Асқазан аурулары балалық шақтағы ең таралғандардың бірі болып табылады. Мектепке дейінгі және жасөспірім балалардан бастау алатын кейбір аурулар (созылмалы гепатит, асқазан жарасы, ойық жаралы колит, Крон ауруы және т.б.) көбінесе созылмалы ағысқа ие болуы, асқынуы, мүгедектікке апаруы мүмкін. Бұл балалардың және олардың ата-аналарының өмір сапасына әсер етіп, сонымен бірге қымбат тұратын медициналық және профилактикалық шараларды талап етеді. Жасөспірімдер арасында асқазан- ішек жолдарының созылмалы патологиясы кеңінен таралған және артып келеді.
Асқазан-ішек жолының ең көп таралған патологиясы жасөспірімдерде кездеседі: 13-17 жастағы ер адамдарда, 12-16 жастағы - қыздарда. Балалардың клиникалық зерттеулерінің мониторингіне сәйкес, 20052007 жылдары 6 жастағы балалардың 100 мың балаға шаққанда 10699-да гастроэнтерологиялық патология- сы бар екені анықталды. 14-25 жастағы жасөспірімдер асқазан-ішек жолдарының аурулардың жиілігін 25%-ға ұлғайтты. Ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балалар жұқпалы гастроэнтерологиялық патологияларымен жиі ауырады, ал оқушылар мен жасөспірімдер жиі созылмалы асқазан-ішек ауруларына шалдығады [1].
Жасөспірімдер арасында асқазан-ішек жолдарынын ауруларынын арасында гастродуоденальды аурулар ерекше орын алады, олардың арасында жоғарғы асқазан-ішек жолдарынын эрозиялық және ойық жара аурулары, созылмалы гастрит (гастродуоденит), асқазанның он екі елі ішектің ойық жара ауруы. Сонымен қатар, эрозиялы гастрит 15 жасқа дейінгі балаларға қарағанда жасөспірімдер арасында 2,5 есе жиі кездеседі, ал ойық жара ауруы бұл көрсеткіш 7,4 есе артады. Бұл жастарды әскери қызметке дайындалуында маңызды. Асқазан-ішек жолдарының аурулары дәрілік заттардың әсерінен де туындау мүмкін. Оларға стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолдану аясында гастропатия мен асқазан жарасының дамуын айтуға болады [2].
Асқазан-ішек жолдарының функционалдық аурулары ас қорыту органдарының ауруларының құрылымында негізгі орындардың бірін алады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, диспепсиялық шағымдар халықта шамамен 20-40% құрайды. Зерттеу барысында 50% жағдайда оларда (әдетте жастар, жасөспірімдер мен балаларда) ас қорыту органдарының органикалық ауруларының белгілерін анықтай алмайды, яғни бұл олардың функционалдық диспепсиясы бар екенін көрсетеді [3].
Зерттеудің мақсаты жасөспірімдердегі асқорыту ауруларының даму негізгі факторларын зерттеу және профилактикалық мәселелерді жақсарту болып табылады.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Біздің аймақтағы жасөспірімдер арасында патологияның таралуы, асқазан-ішек ауруларының дамуының негізгі себептері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ерте анықтау проблемалары зерттелді. Қала емханасында диспансерлік есепте тұратын науқастардың амбулаториялық карталарын ретроспективті талдау жүргізілді. Оңтүстік Қазақстан облысында аурудың статистикалық көрсеткіштерін талдау жүргізілді.
Пациенттерді қабылдау аймақтық дәрігермен бірге тиісті зерттеулер жасалынды. Оның ішінде негізгі шағымдарды анықтау, ауру тарихын, дертті туындатушы факторларды жинау, жалпы қарау, пальпация, соққы, аспаптық әдістерді қолдану (ФГДС), биохимиялық зерттеулер, іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі ж.т.б.
Нәтижелер мен талқылау. Шымкент қалалық емханаларында оқу үрдісі аясында жұмыс жүргізілуде. Пәннің тәжірибелік және өзіндік жұмысы шеңберінде бұл мәселені тереңірек зерттеу мүмкіндігі туды.
Заманауи ғылыми әдебиеттердің деректерін талданды, сондай-ақ ресми дереккөздерден сырқаттанушылық ескерілді. Ас қорыту жүйесінің негізгі патологиялары негізінде толық зерттелгеніне қарамастан, асқорыту мүшелерінің ауруы жиілеуінің динамикалық өсуі үрдісі байқалды. ОҚО тұрғындарының асқорыту ауруларына шалдыққаны 100 000 адамға шаққанда: 2011 жылы 4841,9; 2012 жылы 4879,3; 2013 жылы 4814,2; 2015ж. 5869,5 және 2016ж. 5387,2 көрсетті.
Бізді жасөспірім жасындаға науқастар алаңдатты. Себебі ғылыми әдебиетті зерделеп біз мынандай нәтижеге жеттік: балалар контингенті үнемі ата-аналар мен жергілікті дәрігерлердің, педиатрлардың бақылауында жүреді. Ересектер өз денсаулығын қорғауда өздігінен шешім қабылдайды. Жасөспірімдер қысқа кезеңмен (14-16 жас) ерекшеленеді,сондай-ақ жылдам гормоналды және жыныстық өзгерістермен байланысты әр-түрлі ерекшеліктерге ие болады, сондықтан болар жиі ата-аналардың және дәрігерлердің де назарынан тыс қалады.
Біздің байқауымыз бойынша, ең көп таралған патология 38% тассыз холецистит, 30% гастрит, 23% панкреатит, 9% басқа нозологиялар. Бұл сандар асқазан-ішек жолдарының ауруы мен олардың пропорциясының толық көрінісін толығымен сипаттай алмауы мүмкін. Медициналық көмекке, дәрігерлік мекемеде кеңес алуға шешім қабылдауға ықпал ететін көптеген факторлар бар. Әлеуметтік факторлар, уақыттың аздығы, мектептегі насихат деңгейі және т.б. маңызды.
Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері, әсіресе индустриалды-өнеркәсіптік өңірлерде және Г.Шымкент сияқты мегополистерді факторларының біріне жатқызуға болады. Әртүрлі факторлар (ластанған ауа, сапасыз ауыз су, радиация және т.б.) бір мезгілде көптеген мүшелерге әсер етеді: өкпе, асқазан-ішек жолдары, урогендік жүйе және т.б.
Бүгінгі күні жасөспірімдерге стресстік (невротикалық) факторлар да әсер етеді. Көптеген бақылаусыз аудиовизуалды ақпарат, білім беру үдерісіндегі қиындықтар, көптеген пәндер бойынша қосымша сабақтар, емтихандар. Жас жігіттер үшін теріс салдарларға әкелетін отбасылық қарым- қатынастар, ата-аналардың алкогольді тұтынуы, отбасының әлеуметтік деңгейінің төмендігі, нашар тамақтану және т.б. Алкогольге, темекі шегуге және есірткіге тәуелдіктің жастар арасында таралуы маңызды мәселелердің бірі болып саналады.
Асқорыту жүйесі патологиясының дамуында заманауи нутрициология қоректік факторға аса мәңізді көңіл бөледі. Тамақ әдеттеріндегі сандық және сапалық өзгерістер асқорыту трактінің жұмысын өзгертеді. Әр түрлі себептер бойынша жасөспірімдер тәртіпсіз тамақтануға, тамақтанбауға, монотонды тамақтануға және тамақ арасындағы уақыттың үлкен айырмашылыққа бейім келеді.
Тек ас қорытуға ғана емес, сонымен бірге денеге әсер ететін инсулиннің, гастриннің, холецистокининнің және басқалардың секрециясында өзгерістер пайда болады. Бастапқыда ас қорыту органдарының функционалдық өзгерістері деп аталатын өзгерістері пайда болуы мүмкін: дискинезиялар, диспанкреатизм, тітіркенген ішек синдромы ж.т.б.
Осылайша, жасөспірімдердегі асқазан-ішек жолдарының патологиясына қатысты әдебиеттерді талдай отыра, бұл мәселелер әлі де олардың түпкілікті шешімінен өте алыс екенін көрсетеді. Функционалды диспепсияның дамуын және болжамдарынын мәселелері толықтай шешімін таппаған.
Осы саладағы қарқынды ғылыми зерттеулердің жалғасуы профилактикалық шаралардың алгоритмін жақсартуға және оны табысты емдеудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады [4].
Әдебиеттер
- Запруднов А.М., Григорьев К.И., Cовременные особенности подростковой гастроэнтерологии //Российский вестник перинатологии и педиатрии /2011/Том 90/№ 2 стр. 6.
- Щербаков П.Л., Современные проблемы подростковой гастроэнтерологии. Педиатрия/2010/Том 89/№ 2. С.7.
- Силивончик Н.Н., Функциональная желудочная диспепсия у подростков«Рецепт» № 1 (45), 2006. 52стр
- В.Т. Ивашкин, А.А. Шептулин, Т.Л. Лапина, И.М. Картавенко, В.А. Киприанис, О.З. Охлобыстина, Н.В. Новожилов Рекомендации Российской гастроэнтерологической ассоциации по диагностике и лечению функциональной диспепсии РЖГГК 3, 2012. С.87-89