Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Талжапырақты әрем (phlomis silicifolia) өсімдігінің сандық көрсеткішін анықтау

ТҮЙІН

Мақалада талжапырақты әрем (phlomis silicfolia) өсімдігінің ылғалдылығы мен күлділігінің нәтижесі көрсетілді. Дәрілік өсімдік шикізатын диагностикалау мақсатында өсімдіктің жер үсті бөлігі (сабағы, жапырағы) пайдаланды. Талжапырақты әрем (phlomis silicfolia) жер үсті бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданынан мамыр айында терілді. Жиналған өсімдік шикізаты 14 күн күн көлемінде кептірілді. Өсімдік толық кепкеннен кейін арнайы апаратта майдаланды. Өсімдіктің майдаланылғаннан кейінгі массасы 2 кг құрады. Күділігін және ылғалдылығын анықтау үшін шикізаттың 20-25гр жұмсалды.

Жаңа тиімді шөптік препараттарды іздеу отандық фармацевтика ғылымы мен практикасындағы ең перспекти- валы және ізденуші бағыттардың бірі болып табылады.

Кілт сөздер: Талжапырақты әремсабағы, жапырағы, ылғалдылық, күл

Талжапырақты әрем-қалың орамалы тамырлы 50–80 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік.

Жоғарыдағы жапырақтары жасыл, жылтыр немесе біртұтас түктері бар, төменгі жапырақтары ұзын 12 см-ге дейін және ені 2-3 см, жапырақшалары ұзындығы 4-6 см, гүлдену уақытына қарай кептіріледі. Ортаңғы сабақтарының жапырақтары ұзын 5,5 см ұзын лансолатты, өрескел, қысқа жапырақшалары бар. Талжапырақты әрем(phlomis silicfolia)өсімдігі дала мен орманды-далалы аудандарды, тасты шөгінділерді жақсы көреді, жолдар мен кен орындарында көп өседі.Оңтүстік Қазақстанда облысында Боралдай, Машат, Сайрам ауданы, Қазығұрт тау бөктерінде көп тараған. Өсімдік гүлдену кезеңі, ол мамырдан қыркүйекке дейін созылады.

Жұмыстың мақсаты: Талжапырақты әрем (Phlomis silicifolia) өсімдігінің сандық көрсеткіштерін

анықтаудан тұрады.

Материалдар мен әдістер. Талжапырақты әрем (Phlomis silicifolia) жер үсті бөлігі 2019 жылдың мамыр айында ОҚО, Қазығұрт ауданында терілген.

Нәтижелер және талдау: Әдеби мәліметтерге сүйенсек Талжапырақты әрем( phlomis silicifolia) өсімдігі фармакогностикалық толық зерттелмеген. Осы орайда Талжапырақты әрем( phlomis silicifolia) өсімдігін Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданынан теріп келіп, зерттеу жұмысын бастадық. Ең алдымен өсімдіктің сандық көрсеткішін анықтап алуды жөн көрдік.

Ылғалдылығын анықтау. Шикізаттың әр түріне арналған нормативтік құжаттамада белгілі бір мәннен аспайтын ылғалдылық (ылғалдылық) нормасы белгіленеді.

Тауарлық талдау барысында шикізаттың ылғалдылығы гигроскопиялық судың әсерінен кептіру кезіндегі массаның жоғалуы ғана емес, сонымен қатар басқа да ұшпа заттар ретінде түсініледі.

Талдау барысында шикі заттың массасы есептеледі, екі бюкске салынады, алдын ала бюкстің массасы есептелінеді, шикізат массасы 5гр нан.

1-ші бюкс массасы-45,25гр.

2-ші бюкс массасы-48,88гр.

Енді шикі затпен бірге массасы:

1ші- 50,25гр.

2ші -53,88гр.

Шикізат салынған 2бюксті, 2 сағатқа 100 градуста кептіру пешіне салынады.

2 сағаттан кейінгі кептіру пешінен бюкс шығарылып, сол күйінде 1 сағатқа, түбінде сусыз кальций хлориді бар эксикаторға кептіру мақсатында қойылады.

1-ші бюкс шикізатымен бірге кепкеннен кейінгі салмағы-50,15гр.

2-ші бюкс шикізатымен бірге кепкеннен кейінгі салмағы-53,68гр.

Енді 30 минутқа қайта кептіру пешіне 2 бюкс шикізатымен бірге салынады, 30 мин өткеннен кейін бюкс шығарылып қайта кептіру мақсатында 1 сағатқа эксикаторға салынады.

1-ші бюкс шикізатымен бірге кепкеннен кейінгі салмағы-50,16гр.

2-ші бюкс шикізатымен бірге кепкеннен кейінгі салмағы-53,68гр.

1-ші бюкс 0,01гр масса қосты, 2-ші бюкс өзгермеді.

Екіншірет шикізатымен бірге 2 бюкс 30 мин кептіру пешіне салынып, 1 сағат кептіріледі[1,2].

Екінші кептіруде ешқандай салмақ өзгерісі байқалмады.

Бюкс салмағы

Шикізат салмағы

Кептіргенге дейінгі бюкспен шикізат салмағы

2 сағаттан кейінгі салмағы

30

минуттан кейінгі

салмағы

30

минуттан кейінгі

салмағы

Кептіргеннен кейінгі шикізат салмағы

1

45,25

5,00

50,25

50,15

50,15

50,16

4,9

2

48,88

5,00

53,88

53,68

53,68

53,68

4,8

Кесте 1-Талжапырақты әрем өсімдігінің ылғалдылығын анықтау

65

Күлділігін анықтау. Күлі деп – оны жағып, қыздырғаннан кейін қалған, тұрақты салмаққа жеткізілген бейорганикалық заттардың қалдығын айтады. Дәрілік өсімдік шикізатының құрамында тек органикалық заттар ғана емес, сонымен қатар минералды заттар да кездеседі.

Әдістемесі: аналитикалық санамаға алынған шикізатты ұсақтайды және тесіктерінің диаметрі 2 мм болатын елеуішпен елейді. Тұрақты салмаққа дейін алдын-ала қыздырылған фарфор тигельге, жалпы күлді анықтау үшін 1-3 грамм салмақ өлшемін, алады. Салмақ өлшемін өлшегенде ауытқуы 0,0005 г-нан аспауы керек. Тигельдегі шикізатты электроплиткада немесе газдың баяу жалынында, жалыны тигельдің түбіне тимейтіндей етіп көмірлейді. Оның үстіне асбестті торды қояды. Шикізатты көмірлегеннен кейін, көмірді жағу үшін және қалдықты толық жағу үшін тигельді муфельді пешке ауыстырады. Тұрақты салмаққа дейін 550-6500С қызарғанша қыздырып және күлдің балқып, тигель қабырғаларына жабысып қалуынан сақтау керек. Қыздыру аяқталғаннан кейін тигельді 2 сағат салқындатады. Сосын, түбінде сусыз кальций хлориді бар эксикаторға қояды, салқындатып, өлшейді. Тұрақты салмаққа жету дегеніміз, егер 2 өлшеудің арасындағы айырмашылығы 0,0005 г-нан аспауы[1,2].

Кесте 3-Талжапырақты әрем өсімдігінің сандық көрсеткіші.

Сандық көрсеткіш

Жер үсті бөлігі

1.

Ылғалдылық

3,00 % жоғары емес

2.

Күлділік

2,50 % жоғары емес

Тұжырым: Талжапырақты әрем (Phlomis silicifolia) өсімдігінің ылғалдылығын және күлділігін анықтау нәтижесі кесте және формула бойынша көрсетіді.

Анықтаудың соңғы нәтижелері ретінде пайыздың ондық бөлігіне дейін есептелген екі параллель анықтау- дың орташа арифметикасын алады. Екі параллель анықтаудың нәтижелерінің арасындағы жіберілетін айырма- шылық 0,5 % аспауы керек. Яғни Талжапырақты әрем (Phlomis silicifolia) өсімдігінің ылғалдылығының орта арифметикасы 3,00%, күлділігінің орта арифметикасы 2,50% көрсетті.

Әдебиеттер

  1. 1. Фармакогнозия. Атлас. В 3 т. Т.1 [Электронный ресурс] : учебник / И. А. Самылина, О. Г. Аносова. - Электрон. текстовые дан. ( 71,6 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2012
  2. 2. Патсаев А.К., Токсанбаева Ж.С.Лекарственные растения как источник получения эффективных и безопасных лекарственных средств. – Интеграция народной и классической медицины в Республике Казахстан /Матер.междунар.научно-практ.конф.. – Туркестан. – 2013 г.