«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты еліміздің элеуметтік- демографиялық түрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту болып табылады. Сондықтан да аурулардың алдын алу шараларын қарастыру, мақсаты зерттеулер жүргізу, диагностикалауды жетілдіру, емдеу мен реабилитациялау уакыт талабы болып отыр. Азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтау, мүгедектік пен өлімге жол бермеу мемлекетіміз бен қоғамның, денсаулық сактау мекемелерінің алдағы қойған мақсаттарының өзекті мәселелерінің бірі. Т.О.Орынбаев атындағы ОЖҚОЕО-ның токсикология бөлімшесінің соңғы үш жылғы деректері бойынша жедел уланулардың ішінде күйдіргіш әсері бар улармен улану алкоголдік ішімдікпен, дәрі-дәрмекпен және улы газдармен уланулардан кейінгі орынды иеленді. Б>л уланулардан болған өлім-жітім көрсеткіштерімен салысытрғанда едәуір жоғары. Жүмыстың мақсаты. Уланулардың ішінде күйдіргіш улармен улануда өлім-жітімнің жоғары деңгейде болуына көз жеткізіп, оның азаюына алдын ала шараларын қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің нэтижелері. Клиникалық орталықтағы токсикология бөлімшесіне соңғы үш жылда жалпы уланудан емделіп шыққан науқастардың саны жылдан жылға азайып келеді. 2009 жылы 3101-ден 2010 жылы 2445-ке, ал 2011 жылы 2268 науқасқа төмендеген. Б>л төмендеу әсіресе алкоголдық ішімдіктермен уланғандар арасында ерекше байқалады. Алкоголдық ішімдіктермен улану 2009 жылы 1702-ден 2010 жылы 1334-ке, ал 2011 жылы 875-ке төмендеген. Осы топтағы өлім-жітім де сол жылдары 20-дан 18 бен 11 адамға төмендеген. Ал, уланулармен емделген науқастар арасында күйдіргіш улармен уланулар саны осы жалдыр арасында артып келеді. Улаушы заттардың (сірке қышқылы, калий перманганаты мен сілтілер! Арасында сірке қышқылымен уланулар өте басым. Ал, ерлерге қарағанда эйелдер арасында б>л уланудың түрі 2,19-дан 4 есеге дейін көп кездеседі. Жас аралықтары бойынша ересектерден кейін балалар арасында, жас өспірімдерде аз уланулар кездеседі. Уланудың көбі қала түрғындарының арасында кездеседі. Осы жылдары б>л уланудың түрлерімен 522 науқас жедел медициналық көмек көлігіне жүгінсе, 89 науқас өздігінен стационарлық көмекке келген.
192 уланған науқастардың асқазандары бір сағат ішінде, ал 419 науқаста бір сағаттан кейін жуылғаны тіркелген. Удың асқазандағы экспозициясының үзақтығы қандағы эритроциттердің гемолизіне тікелей эсері болатынына белгілі. Науқастардың 531-інде эритроциттердің гемодилизденуінің өлімге дейінгі деңгейіндегі дэрежесі байқалып, ал 80-інде өлімдік дэрежесі тіркелген. Науқастардың 99-ында өңеш-асқазан жолдарынан ерте қан кетуі, 30-ында кеш қан кетуі орын алған. Науқастардың арасында 14 жүктілігі бар эйелдер болды. 611 науқастан 21 өлім тіркеліп, өлім-жітімнің 3,44% қүрады (жалпы уланулардан стационарлық науқастардың өлім көрсеткіші соңғы 3 жыл бойынша орта есеппен 1,08% қүрайды). Демек, күйдіргіш эсері бар улармен уланудан өлім-жітім көрсеткіші жалпы уланудағы өлімнен 3,19 есе артық.
Қорытынды. Сонымен, жүргізілген зерттеулеріміздің нэтижесінде жыл өткен сайын жіті уланулармен стационарлық ем қабылдаған науқастардың жалпы саны азайып, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерден болатын уланулар көп азайғанына көз жеткізуге болады. Б>л деректердің негізінде денсаулық саласындағы мемлекеттік «Саламатты Қазакстан» бағдарламасы өмірде дүрыс бағыт алуын атап айтуға жэне токсикологиялық көмектің жыл санап сапалық көрсеткіштерінің артуын емдеу технологиясының жағымды эсерімен жэне ведомствоаралық, сектораралық жауапкершіліктің артуымен түсінген жөн.
Күйдіргіш улармен уланғандардың қал-ахуалы қабылдаған удың мөлшерінде ғана емес, оның концентрациясына байланысты екендігін медициналық ғылыми эдебиетте сірке қышқылының концентрациясының жоғарылығына байланыстылығы көп айтылады. Соған байланысты б>л жөнінде Қазақстан Республикасы экономикалық даму жэне сауда министірлігі мен Қазақстан Респбуликасы индсутрия жэне жаңа технология министірлігіне концентрациясы 70% сірке қышқылын өндірмей ал, сырттан келетін өнімді қадағалап, ондай сірке қышқылын алып келуге тиым салуларын өтініп оның орнына осы қышқылдың концентрациясы темен 6-15% -дық түрлерін өндіріп, қажеттілікке пайдаланса өлімді болдырмай, улану санын азайту мақсатында арнайы хат жолдауымыз қажет. 70% сірке қышқылына қажеттілігі бар өндіріс орны арнайы хатпен тиісті бас бақылау органдарының рүқсаты бойынша алуы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Е.А. Лужников. Клиникалық токсикология,М. 1999.
- ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.Астана 2010.
- Т.О.Орынбаев атындағы ОЖҚОЕО-ның 2011жылғы есебі.