Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының мегаполистерінде аитв инфекциясының таралу ерекшеліктері

ЮНЕЙДС 2013 жылғы есебі бойынша 2013 жылы барша әлем бойыжер бетінде 35 [33,237,2] миллион адам АИТВ-пен өмір сүреді, 2,1 [1,9-2,4] миллион адам алғаш рет АИТВ жұқтырды және 1,5 [1,4-1,7] миллион адам АИТВ-пен байланысты аурулардан қайтыс болды, барша әлемдегі АИТВ-пен өмір сүретін 35 миллион адамның 19 -ы олардың АИТВ -мәртебесі оң екендігін білмейді [3]. ЮНЕЙДС ретровирусқа қарсы терапияны кеңейтуге бағытталған шаралар жұмыс істейтіндігіне ерекше назар аударады. 2013 жылдың соңында ретровирусқа қарсы емге қолжетімділігі бар адамдардың жаһандық саны шамамен 13 миллион адамды құрады, ал 2014 жылдың шілдесінде АИТВ-пен байланысты ем 13 950 296 адамға көрсетілді.

Әлемде АИТВ/ЖИТС-тың таралуы әрбір өңірдегі эпидемиологиялық процестің ерекшеліктеріне негізделген аумақтың әркелкі сипатына байланысты орын алады. Ауру мынадай екі өңірде анағұрлым көп таралған: аумағында АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастардың барлық әлемдік жиынтығынан вирусты жұқтырған адамдардың 80% -ы тұратын Африка континенті және Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Азия. Өткен ғасырдың соңында індет Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірлеріне тарады. XXI ғасырдың басында бұрынғы КСРО республикаларында инфекцияның таралу жылдамдығы індет сипатына ие болды [4].

АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші Әлемдік экономикалық форумда жыл сайын құрылатын Ғаламдық бәсекелестік индексінің индикаторлары тізбесіне кіреді. 2014 жылы «АИТВ таралуы» көрсеткіші бойынша Қазақстанның рейтингінде өте маңызды алға басу орын алды[1], 2013 жылмен салыстырғанда Қазақстан 44 жайғасымға көтеріліп, 1 орынға ие болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктемесі бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған кезеңінде (орташа әлемдік көрсеткіш 1,1 % болғанда халықтың 0,2 %-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректері бойынша Қазақстанда АИТВ-пен өмір сүретін адамдардың саны тіркелгендердің санынан 2 есе көп деуге болады [2]. АИТВ жұқтырғандардың жалпы санының шамамен 1/4-ін құрайтын АИТВ жұқтырған әйелдердің саны өсуде. Халықтың АИТВ/ЖИТС туралы нашар хабардар болуы осы патология бойынша жағдайдың ушығып кету қаупін тудыруға өз әсерін тигізеді.

АИТВ инфекциясының дамып келе жатқан дүниежүзілік пандемиясы шегінде әрбір ел індеттің өңірлік даму ерекшеліктері туралы ақпаратты қажет етеді. Осылайша, Қазақстанда көпжылдық динамика есебінде АИТВ инфекциясының тіркелген жағдайларының саны артқан үш деңгей анықталды: бірінші - 1997 жыл, екінші - 2001 жыл, үшінші - 2006 жыл [5]. 1987 -1995 жылдар аралығы сырқаттанушылықтың және жұқтырудың тұрақты және ең төмен көрсеткіштерімен сипатталды. Республикада 1996 жылдан бастап есірткіні қабылдаушылар арасында (Қарағанды облысының Теміртау қ.) вирустың таралуымен байланысты АИТВ жұқтырушылардың жаңа жағдайлары санының бірінші қарқынды өсуі басталды. Екінші өсу толқыны 2001 жылы орын алды және АИТВ инфекцияның жаңа аумақтарға (Павлодар, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облысы) таралуымен сипатталды. 2006 жылы АИТВ инфекциясын тіркеудің үшінші өсу деңгейі орын алды (Алматы қ.) және жыныстық жолмен вирусты жұқтырған тұлғалар санының өсуі байқалды. 2008 жылы індеттің барлық даму кезеңінде АИТВ инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының ең көп саны - 2335 жағдай тіркелді, бұл Алматы қ. және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа республиканың көптеген облыстарындағы пенитенциарлық жүйедегі жағдайдың ушығуына байланысты орын алды.

Орталық Азия өңірінде АИТВ инфекциясы індетінің таралу күші егілетін есірткіні қабылдаушылар болып табылатындығын көрсететін зерттеулер бар және індет Ресей Федерациясында, Беларусияда, Украинада, Молдовада орын алған жағдайлар сияқты [6] қиын басқарылатын сипатқа ие болуда. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) жоғары деңгейі АИТВ инфекциясының кең ауқымды таралуының тағы бір ықтимал жолы болып табылады. Әлі күнге дейін АИТВ инфекциясы мен ЖЖБИ жиі жұқтыратын осал топ - жастар санаты.

Қазақстанның мегаполистарында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық процесінің ерекше қасиеттерін анықтау бойынша тұжырымдамалық негіздеменің мағынасы зор. Еліміздің басқа қалаларымен салыстарғанда Астана және Алматы қалалары көптеген әлеуметтік- экономикалық, оның ішінде АИТВ инфекциясының таралуына әсер ететін көптеген мәністермен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ақпарат АИТВ инфекциясы індетіне қарсы әрекет ету және тиімді профилактикалық араласушылықтар стратегиясын айқындау үшін қажет.

Астана және Алматы қалаларының тұрғындарының табиғи өсімін әрі қарай дамыту үшін әлеуеті зор, бұның себебі - олардың экономикалық мүмкіндіктері - еңбек және баспана нарығының динамикалық дамуы, кәсіби өсу мүмкіндіктері, жоғары еңбекақы мөлшері. Халық санының өсуіне байланысты АИТВ инфекциясының әрі қарай даму мүмкіндігі артады. Оған қоса, жыл сайын сырқаттанушылықтың 10%-ы ішкі мигранттардың үлесіне жатады.

АИТВ инфекциясының, ілеспе аурулардың және онымен байланысты орын алатын жағымсыз салдардың пайда болу жиілігін сипаттау үшін әдетте сырқаттанушылық, таралу, жұқтыру және қайтыс болу сияқты негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер пайдаланылад

Материалдар және әдістер.

АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайларын тіркеудің №1, 4 және 855 ведомстволық есептілігінің статистикалық нысандарындағы деректер пайдаланылды, салыстырмалы талдау «АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайларын электрондық бақылау» бағдарламасын қолдану арқылы жасалды.

Нәтижелер және талқылау.

2015 жылғы 30 қыркүйектегі ахуал бойынша республикада АИТВ инфекциясының 26087 жағдайы тіркелді, 100 тұрғынға көрсеткіш -138,0.

100 тұрғынға АИТВ -пен өмір сүретін тұлғалардың (АӨТ) таралу көрсеткіші 100,6 - ны құрады.

Республика бойынша жалпы алғанда АӨТ таралуының ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында байқалды - 209,5, Астана қаласында аталған көрсеткіш - 85.3.

Қазақстан Республикасында 2015 жылдың 9 айы үшін 1883 АИТВ жұқтыру жағдайы тіркелді, оның ішінде ҚР азаматтары - 1765 жағдай (100 мың тұрғынға көрсеткіш - 10,1), шетел азаматтары - 83 адам, 4,4% және анонимді зерттеуден өткен тұлғалар - 35 (2014 жылдың 9 айы -

1698 жағдай, көрсеткіш -9,7). Өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда 67 жағдайға өсу байқалады, ал көрсеткіштерде - 0,4-ке.

Алматы және Астана қалаларында ағымдағы жылдың 9 айы үшін 2014 жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда 12 және 2 жағдайға тиісінше АИТВ жаңа жағдайларын тіркеу санының азаюы байқалады (1 - кесте).

Сонымен қатар, Алматы және Астана қалаларында 2015 жылдың 9 айы ішінде тіркелген АИТВ инфекциясы жағдайларына жастық-жыныстық талдау жасалды. Осылайша, АИТВ инфекциясының тіркелген жағдайларының анағұрлым зор үлес салмағы 30 - 39 жас аралығына жататын топта байқалады (2 - кесте). Осындай заңдылық жалпы республикалық көрсеткіш, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары үшін тән болып табылады. Аталған кезең ішінде жалпы алғанда Астана және Алматы қалаларындағы АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайлары көбінесе ер адамдардың 61,5% және 57,8% -да тиісінше тіркелді.

Алматы және Астана қалаларында әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бойынша АИТВ инфекциясын жұқтырудың тіркелген жағдайларын бөлу бір-бірінен ерекшеленбейді деуге болады. Осылайша, Алматы қаласында аталған кезең ішінде инфекция жұмыс істемейтін тұлғалардың 48,5% -да және жұмыс істейтін тұлғалардың 36,4% -да тіркелді. Астана қаласында аталған кезеңде АИТВ инфекциясы жұмыс істемейтін тұлғалардың 45,1% -да және жұмыс істейтін тұлғалардың 43,1% -да тіркелді.

Оған қоса, 2015 жылдың 9 айы ішінде Астана және Алматы қалаларында АИТВ берілу жолдарына талдау жасалды. Алматы қаласында 57%-да гетеросексуалдық жолмен берілу, егілетін есірткіні қабылдау кезінде - 34%-да, гомосексуалдық жолмен берілу - 6,2%-да, тік жолмен - 1,7%- да анықталды. Астана қаласында гетеросексуалдық жолмен берілу 63,7%-да анықталды, егілетін есірткіні қабылдау кезінде - 23,5%-да, гомосексуалдық жолмен берілу - 4,9%-да.

2015 жылдың 30 қыркүйектегі ахуалы бойынша Алматы қаласының пенитенциарлық жүйесіндегі 1257 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған, оның ішінде Астана қаласының пенитенциарлық жүйесінде 118 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде пенитенциарлық жүйеде Алматы қаласы бойынша - 28 АИТВ жұқтырған адам, Астана қаласы бойынша - 9 адам анықталды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсеріне байланысты Алматы және Астана қалалары АИТВ инфекциясы көп таралған қалалар болып табылады. Оған қоса, профилактикалық іс-шараларды тиімді қаржыландыру жүйесінің болуы індетке бастапқы кезеңде нәтижелі әсер ету мүмкіндігін берді.

Алматы және Астана қалаларында сырқаттанушылық және таралу көрсеткіштері тұрақты, 2014 жылғы іспеттес кезеңмен салыстырғанда АИТВ инфекциясының таралу қарқынының төмендеуі байқалады. Жыныстық құрам арақатынасының динамикасы індет процесіне тартылатын әйелдер санының арту үрдісін көрсетеді. Инфекцияны жұқтырған әйелдер санының өсуі нәресте АИТВ инфекциясының пайда болу қаупін тудырады. Халықтың әлеуметтік әл-әуқатты топтарына індеттің интеграциялануымен гетеросексуалдық жұқтыру жолының басым түсуі және өзектенуі анық байқалады. Сырқаттанушылық 40 жасқа дейінгі адамдарда кездеседі. Есірткі қабылдайтын тұлғалар жоғары қауіп тобына жатады және осы топта кейінгі жылдарда АИТВ инфекциясымен сырқаттанудың таралуы өз жалғасын табады, алайда, таяу 10 жыл ішінде сырқаттанушылық деңгейі ретсіз жыныстық қатынастары бар адамдар есебінен анағұрлым өсетін болады. Аталған қалаларда АИТВ инфекциясының эпидемиологияқ процесі халықтың барлық әлеуметтік және жастық топтарын қамтиды. Алматы және Астана қалаларының мысалында анағұрлым дәл және ұзақ мерзімді болжам жасау үшін математикалық үлгіні пайдалану арқылы деректерді статистикалық өңдеу тәсілін қолдануды ұсынамыз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. http://www.weforum.org/reports/global-competitiveness-report-2014-2015.
  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, 8-бет.
  3. UNAIDS «Жеделдету: 2030 жылға қарай ЖИТС індетінің таралуын тоқтату», Женева қ. (Швейцария), 2014 жыл, 6 - бет.
  4. Қазақстан Республикасында 2010 - 2011 жылдарға арналған АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайы мен барлаушылық эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері жөніндегі ұлттық есеп, 2012 жыл, 13-14 беттер.
  5. Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған ЖИТС індетіне қарсы әрекет ету туралы ұлттық бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп, 4-21 беттер.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.