Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сұлулық өлімді талап етеді ме?

Аннотация: Біз бұл мақалада артық салмақтан айығуға арналған дәрілік заттардың зиянды жақтарын қарастырамыз. Артық салмақтан арылуға арналған дәрілік заттар ғаламтордағы жарнамалардағыдай оңтайлы емес. Қазіргі таңда нарықта артық салмақтан айырылуға арналған дәрілік препараттардың саны күн санап артуда.Өндірушілердің басты мақсаты халыққа шынайы түрде көмек емес, нақтылы ақша көзін табу саясатында. Шындығына келгенде, бұл дәрілік заттардың саны қанша артып жатса да, оны қолданып жатқан артық салмағы бар адамдар өздерінің айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмағандарымен дәрілік препараттарды қабылдау барысында қосымша клиникалық ауруларға ұшырағандарын мәлімдеп дабыл қағуда. Бұл мақаланың өзекті мәселесі осы дәрілік заттардың қауіптілік дәрежесінде ғана емес, сонымен қатар организмге қаншалықты зиянды жәнеде шығынды екенін дәлелдеу.

 

Кілт сөздер: артық, салмақ, семіздік, эстетика, мәселе.

Өзектілігі: Біз білетіндей, 21 ғасырда бүкіл әлем халықтары арасында денеге жиналған артық салмақ актуалды мәселелердің біріне айналып тұр. Артық салмақ өз кезеңінде адамды морфалогиялыққана емес белгілі бір паталогиялық ауруларға соқтырады. ҚР 2016 жылдың 18 шілдедегі алынған мәліметтер бойынша, 58,7% халықта артық салмак, 23,5% семіздікке шалдыққан. Бұл дегеніміз халқы аз ел үшін жеткілікті жоғарғы көрсеткіш. Осы орайда өзін толық санайтын сұлулықтың оңай жету жолын іздеушілер ойы артық салмақтан арылтатын дәрілік затқа саяды. Бұл оңай. Дәрілік заттармен барлық артық салмақтан арылтатын биологиялық активті қоспалар және басқа да фармацевтикалық тауарларды дәріханаларда ғана емес, сондай ақ ғаламтор желісінде үйге тапрырыс беріп сатып алуға да болады. Қазіргі таңда артық салмақтан жеңіл жолмен, яғни биологиялық активті қоспаларды пайдалану жеңіл, қолданысы қарапайым, артық салмақтан арылуға физикалық үлес қосуды қажет етпейтін болғандықтан тұтынушылар арасында өте танымал болып тұр, бұл таңдау зиянсыз ба?!

Артық салмақтан арылуға арналған препараттарды қысқа мерзім қабылдаса организмге келтіретін аса ауқымды зияны жоқ, ал ұзақ уақыт қабылдаса ағзаға кері әсерін тигізеғана қоймай, қалыпты жағдайынан ауытқушылықтар пайда бола бастайды (метоболизмнің бұзылысы, аритмия, гипертония, ұйқысыздық, диарея, әлсіздік, зәр шығару жүйесінің өзгерісі, жүрек жеткіліксіздігі, бас ми жұмысының ауытқуы және т.б. Бұл препарттарды қабылдағаннан кейін анорексия, психикалық ауытқу сиякты өте ауыр зардаптары болуы мүмкін).

Мақсаты: КР халқының тұрғындарын артық салмақтан арылтатын БАҚ препараттарының қолдануын алдын алу. Бұл препараттардың теріс әсерлері жазылмайды, оның негізгі себебі материалдық құндылықты адам денсаулығынан маңыздырақ есептегендіктен. Бұл мақаланың негізгі мақсаты ретінде арнайы форумдарды ашу, жанама әсерлері жайлы әлеуметтік роликтер түсіріп, халықты артық салмақтан арылтатын препараттардың салдары туралы ескерту көзделді.

Зерттеу тәсілімен талқылау: Қазіргі таңда артық салмақтан арылу мақсатындағы дәрілік препараттар шығарылымы фармакология саласында қызу талқылау үстінде. ҚР денсаулық сақтау министрлігін артық салмаққа арылуға бағытталған дәрілік заттардың көбеюі алаңдатып,бұл салаға барынша мән беріп отыр. Сол себепті ҚР денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын артық салмақтан арылу мәселесіне арналған брифинг өткізеді. Мысалы, 2015 жылдың 12қыркүйегінде Астана қаласында артық салмақтан арылу проблемаларына арналған брифинг өткізілген болатын. Брифингке ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой және осы салада еңбек етіп жүрген алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік мамандар қатысты. Онда вице-министр бізге берілген бағыттағы, яғни шығарылымдағы артық салмақтан арылу мақсатындағы дәрілік заттар маңыздылығын тап көрсетті. Мұндағы ең белгілісі дәрілік препараттар денсаулыққа үлкен зардап әкелуі немесе керісінше тиімді жақтары болуы мүмкіндігі қарастырылды. Сол себепті біз бұл мәселеге тереңірек сүңгіп, осы бағытта дәрілік заттар фармокологиясының тиімді немесе тиімсіз тұстарын анықтағымыз келді. Бұл сұрақты зерттеп, оның мақсатына жету үшін ең алдымен жан- жақты сараптамалар мен төмендегідей зерттеу материалдары қажетті болды:

Біріншілік зерттеу әдістері сенімді бұқаралық ақпарат көздері, көптеген газет-журналдар мен ғаламтор көздерінен алынды. Ең алдымен ғаламтор желілері зерттеуге арналған тақырыптың ашылуына үлкен септігін тигізді. Әрине ол алынған мәліметтер қорытынды мен зерттеу нәтижиелерінде көрсетіледі

Артық салмақтан айығуға арналған дәрілік заттардың зиянды әсері бағытында сауалнамалар жүргізілді. Жүргізілген сауалнама әртүрлі жас (18- 63 жас)айырмышылығындағы Қазақстан азаматтарының ой пікірі мен көзқарасын көрсетті.

Сауалнамамен қатар интервьюлар да бұл жұмысқа үлкен септігін тигізді. Интервью Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті қызметкері персоналды басқару бойынша сарапшы Мукатаева Жанна Адильхановна және КГМУ университеті фармакология бағытындағы жас маман бітіруші студенттен алынды.

SWOT анализ талдауы жасалынды. Онда Қазақстандағы дәрілік заттардың халыққа оң теріс әсері жайлы қысқаша мәлімет алдым.

Алынған ақпараттарды сұрыптау нәтижесінде, жалпы жұмыс қорытындысы жасалынады.

заттардың зиянды және жақсы жақтарын атап, салыстырып нәтижиесін диаграммаға енгіздік. Алғашқы диаграммада жас ерекшеліктері бойынша берілсе, екінші диаграмма анық оң-теріс жақтарын сипаттайды.

Мұндағы қызғылт түспен жас адамдар тобы 43, көгілдір түспен орта жас 35, ал көк түспен егде жас адамдары 22 көрсетілген. Жас және орта жас топтары арасында берілген дәрілік заттар кең таралғандықтан 78 пайыз саулнаманың көп бөлігі арналды. Ал жалпы 100 адамның 68 пайызы артық салмақтан арылтатын препараттарға қарсы болса, 32 пайызы пайдалы екендігін атап көрсетті. Яғни сұрастырылған адамдардың көп бөлігі аталмыш дәрілердің пайдасыздығын білдіріп дабыл қақса, 32 пайызына пайдалы эффект білдірді.

Сауалнамамен қатар интервьюлар да бұл жұмысқа үлкен септігін тигізді. Интервью қорытындылары мен нәтижиелеріне назар аударатын болсақ:

1. Интервью беруші жоғарыда айтылғандай, Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті қызметкері персоналды басқару бойынша сарапшы Мукатаева Жанна Адильхановна фармакологиялық препараттың әсерне өз ойын ашып айтты. Мукатаева Жанна Адильхановнаның айтуынша, артық салмақтан арылтатын фармакологиялық заттардың шығымы, оның пайдалы тұстарынан әлдеқайда басымырақ деп жауап берді. Сонымен қатар бұл препараттардың рынокта жоғарғы бағаммен сатылып, кей жерлерде, ғаламтор желіле- рінде тіпті лицензиясыз түрлері де шығу мүмкіндігін және денсаулыққа зиянды әсерін білдірді. Яғни халық сұлулық мақсатында заңсыз өте жоғары бағамда тауар алудың мән мағынасы жоқтығын анық білдірді

2. Ал келесі интервьюер КГМУ университеті фармакология бағытындағы жас маман бітіруші магистр студент Спанов Адилбек Мусылманкулұлы, дәрілік препараттардың жағымсыз екендігін, пайдасының да аса күшті бола бермейтінін нақты атап өткен болатын. Ол заңды препараттар емдік қасиетке ие және үлкен салмақ тастауға негіз екендгіне сенімсіз қарайтынын өз сауалнамасы арқылы білдірді.

Зат алмасуды реттеп тұратын препараттар.

Артық салмақтан арылу препаратттардың көпшілігі, Зат алмасуды реттеп тұратын препараттарболып табылады. Мысалы: , синефрин (қышқыл апельсин), гуарана (құрамында кофеин бар өсімдік) және кофеиннің өзі зат алмасу процесін тездетуге қабілеті бар. ал глюкоман, псиллиум, гуар гумм, кейбір клетчаткалар тәбетті төмендеді және тағамға қаныққан сезімін береді.

Қорытынды.Артық салмақ тастауға арналған дәрлік заттар қандай болуы тиіс?

  1. Иммунитетті күшейтетін, организмді бір тонуста ұстап тұру үшін дәрілік зат құрамында жеткілікті түрде витамин кешені, минералдар және фитонутриндер болуы тиіс, бұл организм калорияға мұқтажданғанда қажет.
  2. Тағам құрамында болатын, организммен тез сіңірілетін экологиялық таза табиғи құрамды,тиімділігі жоғары болуы тиіс.
  3. Ашығу сезімі мен тағамға деген мұқтаждықты ОЖЖ қоздырмай реттеуі тиіс.
  4. Барлық жүйенің функциясын реттеп, организмнің зат алмасуын жақсарта алуы тиіс.
  5. Ұйқыны жақсартып, көңіл-күйді көтеруі тиіс, себебі диета кезінде негативті эффекттер басым болады, ал көңіл күйдің көтеріңкі болуы адамның белсенді болып көп калория жұмсауына алып келеді.
  6. Анаболитикалық эффекті болуы тиіс, себебі дәрі қабылдағаннан кейін тек қана май жоғалмайды, сонымен қатар бұлшықеттегі майлар да ыдырайды. Басты мәселе - арықтау емес, алынған нәтижені сақтап тұру.
  7. Ауруды басатын және қабынуға қарсы қасиеттері болуы тиіс, себебі артық салмақ буындарға, бел мен арқа бұлшықеттеріне ауыр жүктеме түсіреді.
  8. Қан құрамындағы қант, холестерин көлемін, қан қысымын реттеп тұруы тиіс, себебі семіздік кезінде қантты диабет, гипертониялық аурулар жиі кездеседі.

Қорытындылай келгенде, артық салмақтан айырылуға қолданылатын дәрілік заттардың ақыры тек қана салмақ тастаумен ғана шектелмей өзіндік жанама әсерлер туғызады, солардың ішінде жиі кездесетін ОЖЖ бұзылыстары, депрессия, ұйқысыздық, психоз, аритмия, гипертония, жүрек жеткіліксіздігі сияқты ауыр ағымды қайта қалпына келуі қиын паталогиялық жағдайлар туғызады. Әр адамның өз таңдау құқығы бар, дегенмен оның пайдасы мен зиянын ажырата білу тиіс, бұл бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Ғаламтор желісіндегі және дәрігер тағайындауынсыз қолданысқа енетін дәрі - дәрмектер адам таңдауымен біліктіліктің ара жігін ажырата білуде түсініспеушіліктер тудырады. Яғни, білікті дәрігерлердің нұсқауынсыз қолға түскен кез келген артық салмақтан арылтатын дәрілік заттар зиянды. Қауіп қатерге алып баратын қысқа жол. Сұлулық дәрі дәрмектің емес - өз қолыңызда.

Әдебиттер

  1. Астана. 21 қыркүйек. Baq.kzhttps://baq.kz/kk/news/ult sauligi/astanada-artik-salmaktan-arilu- problemalarina-amalgan-brifmg-otedi-71837, сайтынан алынды
  2. "VI Дулати оқулары". Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 20-21 сәуір, 2012ж. - Тараз: ТарМУ, 2012.
  3. Problems of comorbid patient and polypragmasy in neurology. (English). By: Шишкова, В. Н.. Farmateka , 2017, Vol. 342 Issue 9, p34-43, 10p. Publisher: LLC Bionika Media., База данных: Complementary Index
  4. BIOSOCIAL RISKS OF FOOD: INTERNATIONAL ASPECTS. (English). By: Корво, П.. Vestnik MGIMO-University , 2017, Vol. 52 Issue 1, p67-82, 16p. Publisher: MGIMO-University., Базаданных: Complementary Index
  5. Tarasov, Yu. V.. Modern Research of Social Problems , 2013, Issue 12, p1-18, 18p. Publisher: Scientific- Innovative Center, Inc.., Базаданных: Complementary Index

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.