Түйін
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы басым бағыт адам феноменін және оны ұйымдастыру қағидаларын түсіну болып табылады. Біз студенттерді анкеталау жолымен құндылықтар басымдылығын, жиынтықтарды түсіну себептері мен өзін-өзі жетілдіру жолдарын зерттедік.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы перспективті бағыт денсаулықты ұйымдастырудың иерархиялығын түсіну болып табылады. Денсаулықты зерттеу үшін адам феноменін және ұйымдастыру принциптерін түсіну қажет, бірақ, соңғы уақытқа дейін бұл түсінікті физикалық денені зерттеуге бағытталған медициналық ғылым бере алмады. Ертеде адам әлеммен байланысқан толық құрылым деген терең ұғымдар болған. Қазіргі уақытта ғылым бұл ұғымды кванттық физикадағы, нейрофизиология және психологиядағы жетістіктерді игере ала отырып, өз тілдеріне аударып алды.
Адам – бұл пирамидалық принциппен құрылған жүйе (Maclow пирамидасы). Гректер бұл жүйені үш деңгейге бөлген: төменгі-дене(сома-дене), ортаңғы-психикалық және жоғарғы-жандық элемент. Жоғарғы сана деп аталып кеткен жоғарғы иррациональды шығармашылық сфераға енуге мүмкіндік берген терең және трансперсоналды психология жетістіктерінен соң ғана жандық элементті білуге мүмкіндік туды.
Әрбір адам әр бөлігі «чакра» деп аталатын энергетикалық инфрақұрылым болып табылады. Әрбір чакра адамның белгілі физикалық мүшелері қызметі мен тұлғаның нақты жандық қасиеттерін басқарады. [1]
Заманауи медицина және физиология позициясынан зерттеулер нәтижесінде, медитация бас миы қыртысының жасушаларының электрлік белсенділігін ұйымдастыруға және оның қызметін күшейтуге септігін тиізеді, маңдай бөлігіне және лимбикалық аймаққа әсер етіп эмоциональды сфераға жағымды әсер етеді.[2]
Европалық медицинасы бойынша бұл симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің дисгормониясы.
Барлық ежелгі шығыстық білімдердің нігізгісі адамның көп өлшемділігінің энергетикалық концепциясы болып табылады, яғни адамның физикалық денесінен бөлек жұқа денелері бар. Авторлардың айтуы бойынша: «Бүкіл жерде Метағылымды білу және жаңа әлемдік көзқарасты тану мен таратудың уақыты келді». Адами тұлғаны тануда Шығыс философтарының ілімдері жетекші рөл алатынын авторлар атап өтті. Ресейде жұқа денені және биоэнергия топтарын зерттеуді белгілі ғалым нейрофизиолог Бехтеров бастап, академик В.М. Разумов жалғастырған.
Біз анкета жүргізу арқылы жоғарғы курс студенттері арасындағы құндылық басымдықтарын зерттедік. Адамның құндылықтар жүйесі оның жеке тұлғалық негізі екендігі белгілі. Адамның жетістігі, сонымен қатар өмір, денсаулық сапасы оның құндылық бағыттары қоғамда мойындалған ең маңызды бағыттармен сәйкес келуіне тікелей тәуелді.
Бәрінен бұрын, бұлар этиклық, діндік құндылықтар, патриотизм, альтуризм, таңдау еркіндігі және басқалар. Олар қоғамдық құндылықтар шкаласының жоғарғы бөлігін алады. Анкета-интервьюда біз сүю, жек көру, көре алмау, қоғамға, саясатқа қатынасы, т.б. сияқты барлығы 30 параметр индивидуалды жеке қажеттіліктерді сипаттайтын құндылық басымдықтарын қостық. Барлығы 130 адамға сұрақ қойылды. Саясатқа, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық өзара қатынастарға байланысты мотивациялық принциптерге қатысты көп сұрақтарға: «ол жайлы ойланбадым», «ештене өзгертуге болмайды» және т.б. жауаптар анық емес болды. Сұралғандардың абсолютты көп бөлігі-74% отбасыны басты рөлге қояды, екінші орында әлемге, өмірге, жақындарына сүйіспеншілік -64%.
Сұралғандардың үшінші бөлігі ішкі тұлғалық конфликттер, араласудағы қиындықтар, өзін бағалаудың төмендігі және басқалардың болуына назар аударады. Әдетте қажеттілік организм толықтыруға тырысып жатқан тапшылық ретінде анықталады. Қажеттілікті қанағаттандыру - организмды тепе-теңдік күйіне қайтару, күштемені алу процессі. Дәл сипаттық және тұлғалық ерекшеліктер сирек жүйкелік және психосоматикалық бұзылыстар болуына негіз болып қызмет етеді. Адамға психикалық жарақат әсер еткенде альтернатива пайда болады: не стресске тұрақтылығымен және психологиялық қорғаныс әдісі әсерімен адам психикалық және соматикалық сау болып қалады, не неврозбен немесе психосоматикалық аурумен ауырады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, альтернатива бар және «психосоматикалық аурулар тұлғалық ерекшеліктер күшінен жауаптың невротикалық типі, қорқыныш және дабылды көрсету, өзінің сезімдерін фиксациялауға жол бермейтін адамдарда туындайды».
Г.С.Шаталованың ойынша денсаулық үшін ақыл және ерік керек, сондай-ақ жан саулығына өте қатты мән беріледі: «Егер маған жаны сау емес адам қаралатын болса, мен оны емдеуден бас тартамын, себебі ашу-ыза, қызғаныш, көре алмаушылық оны ішінен қышқыл сияқты жейді және адам жазылмайды». [3]
Айтылып өткендей, салауатты өмір салтын қалыптастыру ғылымдар интергациясын қажет етеді. Психологтардың генетикаға қызығушылығы индивидуалды профилактикалық бағдарламалар құру үшін генетикалық тәсілдер қолдану тақырыптары белсенді талқыланатын халықаралық конференцияларда (Швецария, 2007) расталады. Генетикалық экспертиза терапия үшін орын қалдырмайтын жоғары технологиялық әдістерге медицинаны жаппайды. Ол емдеу әдістерінің барлық арсеналын толық және саналы қолдануға мүмкіндік ашады. Психологиялық аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді. Миды зерттеуші акдемик Н. Бехтеровтың ойынша ой физикалық және психикалық қасиеттерге ие және оны психофизикалық энергия деп атауға болады.
Академиктер А. Акимова және Г.Шикова жұмыстары, адам – энергия өткізгіш жүйе, ал денсаулық осы жүйенің жағдайын көрсететінін дәлелдейді. [4]
Әдебиеттер
- Нирмала Матаджи. Шривастава “Нирмала Антал ”, 1999г.
- Барабара Энн Бреннан. “Свет исцеляющий”, Нью- Йорк – Москва – Лондон. 1997г.
- Г.С. Шаталова. “Естественная система оздоровления’’. Москва, 2006г.
- А.Е. Акимов, А.Шипов. Доклад на ХI научно – практической конференции « Путь к здоровому обществу ». Новосибирск 2005 г.