Түйін
Мақалада әр түрлі жастағы хирургиялық сала бойынша амбулаторлы – емханалық көмек көрсетудің технологиялық салыстырмалы талдауы жүргізілген. Атап өтілгендей, науқастардың жасы ұлғайған сайын хирургиялық көмекке жүгіну саны төмендейді, бірқатар тексеру әдістері мен емдеудің кейбір әдістері (күндізгі стационар, оңалту) қысқарады.Үлкен жастағы топтағы науқастардың емханаға хирургиялық көмекке жүгінген көрсеткіштері бойынша, тексеру әдістерінің және стационаралмастырушы технологиялардың, ұйымдастыру технологиясының жиілігі және амалды негіздейтін көрсеткіштерге сәйкес оңтайландыру үшін ұсыныс әзірленген.
Кілт сөздер: хирургиялық патология, амбулаторлы – емханалық көмек, егде және қарт жас, гериатриялық технологиялар.
Дәстүр бойынша біздің елімізде және шетелдерде орта буын жастарға гериатриялық көмек көрсетудің орта буыны бұл - амбулаторлық-емханалық көмек [1,2].
Осыған байланысты клиникалық гериатрияда қабылданған заманауи тәсілдерді есепке ала отырып, егде жастағы топтардың науқастарына оңтайлы амбулаторлық-емханалық хирургиялық көмек көрсетуді дамытуға бағытталған зерттеулер үлкен маңыздылыққа ие болады [3].
Зерттеудің мақсаты – медициналық көмек көрсетудің амбулаторлық-емханалық емдеу сатысында хирургиялық аурулармен ауыратын және соматикалық патологиямен үйлесетін егде және қарт жастағы науқастарға медициналық көмек көрсетуді оңтайландырудың жолдарын ғылыми негіздеу және дамыту.
Зерттеу материалдары және әдістері: 2016-2017 жыл аралығындағы Түркістаноблысы, Шымкент қаласы емдеу мекемелері ұйымдарында (Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасының емханасы, №1 Шымкент қалалық емхана, №3 емхана) әр түрлі жастағы науқастарға жиі кездесетін хирургиялық аурулар бойынша амбулаторлы-емханалық хирургиялық көмек көрсету технология- сының салыстырмалы сараптамасы жүргізілді [4,5] (1 кесте).
Зерттеудің осы бөлімінде әртүрлі жастағы 300 науқас есепке алынды, емделу сапасын төмендететін егде жас топтарының науқастарына хирургиялық көмек көрсетудің ерекшеліктері анықталды, бұл кейін оны жетілдіру жөнінде шаралар ұсынуға мүмкіндік берді. Зерттеудің алдыңғы кезеңдерінде алынған деректерге сүйенсек, амбулаторлық-емханалық мекемелерде егде жастағы және қарт жастағы науқастарға оңтайлы хирургиялық көмек көрсету үшін үлгі жасалды. Осы үлгінің тиімділігін бағалау үшін рандомизацияланған бақыланатын болжамды зерттеу жүргізілді, зерттеу барысында егде жастағы науқастармен қарт жастағы науқастардан тұратын екі тобы құрылды.
Зерттеуге 62 егде жастағы науқастар алынған, олардың 30 бақылау тобына кірген (құраған орта жасы - 65,2 ± 0,9 жас), негізгі тобында - 32 адам (орта жасы 65,4 ± 1,2 жас). Науқастардың зардап шеккен аурулары, жарықтар (45,0%), ішек өтімсіздігі (75,0%), панкреатит (25,0%), өт тас ауруы (17,5%) және олардың қосындысы.
1 кесте - Науқастардың сандық сипаттамалары
Жасы |
Орта жасы |
Науқастардың саны |
Барлығы |
||
Жарық |
Панкреатит |
Өт тас аурулары |
|||
Орташа жас |
47,2 ± 1,3 |
34 |
32 |
35 |
101 |
Егде жас |
65,4 ± 1,5 |
35 |
33 |
34 |
102 |
Қарт жас |
77,5 ± 1,4 |
32 |
32 |
33 |
97 |
2 кесте - Әр түрлі жастағы науқастарға емханаларда зерттеу әдістерін қолданудың жиілігі
Тексеру әдістері |
Жасы |
||
Орташа жас |
Егде жас |
Қарт жас |
|
Қанның жалпы сараптамасы |
2,2± 0,3 |
1,5 ± 0,1* |
0,8± 0,01** |
Зәрдің жалпы сараптамасы |
2,3± 0,2 |
1,4 ± 0,1* |
0,7± 0,02** |
Қанның биохимиялық сараптамасы |
2,1± 0,2 |
1,3 ± 0,01* |
0,7± 0,01** |
Электро- кардиограмма |
2,2± 0,1 |
1,1 ± 0,02* |
0,6± 0,02** |
Ультрдыбысты зерттеу |
1,1 ±0,01 |
0,9 ± 0,01* |
0,5± 0,01** |
Ескерту *p < 0,05 орта жаспен егде жастар арасындағы топтардың салыстырмасы, ** p < 0,05 қарт жастағы топтармен басқа жас санаттары.
Біз дайындаған зерттеу үлгісінің тиімділігін тексеруге 61 қарт жастағы науқас алынды, олардың 30 бақылау тобына кірген (құраған орта жасы - 76,1 ± 1,3 жас), негізгі тобында - 31 науқас (орта жасы 77,5 ± 1,4 жас). Науқастар жоғарыда аталған патологиямен, қарт жастағылар алынған: Науқастардың зардап шеккен аурулары, жарықтар (67,0%), ішек өтімсіздігі(85,0%),панкреатит (35,0%), өт тас ауруы (19,5%), және олардың қосындысы.
Негізгі топтың науқастарына динамикалық диспансерлік бақылаудың жетілдірілген амалдары ұсынылды, бақылау тобындағы науқастар көпсалалы емхананың хирургиялық бөлмі базасында стандартты терапиялық ем алды. Бақылау кезеңі бір жыл құрады, соңында SF-36 сұранысымен салыстырмалы өмір сапасын талдау жүргізілді, сондай-ақ әр жастағы негізгі және бақылау топтарында хирургиялық аурулар ағымының көрсеткіштері көрсетілген.
3 Кесте - Науқастарға оңтайлы хирургиялық күтім үлгісінің параметрлері
Үлгі параметрлері |
Жасы |
||
Егде жастағы науқастар |
Қарт жастағы науқастар |
||
Нозологиялық нысандар |
Жарықтар |
||
Ішек өтімсіздігі |
|||
Панкреатит |
|||
Өт тас ауруы |
|||
Қаралуы (жыл бойындағы саны) |
|||
Хирургқа қаралғаны |
3—4 |
1—2, оның 1 —2 — белсенді қаралған |
|
10—13 |
7—8, оның 4—5 — белсенді қаралған |
||
1—3 |
1—2, оның белсенді қаралғаны —1 |
||
Терапевтке қаралғаны |
7—8, оның 4—5 — белсенді қаралған |
||
Терапевтік саладағы мамандарға қаралғаны |
1—2, оның белсенді қаралғаны —1 |
||
Тексерілуі (жыл бойындағы саны) |
|||
Қанның жалпы сараптамасы |
2—3 |
2—3 |
|
Зәрдің жалпы сараптамасы |
2—3 |
2—3 |
|
Қанның биохимиялық сараптамасы |
2—3 |
2—3 |
|
Электро- кардиограмма |
2—3 |
2—3 |
|
Ультрдыбысты зерттеу |
1—2 |
2—3 |
|
Стационар алмастырушы технологиялар (жыл бойындағы саны) |
|||
Күндізгі стационар |
1—2 |
1—2 |
|
Үй жағдайындағы стационар |
1—2 |
1—2 |
|
Арнайы бөлімшедегі реабилитация |
4—5 |
4—5 |
|
Гериатриялық технологиялар (қамту жиілігі 100 науқасқа есептелген): |
|||
Медициналық тексеру |
90—95 |
90—95 |
|
Әлеуметтік көмек |
50—70 |
90—95 |
|
Герогогика |
95—100 |
95—100 |
Нәтижелер мен талдау Тексеру әдістері. Бір күнтізбелік жыл ішінде әртүрлі жастағы науқастарға барлық үлгідегі іріктеп қолданылған тәсілдер жиілігінің зерттеу нәтижелері 2 кестеде көрсетілген.
Стационар алмастырушы технологияларды қолдану. Жыл бойындағы емхананың күндізгі стационарында түрлі жастағы науқастардың бағытының құраған еселігі: орта жаста - 2,1 ± 0,1, егде жастағылар - 1,3 ± 0,2, қарт жастағылар - 0,5 ± 0,02, p < 0,05. Отра жастағы үйдегі стационардың ұйымдастыру еселігі - 0,3 ± 0,01, егде жастағы - 0,5 ± 0,02, қарт жастағы - 1,3 ± 0,01, p < 0,05. Емхананың арнайы бөлмшесі базасында медициналық реабилитация курсы жүргізілген еселігі: орташа жастағылар - 3,2 ± 0,3, егде жастағылар - 4,5 ± 0,2, қарт жастағылар - 2,1 ± 0,1, p < 0,05.
4 кесте - Хирургиялық профильдегі егде жастағы науқастардың емханада көмек көрсету бойынша оңтайландыру шараларының әсер ету сапасының динамикасы
Көрсеткіш |
Бақылауға дейінгі |
Бақылаудан кейінгі |
||
Бақылау тобы(n = 30) |
Негізгі топ(n= 32) |
Бақылау тобы(n = 30) |
Негізгі топ(n= 32) |
|
Жалпы денсаулығы |
24,9 ± 2,2 |
24,8 ± 2,1 |
25,0 ± 1,3 |
31,5 ± 1,5*, # |
Рөлдік ерекшелігі |
27,0 ± 1,6 |
28,1 ± 1,2 |
26,3 ± 0,9 |
33,9 ± 1,7*, # |
Ауыруы |
14,5 ± 1,4 |
14,4 ± 0,7 |
11,9 ± 1,9 |
10,3 ± 0,4*, # |
Физикалық ерекшелігі |
24,6 ± 2,2 |
26,1 ± 2,2 |
25,2 ± 1,4 |
31,2 ± 2,2*, # |
Өміршеңдік ерекшелігі |
25,3 ± 3,2 |
27,1 ± 3,4 |
27,8 ± 1,5 |
32,2 ± 1,4*, # |
Психологиялық денсаулығы |
21,6 ± 1,4 |
22,7 ± 1,6 |
22,2 ± 1,1 |
26,5 ± 1,3*, # |
Рөлдік эмоционалды ерекшелігі |
31,2 ± 1,5 |
31,2 ± 1,7 |
30,1 ± 1,7 |
35,2 ± 1,2*, # |
Әлеуметтік ерекшелігі |
31,2 ± 2,3 |
31,3 ± 2,1 |
31,4 ± 1,3 |
36,3 ± 1,1*,# |
Ескерту: * топ ішіндегі көрсеткіштердің сенімді динамикасы, р <0,05. # топтар арасындағы елеулі айырмашылық, р <0,05 *
5 кесте - Қарт жастағы науқастардың өмір сапасының динамикасы
Көрсеткіш |
Бақылауға дейінгі |
Бақылаудан кейінгі |
||
Бақылау тобы (n = 30) |
Негізгі топ (n= 31) |
Бақылау тобы (n = 30) |
Негізгі топ (n= 31) |
|
Жалпы денсаулығы |
25,2 ± 1,5 |
24,6 ± 1,6 |
23,2 ± 1,1 |
31,4 ± 1,2*,# |
Рөлдік ерекшелігі |
25,1 ± 1,4 |
25,4 ± 1,5 |
24,3 ± 1,4 |
31,2 ± 1,1*,# |
Ауыру |
14,1 ± 1,5 |
14,2 ± 1,2 |
12,2 ± 1,2 |
8,2 ± 1,2*,# |
Физикалық ерекшелігі |
26,1 ± 1,3 |
24,5 ± 1,5 |
25,2 ± 1,1 |
29,6 ± 1,6*,# |
Өміршеңдік |
23,9 ± 2,0 |
25,1 ± 2,6 |
25,2 ± 1,3 |
31,2 ± 1,6*, # |
Психологиялық денсаулық |
20,5 ± 1,4 |
21,2 ± 1,3 |
23,4 ± 1,3 |
27,1 ± 1,4*,# |
Рөлдік эмоционалды ерекшелігі |
29,5 ± 1,6 |
29,6 ± 1,8 |
30,1 ± 1,2 |
36,3 ± 1,2*,# |
Әлеуметтік ерекшелігі |
30,8 ± 1,7 |
30,1 ± 2,2 |
30,5 ± 1,1 |
36,2 ± 1,7*,# |
Ескерту: * топтар ішіндегі көрсеткіштердің сенімді динамикасы, p <0,05. # топтар арасындағы көрсеткіштердің айтарлықтай айырмашылығы, р <0,05.
Оңтайлы хирургиялық көмек үлгісі. Алынған нәтижелер егде жастағылар мен қарт жастарға арналған оңтайлы хирургиялық күтім үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді
Оңтайлы хирургиялық күтім үлгісінің тиімділігі.
Науқастардың жай-күйінің динамикасы. Бақылау аяқталғаннан кейін егде жастағы науқастардың жағдайын кешенді бағалау нәтижелерін зерттеу кезінде негізгі топта айтарлықтай қолайлы өзгеріс- тер болғаны анықталды. Атап айтқанда, бақылау тобындағы жағдайдың айтарлықтай жақсаруы - 1,2 ± 0,1%, негізгі топта - 3,7 ± 0,1%; бақылау тобындағы жақсару - 10,0 ± 0,2%, негізгі топта - 28,3 ± 0,2%; бақылау тобындағы жағдайдың динамикасының болмауы 67,5 ± 0,2% болған жағдайда, негізгі топта - 50,6 ± 0,1%, жағдайдың нашарлауы бақылау тобында 21,3 ± 0,1% жағдайда тіркелді, негізгі топта - 17,4 ± 0,1%, р <0,05.
Қарт жастағы науқастардың жағдайының динамикасын зерттегенде, негізгі топтың пайдасына елеулі айырмашылықтар байқалды. Осылайша, бақылау тобындағы науқастарда айтарлықтай жақсару науқастардың 0,3 ± 0,1% байқалды, негізгі топта ол 6,3 ± 0,1%; бақылау тобы жағдайының жақсаруы 19,0 ± 0,1%, негізгі топта - 18,4 ± 0,2%; бақылау тобындағы жағдайдың динамикасының болмауы - 63,5 ± 0,3%, негізгі топта - 54,5 ± 0,1%; бақылау тобындағы жағдайдың нашарлауы - 28,7 ± 0,2% жағдайларда, негізгі топта - 20,8 ± 0,2%, р <0,05 болды.
Науқастардың өмір сапасының динамикасы. Науқастардың негізгі тобында өмір сүру сапасының оң динамикасы егде жастағы топтарда да қарт жастағы топтарда да анықталды (кестелер 4, 5).
Созылмалы хирургиялық аурулардың (жедел жәрдем шақыру, емханаға бару және ауруханаға жатқызу саны) медициналық-әлеуметтік көрсеткіштерінің динамикасын зерттеу кезінде егде жастағы науқастар мен қарт жастағы науқастарда негізгі топта айтарлықтай оң өзгерістер анықталды (6 және 7-кестелер)
6 кесте - Егде жастағы науқастардың хирургиялық патологияларының медициналық-әлеумет- тік көрсеткіштерінің динамикасы
Топ |
Медициналық әлеуметтік көрсеткіш |
|||||
Жедел жәрдемге жүгінгендер |
Емханаға қаралғандар |
Ауруханаға жатқызылғандар |
||||
Бақылауға дейінгілер |
Бақылаудан кейінгілер |
Бақылауға дейінгілер |
Бақылаудан кейінгілер |
Бақылауға дейінгілер |
Бақылаудан кейінгілер |
|
Бақылау тобы (n= 31) |
4,3 ± 0,2 |
4,1 ± 0,3 |
4,3 ± 1,2 |
4,1 ± 1,3 |
2,4 ± 0,3 |
2,4 ± 0,2 |
Негізгі топ(n= 32) |
4,4 ± 0,3 |
1,5 ± 0,2*,# |
4,4 ± 1,3 |
2,3 ± 0,8*,# |
2,4 ± 0,2 |
0,9±0,2*,# |
Ескерту: * топ ішіндегі көрсеткіштердің сенімді динамикасы, p <0,05. # топтар арасындағы көрсеткіштердің айтарлықтай айырмашылығы, р <0,05.
7 кесте - Қарт жастағы науқастардың хирургиялық патологияларының медициналық- әлеуметтік көрсеткіштерінің динамикасы
Топ |
Медициналық әлеуметтік көрсеткіш |
|||||
Жедел жәрдемге жүгінгендер |
Емханаға қаралғандар |
Ауруханаға жатқызылғандар |
||||
Бақылауға дейінгілер |
Бақылаудан кейінгілер |
Бақылауға дейінгілер |
Бақылаудан кейінгілер |
Бақылауға дейінгілер |
Бақылаудан кейінгілер |
|
Бақылау тобы (n= 30) |
4,7 ± 0,3 |
4,8 ± 0,4 |
3,2 ± 1,3 |
3,5 ± 1,1 |
2,7 ± 0,2 |
2,6 ± 0,4 |
Негізгі топ(n= 31) |
4,6 ± 0,2 |
1,7 ± 0,3*,# |
3,3 ± 1,2 |
2,4 ± 0,7*,# |
2,6 ± 0,3 |
1,1±0,2*,# |
Ескерту: * топ ішіндегі көрсеткіштердің сенімді динамикасы, p <0,05. # топтар арасындағы көрсеткіштердің айтарлықтай айырмашылығы, р <0,05.
Қорытынды. 1. Ересек жастағы науқастарға амбулаторлық-хирургиялық көмек көрсетудің ерекше-лігі - зерттеу әдістері мен емдеудің кейбір әдістерінің (күндізгі стационар, оңалту) жиілігін азайту.
2. Амбулаторлық хирургиялық көмек көрсету кезінде бригадалық әдіс пен герогогика сияқты зама-науи гериатрияға қабылданған тәсілдердің жеткіліксіз қолданылуы.
3. Егде жастағы науқастарға оңтайлы хирургиялық көмек көрсету үлгісі жасалды, ол көмекке мұқтаждықты, емдеу және емдеу әдістерін қолдану жиілігін ескереді және қазіргі заманғы гериат- риялық технологияларды қамтиды. Оңтайлы хирургиялық күтім үлгісін қолдану егде жастағы және қарт жастағы науқастардың субъективті және объективті жағдайын жақсартуға, өмір сапасын жақсартуға, созылмалы аурулардың медициналық және әлеуметтік көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі.
Әдебиеттер
- И.Н. Денисов. Актуальные аспекты формирования первичной медико-санитарной помощи // Главврач. 2010. -№ 7.
- И.Н.Денисов, Н.М. Куницына, К.И. Прощаев и др. Особенности медико-социальной эффективности медицинской помощи пожилым людям в государственных и частных учреждениях здравоохранения // Современные проблемы науки и образования. 2012. -№ 4; URL: www.science- education.ru/104-6912(дата обращения: 18.11.2013).
- K. Christensen, G. Doblhammer, R. Rau. Ageing populations: the challenges ahead // The Lancet, 2009. - № 9696. — P. 1196 - 1208.
- П.И. Поляков, С.Г. Горелик. Хирургическая патология у больных пожилого и старческого возраста // Материалы научно-практической конференции с международным участием «Ускоренное старение: механизмы, диагностика, профилактика» 4-5 октября 2012 г. Киев, 2012. - С. 38.
- П.И. Поляков, С.Г. Горелик, Е.В. Федюк. Клинико-эпидемиологическая характеристика хирургической патологии у лиц старческого возраста в России // Материалы конференции «Геронтологические чтения — 2012». - С. 62-63.