Белгілі тілші ғалым Мәулен Балақаев: «Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда анық сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың қолынан келер жайт» деген. Осы сөзге ден қойсақ, академиктің бұл пікірі, әрине ауызша және жазбаша сөз қолданушыларға да тікелей қатысы бар[3,6].
Әдеби тіл халық тілінің жоғары формасы. Ол жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары сараланған, жалпыға ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Сондықтан әдеби тілді ауызекі сөйлеу тілімен ортақ, айырмасыз деп түсіну қате пікір екендігін айта отырып, баспасөз бетіндегі қателіктерді де талдап, тарата түседі. Баспасөзде қате жазу әлі бар, саяси, ғылыми, техникалық тағы басқа терминдер қалыпқа түсті дегенмен терминдердің біразы түрліше алынады» деген болатын[1]. Сауатсыздануға келетін болсақ, әлеуметтік желілер біздің бүкіл өмірімізді алып қойғандай. Сөздік қор-дың азаюы мен қатар бұл желілердің әсерінен сауатсыздану да өршіп кеткен сияқты. Өйткені, қазіргі таңда жастар күннен күнге кітапарды аз оқиды, тіпті мүлде оқымайды. Ғаламтор жүйесі өмірімізге енбей тұрған кезге дейін жарық көріп жатқан кітап, баспа өнімдері редактор, корректор, мамандардың қырағы көзінен өтетін. Қазір-гі кезде болса оны тексеріп те жатқан ешкім жоқ, ал бізге керекті барлық мақала, материалдарды біз ғаламтордан аламыз. Яғни, біз дұрыс емес ақпарат алуымыз да әбден мүмкін. Бүгінгі тіліміздегі терминдер тар мамандық, сала, ұлт шеңберінде ғана біріздендірілу сатысында. Медицина саласында да сөздерді әрдайым дұрыс қолдана бермейміз. Қоғам дамуының қазіргі кезінде жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін жетілдіруде, болашақ мамандардың ізденімпаздығын қалыптастыруда, шығарма-шылық ойлау қабілеттерін жетілдіруде, рухани дүниесін дамытуда кәсіби лексиканы тілдесім әрекеті арқылы оқытудың маңызы ерекше. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымда-масында: «Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен қоғамдық мәртебе беру және оны айрықша сала ретінде қабылдау қажет оның бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау, икемділік пен білімділік болуға тиісті», деп атап көрсетілгендей тек білікті маман ғана қоғамды дамы-тады, экономиканы өркендетеді. Маманның біліктілігі мен кәсіби деңгейінің жоғары болуы оқытуды дұрыс ұйымдастыра білумен байланысты. Кәсіби лексиканы тілдесім әрекеті арқылы оқыту үшін бүгінгі таңдағы мамандыққа қатысты оқытуға арналған әдістемелік зерттеулер мен еңбекерге талдау жасау қажет. Н.Оралбаева, Ә.Аблақов кәсіптік техникалық училище оқушыларына арналған «Қазақ тілі» оқу құралдарында мәтіндерден мамандыққа қатысты терминдер мен сөздерді табуға, ол сөздерден сөйлем құрауға, мазмұндама жазғызуға көңіл бөлген. «Қазақ тілі сабағында ешқашанда естен шығаруға болмайтын негізгі мақсат жастарды еркін, жақсы әрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға, айтайын деген ойды дәл жеткізуге баулу, ана тілінің шексіз мол мүмкіндіктері мен сарқылмас байлығын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, әдемі әрі әуенді, үйлесімді әрі ұйқасымды сөйлеудің, жазудың үлкен өнер екенін көңіліне ұялату, ұғындыру» [4].
Жалпы қазақ тілін сөйлесім әрекеттері арқылы оқыту мәселесі профессор Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты еңбегінен бастау алады. Ғалым еңбегінде: «Тілдік қатынас жүзеге асу үшін, айтылған не жазылған хабардың қабылданып, оған жауап қайтарылуы, яғни істің ортақ атқарылуы басты шарт. «Сөйлесім» осы шартты және ортақ тілдік әрекетті аңғартатын сөз» дей келіп, «Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, тілді, сол сияқты сөйлеуді өзіне бағындыра алмайды, яғни сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сөйлеуді жетілдіреді, дамытады, соның заңдылықтарын қарастырады, бірақ сөйлеу тілін өзі жасай алмайды. Осыдан сөйлеудің, тілдің қоғамдық әлеуметтік сипаты аңғарылады. Хабардың қай түрі болса да шындыққа құралу керек, сонда ғана тілдік қатысым өз бетінше дамиды және сөйлеу (информацияны қабылдау, оған жауап қайтару, қайта жауап алу) қатысымдық құбылыстың мәнін ашады, адамдар арасындғы әлеуметтік көпір бола алады», - деп ой қорытады да, сөйлесім әрекетінің бес түрін (оқылым жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) көрсетеді [5]. Ғаламтор жүйесі өмірімізге енгелі көптеген өзгерістер болып жатыр, әрине пайдасы өте көп. Алайда соның пайдасыз кері әсерін тигізетін тұстары да бар. Атап айтсақ, біріншіден сөздік қордың азаюына алып келіп отыр. Ғаламтордан ең көп қолданатын біз жастар, яғни бұл жастар арасында сөздік қор азайып, сөйлеу мәнерінің де күннен күнге өзгеруіне әкеліп отыр. Біздің елімізде «Facebook», «WhatsApp», «Instagram», «Вконтакте» сынды әлеуметтік желілері кең таралған. Ол әлеуметтік желілерде жеке жазбаларға редакторлық, корректорлық жұмыстар жасалмайтыны белгілі. Бұл тікелей әр адамның сөзге деген өз талғамына байланысты. Шынтуайтына келгенде, желі пайдаланушылар-дың тілді пайдалану мәдениеті де сан қилы. Қазіргі таңда ғаламтор желілерінде грамматикалық қателіктер де көзге жиі ұшырасатын болып жүр. Өкініштісі, көпшілік бұл нәрсеге көз жұма қарайды. Желілерде пікір алмасқан азаматтар осыдан біраз жылдар бұрын бір - бірінің қате жазуларына ескерту жасап, түзету туралы ұсыныстарды білдіретін еді, қазір мұндайды көп кездестіре бермейміз. Сірә, қателіктерге көз жұма қарауға бой үйретіп алғандаймыз. Сақтанбасақ тілге деген салғырттық, немқұрайлық осындайдан басталады[2].
Ақын Иосиф Бродский: «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті», - деген екен. Қазіргі жастардың кітап оқуға деген құлшынысы күннен күнге азайып, Мұхтар Шаханов ағамыз айтпақшы «Компьютербасты жарты адамдар көбеюде». Дегенмен, көпке топырақ шашпаймын, қазіргі кезде де кітап оқып, оқыған кітаптары жайлы ойларын ортаға салып, талқылайтын жастар да бар.
«Кітапсыз үй - жансыз дене сияқты» деген екен атам қазақ. Кітап қашанда рухани азық. Достар, алдамшы нәрсеге еріп, кітап қадірін, өз қадірімізді түсірмейік.
Әдебиеттер
- Ана тілі газеті. №16 (1378) 2017 жыл.
- Орталық Қазақстан газеті №102 (22409) 2017 жыл
- Мәулен Балақаев. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері 1965 жыл
- Қадашева Қ.Қ. Казахский язык для всех. - Алматы: Ана тілі, 1998
- Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2005.
- https://stud.kz/referat/show/45570