Авитаминоз дәрумен жетіспеушілік ауруы болып табылады. Олардың жетіспеушілігі белгілі бір бұзылулардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазіргі таңда жас және жыныс ерекшеліктеріне қарамай авитаминоз ауруы кең тарауда. Дәрумен жетіспеушілігіне көптеген факторларға әсер етеді, олардың арасында Қазақстан Республикасының жекелеген аймақтарының экологиялық жағдайы маңызды рөл атқарады [1].
Авитаминозға қарсы дәрі-дәрмектердің үлкен арсеналына қарамастан, қалалық және ауылдық жерлерде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің әртүрлі дәрежесі, денсаулық сақтау қызметкерлерінің жаңа және жоғары тиімді авитминозға қарсы препараттары туралы хабардарлығының жетіспеушілігінен бөлшек сауда желісінде олардың ассортименті рационалды деп санауға болмайды. Авитаминоз ауруымен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту, авитаминозға қарсы препараттарды аурудың бірінші кезеңінде тұрақтандыруды рационалды қалыптасты-руға мүмкіндік береді [2].
Осыған байланысты, авитаминозға қарсы препараттардың аймақтық нарығын зерттеу фармацев- тикалық ғылым мен практиканың өзекті мәселесі болып табылады.
Осы мәселені шешу үшін біз Қазақстан Республикасында(ҚР) авитаминоз ауруына қарсы препараттарымен қамтамасыз етуді оңтайландыру бойынша дәлелді әдістемелік тәсілдерді әзірлеу мен дамытуды мақсат ретінде қарастырдық.
Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін біз келесі міндеттерді алға қойдық, атап айтар болсақ: ҚР медициналық-демографиялық көрсеткіштерін талдау, авитаминоз ауруының таралуы мен аурудың динамикасын зерттеу; ҚР фармацевтикалық нарығында авитаминоз ауруына қарсы препараттарының номенклатурасын зерттеу; аймақтарда дәрумен жетіспеушілік ауруы бар науқастарға социологиялық зерттеу жүргізу; авитаминоз ауруына қарсы препараттарының оңтайлы диапазонын негіздеу үшін ABC- және VEN-анализ сараптамалық қорытындыларын негіздеу; жергілікті деңгейде авитаминоз ауруы бар науқастарға алдын-алу және фармацевтикалық медициналық көмек көрсету бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу нысандары ретінде біз ҚР денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актрлері және «Europharma» ЖШС мәліметтерін алатын боламыз. Ал зерттеу әдістері ретінде ABC және VEN- анализ, сауалнама, сұхбат, сараптамалық бағалау әдістерін пайдаланамыз.
Зерттеу қорытындысында біз дәрі-дәрмектер нарығында авитаминоз ауруы кезінде қолданылатын фармацевтикалық өнімдерді оңтайлы және тиімді пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалады. Сонымен қатар,авитаминоз ауруы кезінде қолданылатын дәрілік заттар тізімі және ең көп қолданысқа ие дәрілік заттардың ассортименті анықталады.
Диссертациялық зерттеудің нәтижелері фармацевтикалық ұйымдар жұмысында авитаминоз кезінде қолданылатын дәрілік заттардың ассортиментін басқаруды оңтайландыру үшін қолданылады, және де дәріхана ұйымдарының маңызды стратегиялық ассортиментін қалыптастыру кезінде қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділік деңгейін көтереді және дәріхана ұйымының бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға көмектеседі.
Әдебиеттер
- 1. Е.А. Потрохова, Н.В. Соботюк, С.В. Бочанцев, С.А. Голочалова, Е.Э. Шлыкова, Н.Г. Мажукина //Недостаточность витамина. –2014. – №2. – с. 30–33.
- 2. Петрова Г.Г., Кузьмина А.А., / Маркетинговый анализ конкурентоспособности витаминных препаратов в аптечной сети. –2017.– С.129–131.