Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік аймақ түрғындарының несеп-жыныс жүйесі ауруларымен аурушаңдық динамикасының өзгеру деңгейі

ТҮЙІН

Осы мақада еліміздің оңтүстік аймақтарында тұратын тұрғындардың несеп-жыныс ауруларымен аурушаңдығының 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіштері келтірілген. Елімізде 2013 жылдың қорытындысы бойынша 4246,8 құраған. Республикалық көрсеткіштен жоғары Жамбыл облысы болса (5537,1), ал қалған ОҚО (3242,1) және Қызылорда (3961,4) облыстары төмен көрсеткіш көрсетті.

Кілт сөздернесеп-жыныс аурулары, аурушаңдық, мүгедектік, репродуктивті денсаулық

Өзектілігі: Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымды (ДДҰ) деректері бойынша, дамыған және дамушы елдерде несеп-жыныс жүйесінің аурулары 7 орынды алып, 5-6% қамтыса, өлім қүрылымы ішінде - 1,4-2,2% тең. Түрғындар аурушаңдығы соңғы уақытта урологиялық аурулар есебінен артып отыр. Көптеген несеп-жыныс жүйесінің аурулары жиі жағдайда симптомсыз өтіп, тек қана кайтымсыз морфологиялық және қызметтік өзгерістер пайда болғанда ғана көрінеді. Несеп-жыныс жүйесі барлық жастағы адамдарда кездесіп, соның ішінде жұмысқа қабілеті бар тұрғындарда болады және уақытша жұмысқа жарамсыздық пен жұмыс жасындағы халықтың біршама бөлігін мүгедектікке шалдықтырып, елдің экономикасына үлкен шығындар әкеледі.

Урологиялық аурулардың ішінде ерекше орын алатыны қуық асты безі мен несеп жолының (уретра) қабыну үрдісі. Бұл аурулардыңкөбінесе 20-40 жас аралығындағы жыныстық қабілеті жоғары ер адамдар арасында кездесуі өзекті мәселе болып отыр. Созылмалы простатитпен әрбір үшінші ер адам ауырса, соңғы дерек көздеріне сай 20-50 жас аралығындағы ер адамдардың жартысында кездесуін дәлелдеп отыр.50 жастан асқан ер адамдардың 40%-да қуық асты безінің гиперплазиясы кездессе, 65 жастан асқан ер адамдарда 85% қүрайды. Ересек адамдар арасындағы бүйрек және зәр бөлу жүйесі ауруларының басты себептеріне қосалқы аурулар, үзақ жылғы күйзелістер, иммунитеттің төмендеуі, патогенді микроорганизмдер, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеу жатады.

Зерттеу мақсаты:2011-2013 жж аралығындағы оңтүстік аймақ түрғындары арасындағы несеп- жыныс жүйесі ауруларының таралуына статистикалық талдау жасау.

Зерттеу тапсырмалары:Тұрғындар арасындағы несеп-жыныс жүйесі ауруларына

медициналық-әлеуметтік аспектілеріне сипаттама беріп, қауіп факторларының алдын алу.

Зерттеу нәтижелері мен талдау: Несеп-жыныс жүйесі аурулары бойынша 2011-2013 жж аралығында 1 жасқа дейінгі балалар арасындағы аурушаңдық бір айтарлықтай өсу бар. ҚР бойынша жалпы көрсеткіш 2011 жылы 13,9 қүраған. Еліміздің оңтүстік аймақтарында 2011 жылы 1000 балаға шаққанда Жамбыл облысында - 10,5; Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) - 10,3; Қызылорда облысы - 5,7 тең.

Үш аймақта республикалық деңгейден біршама төмен. Ауру көрсеткіші бойынша алғашқы екі облыс, Қызылорда облысына қарағанда 45,7 %-ке жоғары. Несеп-жыныс жүйесі аурулары

көрсеткіштерінің динамикасын зерттегенде 2012 жылы ҚР-да көрсеткіш 1000 балаға шаққанда 13,5- ке тең болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,9%-ға төмендеген. 1000 балаға шаққанда Жамбыл облысында - 11,1; ОҚО - 10,9; Қызылорда облысы - 10,6 тең. Үш аймақ бойынша Қызылорда облысында алдыңғы жылмен салыстырғанда - 52,2% өскен. 2013 жылғы орташа республикалық көрсеткіш 1000 балаға шаққанда - 13,5 қүрады.

Жамбыл (10,9) және Қызылорда (7,6) облыстары республикалық көрсеткіштен төмен болса, ОҚО (17,4) республикалық көрсеткіштен 22,5% асып түскен. 0-5 жасқа дейінгі балалардағы несеп- жыныс жүйелері аурулары көрсеткіші 5 жасқа дейінгі 1000 балаға шаққанда ҚР 2011 жылы - 15,6; 2012 жылы - 15,3; 2013 жылы - 14,4-ке тең болды. Еліміздің оңтүстік аймақтарына келсек, Жамбыл облысында орташа республикалық көрсеткіштен асып түсіп, 2011 жылы - 22,7; 2012 жылы - 22,8; 2013 жылы - 23,3-ке аурушаңдық тіркелді. Републикалық көрсеткіштен төмен аймақтар, Қызылорда облысы бойынша 2011 жылы - 5,7; 2012 жылы - 13,9; 2013 жылы - 14,6-ға және ОҚО облысы бойынша 2011 жылы - 10,7; 2012 жылы - 9,8; 2013 жылы - 8,7-ге тең болды.

Ересектерге келер болсақ, несеп-жыныс жүйесі ауруларынан ҚРбойынша тиісті халықты 100 000 адамға шаққанда 2011 жылы-3907,1; 2012 жылы - 3777,6; 2013 жылы - 3563,9 қүраған. Бүл халықты демографиялық құрылымына қарай бөлетін болсақ, қала халқы арасында 2011 жылы - 4571.1; 2012 жылы - 4443,8; 2013 жылы - 4155,3 құраған. Еліміздің ауылды елді мекендерінде тұратын тұрғындар бойынша 2011 жылы - 3109,1; 2012 жылы - 2969,9; 2013 жылы - 2842,2 аурушаңдықты қүрап отыр.

Келтірілген статистикалық мәлімет-терге сай қала халқы несеп-жыныс ауруларымен көп ауырады. Басты себеп ретінде стресс, гиподинамия, экологиялық орта, жел лебінің (розаветров) болмауы. Бүл көрсеткіштердің жоғары болуы қала халқына медициналық көмектің қолжетімділігіде себеп. Себебі ауыл халқы арасында медициналық көмекке жүгінбей, өз бетінше ем қабылдау кең таралған. Осылайша статистикалық мәліметтер төмен болады деп қорытынды жасалады.

Несеп-жыныс жүйесі ауруларының ішінде көп кездесетін аутоиммундыгломерулонефриттің ҚР 40 жастан асқан ер адамдарда таралуы кең. Көбінесе симптомсыз өтетіндіктен тек созылмалы сатысында ғана ауру анықталады. Балалардағы негізгі белгісі ретінде қан қысымның 130/90 мм.сн.бағ асып түсуі. 2011 жылы 100000 халыққа шаққанда ҚР-да 10,0 бірінішілік жағдай тіркелсе, 2012 жылы - 7,3, 2013 жылы - 6,8-ге тең болып, 32% төмендеп айтарлықтай оң өзгерістер бар. Еліміздің оңтүстік аймақтарында Жамбыл облысында 2011 ж - 18.4, 2012 ж - 8.0, 2013 -19.2 көрсеткішпен жалпы республикалық көрсеткіштен асып түсіп отыр. Бұл жергілікті жердің географиялық ерекшеліктеріне де байланысты. ОҚО (2011ж-6.5, 2012ж-7.2, 2013ж-7.8) ,

Қызылорда облысы (2011 -6.0, 2012ж-5.6, 2013ж-5.8) республикалық көрсеткіштен төмен тіркелген.

Пиелонефритпен біріншілік аурулардың тіркелуі ҚР бойынша барлық аурулардың ішінде алдыңғы қатарда. Таралу динамикасын қарайтын болсақ республикалық көрсеткіш 100 000 тұрғынға шаққанда 2011 жылы-738.5, 2012 жылы - 696.6, 2013 жылы - 685 тең. Пиелонефритке басты себебі ретінде ҚР қосалқы инфекциялық аурулар тіркелген. Оңтүстік аймақтарды алатын болсақ, Жамбыл (2011 ж - 1219.3, 2012 ж - 827.4, 2013 ж - 1000.6), ОҚО (2011 ж - 1121.7, 2012 ж - 1111.4, 2013 ж -1092.4), Қызылорда (2011 ж - 1076.4,2012 ж - 1039.4,

2013 ж - 878.2) облыстары республикалық деңгейден әлдеқайда жоғары. Соның ішінде ОҚО - ңы 2013 жылы республикалық деңгейден 37,2% біріншілік аурушаңдық көп тіркелген.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Қорыта келе, еліміз бойынша 2011-2015 жж арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы мен денсаулық сақтау саласын дамыту стратегиясы және «Ақбүлақ» таза су бағдарламасы бойынша елімізде несеп-жыныс жүйесі аурулары зерттеу жылдары аралығына барлық халықты қоса алғанда 8,7% төмендеуіне әкеліп отыр. Бірақ несеп-жыныс жүйелері аурулары мен ер адамның репродуктивті денсаулығы бойынша дамыған 50 елмен салыстырмалы түрде алып қарағанда біздің елде жетілдіруді қажет етеді.

  • Жыл: 2014
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина