Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақтөбе қаласы жасөспірімдерінің медициналық-әлеуметтік жағдайына баға беру

Актуалдылығы. Еліміздің әрбір медициналық ұйымы деңгейіндегі басқару жүйесін жетілдіру, халық денсаулығын қорғау мәселесі – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының негізгі басымдықтарының біріне айналып отыр [1]. Соңғы жылдары, Қазақстан Республикасында жасөспірімдердің соматикалық саулығының нашарлауы, сонымен қатар, дисгормоналды дамыған жасөспірімдердің санының артуы байқалады [2]. Жасөспірім ұрпақтың денсаулығын жақстарту мен қорғау мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік медициналық басты міндеттерінің бірі, оның жаңа қырларын тұрақты оқып үйренуді қажет ететін өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан, жасөспірімдердің физикалық даму жағдайының жоғары денгейі – ұлт саулығының кепілдік көрсеткіші[3,4]. Жаңа ұрпақ - Қазақстанның бастауы ретінде, негізгі көңіл бөлінетін жаңадан өсіп, қалыптасып келе жатқан жас организмнің қалыпты дамуына әсер ететін жағдайлардың орын алмауына ықпал етумен өте тығыз байланысты [5].

Зерттеу мақсаты – Ақтөбе қаласының жасөспірімдер денсаулық көрсеткіштеріне әсер ететін медициналық-әлеуметтік жағдайына баға беру.

Зерттеу таңдамасы: Ақтөбе қаласының 9-11 класс оқушылары - жасөспірімдер, жынысы: ер бала және қыз, жасы: 15-17 жас.

Зерттеу әдістері мен материалдары: Ақтөбе қаласының 15-17 жастағы жасөспірімдердің 2013-2018 жылдар аралығындағы жалпы аурушаңдықтың құрылымы мен динамикасы, медициналық мекемеде науқастардың тіркелуі, диспансерлік бақылауға алу (Ф.012/у) құжатының көшірмелеріне ретроспективті талдау жүргізу және МКБ-10 классификациясы бойынша жынысы және жасына байланысты аурушаңдық жағдайын бағалау. Зерттеуге алынған жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайын бағалау - HBSC – жүйелік мониторинг және кілттік көрсеткіштерді бағалау халықаралық стандартпен бекітілген анкеталық сауалнама жүргізу, және ол өз кезегінде келесі сұрақтарды құрады: жасы, жынысы, ұлты, мекен-жайы, отбасы жағдайы, ата-анамен қарым- қатынасы, бос уақытында немен шұғылданатыны, теледидар қарау және компьютерді қолдану ұзақтығы, тамақтану жағдайы, денсаулығына өзіндік бағасы және т.б. сұрақтармен қамтылды.

Нәтиже: Ақтөбе қаласы 15-17 жастағы жасөспірімдер бойынша 2013 (қаңтар) - 2018 (қазан) жылдар аралығындағы жалпы аурушаңдықтың құрылымы мен динамикасы соңғы бес жылда тыныс алу жүйесі аурулары, қан және қан жасау жүйесі аурулары, көз және оның қосалқы аурулары, ас қорыту жүйесі аурулары көрсеткіштерінің саны жоғарылағандығы анықталды. Жасөспірімдердің денсаулық көрсеткіштеріне мейлінше әсер ететін әлеуметтік жағдайына баға беру мақсатында анкеталық сауалнамалар жүргізілді, жалпы сұрақтар бойынша толығымен мәліметтер алынып жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы «жақсы» деп бағаланды. Барлық нәтижелердің сандық көрсеткіштері баяндамада көрсетілді. Қоғамдық денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда жасөспірімдер арасында гигиеналық және медициналық-профилактикалық шаралар ұйымдастыру маңызды мәселе болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. 1. Медицина МЦФЭР – Қазақстан //htpp://med.mcfr.kz/article/206 – densaulyk 2016-2019 bagdarlamasy-medicinalyk -uymdy-baskaru-mindetter-turaly. – 2016 Б. 5.
  2. Досимов Ж.Б., Досимов А.Ж. Остеопения у детей и подростков // Педиатрия и детская хирургия. 2013. – №13. – Б. 49-52.
  3. Антонова Е.В.«Здоровье российских подростков 15-17 лет: состояние, тенденции и научное обоснование программы его сохранения и укрепления». – 2014. – Б. 56.
  4. Паренкова, И. А «Репродуктивное здоровье и качество жизни детей и подростков в условиях демографического кризиса» Автореферат диссертации Москва, д.м.н. 2012. – 38 б.
  5. Турдалиева Б.С., Аимбетова Г.Е., Абдукаюмова У.А. и др. Здоровье детей и подростков Республики Казахстан: проблемы и пути решения. – 2012. –Б. 45.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.