Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәжірибелік дағдыларды үйретуде сандық технологияларды қолдану

Соңы жылдары цифрлық технологияның біздің күнделікті өмірімізге етене енуін жиі байқаймыз. Үлкен жобалар, Smart City сияқты бағдарламалар әзірленуде, Алматы, Астана, Шымкент секілді ақылды қалалар пайда болуда. Осындай ауқымды жобалардың негізгі қағидаты - бұл мегаполистердің тұрғындарының өмірін ыңрайлы, қауіпсіз, мобильді етіп жақсарту. Бұл мақсатта әлем елдері белсенді жасыл, цифрлық технологияға ауысуда. Мысалы ретінде - Wi-Fi қосылыстары, 4G технологиясы, күн панельдерін пайдалану, қауіпсіз жүру жолдары, QR коды және басқаларын атауға болады.

QR код (жылдам жауап беру коды) - матрица штрих-кодтарының (немесе екі өлшемді штрих-кодтардың бір түрі (Википедия). «QR коды» - «DENSO Corporation» компаниясының тіркелген сауда белгісі болса да, оныпайдалану қандай да бір лицензиялық төлемдерді қажет етпейді, ISO стандарттары ретінде сипатталады және ашық жарияланады.

Күнделікті өмірде QR кодын қолдану мүмкіндігі 2011 жылы Германиядағы статистика бойынша шамамен 70% -ға өсті. Осындай жағдай Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында байқалды. Ресейде QR кодтары тек жарнамалық және бизнес саласында серпінге ие бола бастады, бірақ білім беру мақсаттарында олар іс жүзінде қолданылмайды, дегенмен, мұндай кодтар оқу саласында да пайдаланылуда [1].

Бұл технологияны қолданудың әдістерінің бірі төлемдерді қабылдау. Қазіргі уақытта пластикалық карталар, электрондық ақша, SMS сияқты төлемдердің жаңа түрлерінің пайдасына қолма-қол ақшаны пайдаланудан бас тарту үрдісі байқалады [2].

QR-кодты жиі билбордтарда, саябақтарда және жаппай демалу және туризм орындарында көруге болады. QR-кодтарын мұражай, көрме, галереяда қолдану өте ыңғайлы, мұнда көрсетілген экспозиция туралы ақпаратты қысқаша жеткізуге тура келеді. Көше, бульвардың атуының тақтайшасында шағын QR кодтарының белгілерін жиі көре аламыз.

Шымкент қаласы, Қазақстанның мегаполистерінің бірі ретінде, әлеуметтік-мәдени және нысандарға үлкен мән берілетін қала. Орталық саябақта, сондай-ақ басқа да мәдени орындарда азаматтардың QR коды бар объектілерді жиі көруге болады. Ең әдемі фотосуреттерге авторлар қол қояды және әрқайсының астында QR- кодтары мөрленеді.

Сандық жүйе денсаулық сақтау жүйесімен де тығыз байланысты. Дәрігер мен науқастың электрондық амбулаториялық картасымен, үйдегі дәрігерге қоңырау шалуда, флюоротерапиямен және басқа да көптеген функциялармен жүйелі түрде дәрігерлермен жұмыс істеуді жеңілдету және медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік берілді. Мұның барлығы интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйеде (ИМИС, Айс) көрініс алған.

Сандық технологиялар білім беру жүйесінде жиі қолданыла бастады. Platonus - есеп пен тіркеу формаларының бірі. Оқу үдерісіндегі студенттің, мұғалімнің, университеттің барлық қажетті деректерін осы бірыңғай, орталықтандырылған базада жазуға болады. Ол құжаттаманы оңтайландыруға, цифрлық формадағы ілгерілеуге, емтихан нәтижелеріне т.б. аударуға, сондай-ақ мұғалімдерден көп уақыт кететін есеп беру рәсімін жеңілдетуге бағытталған. QR коды халықаралық білім беру жәрмеңкесінде, шетелдік университеттің тұсаукесерінде, жапсырмаларда, плакаттарда және т.б. қолданылады.

Заманауи ақпараттық технологиялардың пайда болуы білім беруді даралау мәселесіне жаңа көзқарасқа жол ашты. Білім беруді ақпараттандырудың дамыған бағыттарының бірі электрондық білім беру ресурстарын пайдалану болып табылады [3].

QR кодын жасау: 1-қадам - ақпаратты кодтау және QR кодын жасау, 2-қадам - ақпаратты декодтаудан тұрады.

Практикалық Дағдыларды қалыптастыру және OSKE кезінде QR кодын пайдалану

Студент, интерндердің, резиденттердің, үздіксіз білім беру тыңдаушыларын практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін әр оқу орнында арнайы жабдықталған сыныптар бар. Ол жерде студенттер белгілі бір мамандықтар бойынша маманданған манекендер немесе симуляторлар бойынша белгілі бір дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алады. ЖТД, педиатрлар т.б. тәжірибелік дағдылану барысында ақпараттық-дидактикалық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Медициналық факультет студенті теориялық білімдерін пайдалану арқылы тәжірибе жүзінде іске асыруп және нақты клиникалық жағдайды имитациялайтын манекендерді өз бетімен қолдану арқылы білімін шыңдайды. Тапсырманы орындау үшін оқушы алдымен белгілі бір дайындықты, қайталауды қажет етеді. Әр-бір манекен немесе симулятордың жанында ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін, кілт сөздің атауын және QR кодын көрсететін кішігірім ақпарат парағын ұсыну қажет деп есептейміз. 1-сурет.

Маникенге жақындағанда, студент смартфонға алдын-ала орнатылған QR- кодты сканерге қашықтан қосу жеткілікті. Толық және жан-жақты ақпарат пайдаланушыға дереу қол жетімді болады. Мысалы: (Мурашко В.В.

ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФИЯ. Москва «МЕДпресс-информ» 2017. Учебная литература.)

Клиникалық жағдайды неғұрлым тиімді зерттеу және дағдыларды игеру үшін біз әр параққа тек ресми ақпаратпен ғана емес, сонымен қатар қосымша сілтемелерді алдын-ала жасау керек және бірнеше кодты көрсету арқылы материалды кеңейте аласыз.

Мысалы, электрокардиограмманы түсіруге арналған құрылғы ұсынылған. Демек бөлек парақта кодтар жазылады: 1-QR код ЭКГ аппараты туралы ақпарат, техникалық сипаттамалар, жұмыс істеу принципі, құрылғы және т.б.көрсетіледі. 2- код кілтпен шифрланған манекен жайында болады. 3-ші код - белгілі бір шарттар мен сұрақтарға жауап беретін жағдайлық, клиникалық есептер, тапсырма. 4 - осы тақырып бойынша әдістемелік нұсқауларға қол жеткізуге болады. 5-код - электрокардиография бойынша тренингке арналған видео жүктеледі. 6-кодты ғылыми дәлелді ақпарат көздері, беделді басылымдарға сілтемелер, мақалалар, рефераттар және т.б. Сонымен қатар, мақсаты мен тапсырмаларға байланысты мұғалім сабақтың басында студентке кодтар (анықтамалар, ақпараттар) белгілі бір бөлігін және процедураны аяқтағаннан кейін, мысалы, талдау және салыстыру, өзін-өзі бағалау, тесттік тапсырмаларды бекіту ретінде орындауға мүмкіндік бере алады. Осылайша, ұялы құрылғыларды пайдалану арқылы тәжірибелік дағдыларды үйретуде біздің ұсынылған тәсіл тек техникалық құрылғыларды пайдаланып бұрынғы қалыптасқан оқыту дәстүрлерін жалғастырып қана қоймай, оларды мобильді платформалардың түбегейлі жаңа мүмкіндіктерін қолдану арқылы кеңейтеді. Ұсынылған технологияларды қолдану тәжірибесі біздің заманауи, шынайы іске асырылған білім беру практикасында

олардың тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, клиникалық дағдыларға оқыту тек сабақ жүйесінде ғана емес, сондай-ақ жаңа ақпаратты табысты алу үшін өте маңызды болып табылатын тәуелсіз және іздеу қызметі түрінде жүзеге асырылады [4].

Қорытындылай келе, QR коды - бұл біршама «тренд» емес екенін, бұл қарапайым және қолдану әдістерінің саны шексіз пайдалануға жол ашады.

Әдебиеттер

  1. Литус К.Д., Напалков C.B.QR-коды в образовании школьников. Секция «Web-технологии в образовательном пространстве». International student research bulletin № 5, 2015. С.562-563.
  2. Maria Ponyavina. New uncommon methods of usingqr-codesin the marketing policyof a modern company. https://elibrary.ru/item.asp?id=21161473.
  3. Демин М.С., Кузнецова А.В. Использование информационно-коммуникационных технологий для создания интерактивных опросов. Современные тенденции организации образовательного процесса: от идеи к результату. Материалы Международной научно-практической конференции. Чебоксары. 2017. С. 101-103.
  4. Самохина Н.В. Использование мобильных технологий при обучении английскому языку: развитие традиций и поиск новых методических моделей. Фундаментальные исследования. - 2014. - № 6 (часть 3) - С. 591-595.
  • Жыл: 2018
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.