ТҮЙІН
Стационарлық жағдайда гипотензивті терапия жүргізу барысында басым көп жағдайда өмірлік маңызды және қажетті дәрілік препараттардың тізіміне беріледі(51,2%). Препараттарды таңдау және бөлімшеде формулярлы жүйені жасауда клиникалық дәрігерлермен басым көпшілігінде халықаралық патенттелмеген атауларға (57,4%) мән беріліді.
Кілт сөздер: фармакоэкономика, артериальная гипертензия, терапия.
Казіргі таңда фармацевтикалық нарық серпінді дамуда. Дәрілік қүралдардың сүрыпталымы үнемі өзгеріп, кеңейтілуде және жаңа медициналық технологиялар денсаулық сақтау жүйесіне енгізілуде [1,2]. Сондықтан да, дәрілік қүралдардың қолжетімділігін экономикалық түрғыдан тиімді ем технологияларын бағалауды өңдеу өзектілігі маңызды шаралардың бірі болып табылады.
АГ белсенді емдеу жалпы алғанда медициналық тәжірибеде қолданылатын экономикалық тиімді әрекетердің бірі болып табылады. Осының дәлелі ретінде Ұлыбританиядағы Ұлттық сапалы клиникалық тәжірибе институты (NICE) және АГ бойынша Британдық қауымдастықтың сарапшыла- рымен бүл көрсетілді[3].
Олармен жүргізілген фармакоэкономикалық талдау АГ шалдыққан науқастарды дәрігерлер- мен емдеу үрдісі кезіндегі шешім қабылдауда заманауи және нақты үсыныстардың қажеттілік негізіне енді әрі олардың қызмет аудитінде медициналық көмектің сапасын бағалау мақсатында қолданылды. Басқаша айтқанда, АГ бақылайтын қаржылық құрылымды бағдарламасы жоқ денсаулық сақтау жүйесі экономикалық тиімсіз болып табылады, себебі оның тарапынан жүмсалган қорларға жеткілікті мөлшерде күш жұмсалмайды [3,4,5].
АГ емдеу үшін жаңа эффективті дәрілік препараттарды жасаудағы айтарлықтай ғылыми ілгерлеулерге қарамай, бүл дерт баяғыдай жоғары деңгейде, ал емдеу нәтижелері әлі де болса жеткіліксіз. Муның себебі мынада, дәрігерлердің АГ профилактикалық түрлері бойынша жеткіліксіз хабарсыздығы және емдеу сызбалары мен алгоритмдердің экономикалық негізділігінің жоқтығы.АГ емінің замануи диагностикасына ғана тәуелді емес, сонымен қатар бар дәрілік құралдардың сүрыпталымында, әрі олардың қүнында және емдеу мекемелерінің қаржыландырылу мүмкіндігінде [2,3]. Міне сондықтанда АГ емінің қажетті қүрылымының бірі болып фармакоэкономикалық көріністері табылады.
Кез-келген мемлекеттің медициналық тәжірибесінің алға басуы жаңа фундаментальды және қолданбалы медициналық технологияларды енгізудің бағытталғандығымен және қарқындылығымен өлшенеді. Клиникалық тәжірибеге заманауи көпқұрамды дәрілік препараттарды жасап шығару мен ендіру, жиі жағдайда, ол фиксирленген комбинациялардың, инкрементті яғни қолданбалы инновациялық үрдістің жарқын мысалы болады [6].
Казіргі кезеңдерде елімізде көп мөлшерде гипотензивті дәрілік құралдардың саудалық атауы тіркелген. Кардиологиядағы фармакоэкономиканың өзекті мәселеріне біріне АГ экономикалық эффективтілігін бағалау жатады. Ол АГ шалдыққан науқастарға медициналық көмек берудегі медициналық және эфармакоэкономикалық зерттеулерді қамтиды. Емдеу мекмелерінде дәрілік емнің тиімділігі мен эффективтілігін фармакоэкономикалық тұрғыдан бағалау фармталдаудың айрыққша түрімен - АВС/VEN талдауы арқылы жүргізіледі. Бүл талдаудың негізгі мақсатына емдеу мекемелеріндегі клиникалық тәдірибеге өмірлік маңызы бар дәрілік құралдарды құнын ескере отырып енгізу және болмашы немесе күдік туғызатын жоғары қүндағы дәрілік қүралдарды емдеу мекемелерінің формулярлы тізімінен алып тастау[5,7,8,9].
Материалдар мен зерттеу әдістері. Бізбенен 2012-2014 жылдар аралығындағы облыстық клиникалық аурухананың терапия бөлімшесінде АГ шалдыққан науқастардың медициналық картасы- на ретроспективті талдау жүргізілді. Медициналық карталардың талдануы кедейсоқтық іріктеулер әдісімен іске асырылды. Науқастардағы дәрілік емнің эффективтілігі мен тиімділігіннің фрамакоэко- номикалық талдануы АВС/VEN талдау әдісімен іске асырдық. Бұл талдау екі сатыда іске асырылды. Бірінші саты, ақшалай қаражаттың тиімділігінің бағалануы -АВС - талдауымен, екінші саты, дәрмектердің клиникалық маңыздылығына қарай бөлінуін анықтау-АЕЫ-талдауымен жүргізілді [4,5,9], АВС- талдауды (Парето-талдау) іске асыру үшін, науқастарға тағайындалған дәрілік препараттардың саны мен күны туралы мәліметті кестеге толтырып, оларды есептеуге Excel форматындағы электронды кесте қолданылды. Кесте келесі бағаналардан тұрды: атауы, VEN, өлшем бірліктері, орама қүны, қосынды (тенге), жалпы қосыныдыдан пайыз шоғырланымдық пайыз. Енгізілген препараттардың тізімі кестенің тармағында кему құнында орнасластырылды. Содан соң дәрілік қүралдардың топтануы тұтыныс класстары бойынша (А,В,С) жасалынды. А классына (тағайындалған препараттардың 10-20% камтуы тиіс) қүны жүмсалған қаражаттың 70-80% қүрайтын препараттар кірді. Ол үшін «шоғырланымдық пайыз» сызығында дәрілік қүралдардың шығынының 70% деңгейі анықталады.
Нәтижелер мен талдау. АВС- талдауы нәтижесінде А классына жалпы сүрыптама ішінен жиі тағайындалатын 9 (барлық тағайындалған ДҚ 22,0%) гипотензивті препараттар жатқызылды және оларды алуға 72,5% қаржылық қор жүмсалды (суреті, сурет2). В классына орташа тұтыну деңгейлі 11 (барлық тағайындалған ДҚ 26,8%) гипотензивті препараттар жатқызылды және оларды алуға 24,3 % қаржылық қор жүмсалды. Ал С классына қалған 21 (барлық тағайындалған ДҚ 51,2%) гипотензивті дәрмектер енгізілді, олардың шығыны 3,2% қаржылық қор болды(сурет1,2).
АВС- талдаудың көмегімен барлық барлық зерттеу жылдарында стационарлық жағдайдағы гипотензивті емнің экономикалық тиімділігін бағаланады. Бүл талдау қаржының негізгі бөлігі қалай жүмсалатынын қарастырады және оның нәтижесі шығындарды азайту мен сатып алу жоспарын қүру саласында және қүны төмен тауардың тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.
Соныменен, біздің зерттеулеріміздің нәтижесі зерттеу аралықтарында ең шығынды класс гипотензивті препараттар - АПФ ингибиторлары, диуретиктер, бета-адреноблокаторла және кальций антагонистері болды. Демек, стационарлық жағдайда негізінен жақсы нысана органдарды қорғайтын, әрі ұзақ әсерлі ренин-ангиотензин жүйесі деңгейінде жоғары әсерге ие АПФ ингибиторлары қолданылады.
Екінші кезеңде бізбенен VEN-талдауы жүргізіді, ол препараттардың қажеттілік деңгейі бойынша орналасуына негізделген. V топ өзіне өмірлік маңызды препараттарды қосты, аталған топқа іріктелу өлшемі болып «Өмірлік маңызды және қажетті. дәрілік құралдардың тізіміне» жатуы болды. Аталған топқа 21 препарат енді, ол ДҚ жалпы көлемінің 51,2% қүрайды. Е тобына(қажетті дәрілік қүралдар) кешенді антигипертензивті терапияға қажетті 16 препарат енді, ол қолданылған жалпы препараттардың 39,0%. құрайды. Сонымен қатар, N тобы да ерекшеленіп алды( тиімділігі дәлелденбедеген симптоматикалық қолдануға арналған екіншілік ДҚ), ол 4 препараттан тұрады, ол жалпы тағайындалған ДҚ 9,8% құрады.
Әрмен қарай А,В және С топтары және V, E, N топшаларында қүрылымдау жүргізілді және соның негізінде АВС- VEN талдауына қүрама кесте құрылды( кесте 1). ABC-VEN-талдауында зерттеу жылдарында дәрігерлермен тағайындалған 57,4% халықаралық патенттелмеген атаулар, 42,6% саудалық атаулар қамтылды.
Кесте 1 - 2012-2014 жж. АВС- VEN - талдауына енген препараттардың А,В,С және
VEN топтары бойынша орналасуы
Топ |
V |
Е |
N |
Барлығы |
А |
14,6% |
12,2% |
2,4% |
29,2% |
В |
14,6% |
9,7% |
2,4% |
26,7% |
С |
22,0% |
17,1% |
5,0% |
44,1% |
Барлығы |
51,2% |
39,0% |
9,8% |
100,0% |
Ең көп шығынды ДҚ тобында (А тобы) өмірлік маңызды препараттар үлесі^ топшасында) жалпы көлемнің жартысынан көп бөлігін алды(41 препараттың ішінде 21 препарат). Екі топта (В және С) аталған үрдіс сақталды- өмірлік маңызды препараттар сан жағынан Е және N топтарынан басым болды. В тобында, топты қүрайтын 41 препараттың 16 өмірлік маңызды болып шықты. С тобында өмірлік маңызды препараттар 41 препараттың 4 болды. А және В топтарында симптоматикалық тағайындалатын препараттар ең аз үлесті қүрады- әр топқа бір препараттан болды, ол N топшасындағы жалпы ДҚ санының 4 қүрады. С тобында N топшасы 2 препаратпен көрсетіліп, үш топтың ішінде ең көп санды болып шықты.
Түрғындарға медициналық көмек көрсетуде мемлекеттің негізгі сатып алушы екендігі әрі оның үлесіне дәрілік препараттар нарығының жартысы дерлік тиесілі екені белгілі. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір бағыты болып бөлек топтардағы науқастарды қолжетімді дәрмектермен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Сонымен қатар біздің зерттелерімізде А, В, С кластарынан алынған пайыздық қатынастарды орнына қойып, аталған кластардың сәйкес келетін пайыздық сәйкестігі тексерілді. Демек, бізбене алынған нәтижелер А классында 22,0%, В классында 26,8% және С - 51,2%, , ал болу керек шамалар 10-20%,10-20% және 60-80%. Бүл алынған нәтижелер гипотензивті дәрмектерді клиникалық дәрігерлермен қаншалықты тиімді тағайындалатыны анықталады. Яғни алынған тәтижелерді сараптау шынайы және болу керек шамалардың сәйкес еместігі көрініп түр. Демек, болу керек шамалармен салыстырғанда С класы жалпы көлемдегі препараттардың жарты бөлігін қүрайды және болу керек шамаға жетпей түр, ал А және В топтарында қарама қарсы үрдіс байқалады, пайыздық көлем артып түр. Алынған нәтижелер дәрігерлермен фармакоэкономикалық түрғыдан біліктілерін арттыру қажеттігін талап етеді.
Кез келген елдің басты мақсаты- тиісті сапада медициналық көмек көрсету. Оңтайлы дәрілік қамтамасыз ету жүйесін қүру дәрілік қүралдар айналымы саласында бірқатар мәселелерді шешуг бағытталған заңды шешім болып табылады.Емнің экономикалық эффективтілігін АВС- талдауы арқылы жүргізу гипотензивті дәрмектердің тиімділігін аықтайды және оларды алуға қаржының негізгі бөлігі салыстырмалы түрде аз мөлшердегі атауларды анықтауға мүмкіндік береді[150].
Қорытынды. Бізбенен алынған нәтижелерді қорытындылай келе, келесі түжырымдарды жасауға болады. Стационарлық жағдайда гипотензивті терапия жүргізу барысында басым көп жағдайда өмірлік маңызды және қажетті дәрілік препараттардың тізіміне беріледі(51,2%). Препараттарды таңдау және бөлімшеде формулярлы жүйені жасауда клиникалық дәрігерлермен басым көпшілігінде халықаралық патенттелмеген атауларға (57,4%) мән беріліді. Әдеби көздерді талдау коммерциялық атаудағы препараттадыңда көптеген көпорталықты зерттеулермен тиімділігі мен әсерлігі брендті препараттардан кем еместігі дәлелденгенін анықтады [9,10,11] және бүл жағдай қаржылық шығынды азайта отырып, тиімді ем әрі қолжетімді гипотензивті ем жүргуге мүмкіндік береді .
Әдебиеттер
- Керимбаева З.А. Фармакоэпидемиологическая оценка терапии больных с артериальной гипертонией в условиях стационара. //Фармацевтикалик журнали, Рес. Узбекистан, 2010.№3. -С. 69-72.
- European Society of Hypertension - European Society of Cardiology Guidelines Committee2003 European Society of Hypertension - European Society of Cardiology guidelines for the management of arterial hypertension //J. Hypertens. -2003. - Vol. 21(6). - P. 1011-1053.
- NICE/BHS. Clinical guideline 34: hypertension: management of hypertension in adults in primary care: partial update. - http://www.nice.org.uk/nicemedia/pdf/CG034NICEguideline.pdf.
- Авксентьева М.В., Воробьев П.А., Герасимов В.Б., Горохова С. Г., Кобина С.А. Экономическая оценка эффективности лекарственной терапии (фармакоэкономический анализ) /под.ред.проф.Воробьева П.А. - М.: Ньюдиамед-АО, 2000. - 80 с
- Леонова М.В., Захаревич О.А Фармакоэкономическое исследование по сравнительной эффективности различных гипотензивных средств// Пробл.стандартизации в в здравоохр.-2000.- № 4.-С. 11
- Wertheimer A.I., Morrison A. // P&T. - 2002. - Vol. 27. - P. 44-49.
- Кукеса В.Г., Белоусова Ю.Б., Чернова Ю.Н. Служба клинической фармакологии в лечебном учреждении. Воронеж: «Истоки», -2005. -113 с
- Гиляревский С.Р.,Орлов В.А. Использование анализа эффективности лечения для принятия клинического решения в кардиологии // Кардиология.-1997.-№ 9-С. 524-526.
- Леонова М.В. Основы фармакоэкономического анализа артериальной гипертензии // Фарматека.- 2003.-№ 6 -С. 33-3
- Okonofua E.C., Simpson K.N., Jesri A. et al. // Hypertension. - 2006. - Vol. 47. - P. 345-351.
- Клинические протоколы МЗ РК - 2013 Утвержден протоколом Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения от 28 июня 2013 года