Профилактикалық тексерулер нәтижесі бойынша 2014-2017 жж деректері мен статистикалық жинақтары сараланып, талқыланды. Аталған жылдардың ішінде балалар мен жасөпірімдер арасындағы көз ауруларының ішінде ең жоғары көрсеткішті миопия құрап отыр.
Кілт сөздер: мектеп жасындағы балалар, көру өткірлігі, миопия, профилактика.
Тақырыптың өзектілігі: Жақыннан көргіштік балалар мен жасөспірімдер арасында ең жиі таралған патология болып табылады. Жақыннан көргіштік тез дамуымен ерекшеленеді және көздің көруін айтарлықтай төмендетеді. Бірқатар авторлардың еңбектері бойынша жақыннан көргіштік көз ауруларының ішінде 1-2-ші рангалық орынды алады (Е.С.Либман, Е.В.Шахова, 2005).
Қазіргі уақытта миопияның жоғары дәрежеде таралуы медициналық-әлеуметтік маңызға ие, себебі балалар және еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар денсаулығына және сапасына қауіп тудыруда [1,2]. Мектеп жасындағы балалардың арасында көз көруінің нашарлауының алдын алу және коррекция туралы сұрақтар аса маңызға ие [3,4].
Миопия мәселелерінде 2 негізгі жағдайды бөліп қарастырады: жиілігінің жоғары болуы және асқынулардың дамуына бейімділік. Соңғы жылдардағы жарияланған жұмыстарда көрсетілгендей жақыннан көргіштік дамуын ерте болжауды зерттеудің жаңа әдістерінің маңыздылығы көрсетілген.
Миопияның дамыған түріне өтуін болжау әдістерін дайындау, жақыннан көргіштік терапиясының жаңа мүмкіндіктерін іздеу сұрақтары қазіргі уақытта да өзекті болып табылады [5].
Зерттеу мақсаты: Ордабасы ауданында мектеп жасындағы балалар арасында миопияның таралуын кешенді бағалау.
Зерттеу материалдары:2014-2017 жж профилактикалық тексеру нәтижелері.
Нәтижелер мен талқылаулар:
Кесте 1 - Мектеп жасындағы балалар арасындағы миопияның 2014-2017 жж таралу көрсеткіштері
№ |
Аудан атауы |
2014ж |
2015ж |
2016ж |
2017ж |
||||
Барлығы |
% |
Барлығы |
% |
Барлығы |
% |
Барлы-ғы |
% |
||
1. |
Ордабасы |
304 |
48,7 |
385 |
60,1 |
466 |
83,8 |
476 |
83,5 |
Профилактикалық тексеру нәтижесі бойынша 2014 жылы 96,0% мектеп жасындағы балаларға тексеру жүргізілген, соның ішінде миопия 48,7%-ды құраған. 2015 жылы профилактикалық тексеру 98,5%-ды қамтыған, соның ішінде миопия 60,1%-ын құраған. 2016 жылы миопия 83,8%-ды және 2017 жылы 83,5%-ды құраған. Сонымен, миопияның мектеп жасындағы балалар арасындағы көрсеткіштері бойынша көз ауруларының ішінде миопия (жақыннан көргіштік) ең жоғары көрсеткішті құрап отыр.
Қорытынды.Қорыта келе, мәліметтер көрсетіп отырғандай мектеп жасындағы балалар арасындағы миопия көз ауруларының ішінде ең жоғары көрсеткішті құрап, пайыздық көрсеткіші төмендемей отырғандығы анықталды. Көз гигиенасы туралы балалармен жүргізілетін сұхбаттасу шараларын, көз гимнастикасына үйретуді одан әрі жетілдіру қажет екендігін көрсетіп отыр.
Әдебиеттер
- Волкова Любовь Прохоровна. Механизмы автономной регуляции бинокулярной зрительной системы и пути ее восстановительной коррекции при глазных заболеваниях : Дисс . док. мед.наук : М., 2009,- 181 с.
- Гусева М. Р. Изменения органа зрения у детей при общих заболеваниях // Клиническая офтальмология. 2001, т. 2, с. 135-141
- Винярская И.В. Методологические аспекты изучения качества жизни у здоровых и больных детей. Бюллетень Национального НИИ общественного здоровья. - 2006. — Вып.1. — С. 11-14.
- Ферфильфайн И.Л., Алифанова Т.А. Отбор детей в школы для слепых и слабовидящих и его роль в совершенствовании их социально-трудовой реабилитации // Врачебно-трудовая экспертиза и реабилитация инвалидов. -Киев, 1990.-С. 84-89.
- Акманова A.A., Даутова З.А., Саматова P.P. Ультразвуковая биометрия и кератометрия при различных формах миопии у детей // Вестник Оренбургского государственного университета. - 2008. - № 12. - С. 15 -17.