Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлеуметтік-медициналық даму мен алкогольмен жіті уланудың салыстырмалы көрсеткіштері (шымкент қаласы бойынша)

ТҮЙІН

Мақалада Шымкент қаласы бойынша 2002 және 2019 жылдар аралығында әлеуметтік-медициналық даму барысындағы алкоголь ішімдіктерімен жіті уланудың кейбір статистикалық көрсеткіштеріне шолу жасалынған. Азаматтардың өмір сүру деңгейіндегі өзгерістеріне байланысты бұл уланудың өзгерістеріне сипаттама жасалынған. Олардың негізінде уланудың осы түрінің алдын алу мен оны болдырмауға бағытталған пәрменді күресудің жолдарына ұсыныс жасалынған.

Кілт сөздер: алкоголь, улану, токсикология, әлеуметтік-медициналық, аурушаңдық, өлім-жітім, сатитистика.

Кіріспе. Елімізде алкоголизм мен нашақорлыққа белсенді, күшейтілген пәрменді медициналық және құқықтық шаралар қарастырылуына қарамай бұл проблема әлі де күн тәртібінен түспей келеді.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДЖДСҰ) деректері бойынша [1] алкогольді зиянды пайдалануынан жыл сайын 2,5 миллион адам қайтыс болады екен. Олардың 320 000-ын 15-29 жас аралығындағылар құрайтыны белгілі болған.

Мемлекет тарапынан адам өмірінің сапасының көрсеткіштерін арттырумен қатар олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, интеллектуалды дамуы мен рухани құндылықтар жөніндегі түсініктерінің артуына мән беру керектігіне назар аударылады.

Алкоголизмнің себептерін жою, қоғамдық денсаулықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік институттармен жүргізілетін тәрбиелік шаралар мен заң шығарушы жүйелердің қоғамдық алдын алу болып табылады [2].

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Өткен жылдары (2002 мен 2019 жылдардағы) алкогольдік жіті уланудың басқа уланулардың арасындағы үлесі мен осы жылдардағы әлеуметтік-медициналық дамудың барысымен салыстырмалы көрсеткіштеріне сипаттама жасау.

Осы деректер мен басқа да салалардың дамуларын ескере отырып, аталған улану түрін ары қарай азайту мен болдырмау мақсатында тиімді жолдарын қарастырып, қажетті ұсыныстар жасау.

Зерттеудің материалдары мен әдістері. Зерттеуге Республика бойынша әлеуметтік-медициналық шараларды жақсарту туралы мемлекеттік қаулылар, заңдар мен қабылданған құжаттардың мәліметтері. Республикалық медицина саласындағы және «Т.О.Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығының» токсикология бөлімшесінің уланулар жөніндегі көрсеткіштері мен кейбір елдердің осы мәселеге тиісті көрсеткіштері пайдаланылды.

Зерттеудің нәтижелері. 2002 және 2019 жылдардағы орталықтың токсикология бөлімшесіне түскен жіті уланудағы науқастардың жалпы саны, улану түрлерінің өзара салмағы, алкогольдік ішімдікпен жіті уланудың аурушаңдығы мен өлім-жітімдік көрсеткіштері және сол жылдардағы олардың саны кестеде көрсетілген [3, 4] (1 кесте).

Кестеде сол жылдары алкогольдік ішімдікпен уланғандардың аурушаңдығы, өлім-жітім көрсеткіштері осы зерттеудің маңыздысы ретінде назарға алынды, сонымен қатар халық санының көрсеткіші де ескерілді. Осы мақсатта қол жетімді құжаттардың деректеріне негізделген «Улану, жарақат және т.б. себептегі сәтсіздік жағдайлардағы» аурушаңдық пен өлім-жітімнің ҚР мен ОҚО бойынша статистикалық көрсеткіштері назарға алынды [5, 6] (2 кесте).

1 кесте – Шымкент қаласындағы 2002 және 2019 жылдардағы алкогольдік ішімдікпен жіті уланудың басқа жиі кездесетін уланулармен салыстырмалық көрсеткіштері

Қатар саны

Жылдар

Қаладағы халық саны

Уланулардың жалпы саны

Алкогольдік ішімдіктер мен уланулар

Улы газдармен улану

Дәрі-дәрмектермен уланулар

Химиялық қышқылдармен және сілтілермен уланулар

Басқа уланулар

1

2002

506700

2236

1270(56.8%)

168(7.5%)

315(14.5%)

134(6%)

349(15.6%)

2

2019

1031278

3127

526(16.8%)

442(14.1%)

325(10.4%)

177(5.7%)

1657(53.1%)

2 кесте - «Улану, жарақат және т.б. себептегі сәтсіздік жағдайлардағы» аурушаңдық пен өлім-жітімнің ҚР мен ОҚО бойынша көрсеткіштері

Қатар саны

Жылдар

Аурушаңдық

Өлім- жітім

ҚР бойынша

ОҚО бойынша

ҚР бойынша

ОҚО бойынша

1

2002

3976,6

2521,0

143,6

86,4

2

2017

2996,2

1593,4

69,38

49,0

Қоғамдық денсаулықтың маңызды проблемасының бірі алкоголь ішімдіктерін теріс пайдалану. Оны тұтыну Ресейдегі деректер бойынша 1990 жылдан 2016 жылға дейін 2,5 есеге артқан. Роспотребнадзордың дерегі бойынша адам басына таза спиртке есептегенде 2002 жылы ересектер ішінде 18 литр, 2010 жылы – 26,0 литр болса, бұл көрсеткіш Қазақстанда 2005 жылы – 10,96 литр, ал 2019 жылы – 7,7 литрді құраған [7]. Ал, соңғы жылдарыдың деректері – 9 литр болып тұр [8].

Осы көрсеткіштер қатарында 2015 жылы Қазақстанда 15 жастан жоғары адам басына шаққанда арақты ішудің көрсеткіші 2,7 литрді құраған, оның ішінде ең жоғары деңгейі Ақмола облысында 5,9 л, ал ең төменгі деңгейі Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында, тиісінше 0,6 л, және 0,3 л құраған [9].

39

Ресми мәлімететрге сүйенсек «ең көп ішетін» қазақстандықтар 2018 жылдың басында Қарағанды облысының тұрғындары болған, мұндағы ересек адамдар ОҚО-на қарағанда 7 есе көп пайдаланған [10].

Алкогольдік ішімдіктерінің сапасының улануға әсерін тигізетінін ескерсек те, бұл жөнінде олардың сапасының едәуір жоғарылағаны, сол жылдар аралығында байқалғаны жөнінде нақты деректер келтіруге қолжетімді мәлімет таба алмадық.

Алкоголизм мен маскүнемдіктен өмір сүретіндердің арасында уланулар жиі кездесетінін ескеріп[11], Шымкент қаласындағы жұмыссыздық пен жұмысқа қамтылғандардың мәліметтері алынды [4], (3 кесте).

3 кесте – Шымкент қаласындағы 2002-2019 жылдардағы жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың сандық көрсеткіштері

Қатар саны

Жылдар

Жұмыссыздар

Жұмыспен қамтылғандар

1

2002

28400

162800

2

2019

23100

409800

Денсаулық сақтау жөніндегі бірнеше теориялар бар. Олардың ішінде «кедейшілік пен аурулардың тұйыққа тірелу фактілері» теориясы осы проблемаға сәйкес келеді. Денсаулық үшін қауіпті топтардың ішінде (Ю.П.Лисицын бойынша) қайыршылық, кедейшілік және өмір сүрудің төменгі материалдық деңгейінің болуы бойынша қауіпті топта толық жұмыс күнімен қамтамасыз етілмегендер, жұмыссыздар болса, ал жағымсыз (девиантты, мінез-құлқымен қауіпті топта – алкогольді артық «шамадан тыс») пайдаланушылар құрайды [12].

Осы тұрғыдан Шымкент қаласындағы тұрғындардың ең төменгі жалақы көлемінің деректері алынды (4 кесте).

4 кесте – Республикадағы 2002 және 2019 жылдардағы белгіленген ең төменгі жалақы көлемі

Қатар саны

Жылдар

Жалақы мөлшері

Негізгі құжат

1

2002

4181 теңге

Установлен Законом РК от 22.12.00 г. № 131-II "О

республиканском бюджете на 2001 год

2

2019

42500 теңге

Установлен Законом от РК 30 ноября 2018 года № 197-VI

«О республиканском бюджете на 2019-2021 год»

Зерттеу нәтижелерін талқылау. 2002 жылы алкогольдік өнімдермен жіті улану қаладағы токсикология бөлімшесінің барлық уланудың жартысының артығын құраған (56,8%), оның ішінде басты себептері-нің бірі созылмалы алкоголизмге шалдыққандардың көп болуы, олардың ұзақ уақыт мерзім бойы сапасы төмен ішімдіктерді қолдануынан болатыны болса керек. Осы жылдың улануларынның ішіндегі ең жоғары орынды иелеген алкогольдік уланудың саны мен олардың арасындағы өлім-жітім де 2019 жылы едәуір байқалып тұр. Жалпы Республика мен ОҚО бойынша топтастырылған «Улану, жарақат және т.б. себептегі сәтсіздік жағдайлар», бойынша түзілген аурушаңдық пен өлім-жітімнің деректері сондай жағдайды растап тұр (2 кесте).

Қоғамдық денсаулықты бір жағынан елді мекен тұрғындарының алкоголь ішімдіктерін артық, теріс пайдаланумен бағалап есептейді. Бұл жөнінде көптеген елдердің ішінде Ресей мемлекетіндегі тұрғындар алдындағы қатардың еншісінде, ал Қазақстандықтардың да деректері мәз емес екені белгілі болғаны мәлім (Ресейде әр ересек тұрғын үшін спиртпен есептегенде 2002 жылы – 18л , ал 2010 жылы – 26,0л, ал Қазақстанда 2005 жылы – 10,96л, 2019 жылы – 7,7л [7], соңғы жылдары – 9 л құрап отыр [8]. Ал, өңірлік көрсеткіштердегі арақты пайдалану Қазақстандағы 2015 жылы орта есеппен 2,7л болса, ОҚО-да 0,3 л құраған. Жалпылай қорыта алғанда тұрғындар арасындағы алкоголь ішімдіктерін тұтыну азайып, улануға септігін тигізіп отырғанын байқауға болады. оның үстіне ішімдіктердің сапалық көрсеткіштері де артақаны жасырын емес, оның нақты дәлелі ретінде қолдан жасалған ішімдіктерге мемлекет тарапынан қатаң шаралар қарастырылған, ол туралы мәліметтерді атап өтусіз-ақ түсінуге болады.

Жыл өткен сайын жұмыссыздықтар саны артып, жұмыспен қамту едәуір артқаны оң нәтижеге жетудің айғағы болып табылады.

Өмір сүру деңгейі бойынша басқа деректерді келтірмей-ақ (жан басының айлық табысы, орташа айлық номинальды есетелген еңбек ақыны және т.б.), тек қана орта есеппен ай сайынғы ең төменгі күн көріс шамасының 2002 және 2019 жылдардағы айырмашылық 10 еседен артқанын айтудың өзі жеткілікті болар.

А.М. Нашкенова және т.б. [13] өздерінің мақаласында көптеген елдерде алкоголь қолдануға қатысты саясаттарды көрсетіп, Қазақстанда маскүнемдіктің өріс алуы жөніндегі, маскүнемдіктің алдын алу жөніндегі, салауатты өмір салтын жүзеге асыру туралы саясаттарды келтіреді. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде және түрлі елдерде алкогольді қолдануға қатысты саясаттардың бір-бірінен айырмашылығын баяндайды. Қазақстан Республикасында қазіргі кездерде салауатты өмір салтын жүзеге асыру жөніндегі алкоголь ішімдіктеріне құмарлық пен маскүнемдіктің алдын алудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы жөнінде тоқталады.

Алкоголь ішімдіктерімен жіті уланудың Қазақстан облыстарындағы статистикалық көрсеткіштеріне стационарлық токсикологиялық қызметтің тиімділігіне өңірлік шолу жасап, қажетті ұсыныстар жасаған [14].

Осы жылдар аралығында денсаулық саласындағы тегін кепілдендірілген медициналық көмектің көле- мінің, сапасының артуы мен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ілгерілеуі, тұрғындарға салауатты өмір салтын уағыздау жұмыстары мен тұрғындар арасындағы Имандылық түсініктерін ұғыну дәрежелерінің артуын да алға тартуға болар еді, алайда бұл салалардағы көрсетілген шараларды тізбектеп айтуға материал көлемі көтере алмайды. Айта кететін жағдай, соңғы жылдары алкогольдік ішімдіксіз өткізіп жатқан той- томалақтардың саны арта бастады.

Соңғы деректер бойынша қаладағы мешіттер саны 2002 жылы 8-9-ы құраса, олардың саны бүгінгі күндері 106-ға жеткен. Қалалық бас Имамның дерегі бойынша «Имандылық шараларына» ықылас танытқандардың 80%-дан астамы жастарды құрайтынын келтіреді.

Қорытынды

  1. Өткен жылдардағы әлеуметтік-медициналық даму мен алкогольмен жіті улануларға салыстыр-малы шолу зерттеулері тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық саласындағы қол жеткізілген табыстарды айқындайды.
  2. Зерттеу нәтижесіне назар аудару келешектегі мақсатты шараларды пәрменді ұйымдастыруға, жоспарлауға, тиімділік әкелуге өз ықпалын тигізуде.
  3. Алкоголизм мен маскүнемдіктің алдын алу бойынша көзделген шаралары, әрі қарай жалғастырып, оның орындалуына ерекше назар аударды күшейтіп, оны болдырмау, тұрғындар арасында алкогольдік ішімдікті тұтынуды мейілінше азайту мақсатында қажетті заңдар қабылдау қажет.
  4. Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда бұл індеттің зияндылығы жөнінде деректі материалдар даярлап, қалың көпшілікке жария етілуі мен ұлттық және алкогольдік сусындардың (қымыз, қымыран, шұбат, айран және т.б.) пайдалылығы жөнінде үгіт- насихатын жүргізуді қолға алуды жан- жақты арттыру қасиет.
  5. Жіті улану жағдайларында медициналық көмекті жетілдіру бойынша ғылыми ізденістерді қарастыруға жол табу.
  6. Мемлекет тарапынан тұрғындардың әлеуметтік-медициналық дамуын ары қарай жетілдірудің жобасын жасауға денсаулық сақтау басшыларынан қажетті ұсыныстарды даярлап, оның қабылдануына ат салысуы қажет.
  7. Алкоголь ішімдіктері көпшілікке оңай жолмен қол жетімді бола бермес үшін, оның бағасын едәуір арттырып, сатылу уақытына шектеу жасау қажет. Соның арқасында, тұрғындар арасында ішімдікке шалдық- қандар саны азайып, қоғамдық орында маскүнемдікке салынған азамататрға айып пұл мөлшерін жоғарылату, мемлекеттік бюджетке қомақты қаржы түсіруге ықпал етер еді.

Әдебиеттер

  1. https://www.who.int/substance_abuse/publications/global_alcohol_report/en/
  2. Материалы для подготовки и квалификационной аттестации по специальности «Общественное здоровье и здравоохранение» (учебное пособие)./Под ред. В.С.Лучкевича и И.В.Полякова.-СПб.: 2005-251 c.
  3. «Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының» токсикология бөлімшесінің 2002 және 2012 жылдық есебі.
  4. Шымкент қаласының статистика департаменті (www.stat.gov.kz) .
  5. 2017 ж. ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі. Статистикалық жинақ, Астана 2018 ж. – 353 б.
  6. Здоровье населения РК и деятельность организации здравоохранения в 2002 году. Статистический сборник, Астана, Алматы 2003 г. – 236 с.
  7. https://ru.wikipedia.org/wiki/Список_стран_по_потреблению_алкоголя_на_человека
  8. 8.https://otyrar.kz/2019/04/v-kazahstane-v-srednem-1-chelovek-v-god-potrebljaet-pochti-9-litrov-alkogolja/
  9. 9.https://informburo.kz/novosti/v-kakom-regione-kazahstana-bolshe-vseh-pyut-alkogol-pokazala-statistika.html 10. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstantsyi-stali-menshe-pit-alkogol-issledovanie-380084/
  10. Е.А.Лужников «Клиническое токсикология» М.Медицина,1999-416.с.276
  11. Ю.П.Лисицын, Г.Э.Улумбекова Общественное здоровье и здроохранение .м.изд.группа « ГЭОТАР- МЕДИА» 2011-544с.с119.
  12. А.М.Нашкенова, М.Махметов, К.Бильдебаев. Политика Республики Казахстан в борьбе с алкоголизмом (в историческом разрезе и сравнении с другими странами 210)// Вестник КазНМУ, №2-2015-С. 205-210.
  13. И.Тулеев. 2008-2012 жылдар аралығындағы ОҚО бойынша стационарлық токсикологиялық қызметке шолу зерттеуі//Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының Хабаршысы-2013-№ 3(64).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.