Түйін
Қазіргі таңда шығармашыл ойлай алатын, әлеуметтік және кәсіби белсенділікке, жаңа заманғы еңбек нарығында бәсекелестікке және ұтқырлыққа ие мамандарға сұраныс өте жоғары. Жоғарғы оқу орындарында білім алушы мейірбикелердің кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта ғылыми пайымдаудың негізі болып табылады.
Мейірбике ісін дамыту үрдісі мен мейірбике кәсібі денсаулық сақтаудың заманауи жүйесінде мейірбикенің рөлін барынша күшейтеді. Басында мейірбике орта медициналық қызметкерге жатқызылған, дәрігердің көмекшісі саналып, дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбике күтімін жасады, ал қазіргі уақытта ғылыми тәсілдер мен дәлелді практикаға негізделген мейірбике ісінің заманауи теориялары мейірбикені мейірбике шешімдерін дәрігерге тәуелсіз қабылдайтын, дәлелді мейірбике күтімін, оны мейірбике құжаттамасында көрсетіп, жоспарлайтын және жүзеге асыратын, дәрігердің тең әріптесі ретіндегі мейірбике.
Кілт сөздер: мейірбике ісі, мейірбике, жоғары білімді, құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік.
Дәрігерлердің көмекшісі ретінде мейірбикенің дәстүрлі рөлі біртіндеп өзгеріп келеді және денсаулық сақтауды реформалау саясатында қажеттілердің бірі болып табылады [1,2].
Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалау үдерісі мен науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мейірбикелік персоналға жоғары біліктілікті, терең білім мен икемділікті, белгілі коммуникативтік дағдыларды, сонымен қатар қажетті кезде ұйымдастырушы және жауапты орындаушы ретінде, техникалық тұрғыда күрделі медициналық аппараттармен жеңіл жұмыс жасай білуді, жоғары мәдени дәрежедегі және әрдайым шығармашылық ізденісте болуды талап етеді [3].
Мейірбике ісі маңызды кадрлық ресурстармен және халықты нақты потенциалды мүмкіндіктер мен қолжетерлік медициналық көмекпен қамтамасыз ететінін ескерсек, оның жұмысын жақсарту мақсатында мейірбикенің қызметін оңтайландыру жолдарын қарастыру қажеттігін қазіргі негізгі мәселе ретінде көтеру керек [3].
Қазақстанның Болон процесіне енуі білімді, кәсіптік стандарттарды, біліктілік пен лауазымдық ұстанымдарды Еуропалық директиваларға, оның ішінде мейірбике ісі бойынша да, сәйкестікке келтіру қажеттілігін ұсынады. Мейірбике көмегі денсаулық сақтау жүйесінде бүгіндері кәсіптік қызметтің жеке саласы болып табылуда [4].
Ғылыми зерттеулердің сараптамасы жоғарғы білімді мейірбикелердің кәсіби құзыреттілік- терін қалыптастыру мейірбике ісінің дамуында маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп отыр [5].
Жоғары білім берудегі құзыреттілік тәсілі - кәсіби міндетті сапалы шешуге және жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіндегі болатын қабілетті мамандар мен сұранысты қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің арасындағы қарама-қайшылықты болдырмауға арналған. Ол қазіргі уақыттағы мемлекеттік білім беру стандарттарының алдында тұрған білім беру компоненттерінің мазмұнының басымдылығын және қазіргі таңдағы білім беру мазмұнына жаңаша көзқараспен қарау, оқу үдерісінің тәжірибелік, қызметтік компоненттерін қайтадан құрастыру және олардың пайдасын арттыруға мүмкіндік береді [6].
Мейірбике ісінің мамандары барлық елдерде қазіргі уақытта базалық техникалық және кәсіптік білім алу деңгейінде ғана дайындықтан өтпей, сонымен қатар мейірбике ісі бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура шеңберінде де дайындықтан өтеді [4].
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (ОҚМФА) қазіргі кезде жоғары білімді мейірбикелерді дайындайтын жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. ОҚМФА - сы «Мейіргер ісі» бакалаврларын екі бағытта: мейірбике - клиницист, мейірбике ісінің менеджері; ғылыми - педагогикалық бағыт бойынша магистрлерді дайындайды.
«Мейіргер ісі» бакалаврларында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін ОҚМФА - да активті және интерактивті оқыту әдістері қолданылып жатыр: - кіші топтарда жұмыс жасау; - ситуациялық тапсырмаларды шешу;- рольдік ойындар;- проблемалы - бағдарлы оқыту (PBL); - командалы - бағдарлы оқыту (TBL);- клиникалық оқиға негізінде оқыту (CBL); - пәнаралық бірлестіре оқыту; - ақпараттық - коммуникациялық және компьютерлік технологиялар (e-learning), электронды оқыту бағдарламалары, оқу бейне фильмдері, электронды оқулықтар; - манекендерде, фантомдарда, муляждарда практикалық дағдыларды өңдеуді қамтыған симуляциялық технология- лар.
Студенттерге орталықтандарылған активті оқыту әдістері мамандықтың базалық пәндері бойынша оқу жұмыстарының түрлері және құзыреттерді қалыптастыруы бойынша сараланған:
- дәрістер (шолу, түйткілді, «дәріс - тұсаукесер»);
- практикалық және семинар сабақтары (кіші топтарда жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, мастер - класстар, кейс - әдістер, дөңгелек үстелдер, «e - learning» элементтері);
- қорытынды сабақтар (іскерлік ойындар, конференциялар);
- бақылау сабақтары (білімді бағалаудың тестілеу, баллдық - рейтингтік жүйесі).
Кликалық - симмуляциялық бөлімнің оқу клиникалық сыныптарында базалық және бейіндеуші пәндер бойынша интерактивті симмуляциялық технологияларды қолдану науқастың денсаулығына зиян келтірмей кәсіби құзіреттерді қалыптасытыруға қолқабыс етеді, практикалық мейірбикелік манипуляцияларды таңдауға мүмкіндік береді, кәсіби жағдайда жұмыс жасау иммитациясын қалыптастырып, теория тұрғысында алынған білімдерін және дағдылыры мен ептіліктерін бекітуге көмек береді.
Зерттеудің мақсаты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің өз мамандығының құзыреттіліктерін қандай деңгейде меңгергенін анықтау.
Зерттеу материалы мен әдістері. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академия- сы, 6М110300 «Мейіргер ісі» мамандығы бакалавриатының білім беру бағдарламасына студент- тердің негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында 2016 жылы бірнеше элективті клиникалық пәндер енгізілген болатын: науқасқа бағытталған мейіргерлік күтім, мейірбике ісіндегі зерттеу негіздері, мамандандырылған мейірбикелік көмек, бастапқы медико-санитарлық көмек, үй жағдайындағы мейіргерлік күтім.
«Мейіргер ісі» мамандығы бакалавриатының білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттердің негізгі кәсіби құзыреттіліктерінің даму деңгейін бағалау мақсатында 3 - 4-ші курс студенттерінің арасында сауалнама жүргіздік. Барлығы сауалнамаға 100 студент қатысты.
Кесте - Студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мынадай критерилер бойынша бағаланды
Жалпы кәсіби құзыреттілік |
Арнайы - кәсіби құзыреттілік |
Қарым - қатынас сферасындағы әлеуметтік құзыреттілік |
Тұлғалық құзыреттілік |
- Кәсіби қызметті орындауға психологиялық тұрғыдан дайын болуы. |
- Кәсіби білім, біліктілік, дағдылар; - Кәсіби қызметін жүзеге асыру қабілеттілігі;
|
|
- Тұлғалық және өзінің кәсіби жүзеге асырылуын және өзін - өзі дамытудың қажеттілігі; - Әлеуметтік және моральды - этикалық құндылықтар; - Азаматтық ұстаным; - Психологиялық төзімділік. |
Зерттеулердің нәтижелері. Алынған сауалнама нәтижелері Epi Info бағдарламасы арқылы сарапталды. Зерттеу нәтижелері төмендегідей: Жалпы кәсіби құзыреттіліктері: студент- тердің 65% төмен, 20% орташа, 15% жоғары болды.
Арнайы - кәсіби құзыреттіліктері: 59% төмен, 25% орташа, 16% жоғары нәтиже көрсетті.
Қарым - қатынас сферасындағы әлеуметтік құзыреттіліктері: студенттердің 50% төмен, 23% орташа, 18% жоғары болды.
Тұлғалық құзыреттіліктері: студенттердің 47% төмен, 33% орташа, 20% жоғары болды.
Қорытынды. Алынған сауалнама нәтижелері болашақ жоғарғы білімді мейірбикелердің кәсіби құзыреттіліктерінің қажетті жоғарғы деңгейде қалыптаспағанын көрсетті. Болашақ жоғарғы білімді мейірбикелердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ғылыми пайымдау қажет екенін далелдеп отыр.
Әдебиеттер
- Левина В.А. Формирование профессиональной компетентности специалиста сестринского дела с квалификацией базового среднего профессионального образования: Автореф. дисс. канд. пед. наук. - Саратов, 2004 г.
- Загороднова Г. А. Характеристика удовлетворенности трудом и производственная мотивация медицинских сестер // Главная медицинская сестра. - 2008. - № 3. - С. 43-49.
- Материалы III Всероссийского съезда средних медицинских работников, Екатеринбург 2009, Часть 1.
- Мейірбикелер мектебін дамытудың тұжырымдамасы. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы 17.11.2015ж., №17 хаттамасы.
- Нестерова Н.Л. Формирование профессиональной компетентности у студентов медицинских училищ в условиях профессионально - рефлексивного тренинга: Автореф. дисс. канд. пед. наук. - Москва, 2010г.
- С.Ә.Исаев - ф. - м.ғ.к., профессор Жоғары білім беру жүйесіндегі құзыреттілік тәсілі. Вестник КазМКПУ.