Психология

Бұл мақалада дарындылық құбылысын зерттеу мен анықтаудың әртүрлі жолдары мен М. Мақатаевтың өмірі шығармашылығы мысал ретінде қарастырылған. Біздің зерттеуіміздің міндеттері дарынды мен дарындылық феноменіне мазмұндық талдау жүргізу, дарындылық белгілерін айқындау, олардың қалыптасуы мен дамуы фак­торларын көрсету, дарынды тұлғаның жеке қасиеттерін анықтаудан тұрады. Жоғарыдағы міндеттерді шешу үшін  біз  белгілі  ақын тұлға М. Мақатаевтың оның шығармашылығы мен өмір жолына тарихи­ психологиялық зерттеу жасауға тырысамыз. Дарындылық – шығармашылық күш­қуат көрінісінің жоғары дәрежесі, интеллектуалдылық пен шығармашылық қызметтің аса жоғары көрінісі. Олар адамзат өміріндегі дәуірді жасайтын жаңа ерекше жасампаздықты сапалы атқаруға жағдай жасайды, әлемді тұтастай және идеяларды қабыл­ дауда түбегейлі өзгеріске алып келеді. М. Мақатаев өз шығармашылығында сол дәуірдің рухы мен мақсат­ниетін жырлаған өз дәуірінің ұлы болды. М. Мақатаев үлгісінде дарындылықты анықтаудағы негіз­ гі өлшем руханилық екені дәлелденді.
2015

Мақалада музыкалық терапияның тәрбиелік мәні және оның қыз­ меті қарастырылған. Сонымен қатар, музыкалық терапияның адам­ ның психикалық және эмоционалдық жағдайына әсері және адамның іс­әрекетіне музыкалық терапевтік ықпалының негізгі факторлары беріледі. Сондай­ақ музыкалық терапияны тыныштандыру және тәр­ бие үдерісінде қолдану үшін бірқатар ұсыныстар жасалынады.
2015

Берілген ғылыми мақалада студенттердің мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық оқыту технология мәселелеріне арналған. Инновация, педагогикалық инновациялар, интерактивті процесс және де мәдениетаралық қатысым құзыретті­лік деген ұғымдары сипатталған.
2015

Бұл мақалада отандық академиялық психология ғылымында «мәдениет» ұғымының теориялық зерттемесін жасау мен енгізу қажет­ тілігі негізделеді. Әлемдегі экономикалық және мәдени жаһандану проблемалары ғалымдарды мәдениет факторына ерекше назар ауда­ руға мәжбүр етті. Көптеген ғалым­психологтар жаһандану мәдени айырмашылықтардың шайылуына және байырғы халықтардың мә­ дени сәйкестілігі мен ерекшеліктерінің жоғалуына әкелуі мүмкін деп алаңдайды. Халықтардың өз бірегейлігін сақтауға ұмтылысы гумани­ тарлық бағыттағы ғалымдар тарапынан терең түсіністік табуда. Ғы­ лым тарихшылары атап көрсеткендей, тарихтың белгілі бір кезеңінде заман рухына (Zeitgeist) сәйкес келетін идеялар, құндылықтар мен ба­ ғыттар басым бола бастайды. Бүгінгі таңда адамдарда өздерінің этномәдени түп­тамырларына деген жаппай қызығушылығы байқалуда.
2015

Бұл мақалада педагог­психолог имиджін қалыптастыру жұмысы­ ның қазіргі жағдайы,  соның ішінде имидж, педагог имижді мәселе­   сі қарастыралады. Сонымен қатар педагог­психолог маманның білім беру жүйесіндегі кәсіби қызметімен қатар, ұйымдастырушылық қыз­ меті негізінде педагог­психолог имиджін қалыптастырудағы жұмыс қажеттілігі  нақтыланады.
2015

Мақалада қазақ отбасының ерекшеліктері жəне ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы ролі теориялық тұрғыда сипатталған. Сонымен қатар қазақ ұлтының туыстық қарым-қатынасын анықтауға бағытталған зерттеу нəтижелеріне талдау жасалған. Туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерінің адамның ұлттық сана-сезімінің қалыптасу процесіне əсері зерттеу нəтижелерінің негізінде көрсетілген. Зерттеу əдісі ретінде сұрақнама жүргізілген. Ұлттық сана-сезім əрбір ұлт өкілінің ажырамас компоненті болғандықтан, оның қалыптасуның бір факторы ретінде туыстық қатынастар жүйесінің ерекшеліктерін алуға болады. Эксперименталдық зерттеу нəтижелері оқушылар мен ересек адамдардың туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерін білу деңгейіне негізделеді.
2016

Мақалада тəртіп бұзушы жеткіншектердің қылмыстық мінез-құлықтарына баға беріліп, қылмыстық мінез-құлықты тудыратын механизмдері мен себептері анықталып, жеткіншек жастағылардың тұлғалық даму ерекшеліктері психологиялық тұрғыдан қарастырылды. Автор жеткіншек жастағы баланың осы кезеңде қоғамның мүшесі ретінде өзіне деген саналы көзқарасын қалыптастыратын жаңа əлеуметтік позицияға ауысумен ерекшелінетінін атап көрсетті. Қоғамдағы топтар ішінен осы жеткіншектер көбінесе елдегі əлеуметтік, экономикалық, моральдік тұрақсыздықта көп жапа шегетініне назар аудара отырып, осы мəселенің психологиялық ерекшеліктерін ашады.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.