Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Артериялық гипертензиясы бар науқастарды дәрімен қамтамасыз ету кезіндегі гипотензивті препараттарды оңтайлы таңдау мәселелері

Қазіргі таңда, ДДСҰ (ВОЗ) деректеріне сүйенсек жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары жоғары өлімге әкелетін аурулардың алғашқы үштігіне кіреді. Ол аурулардың дамуына келесі негізгі факторлар әсер етеді: елдің ішкі пайдасының төмен болуы, қант диабеті, гиперлипидемия, қан қысымының жоғары болу тәуекелділіктері және т.б. [1].

Қазақстан халқының ересектерінің 40%-ында артериялық гипертензияның (бұдан әрі АГ) белгілі бір дәрежесі бар. Соңғы жылдары науқастарда бұл аурудың алғашқы белігілері 30 жастарында да байқала бастады. Қазақстанның халық денсаулығы туралы ресми 2017 жылғы мәліметтерге сүйенсек 100 мың адамға шаққанда қан қысымының жоғарылауымен сипатталатын аурулардың барлық саны 1236,4 тең, ал бұл көрсеткіш 2015 жылы 1169,9 тең болған. 2017 жылдың 2015 жылғы мәліметтерімен салыстырғанда 2017 жылы бұл көрсеткіштің өсу қарқыны 5,6% тең болғанын байқауға болады [2].

Артериялық гипертензия - И.С. Короткив әдісі бойынша 2 реттен кем емес және одан да көп немесе 1 апта интервалымен науқастардың артериалық қан қысымын өлшегенде систолалық (САҚ) >140 және (немесе) диастолалық деңгейі (ДАҚ) >90 мм сын.бағ. дейін тұрақты артериялық қан қысымының жоғарылауы. Қан қысымның жоғарылауы жүрек ишемиялық ауруы, ми инсульты сияқты қан айналым жүйесінің ауруларының дамуына әкелетін ең негізгі факторлардың бірі болып табылады. Дәл уақытында өз қан қысымын қадағалап отыру арқылы жоғарыда айтылып кеткен бірқатар аурулар дамуының алдын алуға болады.

Артериялық гипертензияның дәрежесі бойынша негізі үш топқа жіктелетіні белгілі:

1-ші дәреже: САҚ 140-159 мм сын.бағ., ДАҚ 90-99 мм сын.бағ.;

2-ші дәреже: САҚ 160-179 мм сын.бағ., ДАҚ 100-109 мм сын.бағ.;

3-ші дәреже: САҚ >180 мм сын.бағ., ДАҚ >110 мм сын.бағ.

Сонымен қоса, шетел және ҚР тұрғындарында АГ-ның жекелеген систолалық гипертензиясы деп аталытын САҚ >140 және ДАҚ <90 мм сын.бағ. көрсеткіштерімен де кездеседі [3, 4].

Артериялық гипертензияның оңтайлы (рационалды) фармакотерапиясы деген әрбір жеке науқасты амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде артериялық қан қысымын тұрақты ұстап тұру мақсатында белгілі бір емдеу сызбасымен тиімді, қауіпсіз әрі қолжетімді гипотензивті препараттармен дәрілік көмек көрсетуді білдіреді [5].

Осы таңда Қазақстанның фармацевтикалық нарығында антигипертензивті препараттардың ассортименті үнемі көбеюде және елдің әрбір аймағында бұл препараттардың сұраныс деңгейі мен қолдану дәрежесіне байланысты медициналық және дәріхана мекемелерінде әр түрлі көлемде әр түрлі бағамен қамтамасыз етілген. Артериялық гипертензияны ұзақ немесе өмір бойы емдеу мемлекеттің және тұрғындардың қаржылық шығындарының болуына әкеледі. Сол себепті бұл препараттарды тиімді таңдау үшін фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық артықшылықтарын есепке алған жөн.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің ересек адамдардың артериялық гипертензиясы бойынша диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасында дәрілік емдеу бөлімінде ең негізгі дәрілік топтарына келесілер жатқызылған: диуретиктер (тиазидтер, хлорталидон мен индапамид), бета- адренотежегіштер, кальций антагонистері, ААФ (АПФ) ингибиторлары және ангиотензин рецепторларын тежейтіндер бастапқы немесе жалғастырушы антигипертензивті терапияда, яғни монотерапия ретінде немесе белгілі бір комбинацияда қолданылады. Гипотензивті препараттардың дәлелдік дәрежесі жоғары - IA. Зерттеу барысында антигипертензивті препараттардың тек ҚР Клиникалық хаттамалары ұсынған тиімділігі дәлелденген топтары ғана зерттелген [3].

Препараттарды дұрыс таңдау, олардың терапия кезінде оңтайлылығы (ұсыныстар мен нұсқаулықтар) туралы интернет көздерінде мәліметтер өте көп, мәліметтерінің дұрыстығы тек ресми сайттардан (мысалыға: Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы сайтынан http://www.rcrz.kz) білуге болады.

Бұл препараттардың жергілікті дәріханалардағы бағалары әрдайым ауытқып тұрады және оларды қадағалау, бақылау қиынца соқтырады. Ол өз кезегінде препараттың дәріханадағы сұраныс деңгейі мен шетелден келген препараттардың ақша курсына тәуелділігімен сипатталады. Препараттарға дәрінің шекті бағалары мемлекеттік деңгейде реттеледі. Мысалы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу объектілері үшін көрсетілетін фармацевтикалық қызметтерге үстеме бағалар 12% аспайды. Дәріханалардағы бағаларды ақпараттық-анықтамалық көздерінен - ЖШС «Медико-фармацевтикалық ақпарат орталығы» (http://mpi.kz/), Бірыңғай ақпараттық қызмет «I-teka» (http://i-teka.kz/) және кез келген дәріхананың жеке (бар болса) ресми сайттарынан білуге болады.

Ал тегін медициналық кепілді көмек көрсету (ТМККК) шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2015 жылғы 30 шілдедегі №639 бұйрығымен (ҚР ДСМ 2018 жылғы 8 ақпандағы №53 бұйрығымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар) реттеледі. ТМККК шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі препараттардың шекті бағаларын ҚР «СҚ-Фармация» Бірыңцай дистрибьюторының ресми сайтынан (http://www.sk-pharmacy.kz) білуге болады.

Осы дерек көздеріндегі баға мәліметтерін зерттеу нәтижесінде ең арзаң препараттар тобына ААФ (АПФ) ингибиторлар тобы (эналаприл, каптоприл) жатады, ең қымбат препараттар тобына ангиотензин рецепторларын тежейтіндер (кандесартан, лозартан) және антигипертензивті препараттардың (диуретикпен) комбинирленген топтары жатады.

Қорытындылай келсек, антигипертензивті препараттардың отандық және жергілікті нарығының құрылымы мен стационарлық және амбулаториялық деңгейде дәрілік көмек көрсету кезінде дәлелденген фармакоэпидемиологиялық және фармакоэкономикалық артықшылықтары бар препараттарды таңдау критерийлері Қазақстан тұрғындарының сапалы, әрі ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Әдебиеттер

  1. Сердечно-сосудистые заболевания. Информационный бюллетень ВОЗ №317. Январь 2015.
  2. 2017 жылда Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі. Статистикалық жинақ. - Астана, 2018. 73-74 б.
  3. Клинические протоколы диагностики и лечения, утвержденные МЗ СР РК от от «30» ноября 2015 года. Протокол №18 - Артериальная гипертензия. URL: http://www.rcrz.kz.
  4. Williams B., Mancia G. et al. 2018 ESC/ESH Guidelines for the management of arterial hypertension: The Task Force for the management of arterial hypertension of the European Society of Cardiology (ESC) and the European Society of Hypertension (ESH). // European Heart Journal (2018) 39, 3021-3104. DOI: 10.1093/eurheartj/ehy339/
  5. Керимбаева З.А. Оценка фармакотерапии артериальной гипертонии при сердечно-сосудистых осложнениях на амбулаторном уровне // Вестник ЮКГФА, 2(47) - 2010. С. 177-179.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.