Өзектілігі: Кәсіби денсаулық – кәсіби әрекетті жүзеге асыру кезінде оның жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін адамның қорғаныш және компенсаторлық қасиетін сақтайтын қабілеті. Педагогоикалық процесте психикалық жағдай және денсаулық маңызды орын алады. Заманауи әлемге өзекті әртүрлі күрделі ауруларға, кедейлік, апаттар мен қайғылы жағдайларға қарамастан, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары ең жиі кездеседі (30-35% өлімнің жалпы санынан). Осы күрделі эпидемиологиялық жағдайдан шығу үшін шұғыл шаралар керек. Жұмыс әртүрлі бағытта жүргізіледі – профилактика және ерте диагностика.
Зерттеу мақсаты: Марат Оспанов атындағы БҚММУ оқытушылардың гемодинамикалық көрсеткіштердің (aртериалды қысым, жүректің жиырылу жиілігі, қанның систолалық және минуттық көлемі) қалыптыдан ауытқуын анықтау Осы негізгі мәліметтерді есептеу:Нa oснoвaнии дaнных рaссчитaть:
- Робинсон Индексі, шыдамдылық коэффициенті, экономикалық қанайналым коэффициенті, Кремптом көрсеткіші
- Регрессия әдісі арқылы адамның физиологиялық жағдай дәрежесін зерттеу.
- Руфье-Диксон сынамасын қолдану арқылы жүрекке физикалық күш түсу жұмысын бағалау.
- Войтенко тесті көмегі арқылы мұғалімдердің биологиялық жасын анықтау.
Материалдар және әдістер. Ақтөбе қаласында Марат Оспанов атындағы БҚММУ мұғалімдері арасында анонимді түрде анкеталық сұрақтар жүргізілді. Анкетада және зерттеуде университетіміздің әр түрлі жастағы және әр түрлі кафедра мұғалімдері қатысты. Экспериментальды бөлігі (регрессия әдісі, Руфье-Диксон сынамасы, Войтенко тесті) жүрек-қанайналым жүйесінде бұзылыстар анықталды.
Нәтижелер және талқылаулар. Бұл дәлелдемелер мынаны куәландырады, 23-35 жастағы әйелдерде СҚ 109мм.рт.ст, ДҚ-71 мм.рт.ст және ПД-38мм.рт.ст, АҚҚ көрсеткіштері төмендеген, гипотония дәлелі. 23-35 жастағы әйелдерде, 25 адамдық санын құрайтын, 68% пайызында Робинсон индексінің төмендеуі, 4% пайызында Робинсон индексі жоғары. 23-35 жастағы ер адамдарда, адам саны-6, 67% пайзында жоғары. 23-35 жастағы әйелдерде, адам саны-25, 20% пайзында КВ төмендеуі, 52% -көрсеткіш қалыптыдан жоғары. 36-45 жастағы 18 әйел арасыында 11% көрсеткіштің төмендеуі анықталды, 78% КВ қалыптыдан жоғары. Бейнеге сәйкес, 23-35жастағы әйелдердің 56% Кремптом көрсеткіштері әлсіз. 23-35 жастағы ер адамдарда ПК қалыпты. 36-45 жастағылардада ПК қалыпты.
Қорытынды. Зерттеу жұмыстарында белгілейміз, барлық жастағы әйелдер тобында ИР қалыптыдан төмен, ер адамдарда қалыптыдан жоғары. КВ көрсеткіші ерлер мен әйелдерде қалыптыдан жоғары, яғни жүрек әлсіздігін көрсетеді. КЭК мәні әйелдер тәрізді ер адамдардада қалыптыдан жоғары. ПК мәні әр түрлі жастағы әйелдер тобында көрсеткіштер әлсіз, ер адамдарда ПК қалыпты.
Әдебиеттер
- 1.Заика, Э.М. Физиология сердечно-сосудистой системы / Э.М. Заика. - Гомель: Гомельский гос. мед.ун-т, 2012. - 53 с.
- 2.Меерсон, Ф.З. Приспособление к стрессорным обстановкам и стресс-лимитирующие системы организма / Ф.З. Меерсон // Физиология адаптационных процессов. - М.: Медицина, 2013. - С. 421-422.