Психология

Қазір жаңа Қазақстан өндіріс сферасы, рухани даму сферасы болсын өркендеудің жаңа кезеңдерін бастан кешіруде. Қазақстандық қоғам нарыққа бағдарланған. Нарық ол тек басқа экономика ғана емес, əрі басқа идеология, басқа құндылықтар, басқаша айтсақ, «əлеуметтік мінездер», яғни басқа мəдениет. Оның негізгі сипаты мынада, ол индивидуализм мен бəсекелеуші сипатқа ие, сондықтан да білімдер мен ғылым сферасында  осы құндылықтарға сəйкес бағыттылық болады. Қазіргі жаңа уақыт жағдайында жаңа этнопсихологиялық білімдер аса қажет болып саналады, нарыққа дейін біздердің менталитетіміз процеске бағдарланды, ал нарықта нəтижеге бағытталу негізгі жағдай болып табылады.
2011

Жұбайлардың өзара қабалдауының өзгеруі неке өткелінің өсуімен байланысты болады. Ерлі- зайыптылардың қатынасының сипаты олардың отбасылық құндылықтарымен рөлдік көзқарастарының, яғни кім белгілі бір отбасылық сфераны жүзеге асыруының сəйкес келу деңгейіне тəуелді. Отбасылық функциялар тұлғаның санасына ене отырып, отбасылық құндылықтардың бағдары ретінде көрінеді. Құндылықтар иерархиялық шка- ланы қалыптастырады. Ерлі-зайыптылар отбасылық құндылықтар шкаласына сəйкес белгілі бір отбасылық функцияны бірінші орынға шығарады.
2011

Қазіргі жаһандану заманында адамзат алдында бұрын болмаған жаңа əлеуметтік мəселе қойылып отыр. Ол – əлемдік бəсекеге төтеп бере алатындай еңбек ету, бəсекеге қабілетті өмір сүру, бəсекелестікте ұтылмайтындай іскер маман болу. Мұны нарықтық   экономиканың   құралы   деп түсінуіміз керек. Қоғамымыздың  қарыштап даму кезеңінде адамның жай қабілеттілігі мен біліктілігі əлемдік бəсекелестік жарыста озып шығу үшін жеткіліксіз болып отырғаны белгілі.
2011

«Қазақ əйелі» түсінігінің мағынасын ашуда əйел табиғатын, жанын оның психофизиологиялық жақтарымен қоса қарастыруымыз керек. Əрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тілінде кенжелеу қалып жатыр десек болады. Ал жалпы басқа тілдерде (орыс тілінде) ол біршама қалыптасып қалғаны таң қалдырмайды.
2011

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойын  2009  жылы 13 қазан күні атап өту барысында ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев өз дəрісінде біздің ұлтымыздың ықтимал мүмкіндігін ояту мен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды қарқынның қажеттігін баса айтты  [1]. «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасының негізгі қырлары айқындалып, оны жүзеге асырудың стратегиялық міндеттері көрсетілді. Белгілі болғандай, жобаның мақсаты өзімен ұлтты жетектей алатындай қасиеттерге ие қоғамдық көшбасшыны қалыптастыру.
2011

Қазақстанның жиырма жылдағы тəуелсіз дамуы елдің əлеуметтік-экономикалық саладағы дамуының арқауы болып табылатын рухани дамуда да сапалы өзгерістерді талап ететінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қоғам талабына қарай ғылым мен техниканың дамуы білім беру саласында жаңа технологияларды енгізуді талап етуі, əр маманның құзырлылығын, жауапкершілігін арттырумен қатар, тұлғаның белсенділігін, оның адамгершілік сапаларының жоғары деңгейін талап етеді. Əрине, адамның сапаларының негізі филогенезде қалыптасатыны белгілі [1] болғанымен оның ары қарайғы өмір жолында дамуы онтогенездегі тəрбие мен əлеуметтік ортаның (микро, мезо, макро) ерекшелік- терімен тығыз байланысты. Адам қоғамының басты мақсаты филогенездегі тұлға сапаларының əлеуметтік, рухани талаптар деңгейінде қалыптасып, дамуына ықпал ету болып табылады.
2011

Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.
2011