Шетелде және қазақстанда еңбекке қабілетті тұрғындар арасында ұйымдастырылатын онкологиялық скринингтің тиімділігін бағалау нәтижелері (әдебиеттік шолу)

Өзектілігі: онкологиялық скрининг қатерлі ісіктерді уақтылы және ерте диагностикалауға, емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартуыға және пациенттердің өмір сүру деңгейінің артуына мүмкіндік беруде [1].

Скринингтік бағдарлама елде немесе аймақта қатерлі ісіктен сырқаттанушылық пен өлім көрсеткішінің жоғары болуына байланысты нысаналы түрде жүргізілуі қажет [2]. Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта скринингтік бағдарламалар көзбен көріп анықтайтын қатерлі ісіктерге бағытталған. Олардың қатарында- сүт безі, жатыр мойны және тік ішек қатерлі ісігі бар. Соңғы 2-жылда пилоттық өңірлерде өңеш, асқазан, бауыр және қуықасты безі обырын скринингін жүргізілуде [3].

Зрттеу мақсаты: шетелде және Қазақстанда еңбекке жарамды түрғындар арасында онкологиялық скринингтік зерттеулердің тиімділігін бағалау

Деректер көздері: MEDLINE, PubMed, Thomson Reuters электрондық деректер базасында іздеу өткіздік және Кокран орталық тіркелімінде бақыланатын клиникалық сынақтарды, қосымша әдебиеттер және жарияланған деректерді есеп түрінде пайдаландық.

Зерттеу материалдары: Біз іріктеуге соңғы 10 жылда (2005-2015жж.) Жиі кездесетін қатерлі ісік түріне жүргізілген онкоскрининг жүмыстарын зерттедік, онкоскринингтің жетістіктеріне, кемшіліктеріне, пациенттердің жас айырмашылығына, зеріттеушілер берген үсыныстарға айрықша назар аудардық. Зерттеу материалына алыну кретерилеріне сәйкес 18 тезис және 32 шетелдік зерттеу жүмыстары жинақталды. Сонымен қатар7-жүйелі әдебиеттік шолулар, 17 Қазақстандық зерттеу жүмыстары іріктеуге кірді. Іріктеу мына аралықта 01.01.2015- 01.06.2015жж. жүргізілді.

ДДС мәліметінше Еуропаның 30 елінде, сүт безі қатерлі ісігініне жүргізілген онкоскринингтің ретроспективті талдау нәтижесі өлім-жітімнің мынандай көрсеткіштерін берді. 2006 жылдан 2011 жыл аралығында СБҚІ өлім көрсеткіші орта есеппен 19% - ға төмендегені байқалған. Рангтык қатар бойынша Исландия елінде 45% - ға төмендесе, 17% - ға дейін өлім-жітім көрсеткішінің өсуі Румыния елінде тіркелген. Әйелдердің жас топтарына байланысты өлім- жітім көрсеткіштерінің азайуы байқалған, 50 жастан төмен әйелдерде орташа есеппен 37% - ға (таралымы 76- 14% - ға дейін) ал 50-62 жастан жоғары топта 21% - ға (таралымы 40- 14% - ға дейін) төмендеуі анықталған. Орташа есеппен 70 жастан асқан әйелдерде өлім жетім тек 2% - ға (таралымы 42 -80% - ға дейін) төмендеген [4].

АҚШ СБҚІ анықтауда рандомизирленген зерттеу жүргізілді. Іріктеуге 500 мың әйел алынған, және сүт безі қатерлі ісігін анықтауда маммографиялық (МГ) -скрининг жүргізілген. Алынған нәтижелерде скринингке шақырылған әйелдерде өлім көрсеткіші 25% - ға төмендегенін анықтаған. Зерттеуге тереңірек талдау жүргізу барысында 50-69 жас аралығын қамтыған әйелдердің өлім-жітім көрсеткіші 30-35% төмендегенін байқаған [5].

Норвегия елінде 1996-2004 жылдар аралығында СБҚІ анықтау мақсатында скрининг жүргізілген. СБҚІ өлім-жітім көрсеткішінің төмендетуне аздап ықпал еткен, СБҚІ төмендеуі 11% қүраған. МГ- скринингтің пайдасы мен ықтимал келеңсіз жақтары әліде пікір талас болып қалуда. Пікір талас тудырып жатқан басты мәселе СБҚІ -нің гипердиагностикасы және бүл қазіргі уақытта онкоскринингтің қолайсыз факторы ретінде қаралуда [6].

Ұлыбритания елінде 11 рандомизирленген зерттеу өткізілген. Зерттеулерде келтірілген болжам бойынша 50-52жастағы әйелдер жыл сайын скринингтен өткенде 1% гипердиагностика болуы күтілген [7].

R. Falk және бірқатар авторлардың берген мәліметтері бойынша Еуропаның жеті елінде жүргізілген скринингтік бағдарламалардың нәтижелерін талдау қортындысында гипердиагностика 1-ден 10% қүраған, МГ-скрининг нәтижелерінде кездесетін гипердиагностика 10-20% - ға ауытқып отыратындығыда дәлелденген [8,9].

M.Kalager және қосымша авторлардың мәліметтері бойынша Норвегияда онкоскрининг бағдарламасының аясында өткен МГ-зерттеу жүмыстарының қортындысы 15-тен 25% -ы гипердиагностика ретінде бағаланған [10].

Nelson HD зерттеуінде Medline базасында 2011-2016 жж. аралығында СБҚІ зерттеу жүргізілген жүмыстарға мета-анализ талдау жасаған. Нәтижесі көрсеткендей СБҚІ-нің өлім-жітімі 7-ден 23%-ға әсіресе 40-49 жас аралығындағы әйелдерде төмендеген. Ал гипердиагностиканың яғни қате нәтижелердің кездесуі 20-60% болған. [11].

Жақында Euroscreen жүмыс МГ- скринингтің енгізілуіне байланысты сүт безі қатерлі ісігінен туындаған өлім көрсеткіші 28% - дан 35%- ға дейін төмендегенін анықтады [12].

2011 жылы Австралияның асқазан -ішек қатерлі ісіктеріне қарсы үлттық скрининг бағдарлама- сы (NBCSP) жалпыға бірдей қолданатын тәсіл үсынған. Рандомизирленген бақыланатын зерттеулер (РБЗ) көрсеткендей ТІҚІ анықталыну деңгейі 6 -9 %-ды, онкологиялық өлім жеттімнің төмендеуі 15-33% қүраған [13,14].

Гонконг қаласында 2010 жылы тік ішек қатерлі ісігін анықтауда ауқымды зерттеу жүргізілген. ТІҚІ 16,3% анықталынады, диагностикаланған ісіктің жартысынан көбі ІІІ-сатыда және 90% 50 жастағы әйелдерде кездескен [15].

Швейцария елінде проспективное когортты зерттеу жүргізілген, қатысқан респанденттердің саны 1,912 болған, жасы 50-65 жас аралығын қамтыған. 10 жыл бойы зерттеу әр 2 жылда бір рет қайталанған. Колоноскопия 86,4% - респонденттерге өткізілген. Зерттеу көрсеткендей ТІҚІ кездесу жиілігі 0,1% - ды қүрады [16].

Blotiere 2013 Денис, Кинтеро 2012, 2010 Ko және Arora авторлардың жарияланған зерттеуле- рінде ішек перфорациясының кездесу жиілігі зерттеулердің нәтижелерін салыстырғанда 0,01% - дан 0,1% - ға өскен. Ал ішектен қан кету 0,1% - дан 0,6% - ға өсті. Зерттеу нәтижесі колоноскопиялық тексерудің кері әсері бар екенін анықтады [ 17].

Америкалық үлттық статистикалық тіркелімінің мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылы ЖМҚІ ауруынан өмір сүру деңгейінің жоғарлауы, онкологиялық аурулардың басқа түрлерімен салыстырғанда 2007 жылдан 2011 жыл аралығында 80,1% жоғарлаған. ЖМҚІ ауруымен ауырған 5 адамның 4-еуінің өмір сүру көрсеткіші 5 жылдан асатын болған [18].

Бірқатар авторлармен (Эми J Блатт, Рональд Кеннеди) жатыр мойны қатерлі ісігіне жүргізілген онкологиялық скринингтің нәтижелері сарапталған. Тексеруден өткен 256,648 әйелдердің 30-65 жас аралығынада кездескен диагноздардың жиілігін анықтаған.

АПВ оң болған әйелдердің 26,3% жатыр мойны дисплязиясының ІІІ-сатысы анықталған (CIN3) (256648 тексерілген әйелдің 66145 де)[ 19].

Бразилияда 2006 және 2009 жылдары арасында мемлекеттік жүйеде ЖМҚІ анықтауда ауқымды зерттеу жүргізілді. ЖМҚІ анықтауда скринингті жүргізу тиімділігі 8,0% - ға өсті. Бұл елде онкологиялық скринингтің жүргізілуіне қарамастан өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып қалуда [20].

Үлы Британия елінде жасы 25-пен 69 жас аралығындағы 116,022 әйелдердің қатысуымен когортты зерттеу өткізілді. Зерттеудің қортындысы бойынша ЖМҚІ I сатысында инвазивті түрінің анықталынуы айтарлықтай төмен кездескен (р-р 0,38; 95% ДИ 0,23, 0,63, p = 0,0002) [21].

Сонымен қатар онкологиялық скрининг өтуге келуші 30-40 жастағы әйелдердің тенденциясы өте жоғары, ал 40 жастан асқан әйелдердің тексеруден өту жиілігі төмен болған. 20- 30 жас аралығындағы әйелдерге онкологиялық скринингтің өткізу тиімділігі әлі анық емес [ 22].

G.Andriole және қосымша авторлар қуықасты безінің қатерлі ісігін (ҚБҚІ) простатаның спецификалық антиген (ПСА) скринингінің тиімділігін анықтауда 13 жыл бойы зерттеуге қатысқан пациенттердің, натижелерін бақылап келген және мынандай нәтижелер алған. Зерттеуге 55 жстан 74 жас аралығындағы 76 685 еркісілер қатысқан. 10 жыл ішінде анықталған ауру саны 1- ші топта 3,7 100000 ал, 2- ші топта 3,4 100000 халыққа шаққанда ісік жағдайлары кездескен. [23].

Рандомизирленген бақылау зерттеулерінің деректері бойынша [24], негізгі топқа 55-69 жастағы 136 689 еркісілер, ал бақылау тобында 72 891 ер кісілерге қамтыған. ҚБҚІ жаңа жағдайлары анықталды. Кумулятивті аурушаңдық 1000 адамға шаққанда 9,7 және 6,0 қүрады, яғни скрининг тобында аурушаңдықтың жоғарылауы анықталған. Скрининг тобындағы 65-69 жас аралығындағы кісілерде өлім-жітім 21% төмен болған.

2014 жылы Қазақстан Республикасында 514.959 нысаналы топтағы әйелдерге ЖМҚІ анықтау мақсатында скрининг өтті. Алынған материалдың нәтижелері жатыр мойны патологиялық өзгерістерін бірқатар анықтап көрсетті. Фонды және реактивті өзгерістер (ASCUS) - жеңіл дисплазиясы 20 873 (4%) әйелдерде кездесті, жеңіл дисплязия - 15,459 кем LSIL (2,8%) қүрады. HSIL 31600 (0,6%) орташа және ауыр дисплазиясы түріне кездесті, Carcinoma in situ (CIS) 133 әйелдерде (0,03%) табылса, 172 (0,03%) инвазивті қатерлі ісік анықталған [25].

Ақтөбе облысында 2008 - 2012 жылдар аралығында 234 695 әйелге ЖМҚІ ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеру өткізілген. Ерте анықтау бойынша қатерлі ісік алды және ісік ауруларын анықтау мақсат етіп қойылған. Ісік алды және ЖМҚІ ауруларының 2008 жылы ең жоғары - 81,5% аурушаңдықтың көрсеткішін берді[26].

Шығыс Қазақстан облыстық диспансерінде 2009-2011 жылдар аралығында 82373 әйелдердің цитологиялық материалына зерттеуі өткізілді. Нәтижелері ЖМҚІ 2009ж.- 0,04%, 2010ж.- 0,02%, 2011ж. - 0,03% қүрады, осындай жиілікпен ауыр дисплазия 2009ж.- 0,02%, 2010ж.- 0,03%, 2011ж.- 0,04% қатар жүрген [27].

В.Ш. Навесова, Д.Т. Арыбжанов, Ж.С. Туменбаева мен Оңтүстік қазақстан облысында онкоскрининг бағдарламасы аясында 2007-2008 жылдардағы өткізілген маммография қортындысы зерттелген. Онкоскринингтің тиімділігінің бар екендігі көрсетілді, себебі СБҚІ ерте сатысында 0,1% анықталған [28].

2006-2009 жылдар аралығында Семей қаласында онкоскрининг зерттеу жүмыстары жүргіз- дірілген, цитологиялық материалдың қортындысы бойынша СБҚІ жүргізіліп жатқан әдістер- дің тиімділігін анықтаған. Цитологиялық зерттеулердің нәтижесінде Папаниколау әдісі бойын- ша 2006 - 96,1%, 2007 және 2008-100% - ды қүрады және 2009- 93,3% -ы көрсеткен [29].

ТІҚІ нәжістегі жасырын қанды гемокульт тест арқылы анықталынуы, көптеген рандомизация- ланған зерттеулер арқылы дәлелденуде. Towler талдау B.P. (1998) жүргізген мета-анализінде және Hewitson P (2007) зертеуінде колоректальді қатерлі ісіктен өлім қаупі 16% (ОР 0,84; ДИ 0,78-0,90) азайған. Еуропалық кеңеспен ТІҚІ анықтуда гемокульт тесті түрғындарға жүргізуге үсыныс берді [29.26]

2014 жылы Семей қаласында асқазан-ішек трактысына жүргізілетін онкологиялық скринингтің инструментальді әдістерінің тиімділігін 2008-2011 жылдар аралығындағы эндоскопиялық мәліметтерге сүйене отырып бағалаған. Нәтижесінде профилактикалық ФГДС жүргізілген 58,9% асқазан қатерлі ісігін көрсетті, 14% өңеш қатерлі ісігін, 55% -h.pylori оң анықталды. Ішектің қатерлі ісігі 16,8% анықталды [30].

Қорытынды: Әдебиеттік шолу барысында алынған мәліметтерге сүйенсек онкоскрининг онкологиялық науқастардың өмір сүру көрсеткішін жоғарлатуда бірақ, онкоскринингтің сонны- мен қатар кері әсерлеріде анықталды ол- гипердиагностика. Бір қатар авторлардың пікірінше онкоскрининг тексеру жүмысының өту барысын заманауй түрғыда дүрыс үйымдастыру қажеттігін үсынған.

Әдебиеттер

  1. Soerjomataram F.J., Ervik I., Dikshit M, Eser R., Mathers S. Cancer incidence and mortality worldwide. Lyon International Agency for Research on Cancer: http://globocan.iarc.fr, accessed 22 January 2016.
  2. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытуды 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1410 қаулысымен бекітілген.: Қазақстан, 2014.
  3. Об утверждении Стандарта организации оказания первичной медикосанитарной помощи в Республике Казахстан 4 марта 2016 года № 13392, Казахстан, 2016.
  4. Philippe Autier. Disparities in breast cancer mortality trends between 30 European countries: retrospective trend analysis of WHO mortality database. Br. Med. J. 2010; 341: c3620 Pub- lished on line2010 August 11.
  5. National Center for Health Statistics. Table 83 (page 1 of .Use of mammography in women aged 40 years and older by selected characteristics:. United States, selected years 1987-2010 Accessed in www.cdc.gov/nchs/data/hus/2013/083.pdf~~ pobj November 23, 2015.
  6. Olsen A.H., Lynge E. et al. Breast cancer mortality in Norway after the introduction of mammography screening. Int. J. Cancer. 2013; 132 (1): 208-14. doi: 10, 1002 / ijc. 27609.
  7. Indep. UK panel on breast cancer, Lancet. 2012; 380 (9855): 1778-86.
  8. Puliti D., Duffy S. W., Maccinesi G. et al. Overdiagnosis in mam- mographic scraaning for breast cancer in Europe: a literature re- view. J. Med. Screen. 2012.
  9. 15. Falk R.S., Hofvind S., Skaane P. Overdiagnosis among women attending a population-based mammography screen- ing programme. Int. J. Cancer. Jan 25, 2013, doi: 10. 1002 / ijc. 28052.
  10. Kalager M., Adami H.O. et al. Overdiagnosis of invasive can- cer due to mammography screening: results from the Norwegian screening programme. Ann. Intern. Med. 2012; 156 (7): 491-9. doi: 10, 1059 / 0003-4819156-7-201204030-00005.
  11. Nelson HD, Fu R, Cantor A, Pappas M, Daeges M, Humphrey L Effectiveness of Breast Cancer Screening: Systematic Review and Meta-analysis to Update the 2009 U.S. Preventive Services Task Force Recommendation. ACP Journal Club. 2016. 12
  12. Harald Weedon-Fekjsr, researcher123, Pal R Romundstad, professor of epidemiology!, Lars J Vatten, professor of epidemiology Modern mammography screening and breast cancer mortality: population study BMJ 2014; 348 doi: Published 17 June 2014.
  13. Hardcastle JD Chamberlain JO, the MH Robinson, Moss SM, Amar S., Balfour TW, et al. Randomized controlled trial of fecal occult blood for colorectal cancer. Lancet. 1996. 1472-77.
  14. The Australian Institute of Health and Welfare and the Australian Government Department of Health stareniya.Natsionalnaya bowel cancer program: annual report 2009 data monitoring and addition 2010. Cancer Series No.57. Cat. No. CAN 53. Canberra: AIHW 2010.
  15. Feb. J, Dancourt V, S. Lejeune, etc. The decrease of colorectal cancer mortality using fecal occult blood screening in the French controlled study of Gastroenterology. 2004, 120.1674-1680
  16. Rosen L, Bub DS, Reed JF, third, Nastasee SA. Bleeding following colonoscopic polypectomy. Dis Colon intestine. 1993; 36 (12): 1126-1131.25 .
  17. Official Journal of the European Union. L 327/34 Council Recommendation of 2 December 2003 on cancer screening (2003/878 / EC) European Union; Brussels: Dec 16, 2003. pp. L327 / 34-L327.37.
  18. The Royal Australian College of General Practitioners. Guidelines for prevention activities in general practice. Early detection of cancer.2012,pp. 60-72.
  19. Comparison of cervical cancer screening results among 256.648 women in several clinical practice Amy J Blatt, Ph.D., 1 Ronald Kennedy, MD, 1 Ronald D Luff, MD, MPH, 2R Marshall Austin, MD, and Douglas 3 S Rabin, MD 1 Cancer Cytopathol. 2015 May; 123 (5): 282-28
  20. Vale, D.B., Sauvaget, C., Muwonge, R. et al. Disparities in time trends of cervical cancer mortality rates in Brazil Cancer Causes & Control 2016, 27, pp 889-896.
  21. Herbert A, Stein K, Bryant TN, Breen C, Old P. The relationship between the frequency of invasive cervical cancer and screening interval: a five-year interval is too long J Med Screen 1996; 3: .. 140-145 [PubMed]
  22. Sasieni PD, Cuzick J, Lynch-Farmery E. Assessment of the effectiveness of screening using the Pap audit histories of women with and without cervical cancer. National Coordination Network for cervical screening, the Working Group Br J Cancer 1996; 73: 1001-1005 ... DOI :. 10,1038 / bjc.1996.196 [PubMed]
  23. Sasieni P, J Adams, Cuzick J. The use of cervical screening at different ages: audit data screening UK stories Br J Cancer 2003; 89: 88-93 ... DOI :. 10,1038 / sj.bjc.6600974 [PubMed]
  24. 59/45 Horner MJ, Ries LAG, Krapcho M, et al. SEER Cancer Statistics Review, 1975-2006. Bethesda, MD: National Cancer Institute; Accessed July 2009.
  25. А. И. Шибанова, Ж. Б. Елеубаева, Д. Сабитов, М. Ш. Кашмагамбетова, Н. Г. Каримова, А. Ж. Жылкайдарова Организация скрининга рака шейки матки в Республике Казахстан и пути совершенствования 2016№10. С.53.
  26. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау үйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бүйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы// http://adilet.zan.kz/rus/
  27. Результаты скрининга рака молочной железы по Актюбинской области за 2011 год Батыс Қазақстан медицина журналы ж. №2 (34) 2012
  28. В.Ш. Навесова, Д.Т. Арыбжанов, Ж.С. Туменбаева, А.У. Каскабаев, Е.Э. Маклакова. Результаты маммографического скрининга рака молочной железы в Южном -Казахстане //Сибирский онкологический журнал. 2009. № сс.1141-142
  29. К. Рахыпбеков, А.А. Жакипова, Т.П. Бань Выявляемость злокачественных новообразовани в скрининге молочной железы 20-10-2014
  30. Towler B.P., Irwig L., Glasziou P., et al. A systematic review of the effects of screening for colorectal cancer using the faecal occult blood test, Hemoccult // BMJ 1998;317:559—65
  31. Hewitson P., Glasziou P.P., Irwig L., Towler B., Watson E. Screening for colorectal cancer using the faecal occult blood test, Hemoccult. Cochrane Database of Systematic Reviews 2007, Issue 1. Art. No.: CD001216. DOI: 10.1002/14651858.CD001216.
  32. О.Г. Таштемирова, С.М. Тергеусизов, Ш. А.Тергеусизова, К.К. Таштемиров, Р.Л. Жалтыров, Г.А. Жакупова Роль скринингового исследования в диагностике злокачественных новообразований желудочно-кишечного тракта. Наука и здравоохранения. 2014ж. №4.
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина