Психология

Қазіргі таңда, яғни қарқыны өте жылдамдық арқылы болып жатқан қоршаған ортаның түрлі жағдайларына адам баласының бейімделуі қиынға соғады, əрі адам бейімделе отырып эмоциялық тұрақтылықты сақтауы қажет болады. Адам ағзасы бойындағы күш-қуатты қайта қалпына келтіруге үлгере алмайды. Əрине, мұндай жағдай жүйке жүйесінің əлсіреуі мен қажуына жеткізеді жəне психосоматикалық аурулардың пайда болуының алғышарты болады.
2011

Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз.
2011

Қазір жаңа Қазақстан өндіріс сферасы, рухани даму сферасы болсын өркендеудің жаңа кезеңдерін бастан кешіруде. Қазақстандық қоғам нарыққа бағдарланған. Нарық ол тек басқа экономика ғана емес, əрі басқа идеология, басқа құндылықтар, басқаша айтсақ, «əлеуметтік мінездер», яғни басқа мəдениет. Оның негізгі сипаты мынада, ол индивидуализм мен бəсекелеуші сипатқа ие, сондықтан да білімдер мен ғылым сферасында  осы құндылықтарға сəйкес бағыттылық болады. Қазіргі жаңа уақыт жағдайында жаңа этнопсихологиялық білімдер аса қажет болып саналады, нарыққа дейін біздердің менталитетіміз процеске бағдарланды, ал нарықта нəтижеге бағытталу негізгі жағдай болып табылады.
2011

Жұбайлардың өзара қабалдауының өзгеруі неке өткелінің өсуімен байланысты болады. Ерлі- зайыптылардың қатынасының сипаты олардың отбасылық құндылықтарымен рөлдік көзқарастарының, яғни кім белгілі бір отбасылық сфераны жүзеге асыруының сəйкес келу деңгейіне тəуелді. Отбасылық функциялар тұлғаның санасына ене отырып, отбасылық құндылықтардың бағдары ретінде көрінеді. Құндылықтар иерархиялық шка- ланы қалыптастырады. Ерлі-зайыптылар отбасылық құндылықтар шкаласына сəйкес белгілі бір отбасылық функцияны бірінші орынға шығарады.
2011

Қазіргі жаһандану заманында адамзат алдында бұрын болмаған жаңа əлеуметтік мəселе қойылып отыр. Ол – əлемдік бəсекеге төтеп бере алатындай еңбек ету, бəсекеге қабілетті өмір сүру, бəсекелестікте ұтылмайтындай іскер маман болу. Мұны нарықтық   экономиканың   құралы   деп түсінуіміз керек. Қоғамымыздың  қарыштап даму кезеңінде адамның жай қабілеттілігі мен біліктілігі əлемдік бəсекелестік жарыста озып шығу үшін жеткіліксіз болып отырғаны белгілі.
2011

«Қазақ əйелі» түсінігінің мағынасын ашуда əйел табиғатын, жанын оның психофизиологиялық жақтарымен қоса қарастыруымыз керек. Əрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тілінде кенжелеу қалып жатыр десек болады. Ал жалпы басқа тілдерде (орыс тілінде) ол біршама қалыптасып қалғаны таң қалдырмайды.
2011

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойын  2009  жылы 13 қазан күні атап өту барысында ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев өз дəрісінде біздің ұлтымыздың ықтимал мүмкіндігін ояту мен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды қарқынның қажеттігін баса айтты  [1]. «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасының негізгі қырлары айқындалып, оны жүзеге асырудың стратегиялық міндеттері көрсетілді. Белгілі болғандай, жобаның мақсаты өзімен ұлтты жетектей алатындай қасиеттерге ие қоғамдық көшбасшыны қалыптастыру.
2011

Қазақстанның жиырма жылдағы тəуелсіз дамуы елдің əлеуметтік-экономикалық саладағы дамуының арқауы болып табылатын рухани дамуда да сапалы өзгерістерді талап ететінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қоғам талабына қарай ғылым мен техниканың дамуы білім беру саласында жаңа технологияларды енгізуді талап етуі, əр маманның құзырлылығын, жауапкершілігін арттырумен қатар, тұлғаның белсенділігін, оның адамгершілік сапаларының жоғары деңгейін талап етеді. Əрине, адамның сапаларының негізі филогенезде қалыптасатыны белгілі [1] болғанымен оның ары қарайғы өмір жолында дамуы онтогенездегі тəрбие мен əлеуметтік ортаның (микро, мезо, макро) ерекшелік- терімен тығыз байланысты. Адам қоғамының басты мақсаты филогенездегі тұлға сапаларының əлеуметтік, рухани талаптар деңгейінде қалыптасып, дамуына ықпал ету болып табылады.
2011

Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.
2011

Уақытты минуттар бойынша дəл есептеу мүмкін емес. Сіз бағдарламаны жазғанда, жай ғана шамамен оның уақытын есептеуге тырысыңыз. Мысалы, кез келген рөлдік ойын əдетте бір сағат, көп дегенде бір жарым сағат алады. Бір жарым сағаттан көп созудың мəнісі жоқ – адамдар шаршап кетеді. Сондықтан, егер ойын ұзағырақ болса, сіз оны қысқартасыз, ал егер қысқа болса, сіз оны созасыз, немесе шағын екі ойын өткізесіз. Өйткені, əрқашан сəл ұзағырақ сөйлеуге, түсініктемелерді өрістетуге болады жəне керісінше. Егер ойын бейнекамераға түсірілетін болса, сəйкесінше, талдау мен талқылау уақыты артатындығын есепке алу қажет. Егер сіздерде уақыт қалатын болса, қатысушылардан осы ойында тағы не көргендіктерін сұрауға, содан соң өзіңізге түсініктеме беріп өтуге болады.
2011

Тұлғалық сұрақнамалар өмір іс-əрекетінің барлық саласында адамның психологиялық ерекшеліктерін бағалауда кең қолданылуына байланысты тұлғаны зерттеудің ең тиімді əдістерінің бірі болып саналады. Сонымен бірге, практикалық психология саласы халықаралық ғылыми зерттеулерде қолданылатын тұлғалық сұрақнамалардың валидтілігі мəселесіне ерекше мəн береді. Осындай сұрақнамаларға Данди стресс сұрақнамасын (ДСС) жатқызуға болады.
2011

Мақалада бірлескен іс-əрекеттің ерекшеліктері психологиялық зерттеудің пəні ретінде қарастырылған. Бірлескен іс-əрекеттің жүелік негізі ретінде мақсатқұрылым процестері анықталған. Бірлескен іс-əрекеттің жетекші факторы болып қарым-қатынастың құрылымдық функциясы көрсетілген. Психикалық функциялардың дамуы  түрлі  функциялардың  жетілуі  жолымен  емес, ал едəуір күрделі іс-əрекеттерді реттеуге мүмкіндік беретін олардың жүйелерге бірігуі жолымен жүретініне көңіл аударған болатын. Осылайша ол психологиялық жүйелердің құрылуының маңызды сəттерінің бірі ретінде эмоциялар мен бағдарлардың байланысына тура көрсетті. Өзін-өзі реттеуге деген қабілеттің қалыптасуы бір субъектіде бұрын екі субъекті арасында бөлісілген қызметтің қосылуы процесінде жүзеге асады деп есептеуге болады. Қарым-қатынас ақпараттық жалпы қорды ғана қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар мағыналақ құрылымдардың жалпы қорын қалыптастырады жəне дамытады.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.