Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Хирургиядағы іріңді-қабынулы асқынулардың антибиотикопрофилактикасы

Кіріспе. Операциядан кейін пайда болатын іріңді-қабынулы асқынулар ауруханаішілік инфекциялар тобына кіреді, ол стационардағы барлық инфекциялардың 15-25 % құрайды. [1] Заманауи медицинаның қазіргі таңдағы жетістіктеріне қарамастан, операциядан кейін пайда болатын іріңді-қабынулы асқынулар ургентті хирургия саласында жоғары көрсеткішке ие, және де хирургия саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.[2,3]

Зерттеу мақсаты. Операциялардан кейін пайда болатын іріңді-қабынулы асқынулардың алдын-алу үшін оңтайлы антибиотик тізбегін құрастыру.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеуге жедел түрде операция жасалған 2724 науқас кіргізілді. Соның ішінде ең жиі кездескен жедел аппендицитпен операция жасалған науқастар саны 1523, ол 55,9% құрайды. Жедел холециститпен – 586 (21,5%), қысылған жарық – 297(10,9 %), жедел ішек өтімсіздігі - 125 (4,6%), тесілген ойық жара – 109 (4,0%), жедел асқазан ішек жолдарынан қан кету – 43 (1,6 %), жедел панкреатитпен (панкреонекроз) - 41 (1,5%). Осы орындалған операциялар ішінен бактериологиялық зерттеуге патологиялық материал 1746 науқастан алынды. Бақылауда 2 топ науқастар қалдырылды: негізгі топты операцияға дейін антибиотикпен алдын алу жасалған 173 науқас құраса, ал бақылау тобын бүкіл емдеу барысындағы операциядан кейінгі кезеңде антибиотик жасалған 175 науқас құрады. Бұл топқа жайылмалы перитонит және іш қуысының асқынулары бар науқастар кіргізілген жоқ. Тек перитониті жоқ немесе патологиялық аймақ маңында шектелген серозды сұйықтық бар науқастар қарастырылды.

Зерттеу нәтижелері. Біздермен микробиологиялық зерттеудегі микрофлораның өсуіне және антибиотиктерге сезімталдыққа талдау қорытынды жасалды. 1746 егілудің ішінде микрофлораның өсуі 984 жағдайда (56,3%) байқалды. Ең кең таралған қоздырғыштар Escherichia coli (49,8%), стафилококк түрлері (23,2%), Klebsiella pneumonia (9,3%). Бақылаудағы топтардың талдау қорытындысы келесі критерийлер бойынша жасалды: іш қуысында абсцесс пайда болуы, операциядан кейінгі жараның іріңді-қабынулы асқынуы (ірің, инфильтрат). Негізгі (173) және бақылау (175) топтарында іш қуысының абсцесстенуі байқалған жоқ, іріңді-қабынулы асқынулар (жараның іріңдеуі) негізгі топта 6 (3,5%) науқаста, бақылау тобында 6(3,4%) науқаста байқалды. Ал, операциядан кейінгі жара маңындағы инфильтраттар 2,3 % және 2,2% көрінді. Анықталған микрофлораның антибиотикке сезімталдығын талдау барысында имипенем, ципрофлоксацин, аминогликозидтер мен цефалоспориндерге жоғары сезімталдығы байқалды. Бірақ, көрсетілген антибиотиктердің барлығы операциялардан кейін пайда болатын іріңді-қабынулы асқынулардың алдын алу талаптарына сәйкес келмейді. Қандай да бір антибиотик тағайындалмас бұрын, оның улылығын ескеру қажет. Препарат анестезияның фармакокинетикалық параметрлеріне бұрыс әсер етпегені жөн, әсіресе миорелаксанттар және препарат бағасы/әсері ұстанымы жағынан тиімді болуы тиіс.

Осыған байланысты біздермен антибиотиктермен алдын алудың келесі тізбегі ұсынылды: бүкіл операция барысында жоғары терапевтік концентрацияны ұстау үшін бір мезетте цефалоспориндердің 1-2 ұрпақтарын 1,0 гр дозада операцияға 5-10 минут бұрын (жалпы доза 2,0 гр) бұлшық етке және тамырішілік енгізу жасалынғаны жөн. Антибиотикті тамырішілік енгізу тіндердің мүмкін болатын зақымдалуының алдын алуында әсерлі концентрацияны қамтамасыз етеді, ал бұлшық еттік енгізу операция барысында сол бір деңгейді ұстап тұруға ықпал етіп, операциялық араласу болған орнын инфицирленуден қорғайды. Ары қарай антибиотиктердің терапевтік концентрациясын бір қалыпта ұстау үшін операциялық араласудан 6-8 сағат өткеннен кейін бұлшық етке енгізуді 1,0 гр дозада қайталау керек.

Қорытынды. Сонымен, шартты – таза жаралардың 56,3 % нәтижесінде инфицирленген болып

есептеледі деген тұжырым жасаса болады. Бұл антибиотикпен алдын алу міндетті түрде жасалуының қажеттілігін растайды. Антибиотикпен алдын алудың адекватты жасалуы операциядан кейін пайда болатын іріңді-қабынулы асқынулардың жиілігін айтарлықтай азайтады. Тағы бір басты мәселе – экономикалық тиімділігі. Талдау қорытындысы іріңді-қабынулы асқынулардың дамуында аз ғана айырмашылық бар екенін дәлелдейді. Антибиотикпен алдын алу үшін цефалоспориндердің 1-2 ұрпақтары жеткілікті.

Әдебиеттер

  1. Абдоминальная хирургическая инфекция:клиника, диагностика, антимикробнаятерапия: Практ. руководство/ Под ред. В.С. Савельева, Б.Р.Гельфанда.- М.: Литерра, 2006.- 168 с.
  2. Антибиотики и антибактериальная терапия в хирургии /В.А.Сипливый, А.И. Дронов, Е.В.Конь, Д.В. Евтушенко. - К., - 2006. - 100 с. - Библиогр. С .94-99
  3. Муконин А.А. Рациональная антибиотикопрофилактика послеоперационных гнойно-септических осложнений в абдоминальной хирургии, травматологии и ортопедии с использованием цефалоспоринов I-III поколений / А.А. Муконин, К.В. Гайдуль. – Смоленск, 2003. – 65 с.