Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тастанды балалар үйіндегі балалардың денсаулығын бағалау

Аннотация

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, Төле би ауданының № 2 тастанды балалар үйіндегі балалардың денсаулығын бағалау және медико-әлеуметтік сипаттама беру - жұмыстың мақсаты болып табылды. Анкеталық сауалнама жүргізу барысында балалардың денсаулық жағдайлары мен психоэмоционалдық көніл күйлерін бақылау жасалды. Сонымен қатар тиімді тамақтану мен санитарлы-гигиеналық іс-әрекеттіліктегі ептіліктер мен дағдылар, әлеуметті жат құбылыстарға қарсылық көрсету ептіліктері қаралды.

Кілт сөздер: балалар үйіндегі балалар, денсаулығын бағалау, реабилитация.

Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған мәселе жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден көруге болады [1].

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясына сай ата-ана қамқорынан қалған тастанды балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Сонымен қатар, жылдан- жылға олардың санының артып жатқандығы да құпия емес. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Тастанды балалардың денсаулығы мен әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі өзекті мәселені шешуге себеп болады [2]. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша балалар үйіне немесе тастанды балалар (анасы бас тартқан балалар) ішінен 64% құрсақ ішіндегі даму кедергілерімен анықталса, ол балалардың 10%-да тұқым қуалаушылық немесе тума аурулармен кездеседі екен. Балалардың 30-40% маскүнемдер отбасынан шықса, 13% әкесі туберкулезден, сифилис, диабет немесе психикалық ауруларымен анықталғандар [3].

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикамызда тастанды балалардың саны 33680 жеткен. Олардың ішінде 21 856 бала қазақстандық отбасылардың қамқорлығында, ал 1947-сі патронаттық тәлім-тәрбие алуда. Соңғы 5 жылдың ішінде еліміздегі жетім балалардың саны 8812 адамға азайды. Ал балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 5237 балаға кеміді. Шымкент қаласында 2375 жуық жетім балалар тіркелген. Тастанды балалар жоғары медико-әлеуметтік қауіп тобына жататындықтан, олар медициналық бақылаудың приоритетті нысаны болуы керек. Тастанды балалардың әлеуметтік денсаулық жағдайындағы мәселені шешу- денсаулық сақтау саласында, әлеуметтік тұрғыдан және білім саласында да қорғалу керек. Жетімдер үйіндегі балалардың 75%- ы әлеуметтік жетімдерді құрайды. Сонымен қатар, тастанды балалар мәселесінің даусыз өзектілігі мен оны зерттеу қажеттілігіне қарамастан, отандық әдебиеттерді шолу ғалымдардың бұл мәселені әлі күнге дейін толығымен зерттелмегендерін көрсетеді [4].

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, №2 Төле би ауданының балалар үйіндегі балалардың денсаулығын бағалау және медико-әлеуметтік сипаттама беру.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының №2 Төле би аудандық балалар үйінде 77 бала тәрбиеленуде, оның ішінде қыз бала 36-(47%), ұлдар 41-(53%). Жасы 6-17 жас аралығында. Балаларды зерттеу барысында 10-17 жас аралығындағы балалардың анкеталық сұрақтарға жауап берулері:

  1. Таңертеңгілік жаттығу жасайсыз ба- деген сұраққа 26 бала-32,2%- ия деп, 17 бала-23,3%- жоқ, 34 бала -44,5 % -кейде деп жауап берді.
  2. Жарыстық ойын кезінде мен ұтсам досым ұтылып қалса мен ол кезде- деген сұраққа 35- бала 45,9%- досымды тыныштандырамын, 22 бала-28,6%-ары қарай ойынды жалғастырамын, 20 бала -25,5%- менен ұтылып қалғанына қуанамын деп жауап берді.
  3. «Тиімді тамақтану» дегенді қалай түсінесіз -деген сұраққа 29 бала-38%- майлы, құрамында витаминдері аз тағамдарды пайдалану, 33 бала-42,8% табиғи тағамдарды ретімен, уақытымен қолдана білу, 15 бала-19,4%- білмеймін деп жауап берді.
  4. Мен үшін өмірімдегі ең маңыздысы- деген сұраққа 42,6%- алға қойған мақсаттарыма жету, 32%- жауапқа қиналамын, 25,4%- бақытты отбасы болу деп жауап берді.
  5. Гигиена және санитария ережелерін сақтайсыз ба - деген сұраққа 57 бала-75% - сақтаймыз, 20 бала -25%- анда-санда сақтаймыз деп жауап берді.

Бұл балалардың денсаулықтарына қарай жиі ауруға шалдығатындары: 7-бала 5,3%- жұқпалы ауруларға, 11-бала 14,2%- психологиялық ауруларға, 13-бала 17%-асқорыту жүйесі, 9 бала 13%- зат алмасу және иммунитеттің төмендеуі.

Қазіргі уақытта тастанды балалар есепке алынып, уақытылы медициналық көмек алып, комплексті реабилитация жасалынуда.

Нәтижелер. Балалардың денсаулығы жайында мемлекеттік құжаттарға талдау жасап, №2 Төле би ауданының балалар үйін таңдамалы түрде 10-17 жас аралықтарында алынған тәжірибелермен талдау жүргізіліп, балардың анкеталық сұрақтарға жауап берулеріне байланысты төмендегідей міндеттемелері анықталды: өзінің денсаулығына жауапкершілікпен, аяулы қарау; санитарлы-гигиеналық іс-әрекеттіліктегі ептіліктер мен дағдылар, әлеуметті жат құбылыстарға қарсылық көрсету ептіліктері; өмірдегі алатын маңызды орындарын түсініп білулері; қасындағы достарымен жақсы қарым қатынаста орын алулары; тиімді тағамдармен тамақтануы;

Қорытынды: Тастанды балалардың денсаулық жағдайын жақсатру мақсатында түрлі жаттығулар мен тиімді тамақтану; санитарлы-гигиеналық тазалықтарын сақтауы; тиімді тамақсану шараларын қадағалау өте маңызды болып табылады.

Әдебиеттер

  1. Ормантаев. К.С. Здоровье детей в республике Казахстан и основные направления научных исследований в педиатрии, Медицина и экология.-2000.-№3.-С.35-37.
  2. Назарбаев Н. Казахстан - 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. - Алматы: Білім,1998.-96с.
  3. Казберюк Н.А., Замотин Б.А., Светова О.А. Медико-социальная характеристика детей, поступающих в дом ребенка.Здравоохр.Рос.Федерации.-1991.-№6.-С.16-18.
  4. Жетім балалардың әлеуметтенуінің кейбір ерекшеліктері даму тенденциясы және мәселелері халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.- Алматы, 2007.-Б.118-123.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.