Психология

Психокоррекция жүргізу мақсаты мен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады
2014


 РR саласындағы акциялардың көпшілігі ұйымның, оның  басшылығының сол бұқарамен қоғамның өмір салтындағы орны мен ролін, оның əлеуметтік жауапкершілігі мен əкелер пайдасын бұқараның дұрыс түсінуіне мүмкіндік беретін институцияланған жарнамамен тығыз байланыста.
2009

Жеке адамның даму жағдайының этномәдениеттік жақтарын Р. Бенедикт,  А. Кардинер, И.С. Кон, М. Мид, М.М. Мұқанов [1] еңбектерінен көреміз. Бұл зерттеулер жеке адамның дамуындағы этникалық, тарихи және табиғи жағдайлардағы тәуелділікті көрсетеді. Соңғы кездері этнос психологиясының мәселелері жиі ауызға алынып, оның кейбір жақтарың С.М. Джакупов, Д.Д. Д‰йсенбеков, Қ.Б. Жарықбаев, Н.А.Логинова, А.Г.Малаева,  В.К. Шабельников, Б.А. Амирова және т.б. отандастарымыз зерттеп жатыр [1].
2009

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мəселе екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірге келген адамның əлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының негізінде жатқан нəрсе сөзсіз осы – тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.
2009

Өздерінің тұрғылықты мекен жайларын өзгерткен барлық адамдар, өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынасқа түскенде белгілі бір деңгейде қиындықтармен кездеседі, олардың іс-әрекетін алдын-ала айту өте қиын.  Бұндай оқиғаға кезігетіндер этникалық қазақтар, біздің отандастарымыз, Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бастап 700 мың адам келген. Алайда, алғашында бірінші көшкіндерді қабылдағанда, олар негізінен ауқатты отбасылары өкілдері мәдени шок белгілерін көтере алмай өздерінің тарихи отандарын қалдыруға мәжбүр болды. Қазіргі таңда негізінен тарихи отандарында өздерінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында материалдық жетістіктері төмен отбасылар оралуда.
2009

Түрлі жоғары оқу орындарындағы әр түрлі типтегі кәсіптерді игеруші студенттердің өзін-өзі тануына бағытталған жұмыстар саны көп емес. Техникалық жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби өзін-өзі тануын Фам Тхань Нги қарастырған.
2009

Қазақстан Республикасы әлемдегі көп этносты мемлекеттердің қатарына жатады. Сондықтан біздің мемлекеттегі маңызды мәселелердің бірі - ұлтаралық қатынас мәселесі. (Н.А. Назарбаев). Кейінгі жылдары еліміздің егемендік алуына байланысты, ғылым мен білімнің  жаңаша  деңгейге  ие  болуына  қарай  «Ұлттық  психология»  және «Ұлттық педагогика» ұғымдарына үлкен көңіл бөлінуде. Тіпті бұл ұғымдардың ғылыми дәрежесі көтеріліп, олардың ұлттық тұлғаның қалыптасуындағы рөлі зерттелуде. Осының төңірегінде оқу процесінде жүзеге асатын кейбір тұлғалық көрсеткіштердің зерттелуі, олардың психологиялық механизмдерінің анықталуы үлкен жолға қойылуда.
2009

1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Əйелдерге қатысты кемсіту- шіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына (келісіміне) қосылды. Осы конвенцияға факультативтік хаттама бекітілді, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасы конвенциясының орындалуы туралы БҰҰ-ға есеп берді, бұл есепке оң баға берілді. БҰҰ-ның «Əйелдердің саяси құқығы туралы», «Тұрмыстағы əйелдің азаматтығы туралы» конвенциясы, Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың алты конвенциясы, оның ішінде «Бірдей еңбек еткені үшін ерлер мен əйелдерді тең марапаттау туралы» конвенциялар бекітілді [1].
2010

Психология ғылымында психологиялық  қолдау  феномені  тек  кейінгі  кездерде ғана игеріле бастады (А.Г. Асмолов,  О.С.  Газман,И.Б. Котова, К. Роджерс, Е.Н. Шиянов, т.б.). Психологиялық жəне əлеуметтік əдебиеттерді талдаудың нəтижесінде қолдаудың бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға  болады:  педагогикалық қолдау, əлеуметтік қолдау, отбасылық, ерлі-зайыптылық. Білім берудің гуманистік парадигмасына сəйкес, ресей зерттеушілерінде қолдау мəселесі – педагогикалық қолдаудың теориясы мен практикасында қарастырылған (Е.В. Абаева, В.П. Бедерханова, О.С. Газман, И.Д. Фрумин, т.б.). Бұл жағдайда педагогикалық қолдау, превентивті жəне оперативті көмек көрсетуге бағытталған білім беру процесінің іс-əрекеті, деп түсініледі. Оның психологиялық аспектісі, өмірлік өзіндік айқындалуға қатыстырылу, дағдарыстық ситуацияларда таңдау жасауға дайындау, дамуға жəне өзін “ашуға” кедергі жасайтын субьективті барьерлерді алып тастау, психологиялық денсаулықты нығайту, жəне де нақты психологиялық зақымдаушы ситуацияларда көмек көрсету (О.С. Газман, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов).
2010

Қазіргі кезде ҚР жоғары əскери оқу орындарында енгізілген жоғары кəсіби білім беру жүйесінде белгілі-бір білім, білік жəне дағдыларды меңгерумен шектелген емес, сондай-ақ кəсіби іс-əрекет процесінде өзіндік шыңдалуға, өзіндік қалыптасуға көмектесетін ішкі потенциалы бай тұлғаларды дайындау мақсатында құзырлы органдар үшін жоғары дəрежелі мамандарды кəсіби даярлау процесі қайта қарастырылуда. Сол себепті ЖОО-ның бағдарламалары кəсіби оқыту сатысында қажетті білімдерді, іскерліктерді жəне дағдыларды игерумен қатар өзінің шеберлігі туралы көзқарасты дамытуға жəне кəсіби іс-əрекетке деген өзіндік дайындықты қалыптастыруға бағытталған. Бір сөзбен айтқанымызда «кəсіби шеберлікті» дамыту мəселесін шешу алдыңғы орында тұрады. Осы тұста «кəсіби шеберлікке» жетудегі «кəсіби даярлық» жайлы тоқтағанды жөн көріп отырмыз.
2010

1990 жылдары психология мен  педагогика  ғылымдарында  жетімдік  мəселе-  сіне қызығушылық өсіп, ерекше назар аударыла бастады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жəне интернат типтес мекемелерде тəрбиеленіп жатқан балалардың психологиялық дамуын, əлеуметтік бейімделу проблемаларын, олардың өмір сүру қалпын зерттеуге бағытталған ғылыми еңбектер жазыла бастады (И.В. Анисимова, 1992; Л.Н. Галигузова, С.Ю. Мещерякова, И.Ф. Дементьева, 1992; Н.П.  Иванова, 1995; И.А. Яковлева, 1992 жəне басқалар). Қазіргі уақытта бейімделу тиімділігін арттыру мен қазіргі заманғы қоғамда жетім балалар жəне ата-ана қамқорлығынсыз қалған, интернат типтес мекемелерде тұратын балаларды біріктіру мəселесі ең өзекті мəселе болып тұр.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.