Өзектілігі: COVID-19 короновирусты инфекциясының бұрқылы бүкіл әлемдегі адамдардың өміріне, әсіресе дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2020 жылғы наурыз айының екінші аптасында ғаламдық пандемия деп жариялағаннан кейін айтарлықтай әсер етті [1]. COVID-19 бүкіл әлемге таралуы жалғасуда, ол медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің біліміне кері әсерін тигізуде [2]. Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы студент-медиктердің физикалық және психикалық денсаулығына, сондай-ақ олардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына да бірқатар қиындықтар тудыруда. Басқаларға қарағанда медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің көбінесе депрессия, суицидтік ойлар мен стигматизациядан зардап шегетіні, сонымен қатар қолдау іздемейтіндері атап өтілген. Сондықтан олардың психикалық денсаулығын қорғау және олардың білім алу, физикалық, психикалық және кәсіби әл-ауқатын қолдаудың тиімді стратегияларын іске асыру маңызды [2].
Жұмыстың мақсаты: COVID-19 пандемиясы кезінде Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының (ОҚМА) «Жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттерінің қашықтықтан білім алуға қанағаттану деңгейін бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша онлайн түрде сабақ өтіп жатқан 19-32 жас аралығындағы ОҚМА 4 курсының 60 студентімен қашықтықта сұхбат жүргізілді. Оқуға қанағаттанушылықты бағалау үшін кафедраның студенттері мен оқытушылары әзірлеген 10 сұрақтан тұратын (жынысы, курсы, мамандығы, қашықтықтан оқытудың жаңа жағдайларына бейімделуі, оқыту тәртібінің ыңғайлылығы, оқуға деген ынталандыру деңгейі, қашықтық режиміндегі оқыту үдерісіне қанағаттану, қашықтықтан оқыту шеңберінде оқытушылар құрамының жұмысын бағалау, оқу процесіндегі қиындықтар, алдағы уақытта да оқуды осы тәртіпте жалғастыруға деген тілек) сауалнама қолданылды.
Зерттеу нәтижелері: Зерттеуге ОҚМА 4 курсының 60 студенті қатысты, олардың ішінде 32 адам (53,3%) қыздар, 28 адам (46,7%) ер балалар болды. Оның ішінде 40 студент (66,6%) ауыл тұрғындары, 20 (33,4%) Шымкент қаласының тұрғындары.
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, студенттердің 13,5% -ы (8 адам) қашықтықтан оқудың жаңа жағдайларына бейімделу кезінде қиындықтарды бастан кешіруде, сұрастырылғандардың 40%-ы (24 студент) бұл сұраққа қанағаттанарлық деп жауап берді, 35% (21 студент) - жақсы, 11,5% (7 студент) - өте жақсы деп жауап берді. «Сізге қашықтықтан оқу ыңғайлы ма?» - деген сұраққа білімгерлердің 46%-ы (28 студент) ыңғайлы деп жауап берді, 28,5% (17 студент) - иә, бірақ қиын, 23% (17 студент) - жоқ, өте қиын деп жауап берді. Жауап берушілердің 10% -ында (6 студент) қашықтықтан оқыту шеңберінде мотивация деңгейі жоғарылаған, 50% (30 студент) ешқандай өзгеріс байқамаған, 37% (22 студент) оның төмендегенін атап өтті, 3,3% (2 студент) жауап беруге қиналды.
«Сізді оқу үдерісі қанағаттандырады ма?» - деген сұраққа студенттердің 40% -ы (24 адам) «жағымды», 50% -ы (30 адам) «жағымсыз» деп жауап берді, 10% -ы (6 адам) жауап беруге қиналды. «Сіз оқытушылар құрамының жұмысын қалай бағалайсыз?» -деген сұраққа студенттердің 40%-ы (24 адам) «өте жақсы, барлығы түсінікті және қызықты», 56,6% (34 адам) «жақсы», 1,6% (1 адам) «қанағаттанарлық», 1,6% (1 адам) – «нашар» деп жауап берді. Оқу үрдісі кезінде туындаған қиындықтар деген сұраққа студенттердің 15%-ы (9 адам) компьютерлік технологияларды игеруінің төмендігімен, 6,6% -ы (4 адам) тәжірибелік тапсырмаларды орындау қиындықтарымен, 78,3% -ы (49 адам) басқадай жауаппен (интернет жылдамдығының төмендігі және т.б.) байланыстырды.
Қорытынды: Сонымен, медициналық жоғары оқу орындарының студенттері «Covid-19» пандемиясы кезінде қашықтықтан оқуға қанағаттанарлық деңгейлері әртүрлі, бұл қашықтықтан оқытудың жаңа жағдайларына бейімделудегі қиындықтармен, осы оқу тәртібіндегі оқуға деген ынтаның төмендеуімен және компьютерлік технологияларды игерудің жеткіліксіздігімен байланысты болуы ықтимал. Сауалнама студенттер өздерінің психикалық денсаулығын сақтау және олардың білім алуы, физикалық, психикалық және кәсіби әл- ауқатын қолдаудың тиімді стратегияларын іске асырудың маңызды екенін көрсетті.
Әдебиеттер
- World Health Organization. WHO Director-General’s opening remarks at the media briefing on COVID-19–11 March 2020 Geneva, Switzerland: World Health Organization; 2020 [cited 2020 18 April].
- https://www.who.int/dg/speeches/detail/who-director-general-s-opening-remarks-at-the-media-briefing-on-covid-19-11- march-2020.
- Chandratre S. Medical Students and COVID-19: Challenges and Supportive Strategies. J Med Educ Curric Dev. 2020 Jun 24;7:2382120520935059.