«Тағақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 27.11.2015 жылғы №424-Vзаңына және "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 жылғы №234 бұйрығына сәйкес халық арасында орын алған тағамнан улануларды Қоғамдық денсаулық сақтау мекемелерінің мамандары санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіп[1], заңды нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде тиісті санитариялық-профилактикалық шараларды іске асырады[2]. Бұл мақалада Шымкент қаласында орын алған тағамнан улануды санитариялық-эпидемиологиялық тексеру алгоритмін және алдын алу шараларын жан-жақты ашу мәселесі тұр.
Эпидемиологиялық анамнез: науқастарды сұрау барысында барлығының айтуы бойынша Шымкент қаласындағы «Южное» кафесінің киоскісінен құймалы жемісті балмұздақ жегендігімен байланыстырады.
Клиникалық көріністері және ауырлық дәрежесі:Шымкент қалалық жұқпалы ауруханасында Департаменттің және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының мамандарымен эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында анықталғаны:Науқастарда алғашқы клиникалық белгілері 28 наурызда сағат 10.00, балмұздақ жегеннен кейін 8 сағаттан соң басталған. Клиникалық симптомдары мен ауырлық дәрежесі бойынша: 188 науқастың ішінде 179 (95,2%) Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына орта дәрежедегі ауырлықта түскен, 9 (4,7%) науқас жан сақтау бөліміне түскен. Науқастарға сұрастыру жүргізу барысында науқастардың 27.03-29.03.2018ж. аралығында Шымкент қаласында орналасқан «Южное» кафесінің жанында орналасқан дүңгіршектен балмұздақ сатып алып жегендері анықталды. Алғашқы клиникалық белгілерінің байқалуына дейінгі инкубациялық кезең 2 сағаттан бастап 2 тәулік аралығында болған.Қоғамдық денсаулық сақтау басқармалар мамандарымен клиникалық-эпидемиологиялық сұрастыру барысында науқастардабас ауруы жәнеәлсіздік, іш өтуі, жүрек айнуы, эпигастри аймағындағы ауырсыну, қалтырау, құсу, дене қызуының 38°С және одан жоғары көтерілуіанықталды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары мамандарымен «Южное» кафесінің балмұздақ сату киоскісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында анықталғаны: «Южное» кафесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар, ал киоск қызметінің басталғандығы туралы аумақтық басқарманы хабарламаған. Киоск екі бөлмеден тұрады: Азық-түлік сақтау бөлмесі – онда дайын балмұздақ қоспасын сақтауға арналған 2 мұздатқыш бар (жұмыс істеп тұр, температуралық режимді бақылауға термометр жоқ), жұмсақ балмұздақты құйып сатуға арналған пластикалық стакандар қағаз қораптарда сақталған. Қызметкерлердің жеке киімдері орындықтарда сақталған, арнайы бөлме қарастырылмаған. Қойма балмұздақ сататын жұмыс орнынан бөлінбеген. Мүккамалдармен қондырғыларды жууға, залалсыздандыруға арналған залалсыздандыру ерітінділері жоқ. Бөлмеде бактериоцидті шам орнатылмаған. Екінші бөлмеде жұмсақ балмұздақ сатылады, онда 4 жұмсақ балмұздақ дайындауға арналған қондырғы бар, оның 2-і істен шыққан. Тексеру кезінде қондырғылардың қақпағы жоқ, матамен жабылған. Олардың сапасын және қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттары жоқ. Жұмсақ балмұздақ қоспасын дайындауға құрғақ сүт, қоюландырылған сүт, қант, ванилин және қайнатылмаған су қолданылған. Көрсетілген азық-түлік өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттары жоқ. Жұмсақ балмұздақ сату киоскісінде 5 адам жұмыс істейді, оның ішінде 4 қызметкердің жеке медициналық кітапшалары жоқ, тек бір сатушы медициналық байқаудан өткендігі туралы кітапшасын ұсынған. Жұмсақ балмұздақ қоспасы жеке кәсіпкердіңтұрғын үйінде дайындалған. Кәсіпкердің жеке автокөлігімен сату орнына жеткізілген. Қоспаны 1 қызметкер дайындайды, медициналық байқаудан өткендігі туралы жеке кітапшасы жоқ. Санитариялық- эпидемиологиялық тексеру жұмыстары барысында зертханалық тексеруге келесі сынамалар алынып, нәтижелері төмендегідей:50 гигиеналық сүртінді алынып, 11-і оң нәтиже берді, оның ішінде 6 -ІТТБ, 5-St.аureus анықталды; - 34 азық-түлік сынамалары алынып, 24-3 оң нәтиже берді, оның ішінде МАФАМ-24, ІТТБ-14, Е.coli-12, St.аureus-10, S.enteritidis-3 анықталды.12 адамнан (5 киоск қызметкері, 7 отбасы мүшелесі) бактерия тасымалдаушылыққа микробиологиялық зерттеу алынды. Оның ішінде 2 отбасы мүшесінен - St.аureus, 2 киоск қызметкерінен - S.enteritidis, 1 қызметкерден - St.аureus анықталды[5].
Қорытынды: Нысанды санитариялық-эпидемиологиялық тексерудің қортындысында Salmonella және Staphylococcus бактерияларынан туындаған аралас тағамдық токсикоинфекциясы орын алды деп тұжырымдаймыз. Болған аралас тағамдық токсикоинфекцияны талдау барысында[5]: Жұғу көзі - балмұздақ дайындауға қатысқан адамдарға кенеттен зертханалық тексеру жүргізу барысында 2 адамнан сальмонеллез, 3 адамнан стафилококк қоздырғыштары анықталып, аурудың клиникалық белгілері жоқ, бактерия тасымалдаушылары болып табылды;Берілу механизмі – сальмонеллезді және стафилококкты токсикоинфекциясы ауыз-нәжіс жолымен ластанған тағам арқылы болды;Берілу жолдары – алиментарлы;Берілу факторы тағамдық өнім – жұмсақ жемісті құйылмалы балмұздақ, құрамы технологиялық, санитариялық- эпидемиологиялық ережелердің өрескел кемшіліктерімен, жеке бас гигиенасын және өнімдерді сақтау, тасымалдау ережелерін сақтамай,үй жағдайында дайындалған өнімдер болып отыр. Сонымен қатар, аурудың таралуына негізгі себеп болған балмұздақ дайындайтын нысандағы санитариялық-эпидемиологиялық тәртіптің бұзылуы, қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақтамауы зертханалық тексерулердің қорытындысымен дәлелденді.
Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша атқарылған жұмыстар:
Жұмсақ балмұздақ сату киоскісінің жұмысын уақытша тоқтату туралы қаулы шығарылып, жеке кәсіпкерге ӘҚБтК хаттама толтырылып, талап-арыз құжаттары қалалық әкімшілік сотына жолданды;Медициналық тексеруден өтпеген, гигиеналық оқуы және жұмысқа рұқсаты жоқ жұмсақ балмұздақ сататын киоскісінің 4 қызметкері қаулымен жұмыстан уақытша шеттетілді; S.enteritidis қоздырғышы анықталған 2 киоск қызметкеріне, St.аureus қоздырғышы анықталған 1 қызметкерге«Жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету туралы» қаулы шығарылып ем алуға жіберілді.
Алдын алу шаралары: Барлық аудандық, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен жұмсақ балмұздақ сату орындарының тізімі жасалынып, тексерілді. Тексеру барысында анықталған санитариялық талаптардың орындалмауы бойынша кәсіпкерлерге әкімшілік-құқық бұзушылықтуралы қаулы шығарылып, айыппұлдар салынды;Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тамақтан улану туралы мәліметтер таратылды; Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау күшейтілді.
Әдебиеттер
- «Тағақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қараша №424-V заңы.
- "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 234 бұйрығы.
- Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары мен іс-шаралар алгоритмдері: Практикалық нұсқаулық/С.Ә.Әміреев, т.б.)–Алматы «Эверо» баспасы: 2014, 1 том.- 634 б.
- 4.ҚДС департаментінің тамақтан улануды тексеру материалдары, 2018ж.
- Пищевые отравления, их профилактика и расследование – Учебно-методическое пособие/ О.М.Замбржицкий, В.М.Колосовская – 2-ое издание, Минск:БГМУ, 2010. – 68с.