Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» [1] — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді. Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор.
Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару біздің елдің басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.
Медицина қызметкерлері ағылшын тілін білу керек па?Тілді білмеу олардың біліктілігіне әсер етеді ма?Медицинада ағылшын тілінің рөлі қандай?Бұл сұрақтарға жауап беру үшін біз алдымен медицина жайлы тоқталып,өтуіміз қажет.Медицина-ежелден адам өміріне жауапты,жауапкершілігі мол сала болып табылады.Медициналық көмектің сапасы адам өміріне тікелей қатысты болғандықтан,елдегі медициналық көмектің сапасы елдегі медицинаның дамуын көрсетеді.Қазақстан үштілділікке қадам басқан тұңғыш ел ретінде,адам өмірінің сапасын жақсарту,халықтың өмір жасын ұзарту мақсатында,тілге байланысты реформалар қабылдау үстінде.Яғни,біздің елбасы тілге неге мұнша көңіл бөлу үстінде,неге әр жолдауында тілдің маңызы жөнінде айтудан жалықпауда. Оқуын үздік аяқтаушы жастардың ,сонымен қатар ағылшын тілін жетік білуі оларға тек пайда әкелмесе,зияны жоқ.Тілді жетік білуі нәтижесінде олардың біліктілігін өсіру мақсатында,басқа елдерде білім алып,тәжірибе алмасуына болады.Сонымен қатар жыл сайынғы дамып жатқан медицинаға байланысты,медициналық технологиялардың түрлері де өсуде.Сол технологияларды игеру,оны тәжірибеде қолдана алуға да,тілдің маңызы зор.Еліміздің дамуына байланысты, жыл сайын елімізге келуші шетелдіктердің де саны жоғарылау үстінде.Сондықтан, алдымызға көмек іздеп келген шетелдік науқастарды көргенде абдырамай, лайықты дәрежеде көмек көрсету қажет. Және де көп мағлұматтар ағылшын тілінде болғандықтан, тілді жетік білу қажет.Және қәзіргі таңда өзекті мәселелердің бірі -емі жоқ аурулардың бар болуына байланысты ,медициналық мамандар сол аурулардың емін табу мақсатында,шетелдердегі ғалымдармен байланыс орнатып,түрлі іс-шараларға қатысу мүмкіндіктеріне ие болып отыр.
Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” [2] - деп етекше атап көрсеткен. Бірақ, Үштіл-ділік жайлы заң қабылданғанда,елімізде кейбір жандарда түсінбеушілік пайда болды.Яғни,басқа тілді меңгеру, оларға өз тілін ұмытуға емес,керісінше еліміздің абыройын басқа мемлекеттер алдында көрсетуге мүмкіндік туады. Неміс ғалымы А.Вольтер «бір тілді білу- бір ғана кілтпен есікті ашуға болатынын,ал көп тілді білу- сол есікті бірнеше кілтпен ашуға болатынын»деген сөзіне сүйене отырып,көп тілді игеру-адамға көп басымдылық беріп,алдына мүмкіндік деген есіктің ашылуына себепші болады. Адамға көп тілді меңгеру,оған жан-жақты болуға,өз ісінің білікті маманы болуға, қатарластарының алды болып шыңдалуына жәрдемдеседі.Қазірігі жаһандану үстіндегі заманда,бәсекеге қабілетті ел ретінде болу үшін тек бір тілмен шектелмей,көп тілді меңгеруге тырысуымыз қажет.Бұның бәрі біздің,яғни жалынды жастардың қолында.
Қорытындылай келе өз еліңнің дамуы үшін үлес қосқысы келсе, білім жолына түсуі қажет.Бірақ,оқу- инемен құдық қазғандай екенін ұмытпауын керек.Себебі білім жолына шамшырақпен түскен жолаушы,алдында кездескен көптеген кедергілерден өтсе ғана білімнің ғажап жағын көру мүмкіндігіне ие болады.
Әдебиеттер
- ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
- Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. - Астана, 2007
- Шет тілі, ҚазҰУ, филология факультеті