Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медициналық жоғары оқу орындары студенттеріндегі мазасыздық және депрессия

Өзектілігі: Студенттер арасында білім алу кезінде жоғары академиялық талаптар мен қиындықтарға байланысты психикалық денсаулықпен байланысты мәселелердің таралуы білім беру саласындағы өзекті мәселе болып табылады. Психиканы оқып зерттеу кеңеюде, осыған байланысты студенттер әлеуметтік ғылым және денсаулық сақтау саласының негізгі нысаны болуда. Студенттер оқу кезеңінен өтуде және оқуларының ары қарай дамуы мен басқа да дағдыларында негізінен жоғары жауапкершілік, академиялық талаптар мен қиындықтар кездескенде депрессия мен күйзеліске бейім болып келеді [1]. Бұл олардың психологиялық әл- ауқатына әсер етеді және әлеуметтік-мәдени теңгерімсіздікке және олардың психикалық денсаулығының нашарлауына әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, COVID-19 пандемиясының созылуы студенттер арасындағы психо-эмоционалдық жағдайды күшейтуде, өйткені әлемнің барлық елдері психикалық денсаулық проблемаларының күрт өсуін, соның ішінде олардың азаматтары арасында мазасыздық, депрессия, күйзеліс, ұйқының бұзылуы және қорқыныш, соның салдарынан, психоактивті заттарды тұтынудың жоғарылауы мен суицидтік мінез-құлық қаупіне шалдығудың артуын айтуда [2].

Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының (ОҚМА) 4 курс студенттерінің COVID-19 пандемиясы кезіндегі психикалық денсаулығының жағдайын зерттеу.

Зерттеу материалдары мен әдістері: жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша онлайн-сабақтан өткен 19-32 жас аралығындағы ОҚМА 4 курсының 62 студентімен қашықтықтан сұрастыру жүргізілді. Мазасыздық мен депрессия ауырлығын анықтау мен бағалауға (HADS- The hospital Anxiety and Depression Scale) шкаласы қолданылды.

Зерттеу нәтижелері: Зерттеуге ОҚМА 4 курсының 62 студенті қатысты, олардың ішінде 32 адам (51,6%) қыздар, 30 адам (49,4%) ер балалар болды. Оның ішінде 41 студент (66,1%) - ауыл тұрғындары, 21 (33,9%) - Шымкент қаласының тұрғындары. Зерттеу көрсеткендей, мазасыздықтың жалпы жиілігі 24,19% (15 адам) құрады, оның ішінде субклиникалық түрде көрсетілген мазасыздық студенттердің 19,32% -ында (12 адам), клиникалық айқындалған мазасыздық 4,8% -да (3 адам) анықталды. Депрессия студенттердің 9,6%-ында (6 адам) анықталды, олардың 6,5%-ында (4 адам) субклиникалық депрессия болған, студенттердің 3,1%-ында (2 адам) сәйкесінше клиникалық айқын депрессия болған. Талдау көрсеткендей, қатарынан үлкендеу жастағы және қазіргі уақытта ауылдық жерлерде тұрып жатқан студенттер, сондай-ақ Covid-19 пандемиясы туралы ақпараттың жартысын теріс деп қабылдайтын студенттер көбінесе мазасыздық пен депрессияға ұшыраған.

Қорытынды: Осылайша, Covid-19 пандемиясы кезінде медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінде мазасыздық мен депрессияның деңгейлері әртүрлі болды. Депрессия мен мазасыздық бір- бірімен тығыз байланысты, бірақ үрейлі-депрессиялық бұзылыстардың әртүрлі деңгейіне әсер ететін факторлар да әртүрлі болуы мүмкін. Медициналық жоғары оқу орындары студенттері және олармен байланысты факультеттерге психикалық денсаулыққа байланысты ақпараттық білім беру мен өзін-өзі тәрбиелеуді және оны дер кезінде диагностикалау мен пайда болған бұзылыстарды мамандармен түзетуді табанды түрде ұсынамыз.

Әдебиеттер

  1. 1. González-Valero G, Zurita-Ortega F, Ubago-Jiménez JL, Puertas-Molero P. Use of Meditation and Cognitive Behavioral Therapies for the Treatment of Stress, Depression and Anxiety in Students. A Systematic Review and MetaAnalysis. Int J Environ Res Public Health. 2019 Nov 10;16(22):4394.
  2. 2. Islam MA, Barna SD, Raihan H, Khan MNA, Hossain MT. Depression and anxiety among university students during the COVID-19 pandemic in Bangladesh: A web-based cross-sectional survey. PLoS One. 2020 Aug 26;15(8):e0238162.
  • Жыл: 2020
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина