Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалардың денсаулығы туралы сүрақтар

АННОТАЦИЯ

Аталынған жүмыста балалардың денсаулығын қорғау туралы қазіргі заманауи мәліметтер келтірілген. Қазіргі уақытта балаларға профилактикалық қызмет көрсету әрі қарай жетілдірілуді қажет етеді және балалардың денсаулығын қорғау мәселесінде медициналық көмектің аса жетілдірілген, аз шығынды және тиімді шараларын, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, әрі денсаулықты сақтау және дамыту, қалпына келтіру шараларын қүрастыруды қажет етеді.

Кілт сөздер: денсаулықты қорғау, балалар денсаулығы, медициналық көмек, ДД¥, балалар өлімі.

Соңғы жылдардағы балалардың денсаулық көрсеткіштерінің нашарлауы, медициналық көмек көрсетуді оңтайландырудың жаңа жолдарын қарастырудың қажет екендігін айқындайды. Қазіргі заманауи даму уақытында балалар қауымының аурушаңдығы өршу үстінде, сол себепті балалар денсаулығын қорғау мен нығайту шаралары өзекті бола табылатыны сөзсіз, ал қолайсыз қоршаған орта балалар денсаулығының әрі қарай нашарлай беруіне ықпал ететіні белгілі. Ерте жастағы өлім, созылмалы аурулар немесе мүгедектік, отбасы мен қоғамға экономикалық жағынан тиімсіз. Еуропалық аймаққа кіретін елдер, балалар өлімі бойынша әлемде ең аз көрсеткішке ие, және Дүниежүзілік денсаудық сақтау үйымы (ДД¥) деректеріне сай, балалар мен жасөспірімдердің көпшілігінің денсаулығы бүл елдерде жоғарғы деңгейде. Еуропалық аймақта балалардың арасында бес жасқа дейінгі өлім 1000 тірі туылғандарды есепке алғанда 9,81 тең. Осы бес жасқа дейінгі өлімнің негізгі себептеріне Еуропа елдерінде неонатальді жағдайлар, пневмония және диарея жатады. Сонымен қатар, балалар денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға қолайсыз қоршаған орта, семіздік және салауатты өмір салтын үстанбауда кіріп отыр. Қоршаған ортаның қанағаттандырарлықсыз жағдайы қалалардағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті арттыра түсуде [1,2,3,4,5,6].

Денсаулық детерминанттары күрделі, және ол биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қамтиды. Бүл жерде өте маңызды болып, бүл детерминаттардың көпшілігі тиімді әрекеттік шаралардың әсеріне тәуелділігі табылады. Сондай-ақ, қоғамның жақсару мен өркендеу факторлары адамдар денсаулығына оң әсерін тигізуі мүмкін. 1977 жылы мамыр айында ДД¥-на мүше елдер және үкімет, ДД¥-ы әлеуметтік саласында, 2000 жылға қарай жер бетіндегі барша халық денсаулығын «әлеуметтік белсенді және экономикалық жемісті еңбек етуге жағдай жасайтын, денсаулық деңгейіне жету туралы» мақсатты анықтады [7]. Осыдан кейін 1978 жылы біріншілік медициналық көмекті үйымдастыру бойынша Алматы декларациясы қабылданды [8].

Қазақстан Республикасында соңғы он бес жылда демографиялық жағдай түрақсыз болды. Он жылдай уақытқа созылған халық санының кемуі, тек кана 2012 жылы туу көрсеткіштерінің жоғарлауы мен өлімнің азаюына байланысты оң өзгерістерге үшырады және соңғы жылдары Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы, елде халық санының өсуіне алып келді [9]. Демографиялық үрдістің өзгеруі өлім көрсеткіштерінің динамикасында айқын көрініс тапты. Әдеби деректерге [9,10,11] сүйене отырып, өлімнің жастық қүрылымы бастапқы қалпынан трансформациялануын атап өтуге болады, яғни, бүл дегеніміз еңбек жасындағы және үрпақ өрбітуге қабілетті түрғындардың арасында өлімнің жиі кездесуі. Бүл денсаулық мәселесі мемлекеттің бір қарқынмен дамуына кедергі келтіреді. Үкімет пен денсаулық сақтау саласы алдында халықтың заманауи медициналық көмекке қажеттілігін қамтамасыз ету мен денсаулықты нығайту және демографиялық жағдайды көтеру міндеті түр. Осылардың барлығы аймақтардағы басқарудың түрлі деңгейіндегі басшылық тарапынан, түрғындарға медициналық көмек көрсетуді жетілдірудің, демографиялық саясатты дамыту мен жоғарыда келтірілген өлім себептерінен ерте жаста өмірден озуды азайтудың, тиімді басқару мен үйымдастырудың оңтайлы шешімдерін іздестіруге итермелейді.

Әйелдер мен балалардың денсаулық деңгейінің әлсіз болуы және қоғамдық денсаулық деңгейінің төмендеуі, жалпы азаматтар денсаулығының төмен деңгейін беретіні белгілі. Негізінен сәбилер өлімінің қүрылымы, алдын алуға болатын себептерден (асфикция, туу кезіндегі жарақаттар және инфекция) түрады. Демек, қазіргі заманауи жағдайда балаларға профилактикалық қазмет көрсету алдағы уақытта жетілдіруді талап етеді.

Балалар арасында айтарлықтай аурушаңдық пен өлім үлесінің алдын алуға болады. Осыған орай, аз шығынды, тиімді іс-шаралар көмегімен үш өлімнің екеуін аман алып қалуға мүмкіндік бар. ДДҮ қүрастырған «Балалар жасындағы негізгі ауруларды интегралды жүргізу» стратегиясы қарапайым, бағасы жағынан қолайлы және әсерлі әрекеттер жиынтығын үсынады. Бүл стратегия балалар жасындағы негізгі ауруларды және тамақтанудың бүзылысы, антибиотиктерді қабылдау мен анемияны емдеу, иммунизациялау және ана сүтімен тамақтандыру шараларын қүрамдастырып жүргізуді қамтиды [12,13].

Демографиялық ахуалдың жақсаруына қарамастан (ОҚО туылу көрсеткіші 23,4%-дан 2004 жылы 26,4-ке, ал 2008 жылы 32,7-ге дейін өсті) балалар мен әйелдер денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. 2008 жылы ҚР-сы ОҚО-да аналар мен балалар өлімін азайту бойынша, Қазақстан Республикасының 2008-2010 дамытудық салалық бағдарламасының іске асуы басталды, нәтижесінде 100 мың тірі туылғандар арасында аналар өлімі 31,8 көрсеткішіне дейін төмендеді.

Қорыта келе, балалар денсаулығын қорғау мәселесінде, профилактикалық медициналық көмектің аса жетілдірілген, аз шығынды және тиімді шараларын, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, әрі денсаулықты сақтау және дамыту, қалпына келтіру шараларын қүрастыруды қажет етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Комиссия по социальным детерминантам здоровья. Ликвидировать разрыв в течение жизни одного поколения. Соблюдение принципа справедливости в здравоохранении путем воздействия на социальные детерминанты здоровья. Заключительный доклад Комиссии по социальным детерминантам здоровья Женева, Всемирная организация здравоохранения.20()9(11Цр: www.who. int/social_determinants/ thecommission/ finalreport/ru/index.html).
  2. Цели развития тысячелетия в Европейском регионе ВОЗ. Анализ ситуации накануне пятилетнего рубежа на англ. яз). Копенгаген, Европейское региональное бюро ВОЗ, 2010 (http:www.who.euro. who.int_data/assets.pdf_ file/0003/87438/ E93723. pdf )
  3. World health statistics 2011. Geneva, World Health Organization, 2011(http:www.who.int/whosis/whostat/EN_WHS2011_Full.pdf).
  4. Европейский план действия «Окружающая среда и здоровье детей». Четвертая конференция на уровне министров по окружающей среде и охране здоровья, Будапешт, Венгрия, 2325 июня 2004 г. Копенгаген, Европейское региональное бюро ВОЗ, 2004(http:www.euro. who.int/_data/assets/pdf_ file/0004/78646/ E83338R. pdf).
  5. Countdoown to 2015:tracking progress in maternal,newbom & child survival. The 2008 report. Geneva, World Health Organization, 2008(http:/ www.who. int/ child_ adolescent _health /documents/9789280642841/en/index.html).
  6. Европейская хартия по борьбе с ожирением. Копенгаген, Европейское региональное бюро ВОЗ, 2006 (http:/www.euro. who.int/_data /assets/pdf_file /0005/87467 /E89567R.pdf).
  7. Резолюция WNA 30.43 Всемирной ассамблеи здравоохранения//В кн: Справочник резолюций и решений, принятых Всемирной ассамблеей здравоохранения и Исполнительным комитетом. TomII: 1978-1984гг. Женева. Всемирная организация здравоохранения. 1985:1.
  8. Алма-Атинская декларация.//Международная конференция по первичной медикосанитарной помощи. Алма-Ата. СССР, 6-12 сентября 1978 г. Женева. Всемирная организация здравоохранения. 1978 (http://www.euro.who.int/ data/assets/pdf file/0007 /113875ZE93944R.pdf).
  9. Абдрахманов А.Б. Оценка экономических потерь в результате преждевременной смертности трудоспособного населения в Республике Казахстан/ Денсаулық cақтауды дамыту журналы. -Астана, 2012. -№2(63). -С.58 -66.
  10. Общественное здоровье здравоохранение. Щепин О.П. и др.-М.:ГЭОТАР-Медиа, 2011.592с.
  11. Пирожков С.И. Демографическая оценка трудового потенциала населения /Демография: проблемы и перспектив/ под. Ред. Л.Л. Рыбаковского. -М.: Мысль,1986. - С. 96-100.
  12. Integrated Management of Childhood Illness computerized training tool. Geneva, World Health Organization, 2012 (http:/www.icatt-training.org).
  13. IMCL chart bookler - standard. Geneva, World Health Organization, 2008 (http:/www.who.int/child_adolescents_health/documents/IMCL_charrtbooklet/en/index.html).