Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тірек-қимыл аппаратының өндірістік жарақаты бар науқастарды оңалту жұмыстары

Түйін

Өнеркәсіпте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық ұйымдастыру-техникалық шаралардың негізі өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың әлеуетті тәуекел мен қауіптілігін сандық (жиілігі мен ауырлық көрсеткіштері тұрғысынан), сондай-ақ сапалық (осы ұйым үшін өндірістегі жазатайым оқиғалар мен мен кәсіптік аурулардың нақты себептерінің сипаты, оқиғалардың әлеуетті мүмкіндіктері бойынша жіктеумен) жағынан жан-жақты, кешенді талдау кәсіптік медицина саласының негізгі міндеті болып табылады.

Кілт сөздер: тірек-қимыл аппараты, оңалту, жарақат, ОҚО.

Отандық және шетелдік ғылыми зерттеулер қорытындысына сай, мүгедектігі шектеулі адамдарды кәсіптік оңалту және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру реабилита- циялық бағдарламалардың тиімділігін көрсететін бірден-бір көрсеткіш [1.2].

Зерттеу мақсаты: 2013-2015 жылдар аралығында ОҚО бойынша жұмыс жағдайында тірек-қимыл жүйесінің жарақатынан зардап шеккендерді кәсіптік оңалту жұмыстарына баға беру.

Зерттеу материалдары және әдістері: Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) куәландыру актілері, мүгедектерді оңалту бағдарламасы құжаттары (жеке оңалту жоспары), 20132015 жж. 18 жас және одан жоғары жастағы мүгедектердің туралы деректерге статистикалық және эпидемиологиялық әдіспен талдау.

Зерттеу нәтижелері мен талдау. Кез-келген өндірістік ұйым кәсіби жарақаттардың алдын алуға оңтайлы профилактикалық шаралар әзірлеу үшін жұмыс беруші оны басқа ұйымдармен салыстыру (оның ішінде туыстас ұйымдар топтары, салалар мен тұтастай алғанда мемлекет бойынша орташа мәліметтерді есепке ала отырып) мақсатында өз ұйымындағы өндірістік тәуекел дәрежесі туралы сандық ақпаратқа ие болуы, яғни сандық (статистикалық) зерттеулерді (талдау жасауды) жүзеге асыруы тиіс, оларды жүргізу кезінде: өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілігі мен ауырлығы және орындалған жұмыстың жалпы көлемі, оны орындайтын қызметкерлер саны және жұмыс істелген адам-сағаттардың арасындағы өзара байланысты анықтау; өндірістік тәуекелдің нақты дәрежесін анықтау маңызды болып табылады.

Мүгедектерді кәсіптік оңалтуға кәсіби, кәсіптік оқыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және консультациялық көмек жатады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында өнеркәсіпте зардап шеккендерді медициналық оңалту және денсаулығын бастапқы қалпына келтіру шығандары қарастырылады. Сонымен қатар, медициналық оңалту шаралары, науқастың кәсіби еңбекке жарамсыздық дамуының алдын алудаең маңызды кезеңі болып табылады.

ОҚО бойынша жалпы өндірістік жарақатына байланысты еңбекке жарамсыз 2013-2015 жж аралығында 1552 адам тіркелген. Осылардың ішінде бірінші рет мүгедектік берілген науқастар үлесі 133 адам (8,5%) және 367 (23,6 %) адам қайта куәландырудан өткен, ал мүгедектік берілмеген науқастар үлесі 67,9% құраған. Бірінші реттік мүгедектік тағайындалған науқастар арасында еңбекке қабілетті жастағылар үлесі 118 адам (88,7%), ал зейнет жасындағылар болса бар болғаны 11,3 % (15 адам) болып отыр. Қала тұрғындары арасында жұмысқа қабілеттілер үлесі - 86,7% болса, ауылдық жерлерде 100% еңбекке қабілетті жастар құрады. Жалпы өндірістік жарақаттан зардап шеккендер арасында ер адамдар үлесі 78,2%тең.

Өндірісте зардап шеккендердің арасында III топ мүгедектердің үлесі 27,4% құрады және өндірістік жарақат салдарынан алғаш рет танылған мүгедектер арасындағы бұл көрсеткіш 81,9% - ды тең болды. III топ мүгедектіктің ең көп үлесі зейнеткерлік жастағы тұлғалар арасында тіркелді - 87,7%.1-ші жас тобында (44 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер) бұл көрсеткіш 87,5% -ды құрады, 2-ші жас тобында (45 пен 58-ке дейінәйелдер, 45 пен 63 жастағы ерлер) - 83,1%. Птоптағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың үлесі 1 жас тобында 10,6%-ға тең болды.

Тірек-қимыл жүйесінің жарақат салдарларын ауырлығына байланыстыталдау мүгедектікті оңалтудың жоспарынжасауға бағыт береді. Сондықтан,ІІ топтағы мүгедектерде жарақаттың орналасуы бойынша бірінші орында арасында төменгі аяқ жарақатыболып отыр. Осы топтың оңалтуда негізгі бағыттар мыналар болуы тиіс: арнайы техникалық құралдармен жұмыс орнын жабдықтау(арнайы орындықтар, аяқ қоюға арналғанүстелдер); қолданыстағы кәсіби білімі мен дағдыларын пайдалана отырып өндірістік бейімдеу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу. III топтағы мүгедектер мен мүгедектік тобы жоқ тұлғалар арасында үлкен бөлігі қол жарақаты бар адамдардан тұрады (тиісінше 39,2% және 78,6%). Жарақат алу нәтижесінде саусақтардың ампутациясы салдарынан өндіріс процесінде жиі қол қозғалыстарын жүзеге асыруды талап ететін көптеген тапсырмалар алынып тасталды. Бұл топ үшін жаңа мамандық қайта оқып-үйренуі, ең алдымен кәсіби бағдарын, жаңа мамандық таңдауына әлеуметтік-психологиялық дайындау маңызды болып табылады. .

Қорыта келе өндірістік жарақаттанушылыққа терең талдау жасау және науқастарды дер уақытында оңалту іс-шаралары - жарақаттанушы-лық себептерін зерттеуді, жарақаттарды әсер ету сипатына, зақымдану сипатына қарай, зардап шегушілердің кәсіптері, жазатайым оқиғалардың уақыты, жынысы, жасы мен жұмыс өтілі бойынша бөлуді өз уақытында жүргізу, кемшіліктерді тез түзету және еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.