АННОТАЦИЯ
Осы мақалада ОҚО бойынша мониторинг және бақылау тобы жұмысының нәтижелігін анықтау мақсатында 2013-2014 жылдар арасында туберкулез бойынша негізгі көрсеткіштеріне мониторинг нәтижелеріне сараптама жүргізілді. Облыс бойынша туберкулезді қадағалаудағы мониторинг және бағалау тобының жалпы Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны орындаудағы маңызы зор екендігі анықталды.
Кілт сөздер: туберкулез, мониторинг және бақылау тобы, туберкулезді анықтау.
Мониторинг әрдайым жүргізіліп отыратын үрдіс, ол индикаторларға негізделіп мәлімет жинау, осы мәлеметтерді сараптау және бағдарламаны енгізу үрдісіндегі қажет етілген коррекцияны жасау болып табылады. Мониторингтің негізгі міндетібағдарламаның орындалуы мен бекітілген стандарттардын арасындағы сәйкестік дәрежесін анықтау. Бұл жайт медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарындағы қиындықтарды шұғыл анықтауға және оларды шешуге ықпал жасайды.
Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны орындаудағы Мониторинг және бағалау (МжБ) орны ерекше, стратегиялық жоспарлау мен жағдайды бағалаудағы қажет мәліметті береді. Республикадағы туберкулезді қадағалаудағы МжБ жүйесі бағдармалары оң нәтижелер мен кемшіліктерді анықтау, ұсыныстар жасау, денсаулық сақтаудың басқа секторларымен коммуникация денгейін бағалау. МжБ жүйесінде мәліметтерді үнемі жинау, оларды өлшеу, нәтижелерді бағалау, адами және қаржылай ресурстарына байланысты негізделген шешім қабылдау жүргізіледі.
МжБ міндеттеріне туберкулез бойынша үнемі объективті және шыншыл мәліметтерді жинау және талдау, туберкулез бағдарламалары индикаторлары бойынша жұмыстың нәтижелілігін анықтау, туберкулездегі өзекті сұрақтарды анықтау, туберкулезді нәтижелі қадағалау мақсатындағы іс шараларды жоспарлау жатады. Жұмыс мақсаты. ОҚО бойынша МжБ тобы жұмысының нәтижелігін анықтау.
Деректер мен тәсілдер. Қойылған мақсатқа жету үшін ОҚО бойынша МжБ тобы жұмысына талдау жүргізілді, яғни 2013-2014 жылдар туберкулезге қарсы жұмыстың нәтижесін талдау. Аталған топ 08.01.2011 жылы құралған. Облыста 12 аудан, 2 қала жіне облыс орталығы Шымкент қаласында барлығы халық саны 2 711 040 болатын, қызмет көрсету шеңбері 40км ден 260км жетеді. 2014 жылы МжБ тобы мамандары, кесте бойынша аудан, қала емдеу мекемелеріне мониторингілік тексеріс жүргізіп, емдеу мекемелерінде туберкулездің алдын алуда атқарылған жұмыстарына талдау жүргізіліп, Туберкулез мәселелері Ұлттық орталық (ТМҰО) белгілеген стандарты форматқа сай анықтамалар жазылып, ТМҰО-ға жіберіліп отырады. Сонымен қатар мониторинг қорытындысы емдеу мекемелері және туберкулезге қарсы ұйым (ТҚҰ) басшылығына ұсыныстар беріледі.
Туберкулезді ерте анықтаудың бірден бір жолы емханаға келген науқастар арасындағы туберкулезге күдіктілерді тексеру, яғни ТБ 15 журналына тіркеу, диагностикалық алгоритм жүргізу қазіргі таңға дейін БМСК жүйесінде әлі де өз деңгейінде емес. Оның басты себебі аймақтық дәрігерлердің біліктілігі мен жауапкершілігінің төмендігі, сондай ақ, жергілікті ТҚҰ тарабынан бақылаудың жоқтығы. Мысалы, 2013 жылы ОҚО бойынша туберкулезге қарсы сақтық көрсеткіші 0,3% құраса, ал 2014 жылы 1,6% артқан, яғни оң нәтиже бар деген сөз, алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бойынша стандарт 2-3% құрайды. Сонымен бұл бағыт бойынша әлі де жұмыс жүргізілуі тиіс.
Бүгінде облыстағы барлық туберкулезге қарсы диспансерлерінде бакскопиялық лабораториялар ұйымдастырылған және баклаборантармен қамтылған. Облыс бойынша мониторинг жүргізілу барысында 2013 жылы БМСК жүйесіндегі микроскопия әдісімен туберкулезді анықтау тиімділігі 2,4 болса, ал 2014 жылы 3,4 құрайды, яғни туберкулезді анықтау тиімділігі артып отыр, дегенмен ДДСҰ бойынша стандарт 510% болғандықтан БМСК жүйесіндегі микроскопия әдісімен туберкулезді анықтау тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл үшін патологиялық материал, яғни қақырық дұрыс жинау және қажет болған жағдайда сақталуы мен тасымалдануы дұрыс жолға қойылмаған.
Туберкулезді ерте анықтауда БМСК жүйесінде орындалатын жұмыстар көп. Ол үшін туберкулезбен сырқаттанушылықтың жоғары қауыпы бар (қауыпты топ) топтарды дұрыс түзу және оларды флюрографиялық тексерістен жылына 1 рет өткізу. 2013 жылы халықты туберкулезге алдын алу тексерумен камту 99,5%, оның ішінде 861 науқас анықталып, яғни 1000 тіркелгеннен 0,7 тең болған. Ал 2014 жылы халықты флюрографиялық тексеру 100% орындалып, оның ішінде 900 науқас туберкулезбен байқалған және 1000 тексерілгенге 0,8. 2014 жылы табылған науқастардың 55,3% тексеруден табылған, бұл көрсеткіш 70% артық болуы қажет. Көрсетілген мәліметтер бойынша туберкулезді анықтаудағы профилактикалық флюрографиялық тексерістің жоспары жоғары денгейде болғанымен, негізгі профилактикалық тексеруден өтетін «қауыпты топ» контингеттері толық әрі уақтылы болуы керек.
Облыста аудандық туберкулезге қарсы диспансерлердің стационар бөлімшелерінің қысқартылуына байланысты науқастарды конверсия болғаннан кейін, амбулаториялық жағдайды БМСК жүйесінде емін жалғастырады. Осы қолдаушы кезеңдегі туберкулезге қарсы химиотерапия жүргізу сапалы болуы үшін тікелей қадағалап емдеу (ТҚЕ) кабинеттері мен егу кабинеттерінің маңызы артып отыр.
Мониторинг және бағалау жұмысы сонымен бірге балалар арасындағы туберкулез көрсеткіштерін де анықтады. Балалар арасындағы қауыпты топ әлі күнге дейін өз дәрежесінде құрылмауда, атап өтсек, бұрынғы инфекцияланған, әлеуметтік жағдайы төмен, басқа жақтан келген жанұя балалары қауыпты топқа еңгізілмеуі; кейбір аудандарда Манту сынамасы қар аша мен желтоқсан айларына жоспарланғаннан, жыл соңына дейін толық тексеріліп болмайтыны. Облыс бойынша 2013 жылы туберкулин диагностикасы Манту сынамасы әдісімен 98,7% оның ішінде 27 науқас, 8972-вираж, 718-гиперергиялық реакциямен анықталды. Ал туберкулин диагностикасы Манту сынамасы әдісімен 2014 жылы 101,4% болып, оның ішінде 30 науқас, 9063-вираж, 649-гиперергиялық реакциямен анықталды. Жалпы облыс көлемінде профилактикалық тексеру Манту сынамасы арқылы біршама жақсарғанын айтуға болады, тек сынама қорытындысына ТҚД, БМСК және СЭҚБ мамандарымен бірлескен талдауы қажет, бұл жағдай күділтілік нәтижесін төмендетуге ықпал жасайтыны анық.
Облыста барлық перзентханаларда егу кабинеттері ұйымдастыралған, неонатолог дәрігерлерімен камтылған. ҚР ДСМ-нің 22.08.2014жылы №19 бұйрығына сәйкес БЦЖ вакцинасы егілуде, бырақ кейінгі кезде діни теріс көзқарастық ағымдардың пайда болуына байланысты БЦЖ вакцинасынан бас тартатын ата- аналар саны көбеюде, мысалы, 2013 жылы 84 жағдай, ал 2014 жылы 131. Бұл жағдай осы ата аналармен түсіндіру санитарлық ағарту жұмысының төмендігін көрсетеді және әйелдер кеңесі кабинетінен басталуы қажет. Аталған бұйрық бойынша жаңа туылған нәресте себепсіз перзентханадан БЦЖ вакцина егусіз шығарылмауы тиіс, ал босанған әйел флюрографиялық тексерусіз. Егер де туылған нәресте егусіз шығарылған болса, оның жанұя мүшелері түгел туберкулезге тексерілуі керек, алайда бұл жұмыс жасалынып жүрген жоқ.
Сонымен қатар, туб ошақтағы профилактикалық жұмыстар сапасы төмен, өйткені аудандық туберкулезге қарсы диспансері, БМСК және СЭҚБ өз ара жүйелі бірлескен жұмыс болмағандықтан.
Санитарлы ағарту жұмысы барысында барлық туберкулезге қарсы ұйымдарда «пациент мектебі» құрылып, жауапты медицина қызметкерлері тағайындалған. Барлық іс шаралар Облыстық салауатты өмір салты орталығымен келісілген іс жоспар бойынша елді мекендерде, ұжымдарда, оқу орындардарында, халық көп жиналатын жерлерде және емдеу мекемелерінде жоғары деңгейде атқарылуда. Санитарлық ағарту жұмыстарының форматы қазіргі заманауи талаптарына сай, яғни санитарлық ағарту парақтары, қөрнекті құралдар, телерадио жүйесіндегі сұхбаттар мен дәрістер, газеттердегі мақалалар, дөңгелек үстелдер, сұрақ - жауап түрінде жүргізіледі және әрі қарай да сапалы болуы қажет.
ОҚО бойынша МжБ тобы қызметі барысында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында туберкулезге қарсы ұйымдардағы қызметкердің біліктілігін арттыру үшін 2013 жылы облыс бойынша 1348 қызметкер, олар 12 фтизиатр, 809 БМСК дәрігерлері, ал қалғандары орта буын және бакскопиялық лаборатория қызметкерлері болды. 2014 жылы - барлығы 319 қызметкер, оның ішінде 10 фтизиатр, 219 БМСК дәрігерлері және қалғаны орта буын қызметкерлері туберкулез бойынша біліктілігін арттырды. Басқа сөзбен айтқанда, туберкулезге қарсы ұйым қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру негізгі бағыттардың бірі және орындалу деңгейі жоғары.
Қорытындылай келгенде, облыс бойынша туберкулезді қадағалаудағы мониторинг және бағалау тобының жұмыс бағыты дұрыс анықталған, қажеттілігінде күмән жоқ, мақсаты анық, әділ және тәуелсіз нәтижесі бар екендігі айқындалды.
ӘДЕБИЕТИЕР
- Тәбріз Н. С. Фитоактопротекторларды туберкулездің кешенді емінде қолданудың болашаәы / Н. С. Тәбріз // Медицина и экология. - 2010. - № 1. - 6-9 бет.
- Тәбріз Н. С. Фитопрепараттардың гепатопротекторлық әсері және оларды туберкулездің қешенді емінде қолдану / Н. С. Тәбріз // Фармацевтический бюллетень. - 2009. - № 11-12. - С. 30-33.
- Өкпенің диссеминирлі туберкулезі диагностикасындағы зерттеу әдістері / У. Т. Макулбаева [және т. б.] // Медицина. - 2015. - №1. - С. 75-76.