ТҮЙІН
Аудан орталықтарынан ұзақ жерде тұратын ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудін әлеуметтік бағытталған моделін жасау туралы.
Кілт сөздер: дәріханалық пункт, фельдшерлі-акушерлі пункт, әлеуметтік дәріхана, ауыл тұрғындары.
Денсаулық сақтау ұйымы азаматтарды медициналық және фармацевтикалық көмекпен қамтамасыз етудің мемлекеттің ерекше әлеуметтік саясатын ұсынды. Қазіргі уақытта халыққа ұсынылатын фармацевтикалық көмектің көлемі мен сапасы, көбінесе, оның орналасқан орнына байланысты өзгешеленеді. Аудандардан алыс ауыл тұрғындары үшін бұл келесі кешенді факторлардың әсер етуімен шарттастырылған: транспорттың қол жетімділігінің төменділігі; аудандық жерлерде тұрғындардың сирек орналасуы; әлеуметтік инфрақұрылыс көрсеткішінің азаюы; әлеуметтік -демографиялық жағдайдың қолайсыздығы; ауыл тұрғындары табысының деңгейі төмендігі; аурушаңдық және жарақаттанушылық көрсеткішінің жоғарлығы.[1.2]
Қазіргі уақытта шалғайдағы ауыл мекендер тұрғындары іс-жүзінде жергілікті дәрілік көмек алу мүмкіншілігінен айрылып отыр. Қайта құру кезеңінде фельдшер-акушерлі пунктінің маңындағы ауылдық дәріханаларды және дәріханалық пунктерді тарату, ауылдық жерлерде дәріханалық ұйымдардың ашылуының экономикалық қолайсыздығы елді мекендегі ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің іс-жүзінде қол жетімсіздігіне алып келді. [3]
Статистикалық деректер бойынша ҚР тұрғындарының жартысы дерлік ауылдық жерлерде тұрады. Осылайша, республика бойынша 7660 ауылдық елді мекенде халық саны 7,4 млн. адам деп есептелінеді. Бұл елді мекендерде базада медициналық қызметті 1718 ауылдық дәрігерлі- амбулаториялық, 163 фельдшер-акушерлік пункттер және 3847 медициналық пункттер көрсетеді. [4]
Көбінесе, науқастанған адам ауылдан жақын орналасқан дәріханасы бар ірі елді мекенге дейін ұзақ жол жасайды. Бұл мәселенің себебі қарапайым және түсінікті: еш бір коммерциялық дәріханалық жүйе ауылда жұмыс істеуді қаламайды, себебі, бұл бизнестің рентабельділігі жиі жағдайда теріс болады.
Осы жағдайға байланысты шалғайдағы аудан тұрғындары іс-жүзінде тұрғылықты жерінен дәрілік көмек алу мүмкіндігінен айрылып отыр.
Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген медициналық және фармацевтикалық көмек көрсету туралы бақылауға сараптама жүргізу арқылы, жетуге жолы қиын және шалғайда тұратын науқастар қала және елді мекен тұрғындарымен салыстырғанда өмір сүру сапасы төмен екенін белгілеуге болады. Бұл үйлеспеушілік бірінші кезекте экономикалық факторлармен және көптеген әлеуметтік-экономикалық шарттармен байланысты.
Ауыл тұрғындарына фармацевтикалық көмек көрсету жағдайын жақсарту үшін үкімет көптеген шаралар қолданып жатыр. Осыған орай ҚР ДСМ 9 қазан 2009ж №515 “Дәріханасы жоқ шалғайдағы ауылды жерлерде, дәріханалық пункттерде фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау ұйымының арнайы уәкілетті органмен аттестатталған медициналық білімі бар маман
жүзеге асыру қажет” ҚР ДСМ 22 қыркүйек 2011ж №642 бұйрығымен өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді. [5]
Алайда, өткізілген шаралар жеткіліксіз: ауылды жерлерге дәрілік заттар жеткілікті болуына мемлекет пен бизнестің бірігуі арқылы жақсарту керек.
Жоғарыда аталғандардың барлығы осы зерттеудің маңыздылығына себепші болады.
Зерттеудің мақсаты:
Шалғайдағы аудандардағы ауылдық жерлердегі тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің әлеуметтік моделін жасау.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- алыс және жақын шет елдердің шалғайдағы аудандар тұрғындарын дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың заңды және нормативті құқықты құжаттарын, ғылыми әдебиеттерін зерттеу;
- ауыл тұрғындарын дәрілік заттармен қамтамасыз етуге сараптама жүргізу, елді мекендердегі ауыл тұрғындарына медико-демографиялық мінездеме беру;
- дәріханалық пункттердегі ДЗ ассортиментіне талдау жасау, елді мекендердегі ауыл тұрғындарының тұрақты сұранысын қолданатын ДЗ тізімін айқындау;
- ауылдық дәріханалар қызметінің экономикалық көрсеткішін зерттеу;
- шалғайдағы аудан тұрғындарына қызмет ететін мемлекеттік дәріханалардың әлеуметтік моделін ұсыну;
- қазіргі нормативті-құқықты алаң шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету ұйымы оңтайландыруды ұсыну және әдістемелік тәсілдерді жасау.
Материалдар және зерттеу әдістері:
Зерттеу объектілері ретінде Оңтүстік-Қазақстан облысы, ОҚО дәріханалық ұйымдардың фармацевтикалық мамандары болып табылады.
Зерттеу процессі кезінде мына әдістер қолданылады: аймақтық, системалық талдау, статистикалық, әлеуметтік, нормативтік, функциональдық талдау, логикалық модельдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы болып, ауыл тұрғындарын дәрімен қамтамасыз ету ОҚО-да жүргізіледі.
Шалғайға стандарттарды енгізу жолы арқылы ауыл тұрғындарын дәрімен қамтамасыз етуді оңтайландыру бойынша ұсыныс бірінші болып өңделеді.
Шалғайдағы аудандардағы ауылдық жерлердегі тұрғындарды дәрімен қамсыздандырудың әлеуметтік-бағдарлық моделін өңдеу бірінші болып ұсынылады.
Сөйтіп, шалғайдағы аудандардағы ауылды жерлердегі тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің дәріханалық орындалған моделі фармацевтикалық көмектің қол жетімділігін жоғарлауына мүмкіндік береді.