Зерттеу көрсеткендей, ST сегментінің жоғарлауынсыз және жоғарлауымен жедел коронарлық синдромы бар науқастардағы ілеспе аурулар арасында жиі кездесетіні артериальды гипертензия, ЖИА, май алмасуының бұзылуы, қант диабеті, семіру байқалды.
Миокардтың жедел инфарктісі (МЖИ)- эпидемиологиялық, әлеуметтік көзқарастар мен науқастың өзіне байланысты қоғам үшін ауыр зардаптар туғызатын сырқат [1,2]. Аурудың жоғары қауіптілігі мен ерте өлімді азайтудың нақты мүмкіндіктерін кез-келген дәрігер білу қажет. Америкалық жүрек қауымдастығының мәліметтері бойынша МЖИ аурушаңдық жыл сайын шамамен 1,5 миллион адамды құрайды. МЖИ өлімінің төмендеуіне қарамастан, АҚШ-та сырқаттанған науқастардың үштен бір бөлігі өледі [1,2,3]. Әртүрлі елдерде алынған МЖИ бойынша аурушаңдық және өлім-жітім туралы деректерді бірлескен талдау салыстырмалы бағалауға ғана емес, негізгі индикаторлар динамикасын дұрыс анықтауға және МЖИ алдын алу мен емдеуге бағытталған қаржыландыру қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді [4,5].
Қанайналым жүйесі аурулары(ҚАЖА) мен жүректің ишемиялық аурулары(ЖИА) бойынша клиникалық зерттеулерінің басым көпшілігі зерттеу хаттамасында ресми түрде эпидемиологияға арналған маңызды бөлігінде көрсетілген. Алайда алынған нәтижелерді талдау әрекеттері аз, бұл жалпы көріністі бағалауға қиындық тудырады. ҚАЖА диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша ұсынымдар еуропалық немесе американдық кардиологтармен ұсынылған, алайда бұл ұсыныстар қауіп-қатер факторларының құрылымы еуропалық немесе америкалық популяциясындағы аурудың ағымын ескере отырып әзірленген ережелерге негізделген [6,7]. Бұл деректерді пациенттердің тұрғындарына экстраполяциялау мүмкін емес екені анық, кем дегенде, айқын климаттық әртүрлілікке байланысты. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, аймақтағы нақты өмір жағдайына қатысты тәуекел факторларының құрылымын, аурудың ауырлық дәрежесін, асқынулардың пайда болуын және бірлескен патологияны анықтау үшін ОҚО-да ЖИА бар науқастарды зерттеу өзекті мәселе.
Зерттеу мақсаты ОҚО-да ЖИА бар науқастардың клинико-демографиялық сипаттамаларын зерттеу
Материалдар мен әдістер. Зерттеу Оңтүстік Қазақстан облысының ОКО базасында МЖИ диагнозымен науқастарды зерттеумен жүргізілді. Бізбенен жоғары деңгейлі хирургиялық араласуды өткізген (тері арқылыараласужәнеаортокаронарлық шунттау) және2013-2016 жылдар арасында стационарлық емдеуде жатқан өткір коронарлы синдром ST сегменті жоғарлауынсыз (164 адам), өткір коронарлы синдром ST сегменті жоғарлауымен (44 адам) бар науқастардың медициналық және әлеуметтік сипаттамалары зерттелді. Медициналық карталарды іріктеу кездейсоқтық әдіспен іске асырылды. Зерттеуге науқастарды енгізу және шығару критерилері анықталып, іске асырылды. Зерттелгендердің ауру тарихынан қауіп факторлары(темекі шегу, семіздік, қимылсыз өмір салты, теріс психоәлеуметтік факторлар, құжатталған гиперхолестеринемия) туралы маліметтер алынды .
Жұмыс барысында ғылыми зерттеудің келесі әдістері қолданылды:ретроспективті,ақпараттық аналитикалық, статистикалық.
Нәтижелер мен талдау: миокард инфарктісінің ең көп таралуы. 65-79 жас аралығындағы жас тобында анықталды, ерлер басымы 60 жасқа дейінгі жас тобында, ал 75 жастан асқан әйелдерде (р <0,001) байқалды. Аурудың ұзақтығы 10 ± 0.2 күн. Жалпы алғанда, әйелдер ерлерден 9 жас үлкен (95% CI 7.66, 10.34) болды. Госпитализациялау уақытын талдау барысында мәлім болғандай алғашқы 6 сағат ішінде науқастардың жартысынан көбін (ерлердің 59% және әйелдер 61%) ауруханаға жеткізді. МЖИ дамуынан бастап алғашқы екі сағатта ерлер мен әйелдер ауруханаға жатқызылды. Сонымен бірге миокард инфарктісінің басталуынан кейінгі алғашқы күннен кейін науқастардың айтарлықтай үлесі (ерлердің 18% және 16% әйелдер) салыстырмалы түрде кеш жатқызылған. Ерлер мен әйелдердің ауруханаға жатқызу уақытының айырмашылығы анықталмады.
Ерлер мен әйелдердің қабылдауына ST сегментінің көтерілуі бір жиілікте анықталды (тиісінше, науқастардың 56,1 және 53,9%, р = 0,503). Қабылдау кезінде ST сегментінің депрессиясы 104 (57,1%) ерлерде және 78 (42,8%) әйелде белгіленді (р = 0,856). Q-типті МЖИ науқастардың екі тобында да бірдей болды (р = 0,503); топтар бастапқы МЖИ жиілігінде айырмашылығы жоқ. Диастоликалық артериялық қысымды және қабылдау кезінде жүрек соғу жылдамдығымен ерекшеленбеді; сонымен бірге әйелдерде систолалық қан қысымы жоғары болды (р = 0,021). Әйелдедер қан глюкозасы мен қан холестерин деңгейі жоғары, гломерулярлы сүзу жылдамдығы төмен. Тропониннің, креатининнің деңгейі қабылдау және шығу кезінде топтарда бір-бірінен ерекшеленбеді.
МЖИ бар науқастардың аурудың басталуына дәлелденген тәуекел факторларын талдай отырып, темекі шегу, артық салмақ, липидті метаболизмнің бұзылуы ең көп таралғандығы анықталды. Шылым шегушілер 18,01% -ды құрады, ал шегілген темекінің орташа саны 21,1 ± 2,3 болды, күніне 17,24 ± 0,63 темекі болды. Шылым шегу ұзақтығы 17-ден 43 жыл болды. Дене салмағының жоғарылауы 78,8% деңгейінде, дене салмағының орташа мәні 27,1 ± 0,9. 461 (34,3%) науқаста толық липидті спектрі зерттеу жүргізілді.
Холестериннің жалпы деңгейі 5,97 ± 1,6 ммоль / л (95% CI 5.4-6.3), триглицеридтер 2.01 ± 0.73 ммоль / L (95% CI 1.74-2.33) . Липидтер спектрін бұзылуы арасында холестерин деңгейінің төмендеуі 0,9 ± 0,3 ммоль / л болды.
Біздің зерттеуімізде 146 (70,2%) науқастарға тері арқылы араласу, 62 науқастарға (29,8%) аортокаронарлық шунттау жасалынғаны анықталды.
Біздің жұмыста ST сегментінің жоғарлауынсыз миокардтың жедел инфарктісі бар науқастардың медициналық-әлеуметтік сипаттамалары анықталды (кесте 1). Біріншілік миокард инфарктісі 72,6% жағдайда, ал қайталанғаны - 27,4% кездесті. Зерттеу көрсеткендей, ST сегментінің жоғарлауынсыз миокардтың жедел инфарктісі бар науқастар арасында ерлер басым. ST сегментінің жоғарлауымен миокардтың жедел инфарктісі бар науқастарда бірінші миокард инфарктісі 61,4% жағдайда, қайталанған - 38,6%. ST сегментінің жоғарлануынсыз және жоғарлауымен өткір коронарлық синдромы бар науқастар арасында ерлерде басым болды.
Кесте 1 - Зерттелген науқастардың смпаттамасы
Нозология |
Жынысы |
Жасы |
ИМ пайда болуына байланыстылығы |
ST сегментінің жоғарлауынсыз өткір коронарлық синдромы |
Ерлер-98 (59,8%) Әйелдер - 66(40,2%) |
18-39 - 14 (8,5%) 40-59 - 65 (39,6%) 60 және жоғары - 85 (52,4%) |
Біріншілік миокард инфарктісі - 119 (72,6%) қайталанғаны -45 (27,4%) |
ST сегментінің жоғарлауымен өткір коронарлық синдромы |
Ерлер-26 (59,0%) Әйелдер-18 (41,0%) |
18-39 - 2 (4,6%) 40-59 - 8 (18,2%) 60 және жоғары -34(77,2%) |
Біріншілік миокард инфарктісі - 27 (61,4%) қайталанғаны -17 (38,6%) |
Алынған нәтижелер басқада зерттеулер деректері [3,4,8] бойынша ерлер жалпы халықтың миокардтың жедел инфарктісі дамуының тәуелсіз предикторы болып табылатынын көрсетеді. Сонымен қатар алынған нәтижелер жас құрамын бойынша дерттке 65 жастан асқандар басым шалдығатынын көрсетті(56%). Отадан кейінгі пациенттер арасында ең жоғары жас 92 жас болды, ең жасы -28, орташа - 62,1 ± 8,8.
Әлеуметтік мәртебе бойынша зейнеткерлер мен қызметкерлер басымдылығы байқалды (сурет1 ).
Зерттеулерімізде алынған нәтижелер ST сегментінің жоғарлауынсыз және жоғарлауымен миокардтың жедел инфарктісі бар науқастардағы ілеспе аурулар арасында жиі кездесетіні артериальды гипертензия, ЖИА,май алмасуының бұзылуы,қант диабеті семіру (кесте 2) байқалды және осы келтірілген ілеспелі дерттер ST сегменті жоғарлауындағы МЖИ басымырақ болатынын анықтады.
Ілеспе аурулар |
Науқастардың саны |
Науқастарды пазызы % |
||
STсегменті жоғар- лауынсыз ЖКС |
ST сегменті жоғар- лауындағы ЖКС |
ST сегменті жоғар- лауынсыз ЖКС |
ST сегменті жоғар- лауындағы ЖКС |
|
Артериальдық гипертензия |
159 |
44 |
96,9% |
100% |
Анамнезінде ЖИА |
104 |
43 |
63,4% |
97,7% |
Дислипидемия |
91 |
39 |
55,5% |
88,6% |
Қант диабеті |
58 |
27 |
35,4% |
61,4% |
Жүрек жетімсіздігі |
54 |
25 |
32,9% |
56,8% |
Семіру (ИМТ >25) |
49 |
29 |
29,9% |
65,9% |
МҚАӨБ |
5 |
16 |
3% |
36,4% |
Кесте 2 - ST сегментінің жоғарлауынсыз және жоғарлауымен миокардтың жедел инфаркті бар науқастардағы ілеспе аурулары
Сонымен жұмысты сараптау ST сегментінің жоғарлауынсыз миокардтың жедел инфарктісі бар науқастарда біріншілік миокард инфарктісі 72,6% жағдайда, ал қайталанғаны - 27,4%, ал ST сегментінің жоғарлауымен миокардтың жедел инфарктісі бар науқастарда бірінші миокард инфарктісі 61,4% жағдайда, қайталанған - 38,6% жағдайда кездескенін анықтады. Зерттеу көрсеткендей, ST сегментінің жоғарлауымен және жоғарлауымен миокардтың жедел инфарктісі бар науқастар арасында ерлерде басым болды. ST сегментінің жоғарлауынсыз және жоғарлауымен миокардтың жедел инфарктісі бар науқастардағы ілеспе аурулар арасында жиі кездесетіні артериальды гипертензия, ЖИА, май алмасуының бұзылуы,қант диабеті семіру байқалды және осы келтірілген ілеспелі дерттер ST сегменті жоғарлауындағы анықталған артериялық гипертензия, МЖИ дислипидемия морфологиялық субстратының ажырамас бөлігі болып табылатын, атеросклерозды дамытудың тәуекел факторлары екенін біздің зерттеулерде де расталды. Әдеби мәліметтерде келтірілген дислипидемия және артериялық гипертензия, МЖИ морфологиялық субстратының ажырамас бөлігі болып табылатын, атеросклерозды дамытудың тәуекел факторлары екенін біздің зерттеулерде расталды [7,9,10]. Әдебиеттерге сәйкес, науқастарда МЖИ -нің маңызды предикторы дене салмағының жоғарылауы болып табылады, оның болуы 2 еседен астам аритмия тәуекелінің артуымен байланысты [11,12]. Кейбір зерттеулер көрсеткендей, дене массасының индексінің жоғарылауы тұрақты жүректің ишемиялық ауруымен және гипертониямен ауыратын науқастарда МЖИ дамыту тәуекелі үшін теріс болжамды мәнге ие. Дене салмағының төмендеуі жүректің қайта калпына әкелетінін дәлелдеді. Біздің зерттеуде ЖИА және АГ комбинациясы 109 науқасты (67,8%)
Қорытынды. Алынған нәтижелер басқада зерттеулер деректері бойынша ерлер жалпы халықтың миокардтың жедел инфарктісі дамуының тәуелсіз предикторы болып табылатынын көрсетті. Сонымен қатар алынған нәтижелер жас құрамын бойынша дерттке 65 жастан асқандар басым шалдығатынын көрсетті(56%). Әлеуметтік мәртебе бойынша зейнеткерлер мен қызметкерлер басымдылығы байқалды және дислипидемия және артериялық гипертензия, МЖИ морфологиялық субстратының ажырамас бөлігі болып табылатынын, атеросклерозды дамытудың тәуекел факторлары екені біздің зерттеулерде анықталды.
Әдебиеттер
- 1.StromBL, KimmelSE, YennessyS, eds. Pharmacoepidemiology. 5thed. Chichester, West Sussex, UK: Wiley- Blackwell; 2012.
- 2.Goldberg RJ, Currie K,Briedger D et al. Six-month outcomes in a multinational registry of patients hospitalized with an acute coronary syndrome (the Global Registry of Acute Coronary Events [GRACE]).Am J Cardiol 2004;93 (3):288-93.
- 3.Barbarash LS, Artamonova GV, Murashkovsky AL, et al. Organizational approaches to providing care for patients with acute coronary syndrome in Kemerovo. Doktor.Ru 2013; 6 (84): 24-8.
- 108.Lehto M. Prognostic risk of atrial fibrillation in acute myocardial infarction complicated by left ventricular dysfunction: the OPTIMAAL experience.// Eur Heart J 2005; 26: 350-356.
- 5..https://www.rmj.ru/articles/kardiologiya/Kak vesti bolynogo posle Chreskoghnogo koronarnogo Vmeshatelystva/ 6.Guideline Update for Percutaneous Coronary Intervention, Practice Guidelines, 2007 Writing Group to Review New Evidence and Update the American College of Cardiology//American Heart Association Task Force on Percutaneous Coronary Intervention J. Am. Coll. Cardiol. 2008;51;172-209.
- Wallentin L. Comparison of Ticagrelor, the First Reversible Oral P2Y12 Receptor Antagonist, with Clopidogrelin Patientswith Acute Coronary Syndromes: Resultsofthe PLA TeletInhibitionand Patient Outcomes (PLATO) //Trial. Presentedat: ESC; Barcelona, Spain., 2009; August 30.
- StegPh. G., JamesS.K., AtarD. etal. ESC Guidelines for the management of acute coronary syndromes in patients presenting without persistent ST-segment elevation: The Task Force for the management of acute coronary syndromes (ACS) in patients presenting without persistent ST-segment elevation of the European Society of Cardiology (ESC). EurHeartJ 2012;33: 2569-619.
- Руководство по сердечно-сосудистой медицине. Болезни сердца по Браунвальду// Под ред. П. Либби; пер. с англ. под общ. ред. Р.Г. Оганова: в 4 т. Т. 1. Главы 1-20. М.: РидЭлсивер 2010.С. 101-120.
- Roberts P.R. Arrhythmias in chronic kidney disease. Heart 2011; 97 (9): 766-773.
- Whitlock G. Body(mass index and cause specific mortality in 900,000 adults: collaborative analyses of 57 prospective studies.//Lancet 2009; 373: 1083-1096.
- BansalN. Intersectionofcardiovasculardiseaseandkidneydisease: atrialfibrillation. CurrOpinNephrolHypertens 2014; 23 (3): 275-282.