Түйін
Жарақаттар қазіргі қоғам үшін маңызды медициналық, әлеуметтік және экономикалық жағдайларға әсер ететін мәселелередің бірі. Зардап шеккендер біздің заманымыздың өте қауіпті эпидемиясын қалыптастырады, бұл адамдардың мүгедектік пен ерте өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын 5 миллионнан астам адам
жарақаттардан қайтыс болады, ал Еуропалық аймақта жарақат алу нәтижесінде күніне 2 мыңнан астам адам өледі, 60 мың адам ауруханаларға жатады, ал 600 мың адам жедел жәрдемге жүгінеді. Қазақстан Республикасындағы жарақаттар мен олардың салдарларыннан туындайтын мүгедектік пен өлім-жітімнің жоғары дәрежесі, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығына әсер етеді.
Кілт сөздер: жарақаттану, өлім, аурушаңдық, жазатайым оқиға, денсаулық.
Мақсаты. ОҚО өндірістік емес жарақаттардың деңгейіне кешенді баға беру.
Материалдар мен әдістер. Бұл зерттеу Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрақты сипаттамалы зерттеу болып табылады. Талдау үшін ақпарат көзі ретінде ресми статистикалық демографиялық мәліметтер және Амбулаторлы хирургия, травматология және гинекология орталығында көрсетілген жарақаттардың себептерін және сипатын салыстырмалы талдау болды.
Нәтижелері. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің (2015 ж.) деректері бойынша елдегі жарақаттың басым көпшілігі өндіріспен байланысты емес жарақаттармен байланысты. 2014 жылы ОҚО бойынша 273 өлім жағдайы тіркелсе, 24 жағдай ауруханаға дейінгі өліммен аяқталған. Осы жылы ОҚО бойынша ең жоғары жарарақат көрсеткіші Шымкент қаласында 39% , ал Мақтаралы районында 8%, Түркістан қаласында 7% кездеседі. ОҚО бойынша 2014 жылы жол көлік апаты -100 000 тұрғынға шаққанда 4567 жағдай, тұрмыстық жарақаттар - 46737, көше жарақаттары - 16256, улану - 2904 жағдайлары кездеседі. Бұл көрсеткіштер Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Мақтаралы ауданы, Сарыағаш ауданы, Қазығұрт, Арыс аудандарында ең жоғары көрсеткіштерге ие. 2015 жылы ОҚО бойынша осы көрсеткіштер екі есеге жоғарлаған. 2015 жылы тұрмыстық жарқаттар - 52169 құраса, көше жарақаттары - 14240, жол көлік жарақаттары -6558, улану - 2877 жағдайлары тіркелген. Жұмыс істейтін халықтың жарақат алудың жалпы сырқаттанушылықтың динамикасын зерттегенде 2010 жылғы деректерде көрсеткендей 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін, оның біртіндеп төмендеуі байқалады, ал 2014 жылы жарақат алудың жалпы сырқаттанушылықтың деңгейі күрт өсті және 100 000 еңбекке жарамды жастағы халықтың бір 5203.65 жетті. Жарақаттың таралуы деңгейін зерттеу 30-39 жас (100 000 адамға шаққанда 6489,72 жағдайлары) және 40-49 (100 000 адамға шаққанда 5982,46 жағдайлары) жастағы ерлерде жарақатқа шалдығудың ең тәуекел топтары екенін көрсетті. ЖКА салдарынан жастар яғни 25-35 жас аралықтағы (41,2%) жиі ұшыраса және еңбекке кабілетті 39-59 жас аралығында 35,3% құрайды. Сонымен қатар, 2013-2015 жылдар аралығында жазатайым оқиғаның ең қарқынды қозғалысы және жол инфрақұрылымы бар жерлерде 42%, қалалық жағдайларда 20%, халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда 10% және 28% облыстық және аудандық деңгейдегі жолдарда орташа есеппен кезеседі.
Қорытынды. Қорыта келе жарақаттардың деңгейі жылдан жылға жоғарылауда. Жарақаттардың ең белсенді түрі тұрмыстық жарақаттар мен көшелік, жол көлік жарақаттары жоғары көрсеткіштерге ие. Ең жиі душар болатын адамдар тобы еңбекке қабілетті 30-49 жас пен жастар 25-30 көп ұшырайды. Сонымен қатар, статистикалық мәдіметтер бойынша қалалық өңірлерде жасатайым жағдайлардың көптеп кездесетіні белгілі болды. ЖКА мен өндірістік емес жарақаттарды алдын-алу мақсатында жедел медициналық көмектің сапасын арттыру мен халықты және жүргізушілерге жол ережелері туралы ақпараттандыру.
Әдебиеттер
- Статистический сборник «Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организации здравоохранения в 2014году» Астана-Алматы,2014. -с.238.
- Абдрахманова З.Б., Булешов М.А., Булешова А.М., Молдалиев Ы.С., Гржибовский А.М., Иванов С.В. «Эпидемиология дорожно-транспортного травматизма в Республике Казахстан за 2013-2015г.г.» Экология человека. 2017; 5: стр.14-20
- Global status report on road safety 2015. Geneva, World Health Organization, 2015. 340 p.
- Мысаев А.О., Омарбаев Т.Ж., Жайсанбаев А.М., Кожахметов О.А. Научный подход к решению проблемы дорожно-транспортного травматизма: некоторые вопросы профилактики ДТП. Наука и здравоохранение. 2012; 2: 42-5.
- Аналитическая справка о состоянии учета дорожно-транспортных происшествий// Комитет по правовой статистике и специальным учетам ГП РК/2014