Жарақат алу салдарынан болған тірек-қозғалыс жүйесі бойынша мүгедектерді оңалту және медициналық-әлеуметтік сараптаманың сүрақтары

ТҮЙІН

Осы жүмыста Созақ ауданы мысалында әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтардың тірек- қимыл жүйесі зақымданған кейін мүгедектерді алдын алу және оңалту түрғысынан олардың жүмысының тиімділігін талдау сүрақтары қарастырылады. Мүгедектіктің алдын алу және оңалту шаралары қызметінің тиімділігі мен негізгі бағыттары анықталды.

Кілт сөздер: уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, мүгедектік, оңалту, Созақ ауданы.

Өзектілігі: Мүгедектік және оның барлық сипаттамалары, кез келген әкімшілік және географиялық облыс халқының және түтастай алғанда елдің денсаулық сақтау және өнімділік әлеуетінің ірі демографиялық көрсеткіштері арасында алдыңғы қатардағы анықтаушы фактор болып табылады. Осындай жағдайда тек мүгедектік мәселелері емес оңалту көрсеткіштері үлкен мәнге ие [1.2].

Ресейлік еңбекке қабылеттілік және мүгедектерді жүмыспен қамту ғылыми-зерттеу институты деректері бойынша медициналық оңалтуға 97.7%, кәсіби оңталуды - 62.6%, ал әлеуметтік бейімделу шараларын 78.3% мүгедек қажет етеді [2].

Жарақат және олардың салдарынан пайда болған мүгедектік Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті деректеріне сәйкес, біздің еліміз бойынша үшінші орын алса (бірінші жүрек- қантамыр аурулары, екінші онкологиялық аурулар), жүмысқа қабілетті ер адамдар арасында бірінші орынды алып отыр [3].

Зерттеу мақсаты болып, жарақат және олардың салдарынан пайда болған мүгедектікті оңалту шараларын бағалау.

Зерттеу деректері мен әдістері: ОҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті деректері, Созақ аудандық емханасының дерек қоры.Зерттеуге ретроспективті және математикалық үлгілеу әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесі мен талдау. Соңғы бес жылда Созақ ауданы бойынша алғашқы мүгедектікке шығу көрсеткіші 1000 ересек түрғынға шаққанда 5,1-6 жағдайлардан тіркелуде. Жарақат және оның салдарынан пайда болған бастапқы мүгедектік басқа да себептерға қарағанда 57,3% қүрап, жарақат 2,9 жағдайға тең болып отып. Осы жарақат және оның салдарынан пайда болған бастапқы мүгедектікке шалдыққандардың 85% еңбекке қабілеттілік жастағы түлғалар болып табылды.

Жарақат салдарынан біріншілік мүгедектікке шалдығуы бойынша ер адамдардың үлесі 1000 түрғынға шаққанда 77,5% қүраса, әйел адамдар 22,5% тең болып отыр.

Ер адамдар арасындағы ең үлкен мүгедектік көрсеткішіне ие жас 40-49 аралығы екендігі анықталды (Р<0,05).

Барлық жастағы ер адамдар, әйел адамдарға қарағанда 3,7 есе жиі мүгедектікке шалдыққан (сәйкесінше 1000 түрғынға шаққанда ер адамдар 4.7, әйел адамдар - 1.2).

Жергілікті медициналық мекемелердің деректеріне сай жарақат салдарынан пайда болған мүгедектікті оңалту жүмыстары жүргізілуде. Соңғы жылда (2015ж) 14 адам емдік-оңалту орталықтарына жіберілсе, 4 адам толықтай сауыққан. Сауықтыру шараларын және төсек-орын айналымын зерттей келе толықтай травматологиялық бөлімнің жоқтығы, білікті травматолог- ортопедтердің жеткіліксіздігі, сонымен қатар травматологиялық бөлімнің толық көлемде жабдықталмауы (дәрі-дәрмектер, эндопротездер, сүйекке және сүйек ішілік остеосинтез металқүрылымдары, Илизаров аппараты және т.с.с) мүгедектерді оңалту шараларына біршама тосқауыл болып отыр.

Қорыта келе жарақат және оның салдарынан пайда болған бастапқы мүгедектік Созақ ауданы бойынша жалпы мүгедектік көрсеткіштерінің арасында үшінші орында түрса, еңбекке қабілетті ер адамдар мүгедектігінде бірінші орында. Сауықтыру шаралары жүргізілуіне қарамастан, ауданның ірі мегаполистен шалғай орналасуына байланысты науқастарға көп жағдайда білікті мамандандырылған кеңес пен оңалту жүмыстары колжетімсіз екендігі анықталды.

Әдебиеттер

  1. .Андреева, О. С. Потребность инвалидов Москвы в медико-социальной реабилитации/О.С. Андреева // Медико-соц.экспертиза и реабилитация. - 2001. - № 1. - С. 6-11.
  2. .Гесува, Н. К. Организационно-методические подходы к формированию территориальной модели реабилитации инвалидов/Н.К. Гесува, И.А. Соколова // Медико-социальная экспертиза и реабилитация. - 2000. - № 1. - С. 21-24.
  3. .ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің статистикалық жинағы (2013-2015 жж). Астана қ.
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина