Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол көптеген елдерде әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді, өсімдіктің құрамындағы шипалық белсенді заттарды анықтау, оларды бөліп алып, физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау, сондай-ақ әдістерін жасап шығару - фармацевтика ғылымын дамыту жолының басты бағыттардың бірі болып табылады. Өсімдік ресурстарын рациональды қолдану және сақтау мемлекет аралық деңгейдегі басты мәселелерге жатады. Өсімдік шикізаттарын дәрілік препараттарды алуға қолданғанда пайдалы түрлерін интродукциялау тұрақты шикізат базасын қалыптастырудың маңызды сатысы болып саналады. Сондықтан Республикамыздағы денсаулық сақтаудың ең маңызды міндеттерінің бірі - Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын іске асыру, халықты жаңа, эффективті, зиянсыз, бағасы қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, импортқа тәуелділікті төмендету және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, жаңа дәрілік заттарды іздеу, отандық фитосубстанцияның түпнұсқасын фармацевтикалық өңдеу және олардың негізінде дәрілік препараттарды қолданысқа енгізу аса маңызды болып табылады. Осы мақсатта өсімдік тектес дәрілік құралдарды басты назарға алу Қазақстан ғылымы аясында тиімді, әрі қолжетімді, ғылыми-техникалық потенциалдық маңыздылыққа ие [2,3].
Құрамы биологиялық белсенді заттарға бай перспективті дәрілік өсімдік ретінде Тюринген үлбірегі (Lavatera thuringiaca L.) өсімдіктерінің практикалық қызығушылық туғызады. Осы топтағы өсімдіктердің Қазақстанда өсетін түрлері жүйелі түрде зерттелмеген. Тюринген үлбірегі (Lavatera thuringiaca L.) емдік қасиеттері оның химиялық құрамымен байланысты. Құрамында шырыштар, көмірсулар, алкалоидтар, флаваноидтар, фосфолипидтер, крахмал, С дәрумені, майлар бар [1]. Бұл өсімдіктің әртүрлі шикізат түрлері халық медицинасында кеңінен қолданылады. Қайнатпалар мен тұнбалар өте жақсы қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Тюринген үлбірегінен жасалған дәрілер суық тию, жөтел, диарея және асқазан-ішек жолдарының кейбір көптеген басқа да аурулары кезінде қолданылады. Тюринген үлбірегі өсімдігінің компоненттерінің құрамын талдау және бағалау бойынша полифенолды тобы бар қосылыстарының құрамын көрсетті. Биологиялық белсенді заттар (ББЗ) кешені Тюринген үлбірегі шикізаттарында едәуір құрылымдық әртүрлілігімен ерекшеленеді және полисахаридтерді, фенолоқышқылдарды, флавоноидтарды, конденсирленген және гидролизденетін иілік заттарын, кумариндерді қамтиды, сол себепті, бұл өсімдіктің медицаналық тәжірибеге енгізу және оны зерттеу рынды болып табылады.
Сондықтан, Тюринген үлбірегі (Lavatera thuringiaca L.) химиялық құрамын зерттеп, биологиялық белсенді заттарды бөліп алудың оңтайлы әдістерін ашу және алынған заттар негізінде сапалы экстракттың технологиялық аспектілерін зерттеу және оларды стандарттау өзекті мәселе болып саналады.
Әдебиеттер
- Л.М. Грудзинская, Н.Г. Гемеджиева, Н.В. Нелина, Ж.Ж. Каржаубекова. Аннотированный список лекарственных растений Казахстана: Справочное издание/Л.М. Грудзинская, Н.Г. Гемеджиева, Н.В. Нелина, Ж.Ж. Каржаубекова. – Алматы, 2014. – 200с.
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 -2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы, № 176 Жарлығы).
- Адекенов С.М. Развитие фитохимии и перспективы создания новых лекарственных препаратов // Поиск и создание методов получения фитопрепаратов: сб. трудов. – Алматы: Ғылым, 1997. – С. 3-22.