Кіріспе. Қызылша ауруы - ауалы-тамшылы жолымен берілетін жоғары контагиозды ауру. Қызылша ауруы қазіргі таңда ерте жастағы балалар арасындағы өлімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Қазақстан Республикасында қызылша ауруының айқын бір көрінісі 2015 жылдың көктемінде болды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараты бойынша қызылша ауруының таралу жиілігі Қарағанды облысында кең етек алды.
Жұмыс өзектілігі. 2015 жылыБатыс Еуропада бастама алған қызылша ауруы Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғындарғада өз әсерін тигізді. Сонымен қатар осы жылы қазақстандықтардың вакциналық шаралардан бас тартуы кең етек алып, соңғы 10 жылдың ішіндегі ең ауқымды қызылшы ауруының таралуы болды. Қарағанды қаласында 2014 жылмен салыстырғанда 6,8 есе өсіп, 2015 жылы қызылша ауруымен ауырған адамдар саны 117-ні құрады. Бұл көрсеткіштердің 78%-ын балалар құрады. Уақытылы және дұрыс ем көрсету қызылша ауруының алдын алудағы маңызды шара болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Қарағанды облысы аумағындағы балалар мен ересектер арасында 2015 – 2018 жылдардағы қызылша ағымының клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Қарағанды қаласындағы эпидемиялогиялық ауруханаларға 2015 – 2018 жылдар аралығында “қызылша” диагнозымен түскен балалар мен ересектердің ауру тарихына ретроспективті талдау жүргізілді. Диагноз анамнестикалық, клиникалық, зертханалық деректер негізінде қойылды және ИФТ әдісімен расталды.
Жұмыстың нәтижесі. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің айтуынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуімен қатар аурушаңдықтың өсуінің негізгі себептерінің бірі вакцинацияны тоқтату болып табылады. 2014 жылғы қызылша ауруымен 84 жағдай тіркелсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1121 жағдайға дейін жетті. Бұл дегеніміз, өткен жылмен салыстырғанда ауру ошағының 13 есе өсуі. Оның шамамен 117 жағдай Қарағанды облысына тиесілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қызылша ауруының ошағы Батыс Еуропа өңірінен етек алды. Ондағы жалпы “қызылша” диагнозымен шағымданушылар саны 100 мыңнан асып, олардың ішіндегі 37 адамға жуығының жағдайы летальді аяқталды. Бұл инфексиялық аурудың ауалы – тамшылы жолмен оның ішінде сонымен қатар транспорттық жолымен берілетінін ескерсек басқа өңірлерге таралуы түсіндіріледі. Қарағанды қаласындағы және де Қазақстанның басқада өңірлерінде қызылша ауруының таралуы негізгі себептердің бірі вакциналық шаралардан бас тарту болып табылады. 2015 жылдың төңірегіндегі вакциналық процедуралардан кейін жасөспірімдердің жаппай ауруханаларға жатқызылуы процедуралық шаралардың уақытша тоқтатылуына әкелді. Вакцинацияның тоқтатылуы вирустық таралуды кең ауқымды жағдайға көшіріп, аурудың таралу көрсеткіші айтарлықтай өсті. Поствакцинациялық жағдай бойынша республиканың бес облысында қызылшаға қарсы вакцинациядан кейін 396 жасөспірімдердің өтініштері тіркелді (Маңғыстау облысында - 324 жасөспірім,Қарағанды облысында – 32,Атырау облысында – 26,Оңтүстік Қазақстан облысында-12,Жамбыл облысында - 2,) оның ішінде 264 – і ауруханаға жатқызылды. Алайда кейінгі сараптама жүргізу барысында барлық жүргізілген вакцинаға қатысты процедуралар барлық нормаға сай екені дәлелденді. Қарағанды облысына 2015 – 2016 жылдардың аралығында “қызылша” диагнозымен түскендер саны барлық аурулар санының 11%-ына тиесілі болды. Зерттеу жүргізу барысында ауруханадағы науқастар жас ерекшелігіне байланысты 3 топқа қарастырылады. Олардың ішінде аурудың негізгі ықпалы 87,4%-ы 7-11 жас аралығындағы балаларға, 8,7%-ы 13-17 жас аралығындағы жас өспірімдер және де 4,8%-ы ересек адамдарға тиесілі болды. Жынысы бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалмады: ұл балалар 51,9%, 48,1% қызбалаларға тиесілі болды. Қызылшаға қарсы вакцинация 68,4%-ына жасалды. Халық санынан 31,7%-ы балалар вакцинацияланады. Балалар мен ересектердің көбісінде инфекциялық ауру орташа – ауыр формада өтті. Қалыпты қызылша ауруының клиникалық көрінісі бұл ауруға иммунитеті жоқ адамдарда қалыпты формада жүрді. 8,6%-ы атипті өтті: бастамасы балаларда 4 күнге созылған жоғары температура, ересектерде 2 күнге, қосымша интоксикация байқалды. Балаларда катаральді кезең жөтелмен, мұрынның бітелуімен сипатталады, ересек адамдарда құрғақ жөтел көрсеткіші 9%-ға төмен болды. Коньюнктивит науқастардың 47%-ында байқалды, оның ішінде 28,7%-ын склерит құрады. Жарықтан қорқу 7-9 жастағы балалар арасында жиі байқалады. Энтерит сипатындағы іш өту тек қана балаларда кездеседі. Балаларда бронхит асқынулары жиі кездесті (42,8%). Атиптік қызылша 5 балада байқалды. Оның ішінде 2 қыз бала, 3 ұл бала.
Қорытынды. Қарағанды тұрғындарына жасалған зерттеу барысында қызылша ауруымен көбінесе 7-9 жас аралығындағы балалардың ауыратындығы байқалды және де олардың алдын алу шараларыда жасалды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басқаруымен бірнеше сатылы механизм жасалды. Алғашқысы дұрыс әрі сапалы вакцина формасын қолдану болып табылады. Вакцинацияға қарсы отбасыларға арнайы жиналыстар жасалып, вакцинаның не екендігін және де оның балалар үшін барлық пайдасы түсіндірілді. Бұл жасалған жобаның соңында вакцинаға қарсы 13 мың отбасының 7546-сы вакцинацияға өз келісімін берді. Нәтижесінде 2015 жылмен салыстырғандағы “қызылша” диагнозымен тіркелген науқастар 1124 жағдай 2018 жылы 4 жағдайға дейін төмендеді. Қазіргі күні жасалып жатқан эпидемиялогиялық және процедуралық шаралардың арқасында қызылша ауруымен ауыратын науқастар Қарағанды қаласы бойынша төмен көрсеткішті көрсетуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Э. Гершон. КОРЬ. From Harrison's Principles of Internal Medicine. 14-th edition.
- http://www.enbek.gov.kz/ru/node/326564 (сайтМинирстерство труда и Социальной защиты населения Республики Казахстан )
- История болезни пациентов с диагнозом “корь в средном, легком и в тежялой форме” Областной инфекционной больницы г.Караганды 2015 – 2018 года .