үлестік салмағы арта түсуде. Жүректің туа біткен даму ақаулары бар балаларға медициналық көмек көрсету сапасын (ерте диагностикалау, оперативті коррекциялау, асқынулардың алдын алу мен кешенді реабилитациялау) жақсарту педиатрия мен балалар кардиохирургиясының өзекті мәселесі болып табылады.

Әдебиеттер

  1. Миролюбов Л.М. Особенности лечения врожденных пороков сердца на первом году жизни: дис. … док. мед. наук: 14.00.44.– М., 2005. –С. 214.
  2. Назаренко Г. И., Полубенцева Е. И. Управление качеством медицинской помощи. - М.: Медицина.-2000.- С.367.
  3. Токмакова К.А. Экстракардиальная патология, как фактор, определяющий прогноз хирургической коррекции при врожденном пороке сердца у детей раннего возраста: дис. … канд. мед. наук: 14.01.05 . – М., 2013. – С.165.
  4. Аскарова З.Ф., Марданова А.К., Аскаров Р.А. и др. Врождѐнные пороки развития у детей в Республике Башкортостан (по данным мониторинга за 2007-2012 гг.) // Российский педиатрический журнал.-2014. -№ 2.- С. 4-9.
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011